Тұрмыстық психология

Психология ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: «псюхе» — қазақ тілінде «жан», «логос» — «сөз», «ұғым», «ой» деген сөздердің мәнін береді. Осы екі сөзді қоссақ: жан туралы ғылым деген мағына туады. Мұндай ұғым психология тарихында көп уақытқа дейін орын алып келген. Оны – жан құбылыстарын зерттейтін ғылым деп түсінген. Психология – психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибиемізды жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сиақтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жаткан білім салаларының бірі. Адам психика жөніндегі кейбір түсініктердің өз өмір тәжірибесі негізінде топтайды. Әлеуметтік қатынастар мен еңбек барысында түсінуге, бірлікті тұрмыс құруға, іс-әрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар ғылыми психологияға дейінгі білімдер ауқымын құрады. Осы біршама бірліктер әр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылық-әрекетіне орай қатынас жасауға көмегін тигізеді. Бірақ мұның бәрі тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дәлелсіз. Оларды біз күнделікті тұрмыстық тәжірибемізден ғана үйренбестен, көркем әдебиеттен, халық ауыз әдебиеті үлгілерінен ұғып, түсініп келдік. Қазіргі заман психология теориялары мен психология салаларының бастаулары нақ осы өмір тәжірибесі мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келіп шығады.

ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ АРА ҚАТЫНАСЫ

Ғымды зерттеу пәндеріне қатычты үш топқа бөліп қарастыруға болады:

1. жаратылыстану ғылымдары;

2. ізгілікті ғылымдар;

3. техникалық ғылымдар.

Адам әлеуметтік мәнге ие. Оның баллық психологиялық ерекшеліктері әлеуметтік жағдайлармен сипатталады. Сондықтан, психологияны ізгілікті ғылымдар қатарына жатқызамыз. Алайда, психология әрі ғылыми, әрә тұрмыстық сипатта.

Ғылыми пмихология – жантануда арнай зерттеуге бағытталған пән.

Тұрмыстық психология – жеке адам, топ, мінез-құлықты жалпылый сипаттайды.

8 стр., 3641 слов

Психология ПСИХИКАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫ. Дшс ...

1 . Жануарлар психикасының дамуы туралы түсінік. Психика органикалық дүниенің даму үрдісінде пайда болғандығы туралы ... дамуында табиғат ерекшеліктерінің, жануардың әртүрінің қауымдастығы және адам ортасының атқаратын мәні ерекше. Бір жағдайдан екінші жағдай ... уақыт өткеннен кейін, шардың ішіндегі жұмыртқадан кішкентай құрттар шығады. Құрт шардың өзімен қоректенеді де өсіп отырады. Шардың ішін кеміріп, ...

Дж.Келли: «Ғалым болу үшін адамға болжам қажет. Онда, кез келген адам – ғалым».

Тұрмыстық психология

Ғылыми психология

Эмпирикалық материалдарға негізделеді

Теориялық жалпылауға негізделеді

Білімдері нақты, жағдаятқа байланысты

Жалпыламалық ғылым

(ұлттық т.б. ерекшеліктерді ескермейді)

Интуитивті, тәжірибеге сүйенеді

Рационалды және саналы

Ұрпақтан ұрпаққа тасымалдау күрделі

Білім жинақталып, қорланып, ұрпаққа мәдени мұра ретінде беріледі

Білімі шекті

Білім көлемі кеңейіп отырады, деректерді жалпылайды

Тұрмыстық психологияның негізі — бақылау

Ғылыми психологияның негізі – эксперимент.

Ақпараттарын тексеру мүмкін емес.

Ақпараттары тексеруді қажет етеді.

Тұрмыстық психология дегеніміз, адамдардың күнделікті өмірден жинақтған мінез құлқы жайлы білімі. тұрмыстық психология адамдар мен жануарлардың психикасын теориялық және эксперименталды зерттеу процесі арқылы алынған тұрақты психологиялық білім.

Тұрмыстық психологияның басты көрсеткіші: басқа адамның тұрмыстық білімді қабылдай алуы. Мұнда ұғымдары фрагментті, дәлме дәл мағынасында қолданылмайды.

Ғылыми психологияда ұғымдар нақты анықтау термині ретінде пайдаланылады. ғылыми ұғымдар жалпылық мәнге ие.

Ғылыми психология тұрмыстық психологияға арқаланады, одан өз міндеттерін көре алады, соңғы сатыда тексеріледі, анықталады.

Психиканың көптүрлі көріністері психикалық процесстер, психикалық күйлері , психикалық қасиеттер деп бөлінеді.

Психикалық өмірдегі мәндісі-процестер (Ковалев)

Сеченев психологиялық процестер белгілі басы және аяғы бар психологиялық құбылыс дейді және олардың мына төмендегідей жіктелуін береді.

Танымдық процесстердің негізгі атқаратын қызметі- сыртқы дүние мен ішкі организм ерекшеліктерінің қасиеттерінің бейнеленуі.

Танымдық процестер-сыртқы дүние қасиеттері мен құбылыстары туралы ақпарат берді, қоғам мен табиғаттың даму заңдылығын ашуға көмектеседі.

Таным екі сатыдан тұрады: бейнелік және логикалық.

Бейнелік таным процесі-түйсіну, қабылдау, елестету.

Логикалық таным процесі- ойлау.

Эмоционалды психологиялық процесстерде адамның қатысы бейнеленеді. Олар адамның өміріне әр-түрлі рең береді. (жағымды және жағымсыз).

Адам эмоцияның аясы кең, мысалы: бахыт, таң қалу, қайғыру, күйзелу т.б.

Регуляторлық процестер – адам тәртібі мен іс-әрекетін басқарады, мінездің таңдамалылығы мен мақсатқа бағыттылығын қамтамассыз етеді. Регуляторлық процесске зейін мен ерік жатады.

Интегративті психологиялық процестер — барлық психологиялық процестерге қатысады: сөйлеу – екінші сигналдық жүйе ретінде көрінеді, эмоциянальды, логикалық, бейнелік бола алатын, сезімдік және логикалық, танымды және есті байланыстырады. Ес адам санасында бүгінгі мен өткендегіні байланыстырады, ал адам тұтас.

Психикалық күйлер — психиканы толық сипаттайтын әлдеқайда тұрақты психикалық құбылыс әрекеті. Оларды психикалық процесстер өтетін фон ретінде қарастыруға болады. Олар белсенді әрекетке жағымды не жағымсыз әсер ете алады. Бұл еңбекке қабілеттілік, шаршау, стресс, аффект т.б күйлері.

Психикалық қасиеттер — осы адамға ғана тән тәртіп пен іс-әрекеттің белгілі деңгейін қамтамассыз етеді. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік, бағыттылық жатады.

Психикалық құбылыстардың құрылымы (Ананьев бойынша)

Психикалық қасиеттер

Психикалық күйлер

Психикалық процесстер

Психофизиологиялық функциялар

Тәртіптің элементарлы мотивациясы

Психикалық іс-әрекеттің үш негізгі компаненті бар:

функциональды, операциялық,, мотивациялық.

Бұл компоненттердің басымдылығы индивидуалды дамуға әсер етеді.

Функциональды механизімдер — ми құрлымына байланысты және іс-әрекет әсері болды. Ол адамның онтагенездік даму эвалюциясымен түсіндіріледі. Психофизиологиялық функцияларға: сенсорлы, моторлы, логикалық, вербальды жатады.

Психофизиологиялық іс-әрекетте жаттығуы, уақытша байланыс жүйелерінің пайда болуы операциялық механизімдерді тудырады. Олар іс-әрекеттің әлеуметтік, техникалық, мәдени компонентеріне негізделеді. Операциялық механизімдер мидың өзінде болмайды, әлеуметтену кезінде меңгеріледі, нақты-тарихи сипатта болады. Мысалы: айыру, тану, идентификация, талдау, саралау, жалпылау, жіктеу т.б ойлау операциялары.

Мотивациялық механизімдерге табиғи қажеттіліктерден бастап құндылықты бағдарлауына дейінгі барлық мативация деңгейлері енеді

Функцияналды және мотивациялық механизімдер базистік ретінде көрініп, барлық психикалық құбылыстарға еніп, әсер етеді.