Психологияның даму тарихы туралы

Жоспар

1. КІРСПЕ

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Психологияның даму тарихы.

Ежелгі психология.

Орта ғасырлардағы жан және сана туралы түсініктер.

XVII-XIX ғ. Психология.

Психологияның тәжірибелік ғылымға айналуы.

Шет психологиясындағы ағымдар(бихевиоризм).

3. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

4. БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

КІРІСПЕ

Психология тарихының даму кезеңдері.

Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.

1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .» Психология» терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады

1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше «жан- мәңгі өлмейді, өшпейді»,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.

5 стр., 2138 слов

Психология. Психология түсінігі. Психологияның даму тарихы

... XYIII ғ. Ортасы) XIXғ.60ж,-XIXғ.аяғында психология жеке ғылым ретінде пайда болды. Дербес ғылым ретінде психология аймағында өзара байланысты сырт көзге бай ... ынан, табиғи-ғылыми түсініктерге жол ашқанымен, екінші жағынан, әр түрлі діни наным-сенімдер ... тарихы. Бұл ғылымның тарихи кезеңдері әйгілі оқымыстылардың ғылыми пікірлері арқылы зерттеліп, олардың мән-жайы баяндалған. Бұдан соң психология ...

2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.

Д.Локк(1632-1704) сенсуализмнің — ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.

3-ші кезең.Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.

1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді .Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық — локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі,яғни мінез — құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу п.әні өзгерді сананың орнына мінез-құлық алынды,сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды . «Сана» ,»түйсік» «қабылдау «, «ерік «деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. «Стимул» (сыртқы орта қоздырғышы ) «реакция » (организмнің қозуға қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы

«байланыс»( ассоциация, коннексия )негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды.Психологиялық зерттеулердің мақсаты — ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу.

4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.

Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына ,белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді.Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың ,құбылыстардың ,оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни ,объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады.Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне ,мүддесіне,сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады.Сондықтан да бейнелеу субъективті.Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады.

3 стр., 1063 слов

Психология пәні туралы

... ша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан- салалы ғылым. ... ң мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, процестерді ... рухани мұрадан келіп шығады. Психология ғылымындағы күрделі ... І. Психология пәні және оның міндеттері. Психология атауы псюхе-қазақ ...

Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор.Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді,оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді.

Психика-қоғамдық — тарихи практикамен тексеріліп,құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі.

Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм,гештальтпсихология, психоанализ,іс-әрекет теориясы,гуманистік психология.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.Психологияның даму тарихы.

Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды.Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына себепші болды. Ежелгі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грекияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды.Адам тіршілігінің негізі-қан айналысына ерекшке мән берілді.Тіршіліктің негізі-қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б.з.д.XIII ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған еді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.

Ежелгі Үндістан дірңгерлері адамның психикалық әрекетінің негізгі органы- жүрек, оның атқаратын қызметі біртіндеп миға ауысады деген тұжырым жасады. Темперамент жайындағы ілім іргесінің қалануы, әрбір адам өзінің даралық ерекшеліктері мен сипатталады деген ұғым ғылым тарихындағы алғашқы материалистік қарапайым түсінікткерді тудырды. Ертедегі Қытай мен Үндістан дәрігерлері темперамент үш бөліктен тұрады, олар: бастапқыда ауа тектес нәрселерден- өттен және қан мен шырыннан құралған, осы үш түрлі нәрселердің дене құрамындағы мөлшеріне орай адамдар бірнеше типке ажыратылады деп санаған.

Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген:1)адамның бойында өттің не қан құрамының басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң; 2) ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, қозғалғыш болады, маймылдың әрекетіндей әрекеттер жасайды; 3)шырынның басымдылығы-қимыл-қозғалыстың баяулығын, сабырлылықты білдіреді деп санайды.

Адам организмі жайындағы мұндай пайымдаулар сол дәуірлерде, бір жағынан, табиғи-ғылыми түсініктерге жол ашқанымен, екінші жағынан, әр түрлі діни наным-сенімдер тарапынан қарсылық тудырған көзқарастарға душар болды. Дегенмен, психологиялық және физиологиялық құбылыстар жайындағы ақылға қонымды көзқарастар өзіне жол тауып, одан әрі дами берді.

5 стр., 2441 слов

Психологияның міндеттері туралы

... түлі түрде пайда болады. «Адам факторы» деп адамдардың нақтылы әрәкеттерінен көрінетін адам бойындағы әлеуметтік-психологиялық, психология ... ң психологиялық дамуын зерттейді. Салыстырмалы психология Әлеуметтік психология Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік-психологиялы ... және олардың мағынасы туралы сауалдармен байланысты. Психологиядағы детерминистік ... ал әрекет сыртқы” деген көзқарасқа тойтарыс ...

Психология-сан салалы ғылым. Бұл тақырыпта адам психикасының көріністері жан-жақты қарастырылып, олар өзара байланысты, біріне-бірі әсер етіп отыратын бірыңғай тұтас жан салалары екендігі айтылады. Мәселен кітапты оқу көру мүшесі арқылы, ал қабылдау арқылы текстіні толық түсініп, ол туралы ойлауға, ұғынуға мүмкіндік туады. Ол үшін зейінді шоғырландыру керек болады. Фактілерді еске түсіріп, олар қалай болар екен дегендей адамның қиялы шарықтайды.Адам психологиясын нақтылы әрекет үстінде зерттеу-психологияның негізгі принципі болып табылады.

Психология ғылымының даму тарихы біріне бірі қарама-қарсы ғылыми бағыттардың күресіне толы. Ол Аристотельден басталатын жан дүниесінің тарихы. Бұл ғылымның тарихи кезеңдері әйгілі оқымыстылардың ғылыми пікірлері арқылы зерттеліп, олардың мән-жайы баяндалған.

Бұдан соң психология деген сөздің төркіні, яғни шығу тегі түсіндіріліп, ол грек тіліндегі «псюхе»-жан, «логос «-ғылым деген мағынаны білдіреді. Психология жан туралы ілім. Мұндай түсінік ерте замандардан XYIII ғасырдың басына дейін өктем болып келді. Психологияның өз алдына дербес эксперименттік ғылым болып бөлініп шығуы, В.Вундтың 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш лаборатория ұйымдастыруы. Сонымен қатар психология- сана туралы ілім. Ағылшын философы Джон Локктың » сана- сыртқы заттық дүниенің бейнесі » дейтін қағидасына орай пайда болды. Психологияның басқа ғылымдардан бөлініп дербес білім бола бастауы-Гартли бастаған ағылшынның эмпирикалық ассоциациялық психологиясы (XYIII ғ. Ортасы)

XIXғ.60ж,-XIXғ.аяғында психология жеке ғылым ретінде пайда болды.

Дербес ғылым ретінде психология аймағында өзара байланысты сырт көзге байқала бермейтін біршама ерекше білім салалары ұштасып жатады, мысалы,психофизиология мен әлеуметтік психология. Бұлар, сырттай қарағанға «сыйыспайтындай» болғанымен, бір ғылым саласынан, себебі олардың түпкі де түбегейлі міндеті бір — психикалық құбылыстың мәнін зерттеу. Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу объектісі жалғыз-ақ: ол- адам, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері.

Психология ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдауынан халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарын іске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазіргі күнде бұл қызмет қалыптасып, дамуда, ол келешекте ғылым мен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы кәміл.

2. Ежелгі психология

Адамдар өздері тіршілік ететін орта мен айналадағы әрқилы заттарда, құбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай ұғым анемизм (Лат анима жан деген сөзден шыққан) деп аталады.

Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын эециклопедист ғалым Аристотель психологиялық ой пікірді табиғи негізге сүйеніп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп Жан туралы деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан дүниесінің әрекетін шындық әдіс арқылы зерттеп, оның тәжірбиеге негіздеп құруды мақсат етті. Писхология Арестотель заманында ақ дербечс сипаттағы ғылым саласына айналған — ды. Ол психиканың тәнмсен бірге өмір сүретіндінгін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материолистік тұрғыдан шешті, Платонның психитка жайындағы дуалимтік көзқарасын обьективтік шындыққа, материалистік бағытқа қарай бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің, Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көзқарастары психологиялық ілімнің келешектеіг дамуына ғылыми негіз болып қаланды.

5 стр., 2196 слов

Психология | Агрессия туралы түсінік

... ұндай әрекеттерге барады, деген мәселе ұзақ уақыттан бері маңызды дискуссиялардың пәні болып келеді. Психология ғылымында психикалық құ ... райды. 2. Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері К.Ю.Юнгтің агрессияға көзқарасы: агрессия, зорлық-зомбылық санадағы санасыз адам психикасындағы ... Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі - агрессивтілік адамның жеке тұлғалық қасиеті ретінде де, эмоциялық жан ...

Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын тапты. Ежелгі Римнің көрнекті ойшылдары Лукреци, Гален психологияның жан дүниесінің сыры мен байланысты табиғи негіздерін іздестірді. Ал ұлы Грек ойшылы Сократ өзіңді — өзің тани біл деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесі мен, сыры мен ұщтастырды. Сондай ақ, адамның жаны тәніне тән деп санап, ол ақыл ой арқылы реттеліп отырады деді. Ежелгі дүние ғұламаларының жан дүниесі жайындағыой пікірлерінің философиялық және әлеуметтік негіздері сол заманның экономикалық саяси құрлысына орай түрлі идеялық бағытта материялистік идеолистік болуытаңданарлықжайт емес.

3. Орта ғасырлардағы жан туралы ілім.

Орта ғасырларда жан туралы ілімді Аристотельдік идеялар тұрғысынан іздестірген арап тілді елдердегі көрнекті ойшылдар шығыста — Ибн Сина, ал батыста Ибн Рошд болды. Бұлар табиғи ғылымдарды зерттеумен шұғылданып, олардың нәтижелері еуропалық елдерде кеңінен таралды. Ибн синаның Медицина қағидасы деп аталатын еңбегі 500 жыл бойы жұмыр дүниенің шар тарабына таралып, барлық деңгейдегі медициналық мектептердегі бірден бір құрал болды. Ал Ибн Рощдтың ақыл ойдың дамуы жайындағы зерттеулері еуропалық схоластикаын діңкелетіп, дүние болмысы мен адам туралы жаңаша білімнің іргесін қалады. Сөйтіп, Ибн Сина мен Ибн Рошд көзқарастары табиғаттың мәңгілік өмір сүретініне айқын көз жеткізіп, жанның тіршілігі тәнге байланысты, оынң заңдылығын қалай болса солай өзгерту мүмкін емес, әрбір адамның жаны мен даралығын мәңгілік деп санау шындықа сай келмейді дейтін мистикаылқ ұғымның жалғандығын ашып көрсетті.

Орта ғасырлық арап тілді ғұламалап Закария Разидің ғылымды бақылай