Қоғам психологиясы
Қоғамның рухани мәдени сипаттамасы
Қоғам — жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардын бірі болып табылатындығына қарамстан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шеқаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану біркатар қиындықтар мен кикілжіндер туғызып отыр.
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам — өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолмен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет.
«Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т.б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл — әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан түратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп — бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам — адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподак,, т.б.).
Демек, қоғам — ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді.
Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.
Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:
1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;
2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;
3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.
Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі
... әсiз адамдарды жауапқа тартпауды қамтамасыз етедi. қылмысты дұ ... ұртшылықтың жазаны орындауда қатынасу принциптерiне негiзделедi. Баяндалған жа ... институтционалдық принциптерiн атап көрсетуге болады. құқықтық принциптерге кiретiндер: ... қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын ... ару процесiнде жұртшылықтың, жеке азаматтардың, мекемелер, кәсiпорын ұйымдары ...
Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т.б.) — адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыста-рының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар.
Қоғам және Саясат — саяси ғылым мен басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің өзара диалектикалық байланысын білдіретін үғымдар. Қоғам — қатынастардың және адамдар арасындағы өзара байланыстардың тұтас жүйесі. Оның қүрамдас бөліктері болып күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелер немесе қоғамдық өмірдің мына салалары болып табылады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани. Саясат жалпы қоғам шеңберінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларында адамдар¬дың өзара әрекеттесуін реттеуді жүзеге асырады. Қоғам түрлері:
Бос уақыт қоғамы — еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айрылатын қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос уақытқа мүдделілікке әкеледі делінген.
Молшылық қоғамы — 50 жж. аяғындағы базистік экономикалық дефицит және қамтамасыздандырылмағандық негізінен женілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ босандықпен» (мысалы, автомобильдер шамадан көп өндірілді, бірақ жолдарды жөндеу және қоршаған ортаны ластауды бақылауға көңіл бөлінбеді) қатар жүрген және капитализмнің ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз етілмеген кездегі американдық қоғамға берілген баға.
Тәуекел қоғамы — қазіргі қоғамның жайы туралы тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға әрқашан адамзат білімінің өсуі мен қоршаған орта әсерін көрсететін «сенімсіздіктен жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы, ядролық соғыс, экологиялық апат себептеры бойынша).
Қоғамдық психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Қоғамдық психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарыныңпсихологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді.
Қоғамдық психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:
-
әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі;
-
тұлға психологиясы;
-
ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың өзара әрекеттесуі;
-
түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.
Қоғамдық психология өзге ғылымдармен — социологиямен, педагогикамен, философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады.
Психология | Агрессия туралы түсінік
... сәйкес, адамдар осы тектес әрекеттерге генетикалық алдын ала программаланғандықтан, агрессия туындайды. ... маңызды дискуссиялардың пәні болып келеді. Психология ғылымында психикалық құбылыстардың ішіндегі көп ... Агрессияның өзгеге бағытталуы: Инстинкт пен әлеуметтік норманың бір-біріне қайшылығы, қимылды ... зара қарым-қатынасы мен тартыс күшінің нәтижесі. Осылай танатос жанама себепкер болу арқылы агрессия ...
Социология қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен нормаларының сипатын қарастырса, әлеуметтік психология сол адамдар өмір сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мейлінше толық іске асырудың жағдайларын жасауға көмектеседі. Социология түрлі адамдар топтары мен қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың қызметінен ол мәннің калай және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады.
Қоғамдық психологияның философия құрамында ұзаққа созылған даму тарихы бар; Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде оған көбірек көңіл бөліне бастады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке ғылым саласы ретінде орнықты. XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психология АҚШ, Англия, Германия, Франция, Жапония сияқты дамыған елдердегі психология ғылымының жетекші бағытына айналды.
Қоғамдық психология бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл бөлінген. Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ динамикасы заңдылықтарынан өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың және өзге ірі әлеуметтік топтардың психологиясы зерттелді. Олардың арасында Қазақстандық ғалымдардың да үлесі болды.
Қоғамдық психологияның зерттеу объектісі
Ғылым саласы ретіндегі әлеуметтік психологияның зерттеу объектісіне мыналар жатады:
- адамдар арасындағы ақпарат алмасу және өзара әрекеттесу заңдылықтары, атап айтқанда, қоғамдық және тұлғааралық қатынастар құрылымындағы жүздесудің рөлі, оның құрылымы, атқаратын қызметі, жүздесу үдерісінде әсер ету амалдары;
- таптар мен ұлттар сияқты ірі және еңбек ұжымы мен отбасы сияқты шағын әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемелері, бұған қоса ұжымшылдық, басқару және жетекшілік, топ болып шешім қабылдау, топ қызметінің тиімділігі сияқты үдерістерді зерттеу;
- тұлғаның әлеуметтік психологиясы, оның коммуникативтік сапалықтарына талдау жасау, әлеуметтену мәселелері, әлеуметтік мақсаттардың қалыптасуы және ауысуы, т.б.
- Қазақшаға “қоғам” деп аударылған орыстың «общий» деген термині «айналадағы бар» деген мағына беретін провославиелік «обчий» деген сөзінен шыққан. Демек, общество біздіңше, қоғам – ол өзін-өзі басқаратын қауымдастық.
Қоғамды зерттеген кезде философия тарихи үдерістің қозғаушы күші, мақсаты, мағынасы мен бағыттылығы сияқты мәселелерге баса көңіл бөледі. Басқаша айтқанда, «қоғам» ұғымының философиясылық мағынасы жекебастардың біртұтас бүтіндіктегі байланыстарының тұрпаттық ерекшеліктерін айқындаудан тұрады. Ондай байланыстардың негізгі тұрпаттары болып төмендегілер саналады:
Философия тарихы
Философия тарихы сонау көне ... тұрақталынды. Қоғамдық қайыршылықта адамның әлеуметтік жағдайы мен жеке билік арасындағы алшақты ... қарым - қатынастың санада ерекше бейнелеу формасын айтамыз. Адамдардың жаџанды танып - білуге, тіршілік болмысының мән ... ң, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас адам ... -толғамдар мен тұжырымдар таптық қоғамның орнығуы барысында, яғни ертедегі Қытай, ...
- рухани (Аугустин, Фома Аквинский);
- конвенциялық (келісімге, шартқа сай болатын) – XVII-XVIII ғасырлар философтары;
- материалдық, яғни адамдардың өзара іс-әрекеттерініне негізделген (Маркс).
- Қоғамның шығу тегі және жұмыс істеуін түсіндірудің бір немесе басқа тәсілін таңдау бастапқы дүниетанымдық ұстанымға тікелей байланысты, соған орай қоғам философиясы – ол адам философиясының, оның әлемдегіт рөлінің басқа бір қыры және Универсумға (біртұтас Ғаламға),яғни дүниеге бірбүтін деп қарайтын көзқарасы.
«Қоғам» деген ерекше құбылыстың түсіндірмесіне қатысты әртүрлі көзқарастар бар:
- табиғаттық – табиғаттың, ақыр соңында, Ғарыштық заңдылықтарының жалғасы іспетті;
- идеялық – яғни бір немесе басқа идеялар, мифтер, сенім-нанымдар тұрғысынан, мысалы, теократиялық, тоталитарлық мемлекеттер;
- атомдық – жекебастырының бір немесе басқа өзара келісімдерге байланысты жиынтығы.
Бірақ қоғамды түсіндірудің барлық иқтимал тәсілдеріне тән ортақ нәрсе, атап айтқанда, бұл құбылыстың жүйелі ұйымдастырылуы және өзіндік дамуы заңдылықтары туралы көзқарастар бар.
Қоғамның қалай,қандай жағдайларда пайда болуы туралы бұрынғы және қазіргі ғылыми болжамдарда бір ойды түйіндейтін шешімдер жоқ.Дегенмен де, барлық оқымыстылар,әдеттегідей,
Қоғам – мүдделердің өзара сәйкестігі негізінде құрылады, ал олардың орындалуы, жеке адамдардың өзара қарым-қатыныстарына байланысты болады. Яғни, бірігіп жұмсаған күштің нәтижесінде, жеке адамның жете алмайтын мақсаттарына жетуге болады. Мысалы, К.Маркс қоғамды «адамдардың қарым-қаттынасының жемісі» — деп қысқа анықтаған.
Бірақ,ондай мүдделері бір-біріне сай адамдардың жиынтығы, бірігіп қоғам болмайды. Дегенмен,бәрі бірдей бір-бірімен қарым-қатынастағы адамдардың жиынтығы, жалпы мүдделердің негізінде қоғам құрмайды. Қоғам – деп айтуға тек, адамдардың, бір-бірімен қарым-қатынасы ғана емес, олардың мүдделеріне сай, тұрақты және объективтік сипаттағы адамдар жиынтығы болуы қажет. Мұндай қоғамдық қатынастар, қоғамдас адамдардың өз мәніндегі жұмыстарын қамтамасыз етеді, оның ұдайы өндірісімен өзін-өзі дамытады.
Қоғам, қалай болса солай, не болмаса, күштеумен біріккен адамдардың жиынтығы емес. Адам қоғамсыз,әлеуметтік қатынастарсыз уақыт өткен сайын еркімен маңызды бағалылығынан айырылады. Бұл жөнінде К.Маркстің, адамның мәні, оның қоғамдық қатынастарының жиынтығында деген ойына ешбір талас жоқ.
Темперамент туралы жалпы теориялары
... ары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, ... тек жүйке жүйесінің қасиеттері ғана емес, сондай-ақ жеке адамның соматикалық (дене) құрылымдары да әсер ететіндігі белгілі. Ж ... ан абзал. Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлы ...
Адам – қоғамның алғашқы клеткасы. Бірақ, қоғам жеке адамдардың механикалық конгломераты емес. Бұл өте қиын, көп түрлі байланыстағы, қатынастағы әлеуметтік құрылым, яғни қоғам мүшелерінің және олардың әр түрлі қосылымдарының арасындағы қалыптасқан көп түрлі байланыстар және қатынастар.
Қоғам, өзара қарым-қатынастағы адамдардың жиынтығы ретінде, ұйымдастырушылық факторға ие, себебі ол адамдық тәртіптің шекарасын барлық қоғамның мүддесі үшін белгілейді. Бұл қызмет, қоғам белгілеген жалпыға бірдей міндет, жөнге сай арнаулы өкімет органдары арқылы орындалады.
Сонымен, қоғам түсінігіне мынадай негізгібөліктер, белгілер кіреді:
- саналы және ерікті адамдардың жиынтығы.
- тұрақты және объективті сипаттағы жалпылама мүдделердің болуы.
- жалпы мүдделердің негізінде әрекеттік және ынтымақтастық.
- қоғамның ішкі тәртібін және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қабілеті бар, ұйымдасқан күштің құрылуы
Пайдаланған әдебиеттер:
- Әлеуметтану және Тұлға психологиясы/ А.И.Артемьев. – Алматы: «Бастау» баспасы, 2013. – 384 бет.
- Әлеуметтік психология. Оқу құралы/И.Ә. Әбеуова. – Алматы: «Эверо», 2011. – 56 бет.
- Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. — 569 б.
- Әлеуметтік психология: Оқу құралы /И.Ә.Абеуова, Л.К.Ермекбаева. – Алматы: ЖСШ «Эверо», 2012 ж., 238 бет.
- Қоғамдық білім негіздері: Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006.