Психология ПСИХИКАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫ. Дшс 121 тобы 20182019 оу жылы

Реферат

Подборка по базе: , 513 тобы НПН 100 БАЛ.docx , Дихан Дәуірбек 01-19 тобы әлеуметтану 2 срс (копия).pptx , Сенсорика Балапан тобы Шуақты күн.pptx , Дамира БМ-22 тобы.docx , Сәбилер тобы жоспар.docx , Мәдіханова Оразкүл С126-16ж тобы курстық жұмыс.docx


Психология ПСИХИКАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫ. Дшс 121 тобы 20182019 оу жылы 1 Психология ПСИХИКАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫ. Дшс 121 тобы 20182019 оу жылы 2Психология ПСИХИКАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫ. Дшс 121 тобы 20182019 оу жылы 3

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ:

картинки по запросу картинки психология

оРЫНДАҒАН: дАУІТАЛІ УЛАН ИСАТАЙУЛЫ

дшқ с 121 тобы

2018-2019 оқу жылы

Жоспар:

  1. Сыртқы шындық пен ақиқатты бейнелеу формаларының дамуы.

  2. Психиканың филогенезде дамуы.

  3. Психиканың қызметі және органдардың құрылысы

  4. Сананың дамуындағы еңбектің ролі.

  5. Сананың қоғамдық мәні.

1 . Жануарлар психикасының дамуы туралы түсінік.

Психика органикалық дүниенің даму үрдісінде пайда болғандығы туралы айтқан болатынбыз. Органикалық дүниенің органикалық емес дүниеден айырмашлығы оның негізгі қасиеттерінің бірі тітіркендіргіштік, демек сыртқы әсерлерге жауап беру қабілеттілігі.Қарапайым микроорганизмдерде психика болмайды. Оларға тын сипатбейнелеудің қарапайым түрі – тітіркендіргіштік қасиет.

Тітіркендіргіштік

Кері жауап беру реакциясының күші мен сипаты сыртқы әсер етудің күші мен ерекшеліктеріне ғана емес,сонымен қатар тірі ағзаның ішкі жағдайына да байланысты. Мәселен,тойып алған амеба тамаққа ешқандай реакция бермейді. Жәндіктер дыбысты,иісті,түсті бағдарлай отырып, тамағын тауып алады немесе қауіп-қатерден қорғанады. Заттар мен құбылыстардың дыбысы, иісі немесе түсі құрт-құмырысқаларға қауіпсіз емес,әрі олардың тамаққа қажеттігін қанағаттандыру мүмкіндіктері туралы ескерту сигналдары болып табылады.

4 стр., 1976 слов

Психика туралы жалпы т сінік

... 1. Психиканың пайда болуы туралы жалпы түсінік. Психиканың пайда болуы туралы бірнеше теориялар бар. Атап айтқанда: антропопсихизм, яғни психика тек адамға ғана тән: панпсихизм – барлық таби ... ұлай болмайынша олардың өмір сүруі мүмкін емес. Шартты рефлекстер- өмір тәжірбиесінің негізі. Психиканың эволюциясы (дамуы) тікелей емес, бірнеше бағытта болған. Сондықтан да ...

Материяның ерекше қасиеті ретінде бейнелеудің психикалық түрінің шығуы қарапайым жүйке жүйесімен байланысты. Осындай жүйке жүйесі жәндіктерде алғаш рет пайда болды (гидра, медуза, актиния).

Бұл жүйке жүйесі өзара бір-бірімен байланысты денеден өсіп тұрған жекелеген жүйке жасушаларын қарастырады, оны диффузия деп атайды.

Осындай жүйке жүйесінде әртүрлі тітіркендіргіштерге барлық ағзаның сараланбаған реакциясы аңғарылады. Онда қандай да болса басқару орталығы жоқ. Басқару орталығы жүйке жүйесінің дамуының келесі кезеңінде пайда болады. Ол ганглиоздық (түйіскен, тізбектелген) жүйке жүйесі деп аталады. Құрттарда барлық түйіскен (ганглия) жерлері денесінің әрбір сегментінде орналасқан. Бүкіл түйіскен жерлер өзара байланысқан және ағза біртұтас әрекет етеді. Басқаларғанда қарағанда басты түйіскен жер біршама күрделірек және сыртқы тітіркендіргіштерге ерекше сараланып жауап береді.

Жәндіктерге тән жүйке жүйесі ганглиоздық жүйке жүйесін одан әрі дамыту және күрделендіру болып табылады. Жоғары сатыдағы (бал аралары, құмырсқалар) жәндіктерде дәм,сипай сезу, иіс, көру т.б.түйсіктері болады. Сонымен, тірі ағзалар өсімдік және жаунарлар түрлері дамуының барлық кезеңдерінде бейнелеудің ерекше биологиялық түрі – тітіркендіргіштікті меңгереді.

Тітіркендіргіштік дегеніміз тірі ағзаның биологиялық (биотикалық) ықпалдарға жауап беру қабілеттілігі.

Элементарлық тітіркендіргіштік ортаның әсеріне қозғалыспен жауап беретін қарапайымдыларды, бірклеткалы тірі ағзаларда байқалады. Ортаға биотикалық ықпал етеді, соның нәтижесінде тірі ағзаның протоплазмаларының қасиеттері өзгереді. Биотикалық факторларға ерекше қозғалыстармен жауап беру тәсілдері троизмдер немесе таксис деп аталады.

Қазіргі ағзалардың ұзақ эволюциясы нәтижесінде біз тітіркендіргіштен бастап, бейнелеудің ерекше жоғары түрлері – түйсіктермен, қабылдаумен, еспен, ойлаумен аяқтай отырып, бейнелеудің әртүрлі түрлерін кездестіреміз.

Органикалық материяның кейінгі даму сатыларында жаңа қасиет –сезгіштік пайда болды. Сезгіштік дегеніміз ағзаның түйсіне білу қабілеті,яғни,ағзаға әсер еткен заттар мен құбылыстарды бейнелей білу қасиеті. Алғашқы түрінде бұл түйсіне білу қабілеті жануарлардың жүйке жүйесінің алғашқы қалыптаса бастаған кезінде, тіпті одан да ерте кезде пайда болуы мүмкін.

Түйсіне білу қабілеті психика дамуының бастапқы сатысы болып табылады. Жануарлардың жүйке жүйесінің дамуына, оның ішінде, сезім органдарының дамуына байланысты, одан әрі бейнелеу қызметі дамып, өте күрделене бастайды. Мәселен, арнаулы сезім органдары жоқ қарапайымдыларда, жануарларда тек қана сараланбаған сезгіштік болады.Дамудың жоғары сатысында сезім органдары, жүйке жүйесінің талдау қабілеті дами бастайды. Биологиялық дамудыңжоғары сатысында кейбір жануарлардың түрлерінде декеленген сезім органдары ерекше сезгіштікке, сезімталдыққа жетеді, мәселен,қыранның көруі, иттердің иіс сезуі және т.б.

Осыған байланысты жүйке жүйесінің, сезім органдарының дамуы, жануарлар психикалары олардың тіршілігіне, яғни, жануарлар қайда тұрады, қалай өмір сүреді,қалай тамақтанады, тамақты қалай табады, кімдермен жауласады және т.б. жағдайларға тікелей қатысты. Құстар, мәселен, өмірінің көпшілігін ауада ұшып өткізеді. Осындай өмір салты, тіршілігі үлкен кеңістікте бағдарлай білуді қажет етеді. Сондықтан да құстарда, оның ішінде ерекше жыртқыш, жылы жақтарға ұшып барып, келетін құстарда көру сезімі және көру қабылдауы күшті дамыған. Маймылдардың өмірі ағаштарда жүруге бейімделген. Маймылдардың осы тіршлігі жағдайы қозғала білуге, әртүрлі жағдайдда тез бағдарлай алу қабілеттілігін қалыптастыруға көмектеседі. Жануарлардың психикасының дамуында табиғат ерекшеліктерінің, жануардың әртүрінің қауымдастығы және адам ортасының атқаратын мәні ерекше. Бір жағдайдан екінші жағдайға көшірілген жануарлардың психикалық ерекшеліктерінде кейбір өзгерістер болуы мүмкін. Әр уақытта да адаммен қарым-қатынаста, оның қасында болу үй жануарларының қылықтарын сондай жабайы жануарларға қарғанда тез өзгертеді, қолға бейімделеді. Жәндіктерге тән психикалық бейнелеу психика дамуының сенсорлық кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде тірі құбылысқа тікелей әсер арқылы заттардың жекелеген қасиеттері бейнеленеді. Орталық жүйке жүйесінің дамуы әртүрлі жануарларда бірдей емес, өзгеріп отырады. Мәселен, балықтарда ерекше рөл атқаратын иіс сезу органы, осыған сәйкес оларда мидың осы өзгешелікті басқаратын бөлігі ерекше жетілген. Маймылдар мен адамдарда көру түйсіктері ерекше рөл атқарады.

4 стр., 1814 слов

Сезім жэне эмоция туралы ұғым

... ына және өз басына деген қарым-қатынасы болып табылады. Және оның жүзеге асуына сезімдей әсер етеді. Жалпы, осы эмоция мен сезім ұғ ... жануарлардың эмоциясы биологиялық күйде, тек есте болатын бір жағдай, адам сезімдері-не лайықты көріністер жануарлар ... бір ерекшелігі-жігерлендіру және кернеуден босану немесе шешілу. Б^л да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан ...

«Инстинкт» деген гректің сөзі, қазақшалғанда «соқыр сезім» деген мағынаны білдіреді. Мәселен, өрмекшілер ерекше шеберлікпен өзінің өрмегін тоқиды, бірақ та олар алдын ала бұл өнерге үйренген емес. Бал арасы орасан зор математикалық дәлдікпен омартасының құрылысын салады. Кейбір жануарлардың түрлері, әсіресе, жәндіктер өз ұрпақтарын көрмейді, бірақ алдын ала жұмыртқа саларда өз тұқымы үшін ыңғайлы үй және тамақ дайындайды, ол дүниеге келген тұқымы жеткілікті дамуы және өз бетімен жетілуі үшін істеледі.

Мәселен, жазғытұрым жол бойында немесе жанында қара қоңыздың жұбы тамағын шар түрінде домалатып, бара жатқанын аңғарамыз. Бұл шар-болашақ дүниеге келетін тұқымы үшін істеліп жатқан қарекеттер. Шарды белгілі көлемде домалатады. Аналық қара қоңіыз шардың ішіне жұмыртқа салады, содан кейін оның аузын жауып, бітегеннен кейін, осы шарды қауыпсыз жерге домалатып апарып қояды. Біршама уақыт өткеннен кейін, шардың ішіндегі жұмыртқадан кішкентай құрттар шығады. Құрт шардың өзімен қоректенеді де өсіп отырады. Шардың ішін кеміріп, кішкентай қоңыз кеңшілікке шығады.

Инстинктер қалыптаспайды,әрі күнделікті өмір барысында оларды жаттығулар арқылы қалыптастыруға болмайды, туа біткен қасиет, тұқым арқылы ата-аналарынан беріледі. И.П.Павловтың ілімі бойынша, инстинктер – бұл сол шартсыз рефлекстер , оларға қарағанда табиғаты күрделірек. «қазіргі кезде, — деп жазды И.П.Павлов, — толықтай анықталды деуге болады, демек, инстинктер дегеніміз – сол рефлекстер, тек бірнеше жиі күрделі құрамнан ғана тұрады».

Инстинктер – бұл әртүрлі шартсыз рефлекстерден тұратын тізбекті рефлекстер, әрбір рефлекстің қозғаушы бөлігі кейінгі рефлекстер үшін тітіркендіргіш болып табылады. Жануарлар инстинктерінде бізді таң қалдыратыны олардың органикалық мақсаттылығы болып есептеледі.

Бірақ жануарлар инстинктерінің мақсаттылығы ерекше шектеулі. Жануарлар инстинктері таптаурынды түрде іске асады. Мәселен, өрмекші тоқыған торына түскен шыбынды бас салып, оны жеп қояды. Бірақ өрмекші мен шыбынды торда емес , стаканға бірге салып қойса, онда өрмекші шыбыннан қаша бастайды.

5 стр., 2159 слов

Психика және сана түсінігі

... еңбекті шығарған адам. Психика және сана қалыптасуы туралы сұраққа келемес ... жануарларда дамуын олардың құрлысы мен қызметі анықтайды. Эволюциялық жолда ағзалар дамиды, қызмет атқарады және ... психика тарихына берілген ағзада психика бар ма дегенді астарлайды. Қазіргі теорияларда жануарлар әлемінде психиканы іздеуге бармайды. Біра ... дейін тіршілік тамақ жеу, зат шығару, өсу мен көбйю және т.б ә ...

Инстинктердің шығуын алғаш рет түсіндірген Ч.Дарвин болды. Оның ілімі бойынша, инстинктер жануарлардың ұзақ эволюциялық даму үрдісінде, сыртқы ортаға бейімделуде өмір жағдайларына байланысты қалыптасады.

Инстинктер жануарларды қоршаған ортаға бейімделуді және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Ақтиін инстинктіге бағына отырып, өзіне үя жасайды және тамақ жинайды. Құс та әртүрлі күрделі әрекеттерді жасай отырып, ұя салады, сондай дәлдікпен, бірақ алдын ала оған үйретілмеген болса да бал арасы омарта жасайды. Көптеген бақылаулар мен зерттеулер көрсеткендей, өзгерілген өмір жағдайында жануарлардың инстинктивтік іәрекеті өте қажеттіден мағынасыз әрекетке айналады. Егер де жұмыртақа басып жатқан гагарлардың жоқ кезінде ұяда жұмыртқаларын басқа жаққа ауыстырып, орнына дөңгелек тастарды қойса, ол тастың үситіне отыра береді, өз жұмыртқаларының жоқтығына мән бермейді.

Мәселен, жұмысшы құмырсқамен мынадай бақылау жүргізіп қарайық, олар тамақтарды бүкіл жаз бойы өз індеріне жинақтайды. Алып келген тамағын інге кіргізбестен бұрын сыртқа қойып, іннің ішіне кіріп шығады,содан кейін кіргізеді. Ішке кіріп кеткенде әлгі тамағының орнын басқа жерге аусытырып қойсақ, оны сол жерге қайта алып келіп, қойып, тағы да інге кіріп шығады, оны тағы басқа жерге ауыстырсақ, сол әрекетті қайталай береді. Бұл құмырысқаның іс-әрекеті, соқыр сезім арқылы орындалғандығын аңғару қиын емес.

Мәселен, жаңа туған малдың төлі (қойдың) немесе иттің күшіктері туған бойда анасының бауырына ұмтылады, енесінің емшегін іздей бастайды, тауып алып, емеді. Малдың жас төлінің іс-әрекеті белгілі бір сигналға байланысты. Осының бәрі шартсыз рефлекстің нәтижесінде іске асып отыр.

Тұқым қалдыру инстинктері өте күрделі, сонымен қатар жыныстық, тамақ, қорғаныс инстинктерін көптеген омытқалалыларда кездестіруге болады. Ұя салу және өзінің тұқымын күту құстары және бауырымен жорғалаушыларда белгілі бір мақсатты іске асады. Бірақ бұл мақсаттылық таза сыртқы факторларға байланысты аз-кем өзгерістерге ұщырайды. Жағдайлардың өзгеруіне байланысты кейбір құстар мен бауырымен жорғалаушыларда инстинктілік іс-әрекеттің салдарынан дұрыс дамып келе жатқан іс-әрекеті бұзылады. Мәселен, құстар өз балапандарын тастап кетуі мүмкін, сүтқоректілер өз тұқымын шайнап тастайды.

Жануарлардың қорғаныс қылықтары инстинктілік сипатта болса, өзіндік ерекшелігі бар. Оған көптеген мысал келтіруге болады. Мәселен, Америкада түсі қара кішкентай аң өмір сүреді, оның бір ерекшелігі барлық аңдардың шабуылынан қорғануын сақтандырған, аңдар оны алыстан арқасындағы ақ сызықтан біледі. Бұл – скунс деген аң. Табиғат оны ерекше қорғану қасиетімен ерекшелеген. Ол өз жауларынан қорғану үшін улы, исі ащы сұйық шығарып отырады. Қауіп төнген жағдайда өз жауына арқасын беріп, қанатын жайып, сұйық улы затты ауаға жәбереді. Бірнеше сағат бойы ең ірі жыртқыштар «есінен айырылып қалады». Америкада барлық аңдар скунсқа тимейді. Бұл жануарларда туа біткен инстинктілік іс-әрекеттер болып табылады. Осыған байланысты жануарлардың туа біткен қылықтарының түрлерін зерттеген этологтардың еңбектері ерекше қызығушылық туғызады. Осы бағыттағы ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, инстинктілік іс-әрекет белгілі сигналдардың нәтижесінде болатындығын атап өткен жөн.

4 стр., 1611 слов

Мінез және темперамент

... Сол кезден бастап ғылымда темперамент атауы тұрақты орын алды. И.П.Павловтың жануарлардың жүйке жүйесінің физиологиялық негіздерін ... өрсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар-адамның қоғамдық қарым-катанасы және әлеуметтік - типтік ерекшеліктері. Ал, мінез құрлымының ... сәтте ашуланады және ашуын үзақ сақтайды. Флегматиктің - эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ...

Дағдылар. Жануарлардың өмірін бақылау көрсеткендей, тек туа біткен қылықтарының түрлері – инстинктерінде негізделе отырып,олар өзгерген ортаға бейімделе алмайды. Жануарлар қылықтарының туа біткен түрлері өмірге жаңа келгеннен кейін қалыптасқан дағдылармен толықтырылады.

Дағдылар дегеніміз көптеген қайталаудың және бекітудің нәтижесінде жануарлардың жеке тәжірибесінде қалыптасатын іс-әрекетін айтады.

Жануарларда дағдыны қалыптастыру күнделікті өмірдің табиғи жағдайында, сонымен қатар арнаулы, үйрету арқылы іске асады. Бақылаулар көрсеткендей, дағдыны қалыптастыруға қабілеттілігі жоғары сатыдағы жануарларда ғана емес, төменгі сатыдағы жаунарларда да болады. Бірақ, неғұрлым ағза күрделі болып келсе, солғұрлым жануарлардың жүйке жүйесі дағдыны қалыптастыруға жоғары деңгейде қабілетті дамығандығын аңғаруға болады.

Мәселен,үйретілген ит адамға аяғын береді, есікті табанымен немесе тұмсығымен ашады, билейді,артқы аяғымен жүреді т.б. Жануарлардың осындай іс-әрекеті дағдылар деп аталады.

Дағдының жүйке – физиологиялық қызметі шартты рефлекс болып табылады. Дағдыны қалыптастыру жануарларда шартты рефлексті немесе шартты рефлекстердің жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Жануарларда дағдылар соқыр сезімнің негізінде, жаңа іс-әрекетті бірнеше рет қайталау (инстинктерден айырмашылығы) арқылы қалыптасады, оны көмегімен жануарлар белгілі бір қажеттілігін қанағаттандырады.

Жаңа іс-әрекетті қалыптастыру және бекіту ең алдымен жануарлар өмір сүрген барлық жағдайларға байланысты.

Мәселен,итке ас беретін ыдысы (итаяғы) ішіндегі тамағымен есігі жабық бөлмеге орналасқан. Оны көрген ит,итаяқтағы тамақты ішу үшін аяғымен, тұмсығымен есікті ашудың әрекетіне кіріседі, ол бұл орайда бірнеше кездейсоқ қозғалыстар жасайды. Осы кездейсоқ қозғалыстардың нәтижесінде ит есікті ашада. Осы іс-әрекет бірнеше рет қайталанады. Содан кейін ит қателеспей ылғи аяғымен, тұмсығымен есікті ашатын болады.

Жануарларда дағдылардың қалыптасуы ата-енелерінің «үйретуі» арқылы іске асады. Мәселен, қасқырлар өз балаларына аң аулауды былай үйретеді: кәрі жануар қалай аулаудың тәсілін іс-әрекет үстінде көрсетеді, ал балалары сол әрекеттерді қайталайды. Бұл жерде «үйрету» еліктеу инстинкті негізінде іске асады.

Адамдар үй жануарларын қолға үйретіп, көптеген дағдыларды қалыптастырады. Адамдардың жануарларға дағдыны қалыптастыруы дрессировка немесе қолға үйрету деп аталды.

Қалыптасқан дағдылар жекелеген инстинктердің байқалуын жойып жіберуі мүмкін. Мәселен,тышқанды қолға үйреткенде мысық тышқаннан қашады, ал тышқан мысықтың артынан қуады. Ал, әуелден тышқан мысықты көргенде қашатын болған, ал үйретудің нәтижесінде тышқаннан мысық қашатындай етіп дағды қалыптастырған.

Жануарларда дағдылар байқап көру және қателесу әдісімен қалыптасады. Мәселен, аквариумды әйнекпен ортасын екіге бөліп, аквариумның бір бөліміне шортанды орналастырып, ал екінші бөліміне кішкентай шабақтарды салып, байқап қарағанда, шортан бірнеше рет шабақтарды жеуге ұмтыла береді, ұмтыла береді,бірақ тұмсығын әйнекке соғып, әбден шаршайды, уақыт өте шортанда белгілі дағды қалыптасады: ол шабақтарға ұмтылуын әбден қояды. Бұл дағды ортадағы әйнекті алып тастағанда да сақталады, шортан кішкентай шабақтарға тимей, бірге жүре береді,бірақ біраз уақыттан кейін дағды жойылып,шортан өз әдетінше өмір сүре бастайды.

14 стр., 6586 слов

Сократ реферат қазақша

... қытпен алып жүреді, полулегендарный мінез-құлық. Аз ең анық мәлімдеулердің балалық шақ туралы және Сократа өмірлері бірінші жарты жалпы, қашан ол афинян ... оның ұлы мұқтаж болмайды, дәл осылай қалай ол ішінде болады өзінені бастық өмір бойына, мың мұғалімнің және тә ... өзсіз, многолюднее, немен қашан анау болмады. Сократовской орталығында ойла - адам тақырып, өмір проблемалары және өлімдер, жақсылықтың ...

Дағды – жануарлардың қылықтарының өзгертілген түрі, сондықтан да әбден орнықпайынша ол бірте-бірте жойылуы мүмкін. Сонымен қатар дағдының өзгеруі ауысуынан аңғарылады. Маймылда бананы бар жәшіктің тесігін алдыңғы оң аяғымен ашу дағдысы қалыптасқан. Оны денесіне тақап қойған кезде ол жәшік тесігін алдыңғы сол аяғымен ашқан, бұл аяғы да таңылып тасталғанда жәшікті артқы аяғымен ашып, бананды алуға әрекеттенген. Енді ол арқылы ештеңе болмайтынын білген ол тіспен ашуға тырысады.Дағдының ауысуы негізінен жоғары сатыда дамыған жануарларға тән.

Дағдыларды қалыптастыру мүмкіншіліктері жануарлардың жалпы даму деңгейіне және қалыптасқан дағдының жануарлар мінезінің инстинтілік түрлеріне сәйкестік дәрежесіне байланысты. Тәжірибелі үйретушілер әр уақытта да осыны ескеріп отырады. Оны цирк аренасының білгірі Р.А.Дуров орынды пайдаланды.

Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы (интеллект).

Интеллектуалдық мінез-құлық – бұл жануарлардың мінез-құлқының жоғары түрі. Ол көбінесе маймылдар мен дельфиндерде аңғарылады. Жоғары сатыда дамыған жануарларды (мәселен, маймылдарды, дельфиндерді, иттерді) бақылай отырып, біз кей жағдайда олардың «ойлағыштық», «тапқырлық», «байқағыштық» сияқты қасиеттерін байқаймыз.

Жануарлардың мінез-құлқында алдына мақсат қою, бір міндетті шешу сияқты іс-әрекеттерді байқауға болады. Одан мынандай сауал туындайды: жануарлар қарапайым ойлау әрекетіне қабілетті ме, жануарлар ойлай ала ма.

Жануарлардың кейбір ескі іс-әрекеті туралы айта отырып , олардың да іс-әрекеті адамның ойлау үрдістерін еске түсіретіндігін немесе соған жақындайтындығын аңғарамыз. Осындай іс-әрекеттерді жануарлар соқыр сезіммен орындайды (мәселен, маймылдардың жаңғақты шағуы).

Соңғы жылдары жануарлардың ойлауы туралы мәселе әрүрлі маймылға жүргізілген көптеген эксперименталдық зерттеулер. Көрсеткеніндей, шимпанзе алғашқы абстракциялық қабілеттерді меңгерген: маймылдар қабылданатын заттардың түсін түрінен және көлемінен немесе түрін түсінен және көлемінен ажырата біледі.

Жоғары сатыдағы жануарлардың (маймылдардың) интеллектуалдық мінез-құлқын бір жүйелі зерттеу белгілі неміс психологы В.Келлерден басталды. Мінез-құлықтың осы түрін зерттеу үшін Келлер белгілі мақсатқа жету мүмкін болмаған кезде маймылды өте қиын жағдайда сынады, өзінің тамағын алуға маймыл айналып баратын жол немесе арнайы құрал пайдаланды.

Мәселен, маймылды үлкен темір торға орналастырады, қатарына оның қолы жетпейтін қашықтыққа тамағын қояды. Тек тордың артқы қабырғасында орналасқан есік арқылы айналып өтетін жолды пайдаланғанда ғана маймылдың оған қолы жетеді.

Келлердің жүргізген зерттеулері төмендегі жағдайды бақылауға мүмкіншілік жасады. Алдымен маймыл тамақты алу үшін сәтсіз әрекеттер жасап көрді: аяғын созып та, секіріп те көрді, бірақ ештеңе шықпады, енді ол сәтсіх әрекеттерді тоқтатып, қозғалмай отырып, белгілі бір шешім алғанша тынышталды.

Жануарлар міндеттерді интеллектуалдық тұрғыдан шеуге қалай келді, түсіндіру өте қиын, бұл үрдісті әртүрлі зерттеулер әралуан түсіндіреді. Кейбіреулер маймылдың мінез-құлығын адам интеллектісімен жақындату мүмкіншілігіне тоқталады, оны шығармашылық көрегендіктің белгісі ретінде қарастырады.

4 стр., 1857 слов

Психоанализ қазақша

... (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды. Фантазия психоаналитикалық ... марлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке ... рахаты-кернеген қиындықтың азаюы. Бүтін адамның интеллектісі мен аффектілері екі айырылған со ... адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана ...

Австрияның психологы К.Вюлердің түсіндіруінше, маймылдардың құралдарды пайдалануы бұрынғы тәжірибенің ауысуының нәтижесі ретінде көрінеді.

Қазіргі зерттеушілердің көзқарасы бойынша, интеллектуалдық мінез-құлықтың негізін жеке заттардың арасындағы күрделі қатынастардың бейнеленуі құрайды. И.П.Павлов маймылдардың мінез-құлқына жүргізген бақылаулары бойынша олардың интеллектуалдық мінез-құлқын «қолмен ойлау» деп атады.

Сонымен, жоғары сатыдағы сүтқоректілерде және адам тәріздес маймылдарда интеллектуалдық мінез-құлық ерекше жоғары дамыған.

Мәселен, алма ағашының басындағы алманы көріп, алып жемек болып ұмтылып, секіріп көреді, бірақ қолы жетпейді, содан кейін қасында жатқан жәшіктерді бірінің үстіне бірін қойып, қолын созып көреді, бірақ алмаға жете алмайды,жерден таяқ алып, жәшіктің үстіне шығып, әрекет жасап көреді, алманы алып жейді, осында маймылдың істеген әрекеттері адамның интеллектілік іс-әрекетіне жуықтайды, оларда көргенін есте сақтау қасиеттерінің бар екендігін аңғаруға болады.

Демек, жануарлардың өте күрделі ортаға бейімделуі олардың қарапайым жүйке жүйесі мен арнайы сезім органдарының даралануына, жіктелуіне алып келеді. Осының негізінде қарапайым сенсорлық психика ортаның жекелеген қасиеттерін бейнелеу қабілеттілігі пайда болады. Жануарлардың жерде өмір сүруге көшуіне және бас ми қыртысының дамуына байланысты тұтас құбылыстарды психикалық бейнелеу – перцептивтік психика пайда болды.

Ақырында, одан әрі өмір сүру жағдайының қиындауы өте жетілген мидың дамуына алып келеді, жануарларда заттар мен құбылыстар түрінде оларды сезгіштік қабылдаудың мүмкіншіліктерінің пайда болуына көмектеседі.

Сонымен, психиканың дамуы жануарлардың ортаға бейімделуінің қажеттілігімен анықталады және психикалық бейнгелеу осы бейімделудің барысында қалыптасатын органдарының қызметі болып табылады.

Тіптен басқа түрде ерекше белгілермен сипатталатын психика дамуының жоғары сатысы – адам санасы болып табылады.

Адам санасының негізгі айырмашылығы, оның пайда болуы психика дамуын басқаратын заңдардың өзгеруімен байланысты. Егер де жануарлар дүниесінің бүкіл даму тарихында психика дамуының бағынған ортақ заңдары – биологиялық эволюция заңдары болды, ал адам психикасының дамуы қоғамдық тарихи даму заңдарына бағынады.

Орталық жүйке жүйесінің пайда болуымен психикалық бейнелеудің жаңа түрі – психика дамуының перцептивтік кезеңі пайда болды. Бұл кезеңде жануарлар үшін бірнеше тітіркендіргіштерді бір мезгілде бейнелеуге болады.

Жануарлардың мінезінің туа біткен, түрлері және өмірге келгеннен кейін қалыптасқан түрлері кездеседі. Бірақ туа біткен және өмірге келгеннен кейін қалыптасқан (дара) мінездің түрлерін бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Жоғарыда көргеніміздей, туа біткен түрлері өзгеруі және даралануы мүмкін, мінездің дара түрлері туа біткен түрлерінің негізінде қалыптасады.

Жануарлар психикасының туа біткен басты түрі инстинктер (соқыр сезім) болып табылады.

2. Жануарлар психикасының түрлері.

6 стр., 2679 слов

Фома Аквинский философиясы мен схолостикасы

... ілімі]] қалыптасып, кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.; б) Құлдырау кезеңі (XIV – XV ғасырлар). ... асырда ой адамға байланыссыз заттардың өзінде пайда болады немесе универсалий деп аталатын пікірді жақтаған реалистер мен ой адамның миында ... христиандағы Құдай. Аристотельге сүйене Аквинат жақсылықты саналы және әділетті деп бөлді, бірақ хрестианин ретінде ...

Адамның даму тарихы сапалықжаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық – еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі – адамның санасы пайда болады.

Еңбек әрекеті адамды жануарлар дүниесінен ерекшелейді. Егер де қоршаған ортаға жануарлар бейжай түрде бейімделсе, табиғаттың бергенін ғана пайдаланса, ал адам еңбек әрекеті үрдісінде табиғатқа белсенді және мақсатты әсер етеді, оны өзгертеді, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оған бейімделеді және пайдаланады.

Еңбек үрдісінде адам өзінің дене және рухани табиғатын өзгерте алады. Ф.Энгельстің айтуынша, адамды адам еткен еңбек. Алғашқы қауымдық кезеңнен бастап,еңбек үрдісінде адамның дене және психикалық қабілеттері жетілді,оның миы және сезім органдары,психикалық сапалары,қабілеттері қалыптасты.

Адам санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы – бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев өзінің «Іс-әрекет, Сана, Жеке тұлға» атты еңбегінде берген болатын-ды

Сана – психика дамуының сапалы ерекше түрі. Жануарлар дүниесінің эволюциясында сананың өзіндік ұзақ тарихы бар, алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастардың қалыптасу үрдісінде пайда болды. Адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішінде біріншісі – адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысты міндетті емес. Кей жағдайда адамдардың саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағынбайды, олармен қарама-қарсылықта болады немесе оларды басып тастайды.

Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшелік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.

Үшінші ерекшелігі – жануарлардың мінез-құлқынан адамның саналы іс-әрекетінің айырмашылығы білім мен ептілігі, бұл қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасады.Демек,адамдардың меңгерген білімдері, ептіліктері, мінез-құлық тәсілдері оның өз тәжірибесінің нәтижесі емес, ұрпақтардың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеру арқылы қалыптасады, адамның саналы қызметін жануарлардың мінез-құлқынан түбірінен ерекшелейді.

Адамның жануарлардан айырмашылығы тек еңбек құралдарын пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар еңбек құралдарын жасайды. Еңбек құралдарын жасау алғашқы қауымдағы адамның іс-әрекетін түбірімен өзгертті.

Адам мен жануарлар психикасының арасында ерекше айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамдардың тілін ешқандай салыстыруға келмейді. Жануарларда тіл,сөз болмайды, олар бір-біріне сигнал, бере алады, оның барлығы интеллектілік түрде іске асады. Адам баласы тілдің көмегімен басқа адамдармен ақпарат алмасып отырады, өйткені, бүгіні және болашағы туралы бір-бірімен пікір алысады, қарым-қатынас жасайды. Әрбір жеке адам тілдің арқасында қоғамның ғасырлар бойы жинақталған әлеуметтік тәжірибесін пайдалан алады және кейінгі өскелең ұрпаққа жеткізеді.

Адамдар мен жануарлардың негізгі айырмашылығы адамдарда ойлау үрдісінің болатындығы, абстрактілі ойлаудың дамығандығы болып табылады. Жануарларда бірінші сиганл жүйесі болады да екінші сигнал жүйесі болмайды, адамдарда 1-11 сигнал жүйелері болатындығы адамды жануарлардан ерекшелейді.

4 стр., 1626 слов

Гештальт психологиясы

... тума құбылыс, адамның табиғи қасиеті. Әрбір адам қайырымдылық, ... дені сау, салауатты адамдарда туындайды. Есі кеткендер ... ң жемісі деген пікірді қолдайды. ГЕШТАЛЬТ ПСИХОЛОГИЯСЫ. Германияда Т.Вертгеймер, В.Келер мен ... қажеттіліктері. 3. Қорек тағамдық қажеттіліктер, осылардың бәрінен ... сан түрлі саласында қызмет ететін ғалымдардың саны ... гипноздан сеанс өткізуге шақырылды. ГЕШТАЛЬТ-ТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ Мен ...

Сана – психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс-әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық-тарихи жағдайының нәтижесі. Сананың құрылымы, оның негізгі психологиялық сипаттамасы қандай. Адам санасы бізді қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтығынан тұрады.

Сананың құрылымына, негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам өзінің білімін әруақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну және қабылдау, ес, қиял және ойлауды жатқызуға болады.

Сана қоғамның жемісі ретінде тек қана адамға тән. Жануарларда сана болмайды. Психиканың төменгі деңгейі санасыздықты құрайды. Санасыздық саласына психикалық құбылыстар кіреді,атап айтқанда, түс көру, әртүрлі тітіркендіргіш туғызатын жауап реакциялар, кейбір патологиялық құбылыстар, ауру адамдардың психикасында кездесетін галлюцинациялар және т.б.

Адам психикасы мен жоғары сатыдағы жануарлардың психикасының арасында ерекше айырмашылық бар. Құралдардың көмегімен адам өзінің органдарын күшейтті. Қолмен жұмыс істей отырып, адам ой-өрісін дамытты. Қол бірте-бірте ыңғайға көніп, ептілікпен түрлі іс-әрекеттерді орындай бастады. Адам көзі мен қолы дами отырып, өнердің ғажайып тамаша құндылықтарын жасауға үйренді. Мәселен, ондай құндылықтарға әлемдік өнер өкілдерінің Леонарда да Винчи, Рафаэль, Репин, Суриков, Қастеев және т.б.тамаша туындыларын жатқызуға болады.

Мыңдаған жылдарғы еңбек біздің есту органымыз – құлақты жетілдірудің нәтижесінде нәзік айыра білумен қатар, адам баласына музыканың ұлы қайраткерлері Бетховен, Чайковский, Құрманғазы және көптеген ұлы музыканттар мұраларын жасауға көмектесті.

Адамның еңбек іс-әрекетінің негізгі ерекшеліктеріне: 1)еңбек құралдарын пайдалану және жасау, 2) еңбектің қоғамдық немесе бірлескен,ұжымдық сипаты. Адам еңбек құралдарын пайдалана отырып, сол арқылы қандай заттарды табуға және пайдалануға болатындығын саналы түсінеді. Еңбек құралдарын жасау мен пайдалануды саналы түсіну белгілі еңбек заттарын өндіру және шығаруға қатысты.

Еңбек үрдісі жекелеген еңбек әрекеттерінен тұрады,ол адамдардан ұжымдық ынтымақтастықты қажет етеді. Бұл ұжымдық еңбек, егер ұжымның әрбір мүшесі еңбектің жалпы мақсатын түсінген жағдайда еңбектің нәтижесін көреді. Демек,адам іс-ірекеті ұжымдық еңбек іс-ірекеті жағдайында саналы сипатқа ие болады.

Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынасында қоғамдық еңбек іс-әрекеті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі. Сана адамға табиғат пен қоғамның заңдарын жан-жақты білуге көмектеседі. Осы заңдарды білуге сүйене отырып,адам қоршаған ортаға қажеттілігі мен керегін қанағаттандыру үшін өзгереді және бейімделеді. Демек, сана- бейнелеудің белсенді танымдық және өзгертуші түрі.

Бір уақытта еңбектегі қажеттілікті дамыту және өзара ұжымдық еңбектің қарым-қатынасында тіл пайда болады. Тіл- адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы. Тіл мен сөйлеу адамдардың ұжымдық еңбек үрдісінде және бірлескен өмірінде бір-біріне қатынасы еңбек іс-әрекетінде бір-бірімен ой бөлісу, сезімін білдіру қажеттілігінен пайда болды.

Тіл мен сөйлеу еңбек үрдісінде, адамның одан әрі миын дамыту және санасын қалыптастыруда шешуші рөл атқарды. Адам миы мен адам санасының одан әрі қалыптасуы тарихи өзгерістерге ұшыраған өмір жағдайларының әсерінен болды. Адамның кез-келген еңбегінің қоғамдық-тарихи мәні бар, сана оның жемісі ретінде қоғамдық-тарихи сана болып табылады.

Адамзат қоғамының тарихы көрсеткендей, сана, ой, сезім әртүрлі кезеңде әртүрлі сипатқа ие болды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Тәжібаев Т.Т. Жалпы психология. Алматы: «Қазақ университеті», 1993.

2. Аймауытов Ж. Психология, 1995.

3. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, Білім, 2005.

4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы: «Эверо», 2005.

5. Джакупов С.М. Психология позновательной деятельности. Алма-Ата, 1992г.

6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2002.

7.Жақыпов С., Бердібаева С.Психологиялық зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу тәсілдері. – Алматы, 1998.

8. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. – Алматы; Қазақ Университеті, 1992.

9. Сейтәлиев Қ. Жалпы психология. Алматы, Білім, 2007.

10. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 2001.