Қарулы күштердің психологиялық мазмұны мен құрылымы

Қарулы күштердің психологиялық мазмұны мен құрылымы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі көптеген Қарулы күштердің жұмысында және олардың іс-әрекетінде әлеуметтік-психологиялық қызметтің қажет екендігіне куә боламыз. Біздің Қарулы күштер қатарында әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету қажеттілігі әлдеқашан қалыптасқан. Бұл тәжірибелік мәселелерді шешуде бірқатар әрекеттер жасалынғанымен, нақты қажеттілікті жүзеге асыру тек соңғы уақытта мүмкін болып отыр.

Жұмыстың өзектілігі — Қазақстан Республикасының Қарулы күштері оның егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғау, армияның беделі мен әскери қызметтің мәртебесін көтеру. Әскери қызметке дайындықты арттыруды көздейді.Қазіргі жастардын бойындағы патриотизмнің деңгейін көтеру.

Қарулы күштердің басшыларының шешімімен бүгіндері әскерлер қатарында әлеуметтік- психологиялық қызмет көрсету орталықтары құрылуда. Әскери және теңіз флоты штаттар құрамында әскери психологтар жұмыс жасауда. Нақты мамандыққа офицерлік кадрларды қайта даярлау, іріктеу, жұмыстары жүргізілуде. Қарулы күштер қатарында психологиялық қызмет көрсету мәселесін шешу үшін психологтармен және басқа да мамандық иелерімен, жұмыс жасағанда арнайы білімді, дағдыларды, және жауынгерлік жағдайда адамдардың жүріс-тұрысын басқару аймағында іскерлікті қажет етеді.

Біздің болашақ әскерлеріміздің 1990 жыл оқу барысында әскери оқу орындағылардың сабақ үлгерімі төмен дәрежеде екені анық болды. Әскери мамандыққа бейім болудың ең негізгі жағы жастар арасынан әскермен флоттың болашақ интеллектуалды элитасын қалыптастыру. Елімізде және қарулы күштерде бұл мәселе әлі түсінісу немесе эксперименттік сатыда тұр.

Қазіргі кездегі Қарулы күштерде болып жатқан ең басты өзгерістер оның барлық әрекет өрісінің өміріне қатысты мәселені қорғайды. Әскердегі өзгерістердің сәттілігі әскери құрылыстың жауапты бөлімдеріне әскери корпустарға және теңіз флоттарына жаңа жас интеллект жағынан дамыған мамандармен қамту мәселесін түгелдей шешіп беруге тәуелді. Өкінішке орай қазіргі кезде өкіметіміздегі елеулі өзгерістерге байланысты офицер маманының жалпы Отан қорғаушының беделі едәуір төмендеді. Оның орнына мамандықтарға деген сұраныс өсе түсуде. Бұл жерде қоғамдағы құқықтық бастаулардың бұзылуы, әскери қызмет туралы бұрмаланған түсініктер. Отан тағдыры үшін өзіне жүктелген жауапкершіліктен қашу басты себеп болып отыр.

Халқымыздың батыры Б.Момышұлы “Солдаттың бойында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы аса зор екендігіне көзім жетті” — деп ағынан жарылады. Демек осы тұрғыдан қарағанда Қазақстанның жауынгерлік дәстүрі ерлікке баулуда тарихи майдандағы сынға түсу нәтижесінде қайталанбас ерекше сипатымен көріне білген.

3 стр., 1120 слов

Ынтымақтастық педагогика

... ұрынғы педагогикадан айырмашьшығы бар жаңа педагогика керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға болады деген біркелкі көз ... қ идеяларында ашылады. 3. Тәрбие тұжырымдамасы. Ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдамасы қазіргі заман мектептеріндегі тәрбиенің дамуына сәйкес: ... олданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі, қ,азіргі заманнын талаптарын қанағаттандырмайды деп корытынды жасады. Жаңашыл - ...

Жұмыстың мақсаты — Қазақстан Республикасының курсанттарды кәсіптік даярлау жағдайында олардың тұлғалық кәсіби бағыттылығының ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда зерттеу.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы — курсанттардың болашақтағы әскери іс-әрекетіне кәсіби бейімделудегі білімдерді тереңдету және кеңейту мүмкіншіліктері.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы — Осы бағытта жүргізілген зерттеулердің нәтижесін жоғары әскери оқу орындарында курсанттарды дайындауда, әскери қызметте, кәсіби іріктеуде пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.

І. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Қарулы күштердегі психологияның даму тарихына теориялық шолу.

Батыс Европа және АҚШ елдерінде әскери психология өз алдына дербес ғылым болып ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасты. Оның пайда болуына әсер еткен жағдайлар әскерде техникалық жабдықтар, Қарулы күштер арасындағы қайшылықтар себеп болды. Әскери психологиялық зерттеулердің жеделдеуіне әсер еткен алғышарттардың бірі сол кездегі жалпы психология ғылымының дамуы және бірқатар теориялық және эксперименттік тәсілдермен әскери мәселелерді шешуге көмектескен.

Францияда әскери психология идеалистік әлеуметтік психологиялық иірімде пайда болды. Француз әскери психологтары қарулы күштердегі күрделі мәселелерді шешуде көп көмектесті. ХХ ғасырдың басында франсузда әскери психологияда іс жүзінде қолданатын әскерге алуда мамандыққа іріктеу мәселелерін шешуге көмектесетін бағы дами бастады. Әскери психологтар әскери мамандықтың ерекшеліктерін кейбір жауынгерлік іс-әрекетке психофизиологиялық талдау беру ақыл-ой деңгейінің дамуын анықтайтын және солдаттың ерекшеліктерін анықтайтын негізге жолдама салды. І дүниежүзілік соғыс Франция әскери солдаттарының алдына соғыс жағдайлары жауынгер психикасына қалай әсер етеді деген сұрақ қойды.

Соғыстан кейін әскери психологтар әскердің жеке құрамын идеологиялық өңдеуден және саяси сенімді мамандарды дайындауға күш салды. Бұл аймақта Грамон және А. Пирон деген психологтар көп еңбек сіңірді. Соңғысы А.Биненің тестерін әскерге жаңадан алынғандар мен әскери мамандыққа іріктеу үшін маңызды қасиеттерді көрсететіндей етіп бейімдеуге тырысты. Әскердегі күзет орындарында болатын жағымсыз жағдайларды болдырмауға және әскери қызметкерлерге қандай қасиеттердің болуы керек екендігін анықтауға әрекет жасады. Полковник Тулорж және капитан Кастекс штаб офицерлеріне қажетті қасиеттерді жүйелі зерек ой, салмақы, әділ, білімді, ынтымақта бөліп шығарды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Франция әскери психологиясында көптеген жұмыстар жүзеге асты. Әскери психологияның негізгі қазіргі замандағы соғыста адамгершілік және психологиялық факторлардың ролін анықтауға бағытталды. Соңғы кезде Француз әскери психологтары қазіргі заман соғысында жалпы адамгершілік рухтың жауынгердің нақты психикалық жағдайын зерттеу, ядролық құралдың адам писхикасына әсер етуін сипаттауды көздеп отыр. Әскери психолог Монор екінші дүниежүзілік соғыстағы тәжірибеге сүйене отырып қорқынышты жеңу — ең күрделі мәселелердің бірі деген тұжырым жасады.

Әскери психологияның ең негізгі міндеті жауынгерлерді дайындауда қорқынышты баса білуге үйрету. Франция қарулы күштерінде әскери психология мәселесімен айналысатын штаттағы қызметкерлер қызмет етеді. Әскери психологтар соғысқа психологизмнің дайындық жасау, оқу орындарында ішкі істер бөлімінде әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысады. Германияда әскери психология ХІХ ғасырдың аяғына қарай дами бастады. Бұл Германияда әскери машина құрылысының басталуымен байланысты. Неміс әскери психологтары неміс ғалымдарының теориялық және эксперименттік зерттеулеріне өзге елдердің әскери психологтарының жетістіктеріне сүйене жұмыс жасады. Психологиялық зерттеу идеалистік реалистік бағытта болды.

7 стр., 3335 слов

Сущность педагогической деятельности и ее связь с психологией

... «Значение психологических знаний для педагогической теории и практики». Цель исследования - изучить значение психологических знаний для педагогической теории и практики. Для этого необходимо решить следующие задачи: Изучить сущность педагогической деятельности и ее связь с психологией. Проанализировать развитие взглядов о значении психологического знания для педагогической теории и практики. ...

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басындағы Германия әскерлерінің қолбасшылары әскери психологиялық теорияға ие болған. Оның негізі Мюллердің “Моральные воспитание воиск” және Ронден Гольстің “Солдат в бои” кітаптарында көрініс тапқан. Осы теорияларды тәжірибе жүзінде қолдану Қарулы Күштерді құруда психологиялық лабораторияда жүзеге асты. Лабораторияда соғыс кезінде жауынгерлердің жүріс-тұрысы, психикасы, ерекшеліктері зерттелді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс психологтары әскерге шақыру пункттерінде, психиатриялық ауруханаларда және тәртіп сақтайтын жерлерде үлкен жұмыстар атқарды.

Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшырағаннан кейін Германияда миллитаризм өрлеуі мен бірге неміс әскери психологиясы шапшаңдықпен дамып отырды. Әскери қызметке жарамдылықты анықтайтын әдістемелер жасалынды. Бұл лабораторияда әйгілі неміс психологтары Геннинк, Кунце, Зимонайд бірге жұмыс істеді. Эксперименттік техниканы қолдана отырып адамның соғысқа жақын кездегі жүріс-тұрысын зерттеді. Әскери психолог полковник Альтрихтер офицерлерге қол астында бұлардың жеке басының қажеттілігімен қызығушылығына сүйене отырып тәрбиелеуді ұсынды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери психологтар қолдарындағы бар мәліметтерді әскерларге және гитлерге қарсы шыққан адамдарға қалай психологиялық әсер етуді үлкен қолбасшыларға беріп отырған. Олар абақтыға жабылған адамдарға эксперименттік зерттеулер жүргізген. Америка құрама штатында әскери психология бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалыптасқан. Бұның дамуына сол кездегі индустралық психология мектебінің қалыптасуы және жұмысшыларды қолдану мәселелерді шешуді күшейту. Ол психологияның ең күшті эксперименттік негізі бар болатын. Сондықтан оны әскери психологтар өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға қолданып отыр. Америкалық әскери психологияның әртүрлі буржуазиялық психология соның ішінде бихевиоризм бағытының теориялық негізінде болды. АҚШ-та бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында әскери психология мәселелерін шешетін совет құрылған. Ол жай психологтардың әскери керекті зерттеулерін басқарып отырды. Советтің ішінде нақты әскери психологиялық мәселелерді қарастыратын 17 комитет жұмыс істеді. Советте әскерден жаңадан келген жауынгерлерді психологиялық зерттеулерден өткізу, оларды талдап бөлу және офицерлік қызметке жарамдылықтарын тексерумен айналысты. Бұл зерттеулердің басты мақсаты әскерде өзінің қарсыласына таяп беретін бағыт орнату еді. Советтерде және оның комиттетерінде 500-дей әскери психологтар жұмыс істейді.

Сонымен бірге Қарулы Күштер қарамағында арнайы лаборатория да және бөлімше де құрылды. Оларда басқа да әскери психологиялық мәселелелерді көздейтін 1918 жылы Ақш әскерлерінің моральдық жағдайын және тәртібін көтеруде американ психологы Р.Иеркстің жұмысы тәжірибеге көмектесті. Р.Иеркстің “Моральная служба” деген еңбегі әскери құрал ретінде болды. Оның жұмыстары Мюнсонның “Руководство людьми”, Иеркстің “Война и психология” кітаптарда айтылған. Американың әскери психологиясы соғысқа және солдаттың психикасына прагматикалық бағытта сипатталған АҚШ-тағы әскери психологтардың жұмыстарының көлемі. 1917-1918 жылдарда екі миллион солдат офицерлер психологиялық сынақтан өткенін көруге болады.

14 стр., 6681 слов

Проблема развития в возрастной психологии

... вопросу в отечественной и зарубежной психологии; 3. Рассмотреть основные моменты развития психики в филогенезе и периодизацию развития личности; 4. Изучить проблему соотношения биологического и социального в развитии ребенка. Предметом данного исследования послужит теоретический анализ проблемы развития в рамках предмета возрастной психологии, ...

Соғыстан кейін Қарулы Күштерде әскери психологиямен айналысатын жұмысшылар қысқартылды. Бірақ та олардың атқаратын қызметі түгелдей сақталып қалды. Жоғары әскери оқу орындарында әскери психология курсынан лекция оқылуын кіргізді. Штабтың басқару колледжінің және теңіз академисының тыңдаушыларының үстінен психологиялық бақылау жүргізіліп отыр. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен әскери психологиялық ақпарат миллиондаған әскерлерге қызмет етуге қайта қаратылды.

Әскери психология мәселелерімен айналысатын советтің орнына ұлттық қауіпсіздікті сақтайтын тәжірибелік психология секциясы құрылды. У.Бреяның “Психология и военное мастерство” деген кітабында айтылған барлық университеттік психологиялық лабораториялар солдаттар мен матростарды тәрбиелеу және үйрету қарулар мен техниканы жақсарту психологиялық сынақтарды сынау және әскери психологиялық зертеулер жүргізуді үдете түсті. Бұл секцияның қарамағында мыңнан артық психологтар жұмыс істеді. Қарулы күштер қарамағында психологиялық сынақтар жүргізу мәселесімен айналысатын арнайы бөлімдер болды. Бұл бөлімдерде тоғыз жүзден астам әскери психологтар істеді. Әскерді жұмылдыруға 133-ке жуық психологтар қатысты. 1942–45 жылдар арасында 7 миллион адам психотехникалық сынақтан өтті. Әсіресе, оның ішінде авиация және су асты флотында психологиялық зертеулер мен су асты сынақтар белсенді жүргізілді.

1942 жылы “Моральдық қызмет” көрсету, хабарландыру және ағарту басқармасына көшірілді. Бұл басқарманың зерттеушілік бөлімі жауынгерлердің моральдық жағдайына психологиялық талдау жүлргізу және насихаттау тәсілі мен әсеріне анықтама жүргізілді. Бұл осы қызметтегі офицерлік солдаттардың моральдық жағдайына әсер ететін себептер және әсер етудегі тиімді жолын іздеп табу үшін әскери бөлімшелерге барды.

Басқару ұжымдарының әскери психологиялық зертеулер жұмысы 4 томдық “американский солдат” деген еңбекте жарыққа шыққан. АҚШ-та соғыстан кейінгі кезеңде әскери психологиялық зерттеулер кең ауқымға ие болды. Психологиялық сынақтарға және теориялық шешімдерді тексеру үшін әрбір әскери шиеленістер қолданылып отырды. Кореядағы соғысқа қатысатын американ солдаттары түгел әскери психологиялық тексеруден өтті. АҚШ-тың әскери психологтары ракеталық ядролық соғыс жағдайында болатын әрекеттерге дайындық және оның жеке мүшелерін жүйелі түрде үйретуді көздеді. Американ әскери психологиясы солдаттардың санасына империалистік идеяны енгізуге көп көңіл бөлді. Олар қарсы жаудың әскерін және халқының соғысты жүогізу қабілетін жоюдың амалдарын іздеді. Бұл ізденістегі кейбір әдістер Лайнбарджердің “Психологическая война” деген кітабында берілген.

Англияда әскери психологияның дамуына қатты көңіл бөлінген. Соғыстан кейінгі жылдарда ағылшын әскери психологтары жауынгерлердің соғыс майданындағы әрекетінде психиканың ролі және моральдық факторларды зертеуді жалғастырды. Бұл зерттеулердің нәтижелері Кембридж университетінде 1927 жылы Бартледтің “Психология и солдат” деген кітабында көрсетілген. Әсіресе, әскери әуе күштерінде үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді. ұшқыштардың эмоциялық реакцияларын анықтайтын эксперименттік әдістемелер жасалынды.

26 стр., 12631 слов

Психология отцовства

... в обществах, где сохраняются традиционные виды хозяйственной деятельности. Появление современной модели отцовства связывают с демократическими, гуманистическими тенденциями в обществе, равноправием супругов в распределении ... При нормальных условиях отец значительно влияет на половую идентификацию ребенка. Для сына уже в раннем возрасте он является своеобразным примером, моделью для подражания ...

Екінші Дүние жүзілік соғыс кезінде және одан кейінгі жылдарда медицина ғылыми зерттеу советі тәжірибелі психологияның топтары әскери психологиялық зерттеулермен айналысты. Бұл топ әскерге жаңа келген жастарға талдау әдістемелерді жасады. Бұл әдістемелер алғашқыда тек ВВС-те одан кейін әскери түрлерде қолданылды. Көптеген мәселелерді шешуге Кембридждің психологиялық лабораториясы белсенді қатысып отырды. Бұл жерде ұшқыштардың самолетпен ұшқан кезде жіберетін қателері, әртүрлі жағдайлардағы ұшқыштың жұмысқа қабілеттілігінің шектеуін зеттеу.

Зерттеулер арнайы эксперименттік тіркелініп отыратын құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген кабиналарда жүргізілді. Кабинада ұзақ уақытқа арналған ұшу жағдайлары жасалынды.

Ағылшындар соғыс кезінде өздерінің қарсыластарына моральдық әсер ету мәселелеріне көп көңіл бөлді. Қарулы күштер қатарына шақырылған ағылшын психологтарының бірқатары барлау және контразведкада істеді.

Қазіргі кезде ағылшын әскери психологтары ұшудағы біліктілік пен жылдамдықтың су асты жүзудің жаңа техникасының, қарудың адам психикасына әсерін зерттеуге үлкен мән берді.

НАТО блогының құрылуымен әскери психологияның үйлестік зерттеу тенденциялары пайда болды. 1957 жылы Брюссель қаласында әскери психологиядан халықаралық кеңесте капиталистік елдерден он үш әскери өкілдер қатысқан. Әскери психологтардың барлық жұмыстары солдаттар құрамын идеологиялық талдаудан өткізуге бағытталған. Әскери психологияның методологиялық негізі идеалистік философия және империалистік және әскери идеология болып саналады.

Ресейдегі әскери психологиялық ойдың дамуы

Ресейдегі әскери психологиялық ойдың жетістіктері ең алдымен І-Петр Руменцевтің, Суворовтың, Кутузовтың, Ушаковтың, Нахимовтың, Бутаковтың, Макаровтың және т.б. белгілі қолбасшылардың іс-әрекеттері мен тығыз байланысты. Олар көбінесе сарбаздық қасиеттерге оның ішінде батылдық, жігерлік сияқты нақты жағдайда шаруалардың батыр ержүрек жауынгерлер дайындауға үлкен мән берген. Орыс қолбасшылары әскерлерді үйреткен кезде соғыстың әскерге қойатын талаптарын есепке алып отырды. Жауынгерлер мен әскерлерде патриоттық сезімдерді дамытып отырды. Қорғаныста әртүрлі тәсілдерді соның ішінде жауынгерлердің рухын көтеру үшін психикасына әсер ететін тәсілдерді қолданып отырды