Философия қазақша

20 июня, 2019 10:20

Жоспар

  1. Кіріспе

“Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым”.

  1. Негізгі тақырып
  2. “Орта ғасырлар және қайта өрлеу философиясы”
  3. “Қайта өрлеу кезеңіндегі философия”
  • Қорытынды

“Философия – бүкіл адамзаттың даналық ой-пікірі,

толғамы, дүниетанымы, көзқарасы”.

Кіріспе

Философия – ғылым. Ол ғылым ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Ол қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениеттің ажырымас бөлігі. Әрине, оған әр халықтың өзіндік (біреудің көп, біреудің аз) үлесі бар. Әрбір ұлттың өзіндік не физикасы, не химиясы, не басқа ғылымдары болмайтыны сияқты өз алдына оқшау философиясы да жоқ. Философия, менің ойымша, толып жатқан өзендерден нәр алған, тамшылардан құралған үлкен терең ой теңізі. Өзендердің бұлақтардан құралғанындай, философия да әрбір халықтың ой тұжырымдарын, дүниетанымын, қоғамдық көзқарасын бойына сіңірген әрбір ұлттың тарихи және қоғамдық ой-сана даму деңгейінің көрсеткіші. Өйткені, бұл абстрактылы оймен ғылыми өрнек құратын қиын, шым-шытырық құбылыстардың жүйесін табатын, белгілі талдау жасай алатын, болжам айта білетін ілім.

Ең алғашқы дүниетанымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған: mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Әр нәрсенің себебін білгісі келгендер мұндай ұғымдарға қанағаттанбады, көңілі толмады. Олар әр нәрсенің түбіріне үңіліп, сол туралы әр қилы пікір айтты. Ондайларды философ деп атады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio – сүйемін, sophia – даналық, екеуі қосылып «философия» деген сөзді туғызды).

Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп «фәлсафа» деп атаған.

Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой-өрісі кеңіген сайын философия да тереңдей түсті. Философия — өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бұның барлығы бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асты. Орта ғасырлар және қайта өрлеу кезеңдерінің философиясына тоқталсақ…

7 стр., 3472 слов

Реферат по философии на казахском языке

... ылым адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Тип работы: Реферат Раздел: Философия Скачиваний: 1287 Адамның ішкі әлемінің рахаты мен тыныштығы, былайша айт ... сұракгар адамның ойына оқтын-октын келеді. Әрбір адам өзінің ой-өрісі, өмірден алған ... мен салтында екен. Тип работы: Реферат Раздел: Философия Скачиваний: 911 Қазіргі кездегі ғылымның нақты отаны Ежелгі Греция болып табылады.. ...

Орта ғасырлар және қайта өрлеу философиясы

Орта ғасырлар деп аталатын кезең Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі мың жылдан астам уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Европа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия, т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан діні қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың, қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды. Осы кезеңдегі фолософиялық ілім “схоластика” (мемлекеттік ғылым) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:

  1. Балауса схоластика(9-12 ғ.).

    Ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір-бірімен біте қайнасып ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалилерге (жалпылық) байланысты пікір-талас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді (Аристотельдің формалық логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.

  2. Кемеліне жеткен схоластика (13 ғ.) Аристотельдің еңбектері латын тілінде болса да көпшілік арасында тарап ,философиялық теологиялық ілімнің қалыптасып кең етек алған кезең болды. Негізгі өкілдері Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.
  3. Құлдырау кезеңі (14-15 ғ.) Шынайы-ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқында дамуының арқасында (әл-Фараби мен ибн-Рушдтың “екіұдай ақиқат” концепциялары негізінде),теологияның тек бедел мен атаққа табынған , тәжітибеден, өмірден алшақ, керенаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлде нәтижесіз тіл безеген ғылымсымақ ретінде қалыптасты. Негізгі өкілдері:Ульям Оккам, Жан Буридан, т.б.

Августин Аврелий –

Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке (адам оған лайықты болмаса да) немесе азаптарға (жазықсыз

болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын олардың бойына енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік берген. Адамзат тарихы да осы заңдылыққы бағынады. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі (бұл сенімнің негізі – құдай) мен құдайға деген сүйіспеншілігінің деген танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Ол құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндер мен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы дегенде жердегі оның өкілі – Рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі пенделердің бәрі де бағынулары керек.

4 стр., 1820 слов

Әлеуметтік педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары

... леуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі ... т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым к ... мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие ... бар. Бұл жағдайда бала енжар объект тү ... немі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп ...

Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батыс Европа елдерінде 12 ғасырға дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотилизмнің негізін қалаушылар Ұлы Альберт пен Фома Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды.

Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теологы-схолосты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.ж.) болды. Негізгі еңбегі – “Бар және жоқ”.

Абелярдің пікірінше, шынайы өмір сүретін – жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады. Бұл жалпылар шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойында есепте тұр әрі ол жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де, жалпылардың шын екеніне деген сенім де бір-біріне қайшы келмеулері керек. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі.

Абеляр осындай екіұшты пікірлері үшін номиналистер жағынан да, реалисттер жағынан да сынға түсті.

Фома Аквинский

жолмен негіздеуге тырысады. Құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар – түр мен материя жеке заттар әлемін тудырады. Адамның өзі де жан (түр қалыптастыратын принцип) мен дененің қосындысынан пайда

болған. Жан “таза түр” ретінде күйреуі, жоғалуы мүмкін емес. Бірақ ол жерде тіршілік пайда болғанға дейін жеке өмір сүрмеген, оны құдай жаратқан.

Рух пен материяның табиғаты туралы пікірталас жалқылар мен жалпылардың (универсалилер) табиғаты жөніндегі тартысқа айналды. Фома Аквинский Аристотельдің жалпы ұғымдар жалқылардың түр қалыптастыратын принципі ретінде өмір сүреді деген іліміне сүйене отырып, универсалилер ақыл-ойдың жемісі болғанымен, санадан тыс, құдайдың ойында орын алғандықтан, өз алдына жеке дара тіршілік етеді деп есептейді. Осыдан келіп ол универсалилердің үш түрлі өмір сүретіндігін көрсетеді. Яғни, олар:

  1. зат пайда болғанға дейін – құдайдың ойында;
  2. заттардың өзінде – олардың мәні ретінде;
  3. заттардан кейін, адамдардың ақыл-ойында – сол

заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтиже-

сі ретінде өмір сүреді.

Заттардың мәні олардың түпнегізі – құдайдың бойындағы жалпы идеялар болғандықтан, адамдардың мақсаты – соларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын, ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек.

Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан. Жердегі тіршілік о дүниедегі болашақ рухани өмірге дайындық болғандықтан, патшалық билік рухани (діни) билікке бағыну керек. Рухани билікті жүргізетін, аспанда – Христос, жерде – Рим папасы. Аквинскийдің ілімі ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасқан қазіргі кездегі философияда өзіндік орын алып отырған неотомизмнің теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр.

Дунс Скотт

ұмтылады. Жалпы ұғымдар таза ақыл-ойдың туындысы емес, әр заттың мәні, түпнегізі. Олар әр уақытта болған және мәңгі бола береді. Тек адамдар таным процесі кезінде оларды заттардан бөліп алады да, “жалпы” ұғымын қалыптастырады. Ақыл-ой да, сезімдік түйсіністер де өз алдына рухани түпнегізді танып-біле алмайды, себебі олар сезім мүшесіне әсер етпейді. Олай болса, таным процесінде белсенділік көрсететін сезім мүшелері де, сана да емес, тек жігер ғана. Себебі жігердің өзі жалпы рухтарға тән, ал рухтың жігері құдайдың жігерінен

6 стр., 2524 слов

Психологияның даму тарихы

... пікірлері арқылы зерттеліп, олардың мән-жайы баяндалған. Бұдан соң психология деген сөздің тө ... 13 типін бөліп көрсетті. Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? ... ыннан-алысқа, деректіден – дерексіздерге көшіп отыру керек. Бұл әдіс жаратылыстану ғылымдарын дамытуға ... энциклопедист ғалым Аристотель психологиялық ой- пікірді табиғи негізге сүйеніп, биология мен медицина ...

нәр алады. Скоттың пікірінше, философия қарастыратын негізгі мәселе

болмыс болғандықтан, ол рухани түпнегізді танып біле алмайды, ал діннің пәні – рухани түпнегіз болғандықтан, бірақ оны нақты түрде дәлелдей алмайтынына қарамастан, оның айтқандарына күмәнданбай сену керек.

Дунс Скоттың ілімі скотизм деп аталған өзінің ізбасарлар мектебінің өкілдеріне үлкен әсер етті.

Роджер Бэкон

Уильям Оккам

керек. Олай болса, Оккамның пікірінше, философиялық ақиқат пен діни

ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды

нәрсе – интуиция мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ал дәлелдеудің өзі қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт.

Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымдарда геометриялық тәсілдің үстемдік етуіне ықпал жасады.

Қайта өрлеу кезеңіндегі философия

ХV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери құралдардың жедел қарқынмен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Ал қоғамдық өмірде қалыптасқан бұл жағдайлар схоластикалық ой-пікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымдары тұрғысынан әлемдік процестерді және адам табиғатын түсініп-білуге жол ашты. Адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері тікелей бағынышты табиғат заңдылықтарын танып-білуде барлық ғылымдарға тән универсалдық (әмбебаптық) тәсілдің маңызы зор деп есептелініп, сондай әмбебаптық тәсіл ретінде көбінесе логикалық ойға және тәжірибеге сүйенген математикалық кейінірек механикалық тәсіл ұсынылады.

Қайта өрлеу кезеңі философиясының гуманисттік сарында болуына католиктік шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркіндік, бостандық туралы идеялары ықпал жасады. Жалпы алғанда қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Бірінші сі (Николай Кузанский, Пико делло Мирандолла, Леонардо да Винчи, т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм (адам сүйгіштік) деген бағытты дүниеге әкелсе, екінші (Николай Макиавелли, Томас Мор, Томазо Компанелла ) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрады, ал үшінші сі (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей ) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен, революциялық жаңалықтар ашты.

Николай Кузанский

әрекеттерінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, “адам дегеніміз оның ақыл-ойы” деп тұжырымдайды. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет.

3 стр., 1173 слов

Ф.Бэкон – Жаңа дәуірдегі философияның алғашқы өкілі – Философия ...

... қаралуы керек. Ал табиғат философиясына келер болсақ, Ф.Бэкон оны да екіге бөледі. Олар – теоретикалық және практикалық философия. Теоретикалық философия сәулелі ... көне заманда пайда болған мифологияға келіп тіреледі. Адам табиғаттағы сырлы құбылыстарды танып-білуге бағытталған кезде, ... қашықтықты өте алмайтындығына көзіміз жетеді. Сонымен ғылыми тұрғыдан қарағанда, «тарелка мифінің» орынсыз екенін к ...

Леонардо да Винчидің

Да Винчи әл-Фараби мен ибн Рушдтың – “екіұдай ақиқат” теорияларына қарсы болды. Оның ойынша, діни ақиқат деген жоқ, себебі құдайдың өзі жоқ, шын ақиқат – тек тек ғылыми ақиқат қана. Ғылымда табысқа жетудің бірден-бір жолы – математика тәсілі мен тәжірибе. Жалпы, ғылыми жетістіктердің құндылығы олардың практикада қолданылуға мүмкіндігінің болуымен айқындалады. Осы тұрғыдан ол механикаға (теория мен практиканың бірлігі ретінде) аса зор көңіл бөліп, өзі осы айтылған қағидалар негізінде көптеген инженерлік идеяларды жүзеге асыруға тырысты (парашют, ұшатын қанат, тоқым станогі, т.б.).

Да Винчи алғашқылардың бірі болып сурет өнері саласында сынның маңызы туралы пікір айтып, эстетикалық талғамның қалыптасуына үлкен әсер етті.

Николай Макиавеллидің

Мемлекеттің қайсысы болса да римдіктердің күші мен ұлылығы сияқты қасиетке ие болу үшін, өз іс-әрекетінде дұрыс деп тақан тиісті шараларды қолданулары қажет. Ал бұл жолда әдептілік қағидалары мен азаматтық бостандық ығыстырылып, ескерілмей қалса, онда тұрған ештеңе де жоқ, билеуші оған көңіл бөлмеуі керек. Макиавеллидің бұл ілімі “макиавеллизм” деп аталып кеткен, саясатта өз мақсатыңа қалай жетсең

де дұрыс деген қағиданың қалыптасуына әкеліп соқты.

Сол кездегі қоғамның, халықтың әлеуметтік талап — сұраныстарын

шеше алмауы негізінде утопистик (қияли) социалистік идеялар пайда

Томас Мор

1639 ж.ж.) “Күн қала” атты шығармаларында “беймәлім жерде”, “күн қалада” әділетті қоғам орнаған оларда байлар да, кедейлер де жоқ, бұл мемлекеттерде меншік иесі – қоғам, ал жеке адамдар сол қоғамның мүшелері ретінде еңбек нәтижелерін тең бөліседі, оларда билеушілер де, қарпайым адамдар да заң алдында тең және олар әр түрлі діндерге дәйектілікпен қарайды. Бірақ, діндерде өндірістік процестерге кесел келтіретіндей әр түрлі тыйым салатын қағидалар аз болуы керек. Жастарды тәрбиелеу ісі қоғамның қолында болады да оны дінбасылары басқарады.

Т.Мор мен Т.Компанелланың идеалды мемлекет пен қоғам туралы ой-пікірлері әлжуаздығына, қиялилығына қарамастан кейінгі социалистік ілімдердің қалыптасуына үлкен әсер етті.

Н.Коперниктің

Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен құдай бір. Әлем – универсум (әмбебап бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болады. Барлық заттар өшпейтін, мәңгі, қарапайым бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно-монада деп атайды. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құбылыс барлық заттарға тән болғандықтан әлемде жансыз денелер жоқ. Осыдан келіп Бруно әлемде шексіз және сансыз көп тіршілік түрлері болуы әбден ықтимал деген тұжырым жасайды. Бруноның көзқарасынан жүйеленген түрде қолданылған Демокрит пен Гераклиттің ілімдерінің ықпалын байқаймыз.

Г.Галилей

Галилейдің ғылымда ашқан екі жаңалығы 1) қатты және серпілмелі заттардың сыртқы күштерге қарсылығы; 2) денелердің құлау заңдылықтары оның философиялық көзқарасыныңқалыптасуына үлкен әсер етті. Оның пікірінше, философия алфавит әріптерінен басқаша әріптермен жазылған табиғат кітабын оқуы керек. Табиғаттың кітабы үшбұрыш, квадрат, дөңгелек, шар, т.б. тәріздес. Оларды оқу үшін схоластикалық ойланып-толғанудың қажеті жоқ, керісінше, таза тәжірибеге сүйенген

6 стр., 2745 слов

Философия тарихы

Философия тарихы сонау көне заманнан бері қалыптаса бастады. Оның қайнар көзі - Дү ... және қоғамдық құбылыстарды ой жүзінде түсініп - ұғыну, табиғат пен адам арасындағы байланыстар, әрекеттің және қарым - қатынастың санада ерекше бейнелеу ... ң сіңірген аса зор еңбегі мынау деп білу керек , - дейді Энгельс, - ол өз заманындағы жаратылыстану-ғылыми білімдердің таяздығына қарамастан, түзу жолдан жа ...

математикалық тәсіл керек. Ғылыми зерттеу жұмысында ешқандай

беделді мойындамау керек, тек күмәндану ғана оны ілгері дамытады. Теория концепцияларды бақылау, эксперимент негізінде, индуктивтік тәсілді қолданып тұжырымдауға болады. Тек механикалық әдіс қана әлемдегі құбылыстарды және олардың мәнін түсініп-білуге мүмкіндік беретіндіктен, бос схоластикалық ойлауға әкелетін дедуктивтік (жалпыдан жалқыға) тәсілдің өміршендігі жоқ.

Ол Коперник пен Бруно сияқты Жер өз осі мен Күнді айналып жүреді және ол күн жүйесіндегі көптеген планетелардың бірі ғана, ал күн жүйесі сияқты жұлдыздар жүйесі әлемде сансыз көп және олардың көпшілігінде жердегідей тіршілік болуы ғажап емес деген пікір айтты.

Френс Бэкон

Ол табиғатты байлықтың көзі деп қарай отырып, оның негізгі мәнін, адамға қатысты жақтарын аша алмады. Сондай-ақ, ұлы философтың ғылыми жаңалықтарымен бірге, негізгі кемшілігі қоғамды, ондағы қатынастарды түсінуде де айқын көрінді. Ол орта ғасырдағы ақылдың адасушылығын тамаша көркем тілмен суреттеп бере отырып, оның мәнін терең түсіндіре алмады. Сондықтан да біз ағылшынның ұлы ғалымы, әрі философы Ф.Бэконның жаратылыстану саласындағы ғылыми еңбегін зор бағалай отырып, оған тән тар өрістілік оның ғылыми әдісіне, әсіресе пайымның шеңберінен толық шыға алмағандығында жатыр дер едік.

Рене Декарт

Декарттың ойынша, адамның сезім мүшелері үнемі алдайды, олар нақты білім жасауға дәрменсіз. Олай болса біз ойлау процесінде тек ақылға, зердеге ғана сенуіміз қажет. Декарттың рационализмі таным процесіндегі тәжірибе мен сезім мүшелерінің рөлін анықтай алмағандықтан әдістегі сыңаржақтылықты тудырды.

Қорытынды

Жалпы алғанда, Қайта өрлеу философиясы антика философиясындағы гуманистік дәстүрді, орта ғасырлық шығыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы ойларын өз заманының талап-тілегіне қарай жаңартып, Жаңа заман ғылыми көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етті. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, оптика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табыстар табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механикалық көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті, қоғамдық өмірді де, адам табиғатын да механика тұрғысынан қарастыру әдетке айналды. Міне, осылай философия жаңа заманға көшті.

Адам философияны оқи келе, философия – алдымен жалпылық ғылым екенін түсінеді. Жалпы қашанда жекеге бағдарлық рөл атқарады. Бұл әсіресе қазіргі ғылымдарға қажет. Өйткені, олардың көбісінің зерттеу объектісі тереңдеп, қамтыған көлемі тарылып барады. Қазіргі нақты ғылымдар, тіпті кішкентай бір құбылысты да бүтіндей алып қарамайды, оның тек бір қырын, бір көрінісін ғана зерттейді. Оны нақты білу осындай абстрактылы танудан тұрады. Өйткені, әлгі құбылыстың басқа қырларын қалған ғылымдар зерттейді. Сонымен, нақты ғылымдар бір затты толық, нақты білу үшін басқа ғылымдардың көмегімен, әсіресе жалпылық ғылымның жәрдемін қажет етеді. Сөйтіп, жалпылық ғылымдар нақты ғылымға жетекшілік, етодологиялық рөл атқарады.

5 стр., 2098 слов

Антикалық философия

... қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б.д.д. ІІІ ... кейінірек келе, құлдық демократия түрлері дүниеге келді.Азаматтардың қоғам сатысында алатын орны шы ... етті, сөйтіп, жануарлар пайда болды. Ал адам теңіз жануарларының бір түрінің ... зор әсер етті.Демек, антикалық дүниетанымдық көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене, ... қ қатысуы керек деген ағымдард

Сондай-ақ, философия – дүниеге көзқарас қалыптастыратын ғылым. Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белілі көзқарассыз өмір сүрмейді. Былайша айтқанда әрбір адам дүниеге, әрбір құбылысқа белгілі пікір айтады, өзінің өмірлік позициясын белгілейді. Әрине, көзқарас әр қилы болады: ғылыми, ғылыми емес, дәйекті, дәйексіз, т.б. Философия сол көзқарастың жүйелі болуын қамтамасыз етеді. Әрине көзқарас іштен тумайды. Оны қалыптастыратын өмір. Өмірді танып, білу арқылы адам белгілі бір қорытындыға келеді: қабылдайды теріске шығарды, қолдайды, ұнатпайды т.б.

Сонымен, философияның негізгі мәселесі ойдан шығарылған пікір емес. Оны дүниеге алып келген өмір, адамзат ой-санасының дүниетанымдық дамуы. Менің ойымша, философияны сүйсене оқыған адам жартылай болсын философ бола алады.