Гносеология – таным туралы ілім

Алматы энергетика және байланыс университеті

Ақпараттық технологиялар факультеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Философия

№1 семестрлік жұмыс

Тақырып: Гносеология – таным туралы ілім.

Орындаған: Утегалиева Г.Д.

Топ. БВТк индекс: 11-1

Тексерген: доцент Мұхамеджан Қ.Ш.

Алматы 2012

Жоспар

  1. Кіріспе……………………………………………………………..3
  2. Танымның философиялық тұғырнамалары……………..…………………….4
  3. Интуиция, оның таным мен шығармашылық процесiндегi ролi……..9
  4. Бiлiм түрлерi. Сенiм, пiкiр, түсiнiк…………………..………………………….10
  5. Ақиқат мәселесi………………….………………………………………………………13
  6. Қорытынды………………………………………………………18
  7. Пайдаланылған әдебиеттер………………..………………………19

Кіріспе

Ежелден адамзат жаңа білімдерді алуға әрқашанда ұмтылғаны белгілі. Тіршілік құпияларын меңгеру — адамзаттың ұлы мақтанышы болып табылатын ақылдың шығармашылық белсенділігіне жоғары ұмтылыстарының көрінісі. Өзінің мың жылдық дамуында ол болмыстың мәніне үңілудің және шектеуліден жан-жақты шындыққа жетудің ұзақ және күрделі жолынан өтті. Бұл жолда көптеген айғақтар, табиғаттың, қоғамдық өмір мен адамның өзінің қасиеттері және заңдары ашылды. Әлемнің суреттемесі өзгерді. Қазіргі уақытта адамзат білімі аса бай және күрделі жүйені құрайды және оның ұрпақтан-ұрпаққа, бір елден екінші елге таралуы тез жүзеге асырылады.

Аристотель “Метафизикада”, “Аналитикада” т.б. еңбектерінде таным туралы ілімді дамытады. Ол обьективтік шындықты танып білуге болатындығына күмән келтірмейді. Аристотельде барлық жерде обьективтік логика субьективтік логикамен араласып жатады және сонымен қатар, қай жерде болса да обьективтік логика көрініп тұрады.

Таным мәселесіне айтарлықтай өз әсерін тигізген классикалық неміс философиясының өкілі Иммануил Кант. Кант философияда таным теориясында шынында да өзі айтқандай «Коперниктік төңкеріс» жасады. Одан кейін философияда таным туралы көзқарас мүлде өзгерді.

6 стр., 2859 слов

Иммануил кант реферат қазақша

... тигізген ол классикалық неміс философиясының өкілі Иммануил Кант. Кант философияда таным теориясында шынында да өзі айтқандай «Коперниктік төңкеріс» жасады.Одан кейін философияда парасаттылық туралы көзқарыс мүлде өзгерді. ... бар: адам санасында тәжірибеден тыс пайда болатын түсінік. Кант өмір бойы үйленбеген, бала — шағасы болмаған. Бірақ бала оқыту, тәрбиелеу ж ...

«Таным» деген не?», «Білімді қалай алуға болады?» деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді.

Танымның философиялық тұғырнамалары

Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр (гр. gnosis-таным, logos-ұғым, iлiм).

Гносеология – адамның танымдық iзденiстерiнiң табиғатын, бiлiмнiң шындыққа қатынасын, оның мәдениет және байланыстар жүйесiнде алатын орнын, даму шарттарын, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтары мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады. Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм).

Бұл терминмен әдетте ғылыми таным теориясын белгiлейдi.

Декарт заманынан Батыс Еуропаның философиясында танымды “субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Таным субъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, бұған жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады. Таным объектiсi деп субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталса, соны айтады. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi. Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес. Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн тандауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетикалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.

Қазіргі заманда ғылыми таным саласында объектi мен субъектiнiң арасында басқа да делдал қызметiн атқаратың әр-түрлi құралдар мен техникалық құрылымдар байқалады. Мысалы, атомдық физика саласында, микробиология және т.б. бiлiм салаларында алынған мәлiметтер таза объектiнiн қасиеттерiне, өзiнен-өзi өмiр сүретiнге жатпайды, өйткенi олар әр-түрлi құралдардың ықпалымен алынған болғандықтан, олардың iздерiн сақтап қалады. Және субъектiнiң өзiнiң табиғаты жағынан әлеуметтiлiкке негiзделгендiктен, ол да таза болмай, қоғамның даму денгейiмен байланысты болады. Сондықтан да, қазіргі гносеологияда бiлiмдi сараптаудың түпкi пунктi индивидуалды субъект және оған қарсы тұрған объектi емес, керiсiнше, қоғамдық жүйелер дамуы мен қызметi және субъектаралық iс-әрекет.

Танымның мәнiң түсiндiруде философтар әр түрлi пiкiрде болды.

Себептiлiк тұғырнама (Гоббс, Локк т.б.) бойынша таным – екi табиғи жүйелердiң арақатынасының нәтижесi, ал бiлiм енжарлы субъектiнiң сезiм мүшелерiне тигiзетiн объектiнiң белсендi де физикалық әсерiнiң нәтижесiнде қалыптасады.

6 стр., 2513 слов

Дефектология туралы түсінік

... ң байланыстылығы принципі Бұл принцип философияның ''тәжірибе - танымның ілкі бұлағы'' қағидасына негізделген. Оның түбінде ... тәжірибе-нің қорытындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге с ... тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты. Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды. Оқытуды ...

Әрекеттiлiк тұғырнама (Выготский, Копнин, Лекторский т.б.) – әлеуметтiк таным теориясының бейнесi ретiнде түсiнуде көрiнедi, мұнда таным процесi субъект және объект арақатынасы деп қарастырылады, бiрақ субъектiнiң белсендiлiгi – әлеуметтiк мәдени ортаға тәуелдi қалыптасатын адамның қабiлетi деп түсiну.

Генетикалық эпистемология (Ж.Пиаже 1896-1980, “Баланың тiлi мен ойлау қабiлетi”, “Логика туралы трактат”, “Интеллект психологиясы”) танымды объектi мен белсендi әрекет жасаушы табиғи (биологиялық) субъектiнiң арақатынасы деп түсiнедi. Осы қатынастардың негiзiнде, “субъектi объектiнi тану және оның мәнiң түсiну негiзiнде өзiнiң әрекеттерiн, оның интеллект және ойлау операцияларын қамтитын бiркелкi жүйеге ұйымдастырады.”

Танымның эволюция теориясы (Фоллмер т.б.) танымның негiзi ретiнде “орташа өлшемдегi әлем”, “мезокосм”, тек ол ғана адамның танымына мәлiм болады, одан ғана адам түйсiк-бейнелердi ала алады. Ал танымның нәтижелерi мен танылатың әлемге сәйкестiгi психиканың қабiлетiне, эволюциялық және қоршаған ортаның өзгерiстерiне беймделуiне байланысты болады.

Жоғарыда аталған тұғырнамалармен қатар басқа да теориялар бар, олар сындарлы қарым-қатынастың жүруіне мүмкiндiк береді және гносеологияның дамуына ықпалың тигiзеді. Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдар. Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әрқайсысы өзiнiң формаларына ие.

Түйсiк – адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен сапаларының қарапайым, элементарлы бейнеленуi. Олар қоршаған айнала туралы жiктелмеген және затталған емес әсерлер, дабылдық және бағыттау қызметтерiн атқарады.

Қабылдау – адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ету нәтижесiнде, санада материалдық заттар пен нәрсенiң бiртұтас бейнесi қалыптасатын сезiмдiк танымның ерекше формасы. Қабылдау, мiндеттi түрде, субъектiнiң таным объектiсiмен тiкелей байланыс орнатқан сәтте, түйсiктер негiзiнде пайда болады. Ол бейнелер-белгiлер тұтастығымен сипатталады.

Елестету – сезiмдiк қабылдау негiзiнде қалыптасқан заттардың жанама-сезiмдiк бейнесi; бұрын қабылданған заттар мен нәрселердiң көрнекi бейнесiн сезiм мүшелерi арқылы қайта жаңғырту процесi. Елестету сезiмдiк байқау мен абстрактiлi ойлау арасында дәнекерлiк қызметтi атқаратын, индивидуалды жекеше бiлiмнiң сезiмдiк-тiкелей және абстрактiлi-жанама формаларын бiрiктiретiн, сезiмдiк танымның жоғары формасы болып табылады.

Сезiмдiк таным барлық формаларының бiртұтастығы ретiнде адам өмiрiнде үлкен орын алады. Сезiмдiк таным арқылы адам қоршаған дүние туралы және өзi туралы алғашқы бiлiмдерге ие болады, оның санасында әлемнiң сезiмдiк бейнесi қалыптасады, оның қажеттiлiгi өзiнiң болмысының жағдайларына беймделуiнде.

Бiрақ заттарды терең және жан-жақты танып бiлу үшiн, тарихта болған оқиғаларды, белгiлi бiр әлеуметтiк құбылыстарды түсiну үшiн жалғыз ғана сезiмдiк таным жеткiлiксiз. Мiне, осында адамға көмекке рационалды, жиi абстрактiлi ой деп аталатың таным келедi. Танымның бұл нысаңы адамның келесi мүмкiндiктерiмен: идеализация, пiкiр айту, ой қорыту және т.б. логикалық операциялармен тығыз байланысты.

5 стр., 2225 слов

Педагогика ғылымы туралы

... ң мұраларымен байланыстыра шешетін болады. Дефектология – педагогика ғылымының арнаулы сайысы. Дефектология ... Мысалы, оларға педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, оқыту ж ... құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары. Педагогикалы ... мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дүниеге ...

Оның бiрiншi формасы ұғым – заттар мен құбылыстардың немесе олардың топтарының жалпы және қажеттi қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелейтін ойдың формасы. Жалпыланған заттардың саны әр түрлi болу мүмкiн. Ұғым бiр ғана заттың қасиетiн немесе бiркелкi топ заттардың қасиеттерiн анықтауы мүмкін. Ұғымдар әр түрлi болады: бiреулерi танымның арнаулы бiр саласында қолданылады, келесiлерi бiрқатар ғылымдарда, үшiншiлерi жалпы бәрiне де қатысты. Ойлаудың қандай түрi болмасын ол әрдайым ұғым арқылы жүзеге асады. Ұғым мазмұны жағынан объективтi, логикалық формасы жағынан субъективтi. Ұғымдар жалпы екi үлкен түрлерге бөлiнедi: а) күнделiктi тұрмыстық ұғымдар; б) ғылыми ұғымдар – терең жатқан, жалпы мәндi және заңды қасиеттердi бейнелендiредi. Ұғымның тiлдiк формасы сөз және сөздер болып табылады.

Пiкiр ұғымдардың логикалық байланысынан құрылады. Пiкiр арқылы адам шындық дүниедегi заттар мен құбылыстардың байланысын анықтайды. Басқаша айтқанда, пiкiр – адамның ойлау қабiлетi деуге болады. Пiкiр – ұғымның байланысының көмегiмен бiрдеңе жайында не қостайтын, не терiстейтiн ойдың формасы. Пiкiрдiң негiзгi элементi ұғым болып табылады, өйткенi пiкiр ұғымның мәнiн ашып бередi. Басқаша айтқанда, ұғымдарды “ұғуға”, түсiнуге көмектеседi. Пiкiрдiң тiлдiк формасы граматикалық сөйлем болып табылады. Пiкiрдiң таным формасы – ақиқатты немесе жалғандықты бiлдiредi. Ештеңе бiлдiрмейтiн пiкiр болмайды.

Абстрактiлi ойдың ең маңызды формаларының бiрi ой қорытынды болып табылады. Ол – белгiлi бiр нәтижеге, жаңа бiлiмге әкелетiн пiкiр болып табылады. Ой қортынды екi немесе одан да көп пiкiрлерден қорытынды жасап, жаңа пiкiр тұжырымдап шығарудың логикалық тәсiлi болып табылады. Ой қортындының маңызды белгiсi: ол арқылы адам шындық дүниенiң заттары мен құбылыстарымен тiкелей байланысқа кiрмей-ақ, ол туралы пайымдау арқылы жанама түрде бiлiм ала алады.

Рационалды таным туралы сөз қозғағанда, пайым және зерде өзара қатынасын да анықтау кажет. Антика кезеңiнде адамның танымдық қабiлеттерiн де, пайымдау қабiлетiн де ақыл-ой арқылы танылатың заттарды түсiнуге мүмкiндiк беретiн десе, ал зерде пiкiр талас жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, логикалық операциаларды саналы түрде бiртiндеп жүргiзу қабiлетiне жатқызған. Зерде адамның танымдық қабiлеттерiнiң ең жоғары болып есептелдi, өйткенi тек ол ғана мәндiлiктiң жалпы бiртұтас бейнесiн қамти алады және олардың негiзгi принциптерiн, заңдылықтарын, бастапқы негiздерiн танып бiлуге мүмкiндiк бередi. Ол – нағыз даналық, философтың түпкi мақсаты.

Пайым мен зерденiң өзара қатынасын түсiндiруге И.Кант та өз үлесiн қосты. Оның пiкiрiнше, “барлық бiлiм сезiмнен басталады да, сонан соң ол пайымға өтедi және зердеде аяқталады, бiзде одан жоғары ештеңе жоқ”. Канттың айтуынша, пайым – пiкiр айту, ойлау қабiлетi, ережелер берушi. Ол тәжiрибеге сүйенедi, сезiмдiк таным негiзiнде алынған материал. Бұл “материалдан” логикалық операциялар жүргiзу арқылы, ол жаңа ойлар тұжырымдайды, алған бiлiмдердi реттейдi, тәжiрибеден алған мәлiметтердi жүйелейдi, субъектiге таныс жағдайларда тез үйренуге көмектеседi. Ал зерденiң өзiнiң iшiнде ұғымдар мен принциптердiң қайнары бар. Зерде оларды ақылдан да, сезiмнен де алмайды. Ол өзi ұғымдар мен принциптердi жаратады. Және егер пайым бар бiлiмдер шеңберiнен шықпайтын болса, ал зерде олардан тыс шығып бiздiң бiлiмдерiмiздi кеңейтiп, тереңдетедi.

7 стр., 3198 слов

Нейропсихологияның зерттейтін пәні мен бағыттары — Биология ...

... атасы А.Р.Лурия болып табылады. Бұл ... салалары зерттейді. Мысалы: неврология, нейропсихология, психология, патопсихология ... рекеттің күрделі формасы ретінде қарауы. Б ... болады. А.Р.Лурияның нейропсихологиясы Л.С.Выготскийдің жалпы психологиялық мектебіне жүгінеді., А.Р.Лурия нейропсихологиясы бағыттары: клиникалық, эксперименталды, реабилитационды нейропсихология. психофизиологиялық бағыт. балалық ша ...

Таным процесiнде маңызды орынды сезiмдiк және рационалды танымның арақатынасы мәселесi алады. Бұл мәселемен байланысты екi қарама-қарсы пiкiрлер қалыптасты: сенсуалистер – танымда сезiмдiк формалардың маңыздылығын арттыра бағалайды және рационалистер – керiсiнше, абстрактiлi ойлау формаларына шешушi орын бередi. Ал соңғы кездерi бұл танымның екi түрлерi де маңызды екенiн, екеуiн бiр-бiрiнен бөлiп қарастыруға, ажыратуға болмайтыны дәлелдендi, өйткенi олар бiрi-бiрiнен өтiп жатады.

Интуиция, оның таным мен шығармашылық процесiндегi ролi

Өзiнiң заттық және теориялық әрекеттер барысында адам көптеген қиын жағдайлар, мәселелермен кездеседi. Оларды шешу үшiн адам қатты ойланып толғанады, өзiнiң барлық интеллектуалды мүмкiндiктерiн қолданады. Кейде күрделi мәселе аяқ астынан өзiмен-өзi шешiлгендей болады. Бұл кезде интуиция туралы айтқан жөн. Интуицияның келесi түрлерiн атауға болады: сезiмдiк және интеллектуалды, қарапайым және профессионалды. Тарихтан мысал келтiретiн болсақ: Менделеев, Пушкин, Кукуле шешiм түстерінде келген немесе Пуанкаре математикада автоморфты функциялардың болуы мүмкiн емес екендігін екi апта еңбектенiп тырысты, бiрақ шешiм аяқ-астынан көптеген ойлардың екеуi қосылып, мұндай функциялардың бар екенiн дәлелдемесi болып шықты. Сонымен, бұл мысалдар интуицияның келесi факторлармен байланысты:

  • миға аяқ-астынан, күтпеген жерде кенет шешiмнiң пайда болуы;
  • шешiмдi тiкелей көру және оған жанама түрде жету;
  • шешiмнiң жаңа болуы, бұрында үлгiсi болмаған, ештеңеге ұқсамайды;
  • шешiмдi табу процесiнiң бейсаналығы, шешiм табу жолдарының және тәсiлдерiнiң түсiнiксiздiгi, қайталанбастығы.

Егер айтылған факторларды есепке алса, интеллектуалды интуиция деп дәлелдеменiң көмегiмен басқа шындықтан шығармай және тек сыртқы сезiмдермен қабылдамай, жанама түрде ақылдың ақиқатты тану қасиетi деген анықтамасына келемiз. Ал егер интуиция бiлiмдi тiкелей сезiм мүшелерi арқылы қабылдау болса, онда бұл сезiмдiк интуицияның анықтамасы болады.