Психологияның дамуы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Семей мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану факультеті

Тақырыбы:

Орындаған:

Тексерген:

Семей 2012

Жоспар

  1. Психологияның даму тарихы.
  2. Ежелгі психология.
  3. Орта ғасырлардағы жан және сана туралы түсініктер.
  4. XVII-XIX ғ. Психология.
  5. Психологияның тәжірибелік ғылымға айналуы.
  6. Шет психологиясындағы ағымдар(бихевиоризм).

1.Психологияның даму тарихы.

Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды.Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына себепші болды. Ежелгі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грекияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды.Адам тіршілігінің негізі-қан айналысына ерекшке мән берілді. Тіршіліктің негізі-қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б.з.д.XIII ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған еді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.

Ежелгі Үндістан дірңгерлері адамның психикалық әрекетінің негізгі органы- жүрек, оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы, әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктері мен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсінікткерді тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дәрігерлері темперамент үш бөліктен тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден- өттен және қан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрселердің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған.

4 стр., 1852 слов

Қазақша Ежелгі Грек философиясы қазақша

... алыстың басталуы мүмкін емес. Демокрит (б.д.д. 460 — 370 ж.ж.) — ежелгі грек материалист — философы, Левкипптің ... ғалтуға түрткі болатын» — Құдай деген тұжырым жасады. Адамның ақыл — парасатының қабілетін этикадағы ... танымал. Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты ... жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін а ...

Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген:1)адамның бойында өттің не қан құрамының басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң; 2) ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, қозғалғыш болады, маймылдың әрекетіндей әрекеттер жасайды; 3)шырынның басымдылығы-қимыл-қозғалыстың баяулығын, сабырлылықты білдіреді деп санайды.

Адам организмі жайындағы мұндай пайымдаулар сол дәуірлерде, бір жағынан, табиғи-ғылыми түсініктерге жол ашқанымен, екінші жағынан, әр түрлі діни наным-сенімдер тарапынан қарсылық тудырған көзқарастарға душар болды. Дегенмен, психологиялық және физиологиялық құбылыстар жайындағы ақылға қонымды көзқарастар өзіне жол тауып, одан әрі дами берді.

Психология-сан салалы ғылым. Бұл тақырыпта адам психикасының көріністері жан-жақты қарастырылып, олар өзара байланысты, біріне-бірі әсер етіп отыратын бірыңғай тұтас жан салалары екендігі айтылады. Мәселен кітапты оқу көру мүшесі арқылы, ал қабылдау арқылы текстіні толық түсініп, ол туралы ойлауға, ұғынуға мүмкіндік туады. Ол үшін зейінді шоғырландыру керек болады. Фактілерді еске түсіріп, олар қалай болар екен дегендей адамның қиялы шарықтайды.Адам психологиясын нақтылы әрекет үстінде зерттеу-психологияның негізгі принципі болып табылады.

Психология ғылымының даму тарихы біріне бірі қарама-қарсы ғылыми бағыттардың күресіне толы. Ол Аристотельден басталатын жан дүниесінің тарихы. Бұл ғылымның тарихи кезеңдері әйгілі оқымыстылардың ғылыми пікірлері арқылы зерттеліп, олардың мән-жайы баяндалған.

Бұдан соң психология деген сөздің төркіні, яғни шығу тегі түсіндіріліп, ол грек тіліндегі “псюхе”-жан, “логос ”-ғылым деген мағынаны білдіреді. Психология жан туралы ілім. Мұндай түсінік ерте замандардан XYIII ғасырдың басына дейін өктем болып келді. Психологияның өз алдына дербес эксперименттік ғылым болып бөлініп шығуы, В.Вундтың 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш лаборатория ұйымдастыруы. Сонымен қатар психология- сана туралы ілім. Ағылшын философы Джон Локктың “ сана- сыртқы заттық дүниенің бейнесі ” дейтін қағидасына орай пайда болды. Психологияның басқа ғылымдардан бөлініп дербес білім бола бастауы-Гартли бастаған ағылшынның эмпирикалық ассоциациялық психологиясы (XYIII ғ. Ортасы)

XIXғ.60ж,-XIXғ.аяғында психология жеке ғылым ретінде пайда болды.

Дербес ғылым ретінде психология аймағында өзара байланысты сырт көзге байқала бермейтін біршама ерекше білім салалары ұштасып жатады, мысалы,психофизиология мен әлеуметтік психология. Бұлар, сырттай қарағанға “сыйыспайтындай” болғанымен, бір ғылым саласынан, себебі олардың түпкі де түбегейлі міндеті бір — психикалық құбылыстың мәнін зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объектісі жалғыз-ақ: ол- адам, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері.

Психология ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдауынан халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарын іске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазіргі күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы кәміл.

5 стр., 2225 слов

Педагогика ғылымы туралы

... рөлін анықтайды. Сондықтен педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие – жастарды ә ... зерттегенде таным теориясына сүйенеді. Педагогика мен психология ғылымдарынын зерттейтін объектісі — адам. Бірақ, зерттеу екі бағ ... ліне бастады. Мысалы, оларға педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, оқыту және білім ... ға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім ...

2. Ежелгі психология

Адамдар өздері тіршілік ететін орта мен айналадағы әрқилы заттарда, құбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай ұғым анемизм (Лат «анима» жан деген сөзден шыққан) деп аталады.

Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын эециклопедист ғалым Аристотель психологиялық ой пікірді табиғи негізге сүйеніп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп «Жан туралы» деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан дүниесінің әрекетін шындық әдіс арқылы зерттеп, оның тәжірбиеге негіздеп құруды мақсат етті. Писхология Арестотель заманында ақ дербечс сипаттағы ғылым саласына айналған – ды. Ол психиканың тәнмсен бірге өмір сүретіндінгін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материолистік тұрғыдан шешті, Платонның психитка жайындағы дуалимтік көзқарасын обьективтік шындыққа, материалистік бағытқа қарай бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің, Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көзқарастары психологиялық ілімнің келешектеіг дамуына ғылыми негіз болып қаланды.

Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын тапты. Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреци, Гален психологияның жан дүниесінің сыры мен байланысты табиғи негіздерін іздестірді. Ал ұлы Грек ойшылы Сократ «өзіңді – өзің тани біл» деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесі мен, сыры мен ұщтастырды. Сондай ақ, адамның жаны тәніне тән деп санап, ол ақыл ой арқылы реттеліп отырады деді. Ежелгі дүние ғұламаларының жан дүниесі жайындағыой пікірлерінің философиялық және әлеуметтік негіздері сол заманның экономикалық саяси құрлысына орай түрлі идеялық бағытта материялистік идеолистік болуытаңданарлықжайт емес.

3. Орта ғасырлардағы жан туралы ілім.

Орта ғасырларда жан туралы ілімді Аристотельдік идеялар тұрғысынан іздестірген арап тілді елдердегі көрнекті ойшылдар шығыста — Ибн Сина, ал батыста Ибн Рошд болды. Бұлар табиғи ғылымдарды зерттеумен шұғылданып, олардың нәтижелері еуропалық елдерде кеңінен таралды. Ибн синаның «Медицина қағидасы» деп аталатын еңбегі 500 жыл бойы жұмыр дүниенің шар тарабына таралып, барлық деңгейдегі медициналық мектептердегі бірден бір құрал болды. Ал Ибн Рощдтың ақыл ойдың дамуы жайындағы зерттеулері еуропалық схоластикаын діңкелетіп, дүние болмысы мен адам туралы жаңаша білімнің іргесін қалады. Сөйтіп, Ибн Сина мен Ибн Рошд көзқарастары табиғаттың мәңгілік өмір сүретініне айқын көз жеткізіп, жанның тіршілігі тәнге байланысты, оынң заңдылығын қалай болса солай өзгерту мүмкін емес, әрбір адамның жаны мен даралығын мәңгілік деп санау шындықа сай келмейді дейтін мистикаылқ ұғымның жалғандығын ашып көрсетті.

Орта ғасырлық арап тілді ғұламалап Закария Разидің ғылымды бақылай нәтижерелі мен тәжірибиеге негіздеу жайындағы ой пікірі, Ибн әл-Хайзамның психофихиологиялық идеялары Ибн Сина зерттеулері мен ұштасып, жан жүйесі жайындағы ғылымның қанат жайуына елеулі үлес қосты.

Орта ғасырлардағы еуропалық жанның мәңгі өлмейтіні, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы психологиялық ой пікірлер одан әрі қарай өрістеп, идеолистік көзқарастың дами түсуіне жол ашты.ү Осы бағытта Фома Аквинский мен басқа да филосифтардың схоластикалық жүйедегі көзқарастары үдей түсті. Алай да мұндай схоластикалық түсініктерін шындыққа сай еместігін көз жеткізген ағылшын оқымыстылары Гроссетест, оның шәкірті Роджер Бэкон барлық ғылымдар тәжірбиеге және матиматика ғылымына сүйенуі керек деген тұжырым жасап, жан туралы және оны материямен бірлікте өмір сүреді дейтін Аристотельдік қағиданы жаңғыртты. Психологяиның даму тарихында орта ғасырлық дәуір талас тартысты оқиғаларға толы болды.

2 стр., 839 слов

Медициналық психологияны қалыптасу тарихы

... , К.К. Платонов клиникалық психологияны, медициналық психологияның бөлігі ретінде қарады . Ол клиникалық психологияны психикалық , неврологиялық , соматикалық деп үш бөлімге бөлді. Платонов медициналық психологияға клиникалық психологиямен қ ... ан тұлға туралы зерттеулерді медициналық психология жағынан қарастырайық. Ерте заманда Гиппократ сырқат адамдарды оның жеке ерекшеліктері мен адамның қоршаған ...

17 ғасырдағы психологиялық ой пікірді дамытуда: а) жанды дененің, соның ішінде адамның да жан дүниесін зерттеп, олардың құпия сырланы ашу; ә) әрбір индевидке тән сананы, оынң ішкі дүниесін бақылау арқылы өзіндік психикалық көңіл жайын; б) адамның құмарлығы мен эффектті күйлері мен, оынң өз мінез құлқын өзгеруін, жақсы, жаман істерге бой ұруын; в) днесінің күш қуатын, жүйке жүйесінің қызметі мен психикалық жағдайлары ара қатынасының қандай күйде екендігін анықтауға ерекше мән берілді.

4. XVIII – XIX ғасырдағы психологиядағы ағымдар

17 ғасырда психология ғылымында айтарлықтай өрлеу бақап физик И.Ньютон мен физиолог ғылым А.Галлердің зерттеудері, оның негізі болып саналады. Жүйке жүйесі мен бұлшық ет қызметінің физиологиясы организм тіршіліктің негізі туралы ілімді жетілдіруде әсенр етіп, оның мәнін арттырды. Сөйтіп, ойлаудың дамуында ақыл-парасат шешущі рөл атқарады дейтін бұрынғы көзқарас енді тәжірбиелік зерттеулерге сүйенетін боды. Психиканы осы тұрғыда қарастыру әрқилы бағыттарды жиі ұштастырды. Олар бірі жан дүниесін зерттеу адамның ішкі сырын түсінуге бағытталу қажет деп, енді бірі психиканы танып білудегі тәжірбиенің жаратылыстану ғылымдарын зерттейтін тәжірбиеден ешқандай айырмашылығы болмауы қажет деп есептеді. Ассоциативтік психология Ньютон ашқан әлемдік тартылыс заңы 19 ғасырдың соңына дейін өзгермейтін заң деп саналып келді. Соған орай сол заманның ағартушылары Ньютон мен Лоок есімдерін қосарлай айтып дәріптеді. Өйткені бұл екеуі де ассоциативтік психологияны механикалық және сенсуалистік көзқарастарға негіздей отырып зерттеген болатын. Психологияның жалпы тарихында ассоциацияны жалпы категориялық ұғым деңгайінде тұңғыш ре көтеріп, оын дәріптеуші ағылшын дәрігері – Гартли. Ол психикалық процестердің барлығы ассоциацияға сүйенеді деп түсіндіріледі. Оның «адам бақылау» деген еңбегі ассоциацияның кеңінен тарап, өзекті ілім болып қалыптасуының бастамасы болды. Осы еңбегінде ол көптеген психикалық процестерді жүйке жүйесінің тербелісімен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекетінің маткриолистік тұрғыда түсіндіруге тырысады. 19 ғасырдың бірінші жартысы – психологияның даму тарихындағы елеуді кезеңдердің бірі. Бұл аралықта рефлекторлық теорияға негізделеген ассоциациялық бұрынғы концепциялық материолистік тұрғыдан ниғая түсті, оның субстраты мен ішкі бейнесінің санаға айналуын Т. Браун, Джеймс Милль сияқты зерттеушілер қолданды. Мұндай көзқарас бойынша, біріншіден, психика түйсікк пн қарапайым сезім түрлерінен тұрады; екіншіден, ассоциация бойынша — бөлшектер алғашқы да, ал күрделі психикалық құрлымдар – елес, ой, сезім екінші деп саналды.; үшіншіден, ассоциациялар осы екі топтағы психикалық процестер арқылы құрылады; төртіншіден, ассоциациялар күнделікті тәжірбие арқылы санада жиі қайталанып оқыту нәтижесінде бекиді. Ассоциациялардың жасалу барысы биология мен жүйке физиологиясын зерттеу нәтижелері мен анықталады. Г. Гельмогольц ассоциациясының жасалуын сезім мүшелерінің қызметі деп санаса, ал Чарльз Дарвин ассоциациясы эмоция арқылы түсіндірілді. Орыс физиологі М.Сеченов ассоциацияның физиологиялық негізін бас миы рефлексінің қызметімен ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г.Спенсер оны психиканың филогенездік дамуымен ұштастырып, жалпы, психика дамуы мінез құлық өзгеруіне бейімделеді деді. 19 ғасырдың 80-90 жылдарындағы Г. Эббингазу, М. Мюллер тәрізді басқа да психологтардың еңбегінде ассоциацияның жасалу жолдары түрліше түсіндіріліп, бұл концепция одан әрі дамытылды. Психологияның 19 ғасырдың орта кезіне дейінгі дамуында бұл ғылымның дербестік сипаты айқындалып, оны зерттеушілер табиғи-ғылыми негізге жүгінді, физиологиялық зерттеу әдістерін қолданып, биологиялық үлгіде иек артты.

4 стр., 1626 слов

Гештальт психологиясы

... гипноздан сеанс өткізуге шақырылды. ГЕШТАЛЬТ-ТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ Мен өз ісімді, ... Адамның психикасының санасыз табиғатының орталығын әлеуметтік жағдаймен байланыстырғандар К.Хорни, Г.Салливен, және Э.Фромм. Бұлардың барлығы Фрейдтің психоанализ реформаторлары (неофредистер). Психологияны ... өліп алу болып табылады. Психикалық түзілімдердің тұ ... Аса маңызды болған ғылыми әдіснамалық принциптер бір жү ...

5. Психологияның тәжірбиелік ғылымға айналуы.

XIX ғасырдың ортасындағы псңхикалық іс-әреқет философиялық ілім жүйелеріне негізделіп, психологияның, өзіндік сипаты, зерттеу объектілері мен оның әдіс-тәсілдері айқындалды. Сол кезеңге тән философиядағы позитивизм (Огюст Конх —1798—1857), иррационализм (А. Шопенгауэр — 1788-1860), волюнтаризм, вульарлык волюнтаризм бағыттары тұтынған қағида-лардың мақсаты, түптеп кедгенде,пеихикалық құбылыс- . тарды идеалистік және кертартиа жолға салу еді. Мұундай бағыттар В.Вундт, ‘3. Фрей сияқты психолог ғалымдардың болашақтағы көзқарастары-ның қалыптасуына теріс ықгіал етті. Вульгарлық мате-риализм ағымы (Мелешотт, Бюхнер, Чольбе т. б,),. де-ректі материализмді дәріптеп, адамның мидың қызметі Түріндегі ойлауы бауырдың өтті бөліп шығаратыңьі си-яқты катынаста болады деген қате пікірді қолданды.. Бұл зерттеушілердің психология саласына қатысты ілгері құбылыетарды қарастыруы сыңаржақты сипатта болып адамның жаң.дуңйесі жайыңдағы түбёгейлі мәселелер-дің, шыңдығьш аша алмады.

Адамның санасы мен жеке басына тін мінез-құлық тарихи тұрғыда әлеуметтік өмірмен, қоғамның жағдайымен ұштаса қалыптасатындығын 19 ғасырда орыстың революцияшыл демократтары Белинский, Чернышевский бірңығай материялдық негізде гуманистік жолмен зерттеді. Сөйтіп, адам психологиясының қыр сырын табиғи тұрғыда іздестірді. Осы дәуірде психика мен сананың дамуы туралы диалектикалық және материолистік ілім өріс алып, ол өткен дәуірдегі саяси эканомикамен, социализм жайындағы болжаммен ұштасты.

Психиканың даму адамның табиғи мәні, оның қоғамдық рөлі және тарихи дамуының негізгі субьектісі екендігі Маркс, Энгельс, Фейрбах шығармаларында материолистік тұрғыда баяндалды, адам қоғам мен табиғат жағдайында бейімделіп, өзінің белсенді іс – әрекеті арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін ақыл ой иесі ретінде анықталады. Сөйтіп, 19 ғасырда адамның жан жүйесін зерттейтін ғылыми сапалық жаңа мәнге ие болады, адамның табиғат пен, қоғам мен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделып отыратындығы нақтылы іс әрекеттер арқылы жүзеге асырылып, оның шынайы мәні анықталады. Психологияның 19 ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналының табиғи – ғылыми негізі физика мен химия, физиология мен биология, дарвенизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психологиясы мен психологиялық зерттеулердің нәтижесі. Психололгия пәні өзге ғылыми пәндермен салыстыра келе, бұл пәннің тәжірбиелік ғылым екендігін айқын сезіне аламыз. Бұл анықтаманың мәнісін әрбір психикалық құбылыстар мен психологиялық сипаттардың сырын, мән жайын арнайы тәжірбиелер қолданып анықтауға болатындығымен түсіндірген жөн. Осы орайда, біз бұл пәннің тәжірбиелік ғылым ретінде бой көрсетуін бірқатар зерттеулерге және теориялық көзқарастарға сүйене отырып баяндаймыз. Мәселен, 1) В.Вундт және Ф.Брентано (1838-1917) көзқарастарындағы психикалық құбылыстардың әуел бастан «өзінше пайда болуы» деген пікірлердің дәрменсіздігі; 2) И.М.Сеченов зерттеулерінде организм мен оның тіршілік ортасы өзара қатынасы – алғашқы, психикалық құбылыстардың сол қатынастардан туындайтыны – нәтиже деп саналуы. Сөйтіп, Сеченовтың материалистік бағыт ұстап, оның сол кездегі қоғамдық тарихи жағдайға тәуелді деп қарастырылуы; 3) психологиянық дербес тәжірбиелік ғылым болып қалыптасуына тәрек болған көзқарастардың философиялық және биологиялық негіздері; 4) әр кезеңге тарихи жағынан қалыптасқан, психологиялық бейнелеудің мәнін білдіретін организімнің биологиялық құрлымы.; 5) организмнің бейнелеу қасиеті жайындағы Аристотельдік, Декарттық және Дарвиндік зерттеу нәтижелері

6 стр., 2524 слов

Психологияның даму тарихы

... ылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан іздеп, психологияны әр ... нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына себепші болды. Ежелгі ... тарихи кезеңдері әйгілі оқымыстылардың ғылыми пікірлері арқылы зерттеліп, олардың мән-жайы баяндалған. Бұдан соң психология ...