Психология пәні туралы

Жоспар

Кіріспе.

Тарау І. Психология пәні және оның міндеттері.

Тарау ІІ. Психология ғылымының даму тарихы.

Тарау ІІІ. Психология ғылымының басқа ғылымдармен байланысы,

салалары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу

заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-

салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия.

Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі ролі қарқынды түрде

өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы,

мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби

практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды

практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларында маңызды өзгеріске ұшыратады.Халық ағарту жүйесінің барлық салаларында (мектепке дейінгі білім беру, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары мектеп)психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік — тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік зандылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор.

Тарау І. Психология пәні және оның міндеттері.

Психология атауы псюхе-қазақ тілінде жан, логос- ілім, ұғым,

ой деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің

субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы

4 стр., 1794 слов

Саяси психология

... психиатрия жәнек сыртқы саяси институт болып 1970 ж. құрылды. 1968 ... политика» Саяси психологияның АҚШ-та қазіргі кезде дамуы мұндағы психиатриялық ассоциацияның халықтың саясатты зерттеу үшін ... ң белсенділігін арттыруға көмектеседі. б) саяси идеология мен саяси доктриналар жасауға: в) саяси жүйелерді олардың ортақ принциптерінің, элементтерін, ...

дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес,

сезім, қабілет, мінез, т.б.) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін

ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді.

Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты

психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының

заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі

жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина,өнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С.Л.Рубинштейн өзінің жалпы психология негіздері еңбегінде Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрінеді — олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т.б. жатады… Ерте заманда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенім нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсінік бойынша жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс және адамда тәннен тәуелсіз жан болады. Мәңгі бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің (ойының, сезімінің, еркінің) иесі де, себепшісі де. Жан туралы жалған түсініктің қалыптасуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болды.Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын, ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде айтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Осылайша,психикалық процестер, қалыптар мен қасиеттер ғылыми талдауға түсіп,зерттелгенге дейін адамдардың бір-бірі жайлы қарапайым түсініктер мен ұғымдар жинақтала берді. Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары осы өмір тәжірибесі мен атадан балаға ұрпаққа жеткен рухани мұрадан келіп шығады.

Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі — заңдылықты

сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Психикалық әрекеттің

даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып — үйрету психологияның

негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер

айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды.

Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда

болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда.

Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары

мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан

бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі үш бөлімін қарастырамыз:

1) психикалық процестер;

2) психикалық қасиеттер;

3)психикалық қалып.

1)Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу,

қиял және елес, ес;

2)Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез,

қабілет.

3) Психикалық қалып: адамның түрлі көңіл күйінің (зерігу, үрейлену,

8 стр., 3641 слов

Психология ПСИХИКАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫ. Дшс ...

... тез өзгертеді, қолға бейімделеді. Жәндіктерге тән психикалық бейнелеу психика дамуының сенсорлық кезеңі деп аталады. Бұл кезе ... қанағаттандыру мүмкіндіктері туралы ескерту сигналдары болып табылады. Материяның ерекше қасиеті ретінде бейнелеудің психикалық түрінің шығуы қарапайым ж ... 1 . Жануарлар психикасының дамуы туралы түсінік. Психика органикалық дүниенің даму үрдісінде пайда болғандығы туралы айтқ ...

абыржу, ашулану, қуану)т.б. компоненттері.

Сонымен, психология — психикалық құбылыстардың, пайда болу,

қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.

Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің

көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып — үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі — сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, процестерді қамтиды. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау — теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және т.б. кіреді.

Тарау ІІ. Психология ғылымының даму тарихы.

Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне

не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп,

психологияны әр даму кезеңіне орай өзінің зерттеу пәніне деген көзқарасының өзгеретінін байқау қажет. Психология өте ертеден келе жатқан ғылым салаларының бірі, бірақта жеке ғылым ретінде дамығанына бір ғасырдай уақыт болды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияны тарихы алды ұлан ғайыр, ал тарихы қысқа-, деген болатын. Психология ғылымынң даму тарихы 2- кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі 2500 жылға созылған, ежелгі гректің ғалымы Аристотель есімімен байланысты. 2500 жылға созылған осы кезеңде

психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиеттану,

жаратылыстану т.б.) аралас дамыды. Оның 2-ші тарихы 1879 жылдан

басталады. Осы жылы неміс ғалымы В.Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды. Капитализмнің пайда болып дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп алға басуына себепші болды. Ғылым атаулы тұрмыспен байланысы, тәжірибелі ғылымдарға айнала бастады. Осындай тәжірибелі ғылымдарға негіз салған ағылшынның белгілі философы Ф.Бэкон болды. Орта ғасырдағы схоластикалық әдістерге қарсы шығып, Ф.Бэкон ғылымда индуктивтік әдісті дамытты. Бұл әдіс бойынша дүниетану, оны зерттеу жолы жай құбылыстардан күрделіге, оңайдан — қиынға, жақыннан-алысқа, деректіден — дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ерекше әсер етті.