Психика туралы жалпы т сінік

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қарағанды «Болашақ» университеті

Реферат

Тақырыбы: Психика

Орындаған:

Тексерген:

Қарағанды 2012

ЖОСПАР

Кіріспе

1. Психиканың пайда болуы туралы жалпы түсінік.

2.Жануарлар психикасының қасиеті, айырмашылығы.

3.Адам санасының пайда болуы және дамуы.

4. Психикалық процестер.

5. Тұлғаның психикалық қасиеттері.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Даму — баланың қоғамдық — тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардық психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінін сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі — биологиялық бекіген тәжирибенің тудым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық фун

кцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық – тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастары дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады. Бұл процесс үлкендер жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады.

Адамның жоғарғы формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т.б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың пайда болуы , дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекетің белгілі бір тәсілдерін, білімді т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас.

Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарды ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол — оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту, сонымен, баланың психикалық даму

5 стр., 2138 слов

Психология. Психология түсінігі. Психологияның даму тарихы

... байланысса да, оның зерттеу объектісі жалғыз-ақ: ол- адам, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері. Психология ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдауынан ... қтайды.Адам психологиясын нақтылы әрекет үстінде зерттеу-психологияның негізгі принципі болып табылады. Психология ғылымының даму тарихы біріне бірі қарама-қарсы ғылыми бағыттардың күресіне толы. Ол ...

1. Психиканың пайда болуы туралы жалпы түсінік.

Психиканың пайда болуы туралы бірнеше теориялар бар. Атап айтқанда: антропопсихизм, яғни психика тек адамға ғана тән: панпсихизм – барлық табиғатқа: биопсихизм – тек тіршілігі бар материяға нейропсихизм – тек нерв жүйесі барларға. Бұл теориялар психикаға біржақты қарап, қарапайым түсінік береді. Шындап келгенде психиканың пайда болып, дамуы аса күрделі процесс.

Бұдан миллиондаған жыл бұрын біздің жерде тек өлі табиғат қана болған. Бертін келе тіршілік туды, өсімдіктер мен жануарлар пайда болды. Тіршіліктің пайда болуы – материя дамуының жаңа сатысы, ол өзінің құрылысы жағынан күрделі және ерекше қасиеттерге ие болды. Бұл қасиеттің бірі – тітіркенушілік, яғни сырттан тиетін әсерлерге организмнің беретін жауабы. Бұл тірі табиғаттың бейнелеу организмінің жалпы түрі. Оның жеке көрністерінің түріне мыналар жатады.

1.Настия – түрі жәндік органдарының нақтылы бағытсыз орта факторлерінің әсерінен туған қозғалыс. Осындай әсерлер жылы, суықтың ыңғайына қарай қозғалуы әлде өсімдіктердің бейімделуі.

2.Тропизмдер – жағымды тітіркендіруші заттарға бой ұсынған өсімдіктердің қозғалысы. Бұлардың өзі әртүрлі болады. Оның бірі фототропизм — әртүрлі өсімдіктердің өзіне жағатын жылылықты сүйсінуі. Мысалы, үрме бұршақ (фасоль) күндіз гүлдеп, түнде солады.

Хемотропизм – химиялық әсерден пайда болатын өсімдіктің жауабы. Осы заңдылықты ескеріп, химиялық тыңайтқыштарды, бидайды өсіруге пайдаланамыз. Тропизмдердің тағы бір түрі – термотропизм – заттардың күштеп әсер еткеніне байланысты өсімдіктердегі өзгеріс. Мысалы, олардың күшті ыстықтан кейін солып сарғайюы. Сөйтіп тітіркенушіліктің рөлі жәндіктер мен өсімдіктердің өзін — өзі қарапайым түрде басқара алатын мүмкіндігі. Осы тропизмдер мен биологиялық түрде өтетін бейнелеудің шектелуі болады.

Жер үстінде материяның одан әрі дамуы нәтижесінде құрылымы неғұрлым күрделі жануарлар пайда болады. Олар заттардың жеке сапаларын түсінетін қабілеттері бар сезі мталдыққа ие болды. Сезгіштік дегеніміз- организмнің сыртқы ортаны түйсіне алу қабілеті. Түйсік –тіршілік жағдайына бейімделудің көрінісі. Түйсік орталық нерв жүйесі бар барлық жануарларда кездесетін психикалық құбылыс. Даму нәтижесінде сезім мүшелерінің пайда болуы заттардың әсерлерін ғана қабылдап қоймай, олардың сапалық ерекшеліктерін сезініп, тереңірек түсінуге мүмкіндік алады. Сөйтіп, психика жанды материяның бәріне бірдей емес, тек жоғары ұйымдасқан материяға тән қасиет, яғни жоғары нерв жүйесінің пайда болуымен байланысты.

Психиканың сезімталдығының тітіркенушіліктен айырмашылықтары:

1. Сезімталдық бейнелену анализаторлар арқылы жүргізіледі, яғни денедегі әрбір сезімге, мысалы, көз, құлақ, бейімделген органдар арқылы.

2. Психиканың сезімталдығы табиғиғаттың көптеген заттары мен құбылыстарын бейнелеуге мүмкіндік береді.

3. Психика сырттағы дүниенің қасиеті мен заттарын елестете алады.

4.Жақсы дамыған жануарлардың елестері сигналдық роль атқарады. Сондықтан да олардың сырттағы өзгерістерге бейімделу қабілеттері күшті болады.

62 стр., 30913 слов

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі

... реттейтiнқұқықтың жалпы принциптерiне және оның салалық принциптерiне негiзделiпсүйенедi. Олар барлық қылмыстық атқарудың заң шығаруы арқылы өтедi және мiндеттi ... қтың, жеке азаматтардың, мекемелер, кәсiпорын ұйымдары әкiмшiлiктерiнiң арасындағы қатынастарды реттеуде пайда болатын жағдайлар кiредi.Құқық саласы өз алдына жеке сала екендiгiне оны ...

5.Психикасы бар тірі жандар, тіпті төменгі сатыда тұрса да, әралуан күйініш – сүйінішті сезе алады. Мысалы, желімге жабысқан дызылдауы.

Ал енді психиканың материялық негізінің пайда болуы және дамуына тоқталайық. Психиканың дамуының төменгі сатысында тірі жәндік шашырап біткен нерв клеткаларынан тұрады. Бұл сатыдағы жәндіктің әрекеті тропизм түрінде болады. Мысалы, кәдімгі құртты алайық. Оның ауыз жағында түйнектеліп донғаланып қосылған клеткалар бар, олар басқарушы роль атқарады. Психиканың дамуының келесі сатысы – ганглиялық жұмырланған нерв жүйесі. Мұндай нерв жүйесі бад тірі жандардың бас жағындағы клеткалары қосылып, жұмырланады. Олар көптеген сырттан тиетін әсерлерді қабылдап, айырып қорыта алады. Жоғарғы омыртқасыз жәндіктердің, мысалы қоңыз – маса (насекомые) жұмырланған нерв жүйесі күрделене түседі. Олар да сезім мүшелері (рецепторлар) сигналдық қызмет атқарады, яғни сырттағы қажетті әлде қауыпты заттарды көріп қалып хабарлап тұрады.

Нерв жүйесінің жоғарғы типі – трубкалы нерв жүйесі. Мұндай тірі жандардың омыртқасында жұлын басында ми болады. Олар трубка тәрізді тұтасып жатады. Нерв жүйесі неғұрлым күрделі болса, психиканың қызметі соғұрлым күшті болады. Әсіресе, бастың, ондағы ми қыртысының маңызы зор. Мұнда белгілі бір қызметке бейімделіп, ықшамдалған орталықтар бар. Олар өздеріне сай іс- әрекетті басқарып отырады. Француз ғалымы Дельгадо егеуқұйрықтың ми қыртысындағы рахаттану орталығын тауып, оған өте жіңішке сым өткізіп, ток жіберген. Егеуқұйрыққа мұның ұнағаны сонша, ток жіберетін копканы байқап қалғанда, ол есі танғанша баса беріпті. Сондай –ақ ми қыртысында реніш тағы басқа орталықтар бар көрінеді.

Жоғары ұйымдастырылған нерв әрекетінің негізгі қоры – шартты рефлекстер. Жануарлар мен адамдардың өзгеріп тұратын қоршаған дүниеге бейімделіп төселуі солар арқылы өтеді. Бұлай болмайынша олардың өмір сүруі мүмкін емес. Шартты рефлекстер- өмір тәжірбиесінің негізі. Психиканың эволюциясы (дамуы) тікелей емес, бірнеше бағытта болған. Сондықтан да бірдей ортада әртүлі жануарлар өріп -өсіп отырады.

Психиканың материалдық негізі – нерв жүйесі пайда болып дамуына тоқталып өттік. Енді сол психиканың өзінің даму сатыларын атап өтелік.

Біріншісі қарапайым сенсорлық (сезімдік) психика сатысы. Мұнда қимыл — әрекеттің негізгі қоры туа бітетін инстинктер. Олар организмнің белгілі бір тіршілік жағдайына, өскен ортасына, әбден көніккенің көрсететін мінез – құлықтың түрі, яғни қарапайым нәсілдікке айналған формасы.

Келесі даму сатысы — перцептиптік психика сатысы. Бұл сатыда жануарлар сырттағы заттады, құбылыстарды қабылдау процесінде, олардың ерекшеліктерін байқап, бірінен – бірін айыра біледі.

Психиканың дамуының ең жоғарғы сатысы – интеллект сатысы. Бұл сатыдағы жануарлар интеллектуалдық әрекетті жасай алады, яғни заттар арасындағы күрделі қарым – қатынасты бейнелейді. Осындай жануарларға ең алдымен приматтар, яғни адамға ұқсас маймылдар жатады. Шиппанзенің, мысалға 81 тамақ түрі бар. Осының бәрін қажетіне қарай іздестіріп, тауып пайдалану үшін, ол өзінше ақылына сап қарапайым болса да, тіршілікке байланысты мәселелерді шешіп отыруы керек.

Интеллектің жаратылыс, анатомиялық – физиологиялық негізі – ми қыртысының, әсіресе оның маңдай жағының әрі қарай дамуы. Неғұрлым ми қыртысының осы жағы күштірек дамыса, соғұрлым жануардың интеллектің қабілеті мол болады. Оған мысалға маймылдардан басқа пілдің, аттың тағы басқаларының мінез – құлықтары жатады. Бірақ, жануардың интеллектісін адамның ақыл – ойымен, санасымен қатар қоюға болмайды. Бұл екеуінің асқар таудай

Эволюциялық дамуда психиканың бір орында тұрмайтындығын, оның өсіп, дамып отыратындығы ғылымға ерте кезден-ақ мәлім. Әсіресе, бұл жөнінде Дарвиннің эволюциялық теориясы көп жаңалықтар қосумен бірге бұл мәселені анықтап шешуге жаңа тұжырымдар енгізді. Бірақ эволюциялық теория жалпы дамудың сонымен бірге психикалық дамудың қалай өсіп отыруын, ескінің жоғалып, жаңаның пайда болу проблермаларын шеше алмады.

Психиканың өсіп дамуына эволюциялық теорияның көзқарасы бойынша өсіп-даму, жай ғана көбею немесе азаюды қайталаумен ғана пара-пар. Ең әдепкі пайда болған сараптар, кадеттер бастапқы қалып өзгермей көбейіп, ұлғайып, не болмаса азайып, кішірейіп отырады. Ол сапалар пайда болып, көп өзгерістерге шалықпай, сол күйінде құрып отырады, олардың орнына жаңа белгілер, қасиеттер, сапалар пайда болады. Даму – сапалық даму емес, жалғыз ғана сапалық даму. Ескі сапалар құрып, олардың дамуына жаңа сапалар пайда болмайды, даму – бір қалыпта, біркелкі жайбарақат қана дамып отырады. Даму процесінде революциялық жолға орын жоқ, даму – эволюция жолымен жүреді. Психиканың дамуын жалғыз ғана сыртқы өзгеріс емес – психиканың мазмұнымен байланысты ішкі сапалы даму.

Психика-жүйке саласының қасиеті. Тірі жәндіктерде психиканың пайда болу үшін олардың туысынан кейбір биологиялық жағдайлар болуы керек. Психика жәндіктердің, жүйке саласының қасиеті есебінде пайда боатын сыртқы дүниенің сәулесі. Сондықтан сыртқы дүние – хайуанаттардың, тарихи социалдық жағдайлар – адамның пайда болуына керекті биологиялық негіздерге әсер етіп, психиканың өсіп-дамуын меңгеріп, басқарып отырады.

Сонымен, психика дегеніміз- обективті дүниені субективті бейнелендіру болып табылады. Психикалық бейнелену – ақиқаттың шынайы және дұрыс бейнеленуі. Ақиқаты бейнелендірудің дұрыстығы адам заттың қоғамдық тарихи практикасымен тексеріледі.

Ал, идеалистер бойынша: олар шындықты бұрмалайды. Мәселен: неміс ғалымы Гельмгольц «мидағы бейнелердің сыртқы дүние заттарымен ешқандай ұқсастығы жоқ, бұлар –заттардың бейнесі емес, оның символы дейді. Объективті дүниені жоққа шығарады».

Даму процесінде жәндіктердің жүйке саласы, сезім мүшелерінің пайда болып күрделенуімен бірге,олардың психикалық әрекеттері де күрделене келіп, адам баласында психиканың ең жоғарғы айрықша сапасы – сана пайда болады.

Дегенмен де, психиканы диалектикалық материализм тұрғысынан түсіндіру үшін мынандай кестені қарастырып көрелік:

Проблемалар

Бұлардың шешілісі

материалистер

идеалистер

Материя мен идея пайда болуы

Материя-бірінші, идея, сана екінші. Материя санадан бұрын пайда болған. Идея материяның (мидың) нәтижесі.

Идея , рух, сана бірінші, материя екінші. Материя идеядан кейін пайда болған.

Мәңгілік ұғымы жайлы

Материя, мәңгілік оның кейбір бөлшектері туып өліп жатады, бірақ материяны жоюға және қайтадан жасауға болмайды.

Идея- мәңгілік, материялық денені жоқтан жасауға ,жоққа шығаруға болады. мәңгілік – тек рух.

Жан мен тәннің байланыстылығы

Адам психикасы, жан дүниесі = мидың продуктысы, ол дене = мен тығыз байланысты, жан – тәнмен бірге туады, өледі.

Жан тәнге байланысты емес, адам туғанда жан денеге енеді, ол өлгенде одан шығып кетеді. Жан мәңгі бақ өлмейді.

Психиканың (сананың) қалыптасуына әсер ететін факторлар

Сананың дамуы сыртқы ортаға ( табиғи және әлеуметтік факторға) байланысты.

Психика (сана)табиғи және қоғамдық ортаға тәуелді емес, ол адамға туыстан беріледі.