Философия тарихы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей қаласының мемлекеттік университеті

Автоматизация және электротехника кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Философия тарихы

Орындаған: Ершікенов М.Е

Топ: ФИКТ ВТ-305

Тексерген: Мукатаева А.А

Семей 2015 жыл

Кіріспе

1. Философия. Даму тарихы

2. Қазақ философиясы

3. Қазақ философиясының даму тарихы

Пайдаланған әдебиеттер

Философия б.ғ.д. VI-V ғ.ғ. пайда болып, өзінің бүгінгі ахуалына келді. Қайсы бір философия, Гегельдің айтуына қарағанда, оймен ұсталып қалынған өз заманы, дәуірі. Философия тарихы, олай болса, адамзаттың ой-өрісінің даму тарихы, шегіне жеткен ең жалпы адам мен Дүниенің қарым-қатынасы жөніндегі мәселелерді шешудегі өз заманымен шектелген ойлау, рух талпынысы.

Философия тарихы сонау көне заманнан бері қалыптаса бастады. Оның қайнар көзі — Дүние мен адамның байланысы жөніндегі алғашқы жиналған ойлар мен пікірлер, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп, сараптау қажеттігі, соның негізінде әрбір философтың өзінің ой-пікірін жеке көрсетуге тырысуында жатса керек. Сондықтан Кон-фу-Цзы, Платон, Аристотель сияқты көне замандағы.i ірі ойшылдар өздерінің көзқарасын бұрынғы тарихта қалыптасқан пікірлермен салыстырып, оларға баға береді.

Натуралистік философия – жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты.

«Философия» – грек сөзі (даналықты сүю), шығыс халықтарында арабшаланған түрде фәлсәфә деп аталады, біздің айналамыздағы өмір шындығы жөніндегі көзқарастар жүйесі, дүние туралы және онда адамның алатын орны туралы анағұрлым жалпы ұғымдардың жүйесі болып табылады. Яғни, даналыққа құмарлық деген мағынаны білдіреді.

Философия — бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде, мифологиялық діни түсініктермен күрес барысында қалыптасты. Сол кезде пайда болған барлық білімнің басын құрады. Грек тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына беретіндігі де тегін емес. Философияның басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол -дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниетаныммен байланысын, арақатынасын қарастырамыз.

3 стр., 1440 слов

Философия және ғылым туралы қазақша

... Философия б.з.д. VІ-V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адазат әлемі туралы, онда ... ғана нақтылық». Зертеудің тарихы және логикалық әдістері неокантшыл ... өндіріске еніп жатумен де сипатталады. Танымның жалпы ғылыми әдістері Жюль Верннің атақ ... түрліліктің бірлігі философиялық принциптері болып табылатыны анық. Қортынды Ғылыми таным ... не т.т. жатқызамыз.Одан әрі дамыған философиядан онтологи және ...

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән — мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған коғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі — өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Расында, дүниенің пайда болуы, оның эвалюциялык тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстын мән жайы, адамзат өніп — өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кеткен ізденіске салды. Сөйтіп, әлем құбылыстарын түсіндіруге талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің ілгері басуы, бір кезеңнен екіншісіне өтуі, олардың сабақтастығы, өмір салтының материалдық және рухани деңгейінің жоғарылауы, яғни еңбек өнімділігінің артып, тәжірибенің молаюы дүниетанымдық ықыласты жетілдіре түсті. Осы факторлар өмірдің негізгі мәселелерін ескерусіз қалдырмай, ол туралы түсініктерді үнемі дамытып, тереңдетіп отырды.

Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай- ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс — әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір — бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп дүниеге көзқараста 1) әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, 2) адам және оның дүниедегі орны туралы 3) болмыс пен болашақтың мән — жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастады.

Дүниетанымның, дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз- білім. Ертедегі ойшылдар тек білім ғана надандықты жоятынын, қала берсе, халық пен халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенді. «Ештеңе білмейтін және бірдеңе білейінші деп талпынбайтын адам өте нашар адам» — деп ертедегі грек философы Платон бекер айтпаған. Әл-Фараби бабамыз айтқандай: «Білімді болу деген сөз — белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз». Ал халық «білім — ырыс қазығы» дейді. Білім тереңдеген сайын, ғылыми арнаға түскен сайын одан бастау алатын дүниеге көзқарас та нақтыланып. ерекшеленіп, жүйелік тұрақтылық сипатқа ие болды. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім — дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген іске, ұмтылған мұрат мақсатына деген беріктігі, сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.

Дүниеге көзқарас адам қызметіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына шешуші ықпал етеді. Сондай-ақ, дүниеге көзқарастың қалыптасуы мен дамуының өзі табиғи әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастарды ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.

Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі — ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет — әрекет барысында қалыптасады. Өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке фактілерден нәр алып, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі жалпылама. сыдыртпа «білімпаздық» басым. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып, шатысып жатады.

5 стр., 2441 слов

Психологияның міндеттері туралы

... психология, пәні психологияның жалпы теориялық ұста-нымдары мен маңызды әдістері туралы ғылыми ... қ» ұғымдар. Адамның әлеуметтік және табиғи қасиетте ... оны түрлендіретін, әрекет адам болатыны туралы идея ... ылым мен оның нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластыруда. Психологияның салалары , Еңбек психологиясы, Педагогикалық психологиялық, Медициналық психология, ...

Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысты дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалыптасқан мифологиялық дүние көзқарасына тән нәрсе — адам қоршаған ортадан өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсастықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына — символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім элементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф — адамның қауымдық санасының алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабылдауды талап етеді.

Дүние негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оны табиғатты өзгерту мүмкіндігінен шеттеуге бейімдейді.

Мифология мен діни сананың кемістіктеріне қарсы күресті біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қарастыру басым еді.

Натуралистік дүниеге көзқараста жаратушының даралығын дәлелдейтін тұжырымдар да аз емес. Әйтсе де, Х^Ш-ХІХ ғ. бұл дүние танымда табиғатқа деген материалистік көзқарас жүйеге келтірілді. «… сол кездегі философияның сіңірген аса зор еңбегі мынау деп білу керек , — дейді Энгельс, — ол өз заманындағы жаратылыстану-ғылыми білімдердің таяздығына қарамастан, түзу жолдан жаңылған жоқ. Спинозадан бастап ұлы француз материалистеріне дейін ол дүниенің мәнін өзі арқылы түсіндіруге табандылықпен әрекеттеніп, мұны толық дәлелдеп шығу ісін болашақ жаратылыстануға тапсырды ».

Ал, философиялық ой-толғамдар мен тұжырымдар таптық қоғамның орнығуы барысында, яғни ертедегі Қытай, Греция, Үнді елдерінде айқынырақ қалыптасты. Осы кезде экономика мен сауда-саттық, саяси құрылым мен мәдениет ошақтары ірі-ірі қалаларда шоғырланды. Жерге жеке меншік орнады. Өндіріс құралдарының шоғырлануы еңбек бөлінісін тездетті, әрі тереңдетті.

Біреулердің қолында өндіріс байлығы, саяси билік, жерді, сондағы бар мүліктерді иемденуге мүмкіндіктері сақталынды. Басым көпшілік, бұқара қауым мұндай игілік пен праводан мүлде айырылды.

Өндіріс өсті, өндіріспен бірге өндіргіш күш те жетілді. Осыдан адамның табиғи ортадан тәуелсіздігі дербестелінді, керісінше, адамдар арасындағы қарым — қатынаста практикалық саяси тәуелділік тұрақталынды. Қоғамдық қайыршылықта адамның әлеуметтік жағдайы мен жеке билік арасындағы алшақтық күшейе түсті. Жеке билік өзімшілдікті орнықтырды, оған әлеуметтік мән берді. Таптық қайшылық қоғамдық өмірдің күрделі мәселелерін күн тәртібіне қойды. Қайшылық салдарынан таным мен өндіріс қызметі, ой еңбегі мен дене еңбегі бір-бірінен дараланып бөлінді. Білім жеке биліктің есебімен ғана практикалық қолдау тапты. Міне, осы жағдайда дүниеге деген көзқарас қалыптасты. Бір жағынан, өмір мен сұлулық, бақыт пен болашақ жайлы сезімтал көзқарастар дами түсті. Жеке адамның артықшылығын мойындаушылық үдеді. Адамзат күші табиғаттағы ең керемет күш деп ұғынушылық негіз алды. Адам өз тағдыры үшін өзінің де, өзгенің де ой-пікіріне талғаммен қарайтын болды.

4 стр., 1771 слов

Гносеология – таным туралы ілім

... ң мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі ... қарас мүлде өзгерді. "Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін таби ...

Екіншіден, шындық пен білім үшін күрес ымырасыздықпен жүргізіліп, шынайы күшке қуат берді. Ертедегі грек ойшылдары үшін философия дегеніміз — болмыстың алғашқы бастамасы мен себебін іздеу, мән жөніндегі ілім, шындықты пайымдау, болмысты құдірет күш — аллатағаламен теңестірудің баламасын табуға үйрететін қабілеттілік деп түсінді.

Парасат пен дүниені ұғыну өздігімен келмейді, күресте қалыптасады. Ал күрес білім мен практиканың көкжиектерін кеңейтті, мифологиялық наным мен теріс ұғыныстардың қай — қайсысына болмасын бөгет жасады. Әлеуметтік дертке қарсы күресте адам да, қоғам да, олардың көзқарастары да мәдениеттің жаңа сатысына көтерілді. Билікке қарсы ымырасыздықтың барысында ескі мифологиялық санадан жаңа философиялық білімге бетбұрыс басталды.

Ой жүйесінің жоғарғы деңгейі — дүниеге философиялық көзқарас. Дүниеге философиялық көзқарас дегенде дүниені, табиғи және қоғамдық құбылыстарды ой жүзінде түсініп — ұғыну, табиғат пен адам арасындағы байланыстар, әрекеттің және қарым — қатынастың санада ерекше бейнелеу формасын айтамыз.

Адамдардың жаџанды танып — білуге, тіршілік болмысының мән — жайын ұғынуға және болашаққа көз жеткізуіне көмектесетін идеялар, принциптер, теориялар, мақсат- мұраттар дүниеге философиялық көзқарасты құрайды. Сонымен бірге сана қызметін реттеуші ой — пікірлер, адамның әлеуметтік позициясын бейнелейтін білімдер бағдары да оған негіз болады.

Философия адам санасының мазмұны мен табиғаты туралы мәселені зерттейді. Сана дүние туралы ой, бейне мен ол ойдан тысқары тұрған әлем арасындағы қатынас арқылы талдауға алынып, карастырылады. Басқаша айтқанда, философ өз ойлауының жемісін өзінен тысқары тұрған тәуелсіз дүниемен салыстырады. Осы бағытта ол ақиқат пен адасудың, білім мен болжамның, болмыстың шындығы мен ол туралы қиял пікірдің ара жігін ажыратудың қажеттілігін және маңызын түсінеді.

Философия таным процесінде ненің дәлелді, дұрыстығын және керісінше, ненің дәлелсіз, қателігін көрсететін мәселелерді қарастырады, теориялық ойланудың жалпы танымдық мәселелерімен шұғылданады. Философияның тарихында дүниеге көзқарас ұдайы өзгеріп, толысып отырады. Дегенмен дүниетанымдық процесте үнемі кезігіп отыратын мәселе де бар. Ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселе.

Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи

Ежелгі заамннан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.

Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттауы, тағы басқа мәселелері болды.

4 стр., 1998 слов

Дидактика туралы жалпы түсінік

... жабдықтары, т.б. табылады. Бұл түсінік басқа мағынада да ... басында неміс педагогы И.Ф.Гербарт дидактикаға тәрбиелей оқытудың тұтас және қ ... құралдары, ұйымдастырылуы, жететін нәтижелері туралы ғылым. 2. Дидактиканың негізгі категориялары ... мен дағдылардың, іс-әрекет пен ойлау тәсілдерінің жүйесі. Ұйымдастыру – белгіленген ... амтуына қарай жалпы және жеке дидактикаларды бөліп көрсетуге болады. Жалпы дидактиканың п ...

Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады. Олар шынай реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау, деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік, имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы басқалар еді.

Осы аталған көзқарастар сыңаржаққа, тоқыраушылыққа, қазақ халқының прогрессивті дамуына кедергі болатын басқа да кемістіктерге қарсы бағытталды. Бұл да қазақ философиясының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшелігі.

Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты, мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.

Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-аяқ тік тұрған, бірден қалыптасып жеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын, таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау түрлерінің жүйесін анықтау – ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді. Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық шығармашылығынада қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама жиынтығы болды. Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына қарамастан онда адамдардың бай практикалық өмірін, халық даналығын көрсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей, жоғалтпай, «ұрламай» жеткізу – бұл философия тарихындағы ғажап құбылыс.

Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін, ойларын, өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті шындықтың элементтері бар. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар, лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер – адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес танып-білуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік-тәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.

Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік – бұл қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі және негізделген көзқарас болған жоқ., сондықтан ол философияның басты бағыттары да айқындалмаған еді.

Қазақ философиясының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің ірі. Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ философиясы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп үйренбейінше қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы басқа пайымдау мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзініңі жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.

5 стр., 2007 слов

Интеллект ұғымына анықтама

... жастық шақта болады. Интеллект қолайлы жағдайда, өмір бойы байиды. Биологиялық және әлеуметтік себептердің ... рделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект ойлау процесінде әсіресе тың мәселелерді шешу ... елестетулерінің «топтамасымен», интеллектуалды операциялардың пайда болуымен сипатталады. Ақыл ой операцияларын ... тан ойлауды жылжымалы интеллект деп санауға негіз бар. Бұл туралы қазақ психологы М.Мұқ ...

VI ғасырдан бастап Қазақстанның қазіргі аумағында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап оның орнына феодалдық әлеуметтік-экономикалық формация орныға бастады.

Философияның пайда болуының тарихи алғышарты — миф. Бірақ оны философия эпос арқылы өзгерген және жүйелеген кезінде ғана пайдаланды. Әрбір заманға байланысты эпос мифтің түрін өзгертіп отырды және сонымен қатар өнер мен бастапқы ғылым элементтерінің әсерімен философияның шығу процесін, оның қоғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын жеделдетті.

Мифологиялық көзқарас пен табиғат және қоғам туралы жаңа дамып келе жатқан ғылым элементтерінің арасындағы қайшылықтарды шешу философияның пайда болуының жолы деген де қалыптасқан тұжырымдар бар. Философия мифке тән, дүниеге тұтас көзқарастың бағытын сақтауға тырысады. Соның негізінде мифологиялық не аллегориялық – көркем, не символикалық – діни, не нақты – ғылыми ойлау, бірақ олардың әрқайсысынан қабылданған түрлеріне сыймайтын, жаңа түсініктегі ойлау нысандарын құрайды.

Белгілі дүниені түсіндіруге тырысудан одан да белгісіздігі мол дүниені танып-білуге ұмтылу, егер де ол дүние, тіпті, танып- білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – мифтің өзіне тән ерекшелігі. Адамға әлеуметтік басқару жүйесін танып, оны түсініксіздеу әлдебір күштің әсерімен түсіндіру ғылым мен дамудың барысында оған сенбеушілік пайда болған жағдайда жеке адамға өзінің дүниеге көзқарасын өзгертіп, мүмкіндігін жетілдіру – бұл миф пен философияның салмағын ажыратудың бір жолы. Ақылмен ой қозғау, табиғаттың өзіне бет бұру, дұрыс көзқарастың қалыптасуы философияның пайда болуындағы диалектикалық синтез, бастапқы қайшылықтардың шешілу процесі.

Қазақ философиясының пайда болуы туралы тек ойшылдардың дүниеге көзқарасы жалпылықты, көзқарастың әмбебеап принциптерін немесе «бастауларды» анықтаудағы заңды бағыттары болған кезде ғана айтуға болады. Діни – мифологиялық тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой ұрса, философия заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашуға, пікір-сайыс ретінде қолданылатын рационалды ойлауға, дүниені танып-білудегі қайшылықтарды аңғару мен шешуге тырысады. Бұл әрекет адамның жан-жақты ойлауы және оның интеллектуалды интуициясымен бірегей қабысқан нәтижесінде туады.

Қазақ тарихында көп кездесетін «рулық» генетизм осы қоғамның әлеуметтік, таптық бөлінуі және «ақсүйекті рулар пайда болған кезінде күшейеді. Соңғылардың қоғамдағы «заңды» орындары олардың төркіні құдайдан немесе батыр бабаларынан басталады деп түсіндірілді. Сөйтіп, олардың әлеуметтік дүниенің қажетті және заңдастырылған бөлшегі ретінде қоғамдағы белсенді ролі бекітілді. Осы рулардан шыққан ойшылдардың әлеуметтік идеялары қоғамның даму үрдісін біршама дұрыс бейнеледі. Осыдан келіп олардың көзқарасы, қоғамның тарихи дамуының мүддесіне сай келгендіктен, қоғамдық пікір ретінде қалыптасты. Мәселен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы басқа ой жүйесі, олардың ақыл кеңесі, айтқан тұжырымдары осыған дәлел.

4 стр., 1745 слов

Жасанды интеллект

... штерін салды. Бұл зерттеу бағыты «жасанды интеллект» деген атауға ие болды. Жасанда интеллект (artificial intellence) – ЖИ (AI) автоматты ... қ қанағаттандыратын «жасанды интеллектіні» құру адамзатқа дамудың жаңа деңгейлерін ашады. Адамдарды олардың өздерінің ойлау механизмі әрқашан ... есептеуіш машиналардың және кибернетикадағы зерттеулер пайда болысымен адамның ойлау табиғаты туралы сұрақ кибернетикалық ...

Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай, қоғам дамуының көп сатыларында экономикалық мүдделер мен саяси қызметке қарағанда философиялық, этикалық, діни және тағы басқа мәселелер алдыңғы орынға шығады. Олар – азаттық және адам еркіндігі, діни сенім және ақыл-ой, өмір сүру және адамгершілік қасиеті, бостандық пен құлдық керек болса «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған», «алтын ғасыр» және «ақыр заман» туралы және басқа мәселелер.

Қоғамдық ойдың көптеген мәселелері өзінің ауқымы жағынан ұлттық шеңберден асып жатады. Мәселен, ағартушылық бағыты таза ұлттық қасиетке ғана ие емес. Оның түрлі ұлттық ерекшеліктері әлемдік жалпылықпен астарланып жатады. Қазақ ағартушылығының ерекшелігі – ұлттық мәселені басты проблема етіп қоюы, қоғамдық практикамен тығыз байланысы. Соңғысы жалпы ағартушылықтың әлеуметтік табиғатына сай. Жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ буржуазиясының ой-өрісін көрсете отырып, бұл ағартушылық халықтың ұлттық сана-сезімін оятуға, оның бостандыққа, рухани азаттыққа жетуіне жәрдемдесті.

Оның Қазақстанда қалыптасып, дамуына негіз болған демократиялық элементері, халықтың ауыз әдебиеті мен фальклоры феодализмнен капитализмге өту барысында шыққан. Қазақ философиясында қоғамдық ой үш кезеңнен өтті. Олар – қоғам, қоғамдастық және қоғамдық пікір. Қазақ тарихының белгілі бір кеңістік – уақыт, философиялық құбылыстарды үш кезеңге бөліп қарауға болады:

1) Алғы философия: объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана. Оның негізінде ойлау іштей қайшылығы кем, қажетті дәлелденген теория құрай алмайды. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының ертеден бастап ХІІ ғасырға дейінгі кезеңдеріне тән.

2) Объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана. Оның негізінде түсініктерді логикалық қолдану арқылы теория мен тұжырымдамалар жасау. Яғни ойлау дәрежесі ұлғайып, қоршап тұрған дүниені, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белгісіне жету. Осы құбылыс қазақ философиясы тарихының XIV ғасыр XX ғасыр басына дейінгі кезеңді қамтиды.

3) Теориялық әдістемелік қасиеттермен байытылып, классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған.