Саяси психология

Саяси психология

Саяси психология әлемдік саясаттану ғылымында перспективті зерттеу аймағы болып табылады.

Алғашқы еңбектер ХХғ. ртасында пайда болып, бірақ тек он жылдан кейін ғана ресми қабылданған пән. Саяси психологияның пайда болуы, бұл саяси жүйедегі түрлі ерекшеліктерге әсер етті: тарих, әлеуметтану, философия, саясаттану ғылымдары саясаттың өзінде жаңа құбылыстардың пайда болуына көңіл аударды.

Көсемдер, карольдер, президенттер және өзге де саяси элита өкілдері халық арасында ерекше орын алды. Халықтық бұқараға алғашқы еңбектер жазған француз Гербарт Лебон. Оның еңбектері: «Психология народов и масс», «Психология тарихы», «Психология социолизма». Ол бұқарадағы жеке адамдарға деген қиянатты, зорлық-зомбылық, күш көрсетуді көріп алғаш рет топты зерттеген. Лебон бойынша: топ – ұйымдаспаған белсенділіктің әсерінен кездейсоқ пайда болады. Мұнда агрессивтілік, истерия, жауапсыздық, анархия бар деп сипаттады.

ХХ ғ. басында бұқаралық мінез-құлықтың жағымсыз жағы қарастырылса, керісінше, қазіргі зерттеушілер бұқарадан перспективті аспектілер бар деп таныды. Бұл демократиялық даму.

Батыста саяси психологияның дамуына психоанализ идеялары әсер етті.

«Психопатология и политика»

Саяси психологияның АҚШ-та қазіргі кезде дамуы мұндағы психиатриялық ассоциацияның халықтың саясатты зерттеу үшін психиатрия жәнек сыртқы саяси институт болып 1970 ж. құрылды. 1968 ж. АҚШ-та саяси ғылым ассоциациясы саяси психологиялық коммитеті болып қалыптасқан. 1979 ж. осы ұйымның негізінде саяси психологтар қоғамы ұйымдасып, JSPP халақаралық статусына ие болды. Бұл қоғам өзінің журналан шығарды.

JSPP-нің барлық континентте мыңдаған мүшелері 1994 ж. Испанияда «Психологические аспекты политики изменения» тақырыбы талданса, 1995 ж. Вашингтонда «Национальное сторительство и демократия в мультикультурных обществах» тақырыбы қарастарылған. 1973 ж. Джон Клутсонның басқаруымен саяси психологияның даму кезеңдерін жариялады.

Әлемдік тәжірибеге және саяси партиялардың тарихына көз жүгіртер болсақ ол төмендегідей сан алуан болып келеді. «Партия» термині (латынның partis – бөлік) – деген сөзінен шыққан. Саяси партия пікірлестердің ұйымдасқан тобы, ол халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, оған мемлекеттік билікке келу немесе оны жүзеге асыруға қатысу арқылы қол жекізуді мақсат етеді. 19 ғасырда «партия» деген термин өкімет билігі үшін, өкіметке ықпал ету үшін күрескен өзара бақталас топтың мүдделерін білдіретін болған.

3 стр., 1063 слов

Психология пәні туралы

... - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымынында жа ... әрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор. Тарау І. Психология пәні және оның міндеттері. Психология атауы псюхе-қазақ тілінде жан, логос- ілім, ұғым, ой деген гректі ...

Саяси партия

Саяси партиялардың мәнін түсінуде негізгі үш көзқарасты басшылыққа алуға болады. Олар:

  • партияның ең алдымен белгілі бір идологиялық доктринаны ұсынатын адамдардың топтары деп түсіндіретін либералдық дәстүр (Б. Констан)
  • саяси партияны белгілі бір таптың мүдделерін көздеуші деп түсіндіретін маркстік — көзқарас. Марксизм классиктерінің тұжырымдамасы бойынша партия пролетариаттың авангарды ретінде қарастырылады.
  • партияны мемлекет жүйесінде жұмыс істейтін ұйым ретінде институтционалды түсіну. (М. Дюверже)

Осы тұжырымдарды қорыта келгенде саяси партия мемлекеттік деңгейде билікті жеңіп алуға не соған қатысуға бағытталған идеологиялық негіздегі ерікті одақ болып табылады, оның үстіне бұл одақ үшін биліктің өзі де үлкен әлеуметтік топтардың біреуінің мүдделеріне сай жұмыс істейтін саяси бағдарламаны іске асырудың құралы болып шығады.

Макс Вебер

Тәуелсіздік жолындағы (1775-1783 жж.) болған соғыстан кейін 18 ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдардың басында АҚШ-та федералшылдар және республикашылар партиялары өмірге келді. Бұдан кейінірек бұқаралық саяси партиялар 19 ғасырдың екінші жартысында Европада құрыла бастады. 1831 жылы Ұлыбританияда құрылған либералдық (Реформ клаб-виги) партия тұңғыш бұқаралық саяси партия болды. 1847 жылы консервативтік (Карлтон клаб-тори) партия, 1832 жылы Италияда республикалық, 1847 жылы Швейцарияда – радикалды – демократиялық, 1863 жылы тұңғыш бұқаралық партия – жалпыға бірдей Герман жұмысшысы Одағы пайда болды, оның негізін қалаған Ф. Лассаль болды. 1854 жылы Канадада прогресшіл – консервативтік партиялар өмірге келген еді. 19 ғасырдың соңына қарай Батыс Европа елдерінің көпшілігінде бұқаралық (негізінен социал – демократиялық) партиялар құрылды.

Саяси партиялардың түрлері.

Ал саяси партияларды топтаудың бірнеше өлшемдері бар. Мыс, институтционалдық көзқарасты жақтаушылар ұйымдық өлшемді пайдаланды, либералдық дәстүрді уағыздаушылар идеологиялық байланысқа басты назар аударды, ал марксизмді жақтаушылар негізгі рольді таптық өлшемге берді. Бізге бүгінде мәлім саналуан саяси партиялар бар. Оларды әртүрлі негіздер бойынша — таптық белгілері бойынша өкіметке, қоғамдық прогреске басқару формаларына, наным – сенімдеріне және т,б қатынасы бойынша саралауға болады. Партияларды әртүрлі негіздері бойынша бөлу көбіне – көп шартты, бірақ соған қарамастан партиялардың бірнеше топтарға бөлінетіндігі де бар:

  1. Әлеуметтік белгілері бойынша: буржуазиялық, шаруа, жұмысшы, (коммунистік) социал-демократиялық бұған зиялылардың тиісті жіктері жатады.
  2. Қоғамдық прогресс бойынша: радикалдық, (революциялық) яғни қоғам өмірінің құрылымын сапасы жағынан қайта өзгертуге ұмтылатын партиялар.
    1. реформистік — қоғамның негізгі құрылымдарын сақтай отырып әлеуметтік — экономикалық реформалар жасау арқылы едәуір өзгертуге бағытталған париялар.
    2. консервативтік -өз кезіндегі әлеуметтік өмір шындығының негізгі сипаттамаларын сақтауға ұмтылатын партиялар.
    3. реакциялық партиялар – олардың мақсаты қоғам дамуының алдыңғы кезеңдерінің құрылымына ішінара, не толық қайтып оралу болып табылады:
  3. 3. Басқарудың формалары мен тәсілдері бойынша: либералдық, демократиялық, диктатуралық.
  4. 4. Үкіметке қатысы бойынша: билеуші, оппозициялық, бейтарап (центристік);
  5. 5. Наным-сенім бойынша: христиан, ислам т,б болып бөлінеді.

Партияларды бағалау мен топтардың таптық өлшемінен басқа қызмет ортасының өлшемі тұрғысынан да ерекшеленіп келеді. Қызмет ортасының өлшемі тұрғысынан алғанда партиялар мынадай типтерге бөлінеді:

8 стр., 3641 слов

Психология ПСИХИКАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫ. Дшс ...

... Инстинктердің шығуын алғаш рет түсіндірген Ч.Дарвин болды. Оның ілімі бойынша, инстинктер жануарлардың ұзақ эволюциялық даму үрдісінде, сыртқы ортаға бейімделуде ... 1 . Жануарлар психикасының дамуы туралы түсінік. Психика органикалық дүниенің даму үрдісінде пайда болғандығы туралы ... қажет етеді. Сондықтан да құстарда, оның ішінде ерекше жыртқыш, жылы жақтарға ұшып барып, келетін құстарда көру сезімі жә ...

  1. бір ортадағы-өз қызметін бір ғана әлеуметтік ортамен шектейтін партиялар, бұлар саясат саласында соның мүдесін.
  2. жалпыға бірдей — жалпы әлеуметтік не жалпы халықтық ортаға бағдарланған және қандай болсада бір әлеуметтік топта тапта жікте және т,б ықпалына ие болуға ұмтылуымен шектелмейтін париялар.

Саяси жүйедегі атқаратын рольінің өлшемі бойынша партия топтары мынадай болады:

  1. өкімет билігі, оны жүзеге асыру және нығайту жолындағы жария күрескер партиялар.
  2. сайлауға қатысушы – АҚШ-тағы сияқты өз қызметін іс жүзінде сайлау алдындағы науқан мен сайлау кезеңімен ғана шектейтін «қызмет көрсетуші», немесе сайлау париялары деп аталатындар).

  3. өмір сүріп отырған саяси жүйені өзгертуге не бүлдіруге бағыт алған (мыс. II дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы ) Европаның коммунистік партиялары:
  4. билікті жүзеге асыруға және қоғам дамуының стратегиялық бағдарламаларын өзінше іске асыруға бағыт алған (мыс. социалистік елдердің коммунистік партиялары)
  5. мемлекетте бар билік элитасын қолдауға бағдарланған партиялар болып бөлінеді- бұл ретте партия мемлекеттік өкіметтің орталық құрылымдарын жаппай қолдауды ұйымдастыратын қозғалыс рольінде бой көрсетеді. (мыс. Г.А. Насер кезінде құрған Араб социалистік Одағы).

  6. қоғамның және ең алдымен партия мүдделерін білдіретін таптың, топтың саналы өмірінің барлық саласына жаппай қатысушы – қоғамдық париялар деп аталатындар. Олар үшін билікті жүзеге асыруға байланысты міндет көптеген қызмет функцияларының бірі ғана болып табылады. (мыс. XIX-XX ғасырлыр шегіндегі социал-демократиялық партиялар олар өкімет билігі жөніндегі күресті қолдаумен ғана шектелген жоқ, сонымен қатар қоғамдық өмірді, мәдени өмірді, әлеуметтік қамқорлықты және т,б дамытуға кепілдік беретін ағартушылық ұйымдар да болды).

Ал ұйымдық құрылым өлшемі бойынша партиялар былайша бөлінеді:

а) орталықтандырылған – біріңғай бағдарламалық бағыттарды қалыптастырып, іске асыратын және партияда қалыптасқан тәртіпті жүзеге асыратын басшы орталығы бар иерархиялық жағынан ұйымдасқан:

ә) бір орталыққа бағындырылмаған – негізінен бұлар-партия жүйесі екінші кезекте роль атқаратын және саяси өмірді тұтас ұйымдастыруға ұмтылмайтын саяси жүйеде жұмыс істейтін партиялар.

б) кадрлық-қатарында өз электоратының (сайлаушыларының) 10 процентінен кемі болатын адам саны аз партиялар.

в) бұқаралық — үнемі сол партияны жақтап дауыс беретін, азаматтардың 10 процентінен астамын өз қатарына біріктіретін партиялар (10 процент өлшемі саясаттанушылардың әдетте сайлау белсенділігі барынша төмен – 50 проценттен кем азаматтарды есепке алуына байланысты)

г) мүшелігі нақты анықталған партиялар (қабылданған жарғысы бар, онда партия мүшесінің міндеттері мен құқығы оның ұйымдастыру принциптері, партияның ішкі тұрмыс нормалары және оның практикалық қызмет тәсілдері анықталған)

7 стр., 3180 слов

Политические партии Беларуси

... политику президента Аграрная партия Белорусская социально-спортивная партия Коммунистическая партия Белоруссии Либерально-демократическая партия Республиканская партия труда и справедливости Белорусская патриотическая партия Республиканская партия Оппозиционные партии Партия БНФ Партия «Белорусская социал-демократическая Громада» Объединённая гражданская партия Белорусская партия объединённых ...

д) мүшелігі еркін партиялар оларға мүше болу – оның кандидаттарын жақтап дауыс беруден байқалады. (мыс. АҚШ-та) бірқатар жағдайда партия мүшесі екенін анықтау қиындық туғызады (өйткені олар өздерінің партияға мүше екенін сайлау алдында формальді түрде қуаттайды, жылына бір рет партия билетін сатып алады және т,б )

Саяси партиялар қазіргі кезеңде мынандай міндеттенді атқарады:

а) ірі-ірі әлеуметтік топтардың іс-әрекетінің бағытын айқындайды, бағалы тұжырымдар жасайды.

ә) ірі-ірі әлеуметтік топтардың белсенділігін арттыруға көмектеседі.

б) саяси идеология мен саяси доктриналар жасауға:

в) саяси жүйелерді олардың ортақ принциптерінің, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға.

г) мемлекеттегі билік үшін күреске және мемлекет қызметінің бағдарламасын жасауға;

  • ғ) мемлекеттік билікті жүзеге асыруға;
  • д) қоғамдық пікірді қалыптастыруға қатынасады;
  • е) жалпы қоғамды, қоғам мүшелерін (тапты, топты, жікті) саяси тәрбиелеу жұмысымен айналысады;
  • ж) мемлекеттің, кәсіподақтардың, қоғамдық ұйымдардың аппараттары үшін кадрлар даярлау мен ұсыну істеріне араласады. Саяси партиялардың бұқараға ықпал етуі, демек олардың қоғамдық билікті жеңіп алуы мынадай факторларға байланысты:
  • қозғалыстың мақсатын, дамуын анықтайтын және бұқара мүдделерін білдіретін тартымды идеологияның болуы қажет;
  • ұйымдық жағынан қалыптасуы көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қабілетті ұйымдық құрылымдардың оралымдығы болуы шарт;
  • біліктілік дәрежесі, партия басшыларының (партиялық функционерлердің көсемдердің) беделдігі қажет;
  • жеткілікті бұқаралылығы және партияның қатардағы мүшелерінің белсенділігі өте жоғары дәрежеде болуы;
  • нақты тарихи жағдайда, партияның қызметін іс-жүзінде ұйымдастыра білу міндет.

Партиялық жүйе

  • демократиялық
  • авторитарлық
  • тоталитарлық.

Демократиялық бағыттағы партиялар өздерінен басқа партияларға үлкен түсіністік білдіріп, шыдамдылық білдіреді, пікір сайысында ұстамдылық көрсетіп идеялардың, пікірдің сан алуандығын қолдайды.

Авторитарлық, партиялар негізінен өздерінің іс-әрекетінде әкімшілікке салынады, әмір жүргізіп, күштеу әдісін қолданады. Авторитарлық партиялық жүйе бұл тоталитарлық партияға (мыс. фашистік) ұқсас болғанымен олардың өзара айырмашылықтары да бар. Авторитарлық партиялық жүйеде мемлекет идеологияда да, саясаттада басым роль атқарады. Авторитардық партиялар негізінен дамушы елдерде қалыптасады.

Ал тоталитарлық партиялар болса олар күллі партияларды, қоғамдық ұйымдарды мемлекетті, барлық саяси институттарды түгелдей тұқыртып, қоғамдық өмірдің барлық саласына өз бақылауын орнатуды мақсат етеді. Тоталитарлық партия мүшелері темірдей тәртіпке бағынған, партияның бағдарламасы мен партиялық идеологияны жүзеге асыру мақсатында көзсіз берілген адамдар болуы міндетті.

Саяси жүйеде партиялар алған бағыттары бойынша солшыл бағыттағы центристік, оңшыл бағыттағы партиялар болып жіктеледі. Солшыл бағыттағы партиялар — революциялық күреске дайын өзгерістер үшін күресетін, халықтың мүддесін қорғауды мақсат етуші партиялар. Оңшыл бағыттағы партиялар, олар қоғамдық құрылысты өзгертуді қаламайды, күшті мемлекеттік құрылысты қолдайды, заңдылықты қуаттайтын партиялар. Ал, центристік бағыттағылар қоғамды біртіндеп реформалар арқылы өзгертуді ұстанады.

11 стр., 5446 слов

Партия как политический институт

... собраниями для отчета депутатов». Партия как политический институт. ОПРЕДЕЛЕНИЕ ПОЛИТИЧЕСКОЙ ПАРТИИ, ПРОИСХОЖДЕНИЕ, ПРОЦЕСС И УСЛОВИЯ ФОРМИРОВАНИЯ ПОЛИТИЧЕСКИХ ПАРТИЙ. Чтобы возникла политическая партия, требуется целый ряд условий: ... социализм. Такие цели могут быть разными и касаться политических, экономических, социальных, идеологических, культурных, международных и других проблем. Степень ...

Саяси партияларды топтағанда:

  1. бір партиялық
  2. бипартиялық (екі партиялық)
  3. көппартиялық

болып келеді.

Бір партиялық жүйе көбінесе авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарға тән. Ал екі партиялық жүйе АҚШ-та және Ұлыбритания мемлекеттерінде орын алып отыр. Мыс, АҚШ – та барлық деңгейлерде билік үшін күресті республикашылар мен демократтар. Ұлыбританияда лейбористер мен консерваторлар жүргізеді. Бұлардың әсіресе, АҚШ – тағы партиялардың өзіндік ерекшеліктері бар, тұрақты басқару құрылымдары жоқ, тек сайлау науқанына байланысты жанданып, бұл партиялар екінші дәрежелі роль атқарады. Бұл партиялардың бірде – бірінің парлементте басым көпшілік орны жоқ және үкімет құру үшін әлдебір үшінші, парламентте тұрақты орны бар кішілеу партиямен коалицияға кіруге тиіс. Көппартиялық жүйелер дүние жүзіндегі мемлекеттердің көбінде бар.