Р ылмысты ат ару ы ыны т сiнiгi, п нi ж не курс ж йесi
ҚР қылмыстық атқару құқығының түсiнiгi, пәнi және курс жүйесi.
Қылмыстық-атқару саясаты және оның қылмыстылықпен күресу аясында мемлекет саясатының орны.
Қылмыстық-атқару құқығының түсiнiгi және реттелу пәнi.
Қылмыстық-атқару құқығының қағидалары. Қылмыстық атқару құқығы ғылымы.
4. Қылмыстық-атқару құқығы ғылымының басқа да заң қағидаларымен және танылым салаларымен байланысы.
1. Мемлекеттiң қылмыстық жазаны орындаудағы саясаты меноның қылмыспен күресудегi орны.
ң мемлекетiмiздiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын ҚР-сы Конституциясының 40-бабының 1-тармағы бойынша жоғары лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Президентi болып белгiленген. Сондықтан мемлекет саясаты бiртұтас деп есептеледi. Сонымен қатар саясаттың бiрлiгiн бiлдiретiн жалпы мақсаттар күрделi иерархия оның жүзеге асырылуы мемлекеттiк органдардың құлқы мен әрекетiне байланысты. Мемлекеттiң саясаты әр түрлi қоғамдық және мелекеттiк тұрмыс саласына икемделедi, сондықтан олар сыртқы және iшкi саясатты жиi қуаттайды, экономикалық, әлеуметтiк, ұлттық, мәдени және басқа да саясатты қолдап отырады. Дәлме-дәл айтсақ, мемлекеттiң бiрыңғай саясаты қоғам мен мемлекет өмiрiнiң әр саласында байқалады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi: мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады. Осы бағыттардың бiрi –қылмыспен күресу, қоғамдық тәртiптi, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Онда мемлекеттiң қылмысты бақылап отыру мiндеттерi, принциптерi, стратегиясы, негiзгi бағыттары, түрлерi мен әдiстерi айтылады. Конститутцияның мiндетi –Қазақстан азаматтарының мүддесiн, құқығы мен заңды ынтасын қылмыскерлер озбырлығымен қорғауды қамтамасыз ете бiлу. «Қылмыс саясаты» терминiн 1840 жылы Ансельмом Фейербах бiрiншi қолдаған болатын. Ол оған қылмыс құқығы туралы заң шығару актiлерiн әзiрлегенде мән беру рөлiн көрсеткен. Сондықтан бұл терминдi бiздiң пiкiрiмiзше кең мағынада «мемлекеттiң қылмыспен күресу саласындағы саясаты» терминiмен бiрдей пайдалану орынды сияқты, әрине құқық қорғау органдарының алдына қойылғанқызмет пен мiндетке ерекше назар аударған жөн. Қылмыс саясатының маңызы едәуiр күрделi болғандықтан оны шешу әр түрлi тәсiлдермен дәлелденедi. Қылмыс саясатының маңызы қылмыспен күресуге қатысты ма деген ой келедi. Қылмыс саясатының өрiсiн көптеген авторлар қылмыспен күресумен шектейдi. Бiр кезде А. А. Герцензон қылмыс саясаты тек қана қылмыспен күресуге ғана емес, сонымен қатар және басқа да қоғамға қауiптi қылықтармен күресуге бағыттайды деп есептеген.
Становление социальной работы в Казахстане
... казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстан // Казахстанская правда. 11 октября 1997 г. 2. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика в условиях независимости в РК. //«Саясат», 1997, №9. 3. Тасмагамбетов ... с опытом по организации работ в этом направлении в странах с рыночной экономикой представляется интересным и полезным. ... Социальная защита инвалидов и работа по их реабилитации и ...
Қылмыс саясаты –қылмыспен күресу бағытын, түрлерiн, онымен күресуге арналған мемлекет органдары қызметiнiң мазмұны мен мiндеттерiн белгiлейдi. Қылмыс саясаты қлмыс заңын шығарудағы ең бастылары –қылмысқа жауапкершiлiгi оның негiздерi, жауапкершiлiктi даралай және дербестеу, криминализациялау, қылмыс түрлерi мен жүйесiн, мақсатын және де жазадан босатуды белгiлейдi. Ол мумкiндiктi бағалаумен жазаның тиiмдiлiгi және басқа да қылмыстық –құқықтық әсерiн тигiзiп, қолдану, яғни саясат әлеуметтiк маңызды мемлекет тәжiрибесi ретiнде қолданылады. Саясат пен құқықты ұқсастыруға болмайды. Саясат-құқықтың негiзi. Мемлекет саясатқа сүйене отырып, оны айқындайды, құқықты жасайды. Құқық өз нормаларында саясаттың тиiстi ережесiн бекiтедi, оған жалпылай мiндеттi мән бередi. Осыған байланысты құқықтың саяси мағынасы бар деп айтуға болады. Жазалауда қылмыс саясатын шартты түрде дербес қылмыстық iс жүргiзу, қылмыстық құқық, қылмыстық атқару , пост пенициярлық саясатқа бөлуге болады. Бұлардың тиiстi салалар әрекетiне негiзделген бағыттары:
қылмысты тез және толық ашуға, яғни заңды дұрыс пайдалануды, жазадан құтыла алмайтындықты және кiнәсiз адамдарды жауапқа тартпауды қамтамасыз етедi.
қылмысты дұрыс саралау мен орынды да iстегенiне сайма-сай жаза тағайындау;
3) Жазаны атқару
әсерiнiң жағымды жақтарын баянды ету.
Қылмыстық атқару саясаты әлеуметтiк саясатқа негiзделгенiне қарамастан, азаматтардың қоғамға пайдалы мiнез құлықтарын баянды ету үшiн керi мiнез-құлық көрсетушiлермен принциптi түрде күресудi анықтау тиiс.
Құқықтың саласы ретiндегi қылмыстық-атқару құқығы
Қылмыстық жазаны атқару саласындағы саясаттың талабы –заңда жазаның мақсаты мен маңызын бекiтудiң қажеттiлiгiне себепшi болу және жазаны орындау тәртiбiн анықтау. Қарастырып отырған мәселенiң Қазақстан Республикасы Конститутциясында жарияланған негiзгi принциптерiн, әрекет бағытын, мемлекеттiң стратегиясын барынша жеткiлiктi жазаны орындауда, сотталғандармен айналысқанда ғылыми негiзделген түрлерiмен және әдiстерiмен оларды қамтамасыз ету. Сонымен бiрге құқықтың кез келген саласын мемлекеттiң құқық саясатында бекiтiлген көзқараспен ғана қарауға болмайды. Құқық бiршама дербестiкке ие, өзiнiң мызғымас негiздi жағдайы бар, оған саясат әсер етпеуi тиiс. Оның есебiне заңның басымдылығымен заң алдындағы теңдiк кiредi. Бұл конституциялық принциптерiнiң негiзi болып есептеледi. Жазаны атқару әрекетi құқықты әдейi реттеудi талап етедi де жеке құқық саласының бар екенiне жауап бередi. Құқықтың жеке саласы бар екенiн үш жағдай белгiлейдi: құқықты ерекше реттеу пәнiнiң барлығы, құқықты ерекше реттеу пәнiнiң барлығы, құқықты реттеу әдiсi, құқықтық нормалар жүйесi. Қылмыстық –атқару құқығы өз алдына жеке құқық саласы болып есептеледi, себебi ол жеке пәнiмен, құқықтық реттеу әдiсiмен, нормалау жүйесiмен белгiленедi.
Қазiргi уақытта еңбекпен түзеу құқығы қылмыстық-атқару құқығына өзгеруде. Осы жағдайға байланысты құқықтық реттеу пәнi қаралуы тиiс. Дәстүр бойынша қарап отырған құқық саласының пәнi болып еңбекпен түзеу шарасын қолдану арқылы қылмыстық жазаны атқаруды реттеу болып есептеледi. Дегенмен, соңғы жылдары қылмыс заңынан жазаның мынадай түрлерi: жер аудару, тұрған жерiнен айдап жiберу, еңбекпен тәрбиелеу профилакториiне жiберу, еркiнен айырып, шартты жазаға соттап мiндеттi түрде еңбекке тарту алынып тасталды. 1984 жылы сотталғандарға еңбекпен түзеу әсерiне байланысты емес шаралар тәртiбi мен шарты туралы қылмыстық жазаны орындау Ережесi қабылданған болатын. Сонымен, еңбекпен түзеу құқығының затын құқықпен реттеу елеулi өзгередi. Республиканың қылмыстық заң шығаруын реформалау қылмыстық жаза жүйесiнодан әрi өзгерте бермек. Қылмыстық жазаның бостандықты шектеу, қамауға алу сияқты жаңа түрлерi пайда болуы күтiлуде. Көрсетiлегн өзгерiстер бұл құқық саласы барған сайын еңбекпен түзеу құқығы болудан қалып барады.
Мінез және темперамент
... ортасына және оның өзінің қатынасына байланысты. Бұл катынастың мәні адамның араласып, байланысқа келген өмірлік обьектілердің маңыздылығымен анықталады. Мінез - әрбір адамның жеке басына ... - холе) және күшті пропорция қара өтте болса - меланхолик (грекше - мелайнехоле) кара өт деп төрт типке бөлген. Сол кезден бастап ғылымда темперамент атауы т ...
ұл құқық саласының пәнiне жазаны атқару мекемелерi мен органдарының қызметiндегi жазаны атқару процесiнде жұртшылықтың, жеке азаматтардың, мекемелер, кәсiпорын ұйымдары әкiмшiлiктерiнiң арасындағы қатынастарды реттеуде пайда болатын жағдайлар кiредi.Құқық саласы өз алдына жеке сала екендiгiне оның бүтiн бiр нормалар жүйесiнде немесе бiрнеше нормативтiк актiлерде дайындалуы куә. 1971 жылдан Еңбекпен түзеу кодексi қолданылуда, сондықтан қылмыстық-атқару жүйесi бар екендiгiне күмәндануға негiз жоқ. Бұл жүйедегi нормада құқық құрылысы, қылмыстық атқару құқығының әлеуметтiк рөлi, оның функциясы көрсетiлген. Қылмыстық-атқару құқығы жеке сала есебiнде бола тұра, ол өзiне басқа да салалардан кiрген кейбiр нормаларды қабылдайды. Мұндай әдiс құқықтың басқа салаларында ең көп пайдаланады. Бұл нормалардың құқықтың жаратылысына байланысты басқалай қарым-қатынасты да реттейтiндiгiн еске сақтауы тиiс, солай болғандықтан, ол өзiнiң маңызын өзгертедi. Сондықтан оларды таза күйiнде құқықтың басқа салаларының нормалары деп есептемеу тиiс.
Сонымен қылмыстық –атқару құқығы –құқықтың дербес саласы және құқық саласының қылмыспен күрестi реттейтiн жалпы жүйесiне кiредi. Ол алдымен, осы жүйеге кiретiн қылмыстық құқық, қылмыстық iс жүргiзу құқықтарымен тығыз байланысты. Сол себептi қылмыстық атқару құқығын қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу құқығынан айыра бiлудiң маңыз-мағынасы күшейе түседi. Қылмыстық-атқару құқығы сот үкiмiн орындауды реттеуде қылмыстық iс жүргiзу құқығымен, денсаулығына байланысты жазаны өтеуден босату, мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату т. с. сияқтылармен тығыз байланысты. Сондай-ақ олар сотталғандардың құқықтық статусын Конститутция құқығы бойынша, мекемелердi басқару саласындағы әкiмшiлiк құқығын және де азаматтық, еңбек, отбасылық, қаржы және басқа да заңның салаларын реттеуге байланысты.
Қылмыстық-атқару құқығының принциптерi
Қылмыстық атқару құқығы принциптерi-қылмыспен күресудi реттейтiнқұқықтың жалпы принциптерiне және оның салалық принциптерiне негiзделiпсүйенедi. Олар барлық қылмыстық атқарудың заң шығаруы арқылы өтедi және мiндеттi түрде:
- қылмыстық-атқару саясатының жалпы бағытынбейнелейдi;
- қылмыстық-атқару заңын жетiлдiрудi және негiзгi даму бағытын көрсетедi.
құқықтық құрылымы принциптерiмен ара қатысты және iштей келiсiмде болу;
- ұрақтылықпен бейнелеу;
— Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiнiң 6-бабында көрсетiлгендей, бұл заңдылық баршаның заң алдындағы теңдiгi, гуманизм, демократизм және жариялылық негiзiнде берiлген. Жазаны орындау органдары мен мекемелерi өз қызметiнде құқыққа кепiл болатын, бостандық пен сотталғандардың заңды мүддесiн қамтамасыз ететiн, жазаны орындауды дифференциациялау мен даралау, мәжбүр ету амалдарын тиiмдi пайдалану және құқыққа бой сұғушылық көзқарастарына жағдай жасау,түзеудiң әсерiмен жазаны бiрiктiру, жұртшылықтың жазаны орындауда қатынасу принциптерiне негiзделедi. Баяндалған жағдайды ескере отырып, жалпы салалық, салалық және құқық институтционалдық принциптерiн атап көрсетуге болады.
Психика туралы жалпы т сінік
... 1. Психиканың пайда болуы туралы жалпы түсінік. Психиканың пайда болуы туралы бірнеше теориялар бар. Атап айтқанда: антропопсихизм, яғни психика тек адамға ғана тән: панпсихизм – барлық таби ... жалғыз ғана сыртқы өзгеріс емес – психиканың мазмұнымен байланысты ішкі сапалы даму. Психика-жүйке саласының қасиеті. Тірі жәндіктерде психиканың пайда болу үшін ...
құқықтық принциптерге кiретiндер: заңдылық,демократизм, гуманизм; сала аралықтарға-әдiлеттiлiк және жазаның болмай қалмайтындығы, заң жолында азаматтардың теңдiгi; салалыққа –жазаны орындауда дифференциялау мен даралау, мәжбүр ету амалдарын тиiмдi пайдалану және түзетудiң қатысуы; институтционалдықтарға –жазаны бiр мекемеде өтеу, сотталғандардың әр түрлi категорияларын бөлек ұстау. Қылмыстық атқарудың құқықтық жүйе принциптерi-тиiстi халықаралық актiлерге, Қазақстан Конститутциясы нормаларына негiзделiп, сотталғандармен айналысқанда бейнеленедi.
қызметiнiң жариялылық принципiменжәне жазаны атқару кезiнде, ең бастысы тәрбие жұмысына, жұртшылықтың қатысу принципi және олардың жазаны атқару органдарының қызметiне бақылау жүргiзумен тығыз байланысты. Демократизм принципi бостандық пен ссотталғандардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету принциптерiмен тығыз байланысты. Оның себебi, сотталғандар, яғни бас бостандығынан айыруға жазаланғандар құқығына едәуiр шек қойылғандықтан, олар мүдделерiн қорғауға мұқтаж. Заң алдындағы теңдiк принципi-Қазақстан Республикасы Конститутциясының 14-бабының 1-тармағында бекiтiлген. Қылмыстық-атқару құқығының гуманизм принципi тек қана мемлекеттердiң шығарған заңдарында ғана емес, адам құқығы және сотталғандармен айналысу туралы көптеген Халықаралық актiлерде бекiтiлеген. Қылмыстық-атқару құқығы салаларының iшiнде жазаны орындауда дифференциялау мен жекешелендiру принципi олардың қылмысына, кiнәсiнiң түрiне, қылмысты өтеу кезiндегi тәртiбiне байланысты қабылданған классификацияға сәйкес сотталғандарды бөлек ұстауды қамтамасыз етедi. Жазаны атқаруды жекешелендiру топтық түрде емес, жеке өзгешелiгiне негiзделедi де, әр түрлi мағыналы жағдай жасау, шартты жаза мерзiмiнен бұрын шығаруға ұсыну, мәжбүрлеу құралдарын тиiмдi пайдаланумен бiрге құқыққа бой ұсынушылыққа себепшi болу арқылы жеткiзiледi. Жазаны түзеу ықпалымен бiрiктiру әр түрлi тәрбиелiк мәнi бар шара қолдануды талап етедi. Олар: қоғамға пайдалы еңбекпен, психологиялық-педагогикалық қарқынды ықпалмен, мамандыққа дайындаумен, жалпы бiлiм беруге оқытумен iске асырылады. Сонымен бiрге қатаң режим талаптарын сақтауды, жазаны атқару орындарында тәртiпке, жөнге салуды қамтамасыз етедi. Жоғарыдай қарастырғанымыздай, қылмыстық-атқару құқығының қағидаттары бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысты және олар жазаны өтеу процесiндежинақталып iске асырылуы тиiс.
Қылмыстық-атқару құқығы ғылымы
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы ғылымы жаңадан көтерiле бастады. КСРО ыдырауына дейiн қылмыстық жазаны ғылыми-зерттеу проблемалары ІІМ жүйесiнде, негiзiнен Мәскеу қаласында топталған болатын.Қылмыстық-атқару құқығын Ресейдегi зерттеудi бағыттау орталығы Ресей Федерациясы ІІМ қарайтын Бүкiлодақтық ғылыми зерттеу институты болып есептеледi. Жазаны атқаратын жазалау органдары проблемаларын байыпты зерттеуде Рязань ІІм-нiң Жоғарғы мектебi алдыңғы қатардағылардың бiрi болып есептеледi, сондай-ақ қазiргi кезде ІІМ-нiң Уфадағы Жоғары мектебiнде зерттеу жұмысы өрiс алуда. Осы мектептерде түзеу мекемелерiнiң болашақ қызметкерлерiн, яғни офицерлерiн әзiрлеу жүргiзiлу үстiнде.Қазақстанда қылмыстық жазаны орындау проблемалары Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының қылмыстық жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасында, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасында ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.
Психология | Агрессия туралы түсінік
... тектес әрекеттерге генетикалық алдын ала программаланғандықтан, агрессия туындайды. Психоаналитикалық бағыт – бұл тұжырымны ... 2. Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері К.Ю.Юнгтің агрессияға көзқарасы: агрессия, зорлық-зомбылық санадағы санасыз адам психикасында ... Фрустрация теориясының негізін қалаушылардың бірі Л.Берковец. Ол « агрессия – фрустрация» схемасына үш мңызды түзету енгізді. ...
Қылмыстық-атқару құқық ғылымы құқық саласына сәйкес келгенiмен, оның пәнi қылмыстық-атқару құқығының маңызынан едәуiр кең. Оған мемлекеттiң қылмыстық жазаны атқару саласындағы саясаты, Қазақстанның қылмыстық-атқару заңының және жазаны атқару органдарының даму тарихы, заң шығару жүйесi мен оның басталуы, мазмұны, қарастырып отырған құқық саласының құрылу нормасы, құқықтық қатынастар, шетелдердiң қылмыстық-атқару құқығы, сотталғандармен айналысу туралы Халықаралық актiлерi кiредi. Қылмыстық-атқару құқық ғылымының әр түрлi салаларымен өзара тығыз байланысты. Ең алдымен өзара тығыз байланыс қылмыстық және қылмыстық iс жүргiзу құқықтарымен жүргiзiледi де, бұлардың пәнi мен әдiстерiнiң жақындығынбiлдiредi. Конститутциялық құқық ғылымы қылмыстық-атқару құқығы ғылымының негiзi болып есептеледi. Басқа да құқық салаларының нормалары оның кейбiр жалпы проблемалары азаматтық, еңбек, шаруашылық, әкiмшiлiк құқықтармен бiрдей болады.
Қылмыстық-атқару құқығы мен криминология ғылымдары арасында тығыз байланыс бар. Кейбiр елдерде бұл сала «Криминологияның» құрамды бөлiгi «Пенология» оқытылады. Қылмыстық-атқару құқығы ғылымында сотталғандардың жеке басын зерттегенде криминологияда талдау әдiстерi кең пайдаланылады. Бұдан басқа қылмыстық атқару заңдарынан ең басты мiндеттерiнiң бiрi-қылмыстың алдын алу, әсiресе қайталанба қылмыстың болмауын ескерту. Сондықтан құқықтың бұл саласының кейбiр нормалары мен институттары криминологиялық түрде негiзделуi қажет, ол үшiн алдымен мәжбүр ету шараларын тиiмдi қолданумен бiрге олардың заңды бұлжытпай орындауға жағдай жасау керек. Бұл мәселенi шешу түзеу психологиясы мен педагогикасының өзара байланысына әкеледi. Бiз бұдан аталған ғылым салаларының бiрiн-бiрi байытып отыратынын байқаймыз. Қылмыстық-атқару құқығы ғылымының әдiстемелiк негiзi құқықтың жалпы теориясы болып есептеледi. Бұл ғылымның теориялық жағдайы, қағидаттары мен ұғым аппараты, зерттеу әдiстерiнiң –барлығы құқық саласының негiзi болып саналады. Мемлекеттiң қазiргi даму кезеңiнде қылмыстық-атқару құқығы ғылымының алдында практиканы ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету мен жаза орындау саласындағы құқықтық реформаны жоғары дәрежеде жетiлдiру мақсаты тұр. Сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында экономика проблемаларын шешу жолдарын iздестiрген жөн. Аталған мақсаттар қылмыстық-атқару құқығын iске асыруды қамтамасыз ететiн қылмыстық-атқару кодексiн орындау арқылы өмiрге ендi. Бұл саладағы ғылыми зерттеулердi үйлестiрiпотыру мақсатында ҚР-да қылмыстық жазаны атқару проблемесын зерттеу үшiн Ғылыми орталық ашқан жөн болар едi.
Қазақстан Республикасының қылмыстық — атқару заңдары. Олардың түсiнiгi және құрылысы.
ҚР қылмыстық атқару заңдарының түсiнiгi, маңызы, мақсаттары мен түрлерi.
ңбекпен түзету заңдарының реформасы.
ҚР қылмыстық атқару құқығы нормаларының түсiнiгi, мазмұны, түрлерi мен құрылымы.
4.ҚР қылмыстық атқару құқықтық қатынастары.
Эмиль дюркгейм қазақша
... өкілінің бірі, әрі өте беделдісі - Эмиль Дюркгейм. Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық ... нормалар әлеуметтік факторлар сияқты мәжбүр ету сипатында болады, ... міндеттілігін көрсетті. Социология пайда болғанға дейін арнайы ... факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудың ә ... берді. 1902 жылы Дюркгейм атақты Сорбоннаға шақырылады.Нәтижесінде оның ...
1 .Қылмыстық-атқару заңдарын тар мағынада — жазаны атқару процесi кезiнде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге және сотталғандарға ықпалды түзеу жазасын қолдану заңдар жүйесi деп түсiну керек.
ғаннан кейiнгi кезеңде Қазақстан заңгерлерi қылмыстық жазаны атқару заңдар нормасын жүйеге келтiру нәтижесiнде пайда болды. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқару мен өтеудiң тәртiбi мен жағдайларын белгiлейтiн нормативтiк-құқықтық актiлерден тұрады.
қылмыстық атқару заңдары қылмыстық жазаның барлық түрлерiн атқаруды реттейтiн заңдардан құралады. Жазаны атқару кезiндегi әлеуметтiк-құқықтық проблемалар тұлғаның қоғамдағы жағдайына байланысты шешiлетiн болғандықтан, қоғам, мемлекет жағынан оларға ықпал етудiң айрықша түрi пайда болады, арнайы мекемелер құрылады, сондықтан соттың шешiмiн үйлесiмдi орындай алатын және жазалау-тәрбиелеу процесiн жүзеге асыратын, қылмыстық-атқару құқығы нормалары заңдабекiтiлген болуы керек. Қылмыстық-атқару заңдарының мазмұны — олар орындайтын қызметтiк рөлiмен белгiленедi. Жазаны тиiстi түрде атқару — қылмыспен күресудегi маңызды кезең. Түзеу мекемелерiнiң жүйесi қалай жұмыс iстейтiнi қылмыспен күрес жүргiзетiн мемлекеттiк органдардың барлық бөлiмiнiң жалпы күш салуының қорытындысына байланысты. Қылмыстық-атқару заңдары — бiрыңғай қылмыстық-құқық жиынтығынан тұрады. Сондықтан қылмыспен күрес жүргiзуде бұл заңдардың мақсаты ортақ болып табылады. Егер де қылмыстық құқық нормалары жазалау мен қылмыстық жауапкершiлiктiң негiзiн және шегiн белгiлесе, ал қылмыстық- атқару құқығы нормалары сот үкiмiмен белгiленген жазаны атқару тәртiбiн реттейдi.
Қазiргi қылмыстық-атқару заңдары, 1997 жылғы желтоқсанның 13-iнде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiнен тұрады. Ерекше ескерте кететiн жағдай, бұл кодекске «Тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау түррiндегi жазаны атқарудың тәртiбi мен жағдайлары» туралы арнаулы тарау енгiзiлген.
Жоғарыда көрсетiлгеннен басқа да қылмыстық-атқару заңдар жүйесiне әзiрше заң күшi бар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды iшкi iстер органдарынан әкiмшiлiк бақылау Ережесi, байқау комиссиялары туралы Ереже, кәмелетке толмағандар iстерiн қарайтын комиссиялар туралы Ереже және тағы басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi кiргiзуге болады. Алдағы уақытта аталған нормативтiк актiлер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-аткару кодексiне сәйкес келтiрiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданыла бередi.
қылмыстық-атқару құқығының кең мағыналы да түсiнiгi бар, себебi жазаны атқару кезеңiнде түзеу мекемелерiнен және басқа да жазаны орындайтын мемлекеттiк органдардан, олардың лауазымды қызметкерлерiнен, қоғамдық ұйымдардан және дiни концессиялардан күнделiктi нақтылы қызмет iстеуi талап етiледi. Сондықтан өне бойы ереже белгiлеу, сотталғандарға және тиiстi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына қатысы бар заң тәртiбiн қадағалаудың қажеттiлiгi пайда болып отырады. Бұл құқықтық актiлердi ереже, нұсқау түрiнде т. с. с. болжаулар шығаруды (мысалы, еңбекпен түзеу мекемелерiндегi iшкi тәртiп Ережесi), мемлекеттiк басқару органдары, соның iшiнде жазаны атқаруға жауапты ведомство ретiнде Ішкi iстер министрлiгi iске ендiредi. Сонымен бiрге ведомстволық құқықтық реттеу заң нормалары шеңберiнде болуы тиiс. Жоғарыда айтылғандай, қылмыстық-атқару заңдары кең мағынада барлық нормативтiк актiлердiң (заңдар мен заңға негiзделген актiлер) жиынтығы болып есептелiнедi. Бұлар сотталғандарға түзеу ықпалын қолданғанда және жазаны атқару (өткеру) процесiнде пайда болатын, өзгерiп тұратын, яғни тоқтатылатын қоғамдық қатынастарды реттейдi. Сондықтан да қылмыстық-атқару құқығының қайнар көздерiне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық-атқару кодексi, еңбекпен түзеу ықпалы қолданылмайтын сотталғандардың қылмыстық жазаны атқару тәртiбi мен шарттары туралы Ереже, байқау комиссиялары туралы Ереже, кәмелетке толмағандар жөнiндегi комиссиялар туралы Ереже, әкiмшiлiк қадағалау туралы Ереже, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары. ІІМ сондай-ақ басқа министрлiктер мен ведомстволардың бiрiккен бұйрықтары мен өкiмдерi, ІІМ бұйрықтары мен өкiмдерi, облыстық II бастықтары, мекеме басқармаларының т. с. сияқтылардың қабылдаған актiлерi қылмыстық-атқару құқығының негiздерi ретiнде қаралмайды.
Олигофрения және демеция
... өз қоры аз, көбіне жаттап алған сөздерін айтады. Олигофрениямен ауырған науқастардың барлығы да психиатрдың бақылауында болады, негізінен оларға психикалы ... әр түрлі зақымдар жатады. Ішкі факторлардың зардаптарынан олигофрения іштей туа пайда болады. Тұқым қуалайтын кеселдер. Оған ата-ананың мерез ауруларымен ауруы, сонымен ...
өрсетiлген қылмыстық-атқару заңының, жалпы мiндетiнiң өзiндiк сатысы бар, оны былай дәлдеп айтуға болады: әр түрлi жазаның негiзi мен атқару (өткеру) процесiн реттеу және сотталғандарға түзету шараларымен ықпал ету мiндетi; сотталғандардың жазаны заңда көрсетiлген өткеру тәртiбiн қамтамасыз ету, олардың жаңадан қылмыс және басқа да құқық бұзушы-лықты болдырмауды ескерту мақсатында тәртiбiн бақылау мiндетi; сотталғандардын занды талаптары мен құқын қорғау, босатылғанда оларға көмек көрсету мiндетi.
қылмыстық-атқару заңының мiндеттерi жалпы және нақтылы мiндеттерден белгiлi бiр жүйе құрайды. Олар жазаны атқарушы, түзеушi мекемелер мен басқа да органдардың мiндеттерiне жанама түрде қатысы бар және сотталғандарға жазалау — тәрбие шараларының жиынтығын қолдану арқылы олардың жұмыс әрекетiнде iске асырылады.
2. ңның кез келген саласын реформалау процесi, соның iшiнде қылмыстық-атқаруды, қоғамдағы әлеуметтiк өзгерiстерге байланыссыз, яғни саяси-экономикалық даму мен есептеспей iске асуы мүмкiн емес екенi бiзге мәлiм. Қылмыспен күрестi реттеудегi заң саласын реформалау кезiндегi қылмыс динамикасы мен құрылымы, еткен тарихтағы жағымды да жағымсыз тәжiрибе, халықтың түгелдей немесе оның жекелеген топтары құқық санасының деңгейi, саяси партиялардың көзқарасы, елдiң халықаралық құқыұ актiлерiн бекiту жағдайы, теориялык зерттеу мен ғылыми ойдың деңгейi еске алынуы тиiс. Елдiң қылмыстық-аткару заңының дамуы, оның саласына қылмыстық жазаны атқаруды енгiзу жолымен жүргiзiлiп келедi. Бұл — заңды процесс, себебi бiздiң ойымызша, ол заңдылықты жетiлдiре беруге және жазаны атқарғанда заңдылықты нығайтуға мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнiң қабылдануы қылмыстық жазаның барлық түрiнiң орындалуы тәртiбiн жан-жақты және толык реттейтiн табиғи кезең болғаны сөзсiз.
үгiнгi заң күшi бар Қылмыстық-атқару заңы отыз жылдарға жуық уақыт iшiнде шамасында қалыптасты. Осы уақыттың iшiнде Енбекпен түзеу заңының негiздерiне және Еңбекпен түзеу кодексiне мезгiл-мезгiл қосымшаларымен өзгертулер енгiзiлдi, жоғарыда көрсетiлген зандар реттемейтiн кейбiр жазаның тиiстi орындалуын жөнге салатын жекелеген заң актiлерi де қабылданды. Бiз бұдан Қазақстанда қазiргi уақытта жазаның барлық түрлерiнiң орындалуы жоғарыда аталған зандармен реттелетiндiгiн көремiз.
Психология ПСИХИКАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫ. Дшс ...
1 . Жануарлар психикасының дамуы туралы түсінік. Психика органикалық дүниенің даму үрдісінде пайда болғандығы туралы айтқан болатынбыз. Органикалы ... ғы жүйке жүйесінің дамуының келесі кезеңінде пайда болады. Ол ганглиоздық (түйіскен, тізбектелген) жүйке жүйесі ... кезде, - деп жазды И.П.Павлов, - толықтай анықталды деуге болады, демек, инстинктер дегеніміз – сол рефлекстер, тек бірнеше жиі күрделі ...
Жаңа заң жобаларын дайындау КСРО кезiнде-ақ басталды. Барлық қылмыстық жазалар бiр принцип негiзiнде орындалатынын еске ала отырып, ал еңбекпен түзеу құқығының пәнi қоғам талабына сәйкес жан-жақты дами түскендiктен КСРО мен одақтас республикалардың қылмыстық заңының жаңа жобасын дайындау мәселесi пайда болды. Бұл маңызына қарағанда еңбекпен түзеу құқығы тарихында жаңа кезеңнiң пайда болғанын, оның қылмыстық-атқару құқығына өзгергенiн бiлдiрдi. Алғаш рет 1989 жылы қылмыстық-атқару заңы негiзiнiң тұжырымдамасы құрылған болатын, ал сонан сон, қылмыстық-атқару заңының негiзi доктрилдық үлгi дайындалған, онда дүниежүзi қоғамдастығының тәжiрибесi кең пайдаланылды. Жекелеп айтқанда, жобада БҰҰ қабылдаған принциптер бейнеленген және қамаудағылармен айналысқандағы Ең аз үлгi Ережесi мен басқа да халықаралық құжаттар негiзге салынған.
3. Қылмыстық-атқару құқығы құрылымы жағынан қарайтын болсақ, ол әр түрлi нормативтiк жарлықтардан, тiкелей айтсак, бөлiмнен тұратын аталған құқық саласының құрастырылған, бiртұтас жүйелi құқықтық бiлiм. Әрбiр құқықтық жарлық әлеуметтiк, нормативтiк, психология педагогикалық, ұйымдастыру-басқарушылық маңызбен белгiленiп толықтырылған. Қылмыстық атқару құқығы құрылымының тұрақты байланысын, құқықтың бұл саласында әр түрлi институттар мен нормалардың өзара әрекеттiлiгiн бұлар жиынтығында мазмұны мен мемлекеттегi қылмыстық-атқару құқығының әлеуметтiк мiндетiн көрсетедi. Сонымен, құқық құрылымының бастапқы бөлiмi (құқық саласы — құқық институты — құқық нормасы) қылмыстық-атқару нормасы болады. Норма — ереже, мiнез-құлық ережесi. Зандық (құқықтық) норма заңда көрсетiлiп, бекiтiлген мiнез-құлық ережесi. Норма — құқықтың құрылымдық элементтерiнiң бiрi. Оны құру — құқықтық реттеудi қажет ететiн және осыған байланысты құқық нормасы мазмұнын бiлдiретiн тиiстi қоғамдық қатынастардың болу қорытындысы. Сондықтан, құқықтық нормалар жиынтығын қабылдау — құқықтық реттеудiң ерекше пәнiнiң барлығын және құқық саласының жекелiгiн дәлелдейтiн айғақтың бiрi.
қылмыстық-атқару құқығының нормасы
ғарыда айтылғандай, норма құқық саласының негiзгi элементi, оның бiрiншi деңгейi болып есептеледi. Екiншi деңгейiн қоғамдық қатынастардың тиiстi тобын реттейтiн ғы құрайды. Мысалы, қылмыстық жазаның кейбiр түрлерiн атқаруда, сондай-ақ жазаны өтеуден босатқан кезде (бас бостандықтан айыру, түзету жұмыстары және т. с. с.) пайда болады. Мұндай екiншi деңгейдегi нормаларды бiрiктiру белгiлi бiр қылмыстық-атқару құқығы институтын құрайды. Институттардан тұратын құқық саласының өзi үшiншi немесе ол құрылымның жоғарғы деңгейiн құрайды. Құқық институт-тары құқықтың реттеу объектiлерiн нақтылы анық белгiлеуге мүмкiндiк бередi, оның құқық шығармашылығы қызметiнде маңызы зор.
Қылмыстық-атқару құқығының нормалары iшiнде де құқық саласының жалпы ережелерi мен жалпы түсiнiк принциптерi құрылып қалыптасатын нормалар бар, сонымен қатар лайықты мемлекет органдарының мiндеттерi бiрiктiрiледi. Бұл нормалар мәлiмдеме ретiнде жүргiзiледi. Олар қылмыстық атқару саясатын iске асырады. Көрсетiлген нормалар Ережесi қылмыстык-атқару құқық қатынастарында субъектiлердiң субъективтiк құқық пен зандық мiндеттерiн белгiлейтiн нормаларда айқындалады.
Құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды керектi бағытта реттеу үшiн қабылданады. Сондықтан, құқықтық норманы iшкi маңызы жағынан қарайтын болсақ, екi жақты өкiлеттi — мiндеттеушi болып бейнеленедi. Егер де бiр субъектiде субъективтi құқық пайда болса, онда басқа субъектiде құқық қатынасына лайықты мiндеттер пайда болады т. с. с.
Сократ реферат қазақша
... мінез-құлық. Аз ең анық мәлімдеулердің балалық шақ туралы және Сократа өмірлері ... ан бет. Бесеу айыптаушының, демотамимен сайланғандардың (дема мүшелерімен), талапкер талаптанулары ... дәл осылай қалай ол ішінде болады өзінені бастық өмір бойына, мың ... болды. Айыпталулардың жоқ болуы жанында немесе сотпен іс дұрыс шешімі жанында ... ң. Қашан 18 жыл Сократу орындалғанда, бұл жағынан алғанда оның, қалай ...
Қылмыстық-атқару құқығы нормалары құқықта айтылғандай, жазаны атқару кезiндегi тәртiп ережесiн сақтауды көрсетедi. Кейбiр жазаны орындауда түзеу ықпалы шара қолдану арқылы қаншалықты жүргiзiлсе, қылмыстық-атқару құқығы белгiлеген нормалары ереже тәртiбiн сақтаудың түзеу ықпалын шара қолдану арқылы соншалықты орындайды.
Қылмыстық-атқару құқық нормалары қоғамдық қатынастар процесiнде және жазаны атқарудың (өткеру) реттеу үшiн қолданылады, ал бұл орын алған кезде процесте пайда болған қоғамдық қатынастарды және түзеуге әсер ету шарасының жайын реттеу болады. Қылмыстық-атқару құқық нормалары жазаны атқару себебi процесiнде пайда болатын қоғамдық қатынастар субъектiлерiнiң мiнез-құлқын тәжiрибеде реттейдi. Бұл қатынастар қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен реттеле отырып, қылмыстық-атқару құқық қатынастары болады.
Қарастырылып отырған нормалар маңызын түсiну үшiн қандай да болмасын жаза түрiн өтеуге байланысты құқығы мен мiндеттерiн бiлдiретiн құқықтың, басқа салалары нормаларымен олардың арақатынасын айыра бiлу керек.
Қылмыстық-атқару құқығы нормалары сотталғандардың тәртiбiн кең көлемде реттеген сайын оның нормаларының қимыл өрiсi, құқықтың басқа салаларынан тарырақ болып тұр. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен бас бостандығынан айыру тәртiбi және жағдайлары жан-жақты белгiленгенi мәлiм.
ғандарды бас бостандығынан айырған кезде олар түзеу мекемелерi әкiмшiлiгiмен қарым-қатынасқа кiредi, ал дағдылы өмiр-жағдайында азаматтар үкiметтi басқару орындары және сот органдарымен қатынаста болады. Бас бостандығынан айыруды орындайтын, жағдайы мен тәртiбiн белгiлейтiн қылмыстық-атқару құқығы нормалары қоғамдық-қатынастар саласында едәуiр басым келедi. Олар, әдетте конституциялык еңбек, азаматтық және отбасы құқығы нормаларымен реттеледi. Қылмыстық-атқару құқығы нормалары маңызын бостандықтан айыру жазасын атқару жағдайларын анықтап алуда мысалы, оларды отбасылық, азаматтық құқық нормаларымен салыстыру үшiн керек.
Қылмыстық-атқару құқық нормалары азаматтық, отбасылық құқық саласымен өзара байланыста болады. Бұл нормалар сотталғандарды тұратын мекенiн тандап алу мүмкiндiгiнен айырады да көптеген басқа да азаматтық пен отбасылық құқығы мен мiндеттерiн iске асыруға шектеулер қоя алады. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларына сотталғандардың жеке меншiк құқығы едәуiр шектелген, өйткенi олар ие болу, пайдалану иелiк ету немесе тек кейбiр мүлiк игiлiгiн пайдалану немесе ие болу құқығынан айырылады. Қылмыстық-атқару құқық нормалары және мiндеттi құқығына көптеген шектеулер енедi. Сотталғандар әр түрлi келiсiм жасау құқығынан айырылады, мысалы, сату, сатып алу немесе басқа сотталғандармен айырбас жасау.
өтеу процесiнде пайда болатын қоғамдық қатынастар субъектiлерiнiң мiнез-құлқы, соның iшiнде түзеу ықпалына байланысты қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен реттелмейтiн жазалар бар. Мысалы, түзеу мекемелерiн басқару, оларды ұйымдастыру, қаржылау мен жабдықтау, басқарушылар құрамы қызметкерлерiнiң еңбек ету тәртiбi әкiмшiлiк құқық нормаларымен реттеледi. Түзеу мекемелерiнiң сотталғандардың өндiрiсте өнiм шығарудағы еңбегiн пайдалану туралы басқа ұйымдар мен шарттық қатынасы азаматтық құқық нормаларына сәйкес белгiленедi. Түзеу мекемелерiндегi жұмысшылар мен қызметшiлердiң, соның iшiнде бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегi еңбек құқығы нормаларымен реттеледi. Сотталғандардың мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке игiлiгi жөнiндегi құқығы мен мiндеттерi олардың азаматтық құқығы нормаларымен, ал отбасылық қарым-қатынастары от-басылық құқығы нормаларымен реттеледi. Сотталғандардың жаза өтеу кезiндегi жаңадан iстеген қылмысы үшiн жауапкершiлiгi қылмыс пен қылмыстық iс жүргiзу құқықтары нормаларында көрсетiлген.
Нормалардың бәрi бiрдей тиiстi мiнез-құлықтық үлгiсiн көрсете алмайды. Пайдаланылатын нормалар топтары iшiнде құқық саласынан барлық, яғни оның жеке институттарының мақсаттарын, мiндеттерiн, принциптерiн құрастыратын белгiлi бiр түсiнiк пайда болады (дефинициялар).
Құқық теориясында олар нормативке тән емес, алдын ала белгiленбеген жарлық немесе арнайы нормалар. Қылмыстық-атқару құқығында арнайы нормалар — норма мiндет, принциптер нормасы және норма — дефиниций (ұйғарым) түрiнде iске асырылады.
Құқыққа тән емес жарлықтар жазаны атқару саласының саясаты мен қылмыстық-атқару заңдарының арасын байланыстыратын бөлiм рөлiн атқарады. Сондықтан норма-тапсырма мен норма принциптер мақсаты — нормаларында осы саладағы мемлекет қызметiнiң принциптерi мен стратегиясы бекiтiледi де, бұларға қылмыспен күресудi реттейтiн құқық саласынын өзара байланыстары әсер етедi.
Құқық нормасын әр түрлi негiздермен жiктеуге болады. Қылмыстық-атқару құқығын материалдық және процессуалдық түрлерге жiктеуге болады. Материалдық құқық нормалары мiнез-құлық ережелерi манызын белгiлейдi, процессуалдық норма оның жағдайы мән тәртiбiн реттейдi.
Қылмыстық-атқару құқығы нормаларын белгiлейтiн тәртiп ережесiн өзiндiк ерекшелiгiне байланысты жеке-жеке түрге жiктеуге болады. Айтылған құқық нормаларының негiздерi: а) реттеушi; ә) мадақтаушы; б) қорғаушы болып бөлiнедi.
Реттеушi нормалар
қимыл iстеудi талап етедi.
әкiлеттiлiк етушi нормалар
әрекет етудi тоқтата тұруды талап етедi, оның себебi ол заңмен терiс деп бағаланғандық болып табылады. Заң нормасында тыйым салу жалпы да, нақтылы да түрде белгiленуi мүмкiн.
Заң әдебиетiнде құқықты реттеудегi тыйым салу нормасының екi тәсiлi ерекшеленедi: рұқсат беру және ерiк беру. Рұқсат беру — нормативтiк жарлықпен тiкелей көзделген рұксат. Ерiк беру — тiкелей тыйым салынбағанның бәрiне ерiк беру (мысалы, астанадан басқа жерде тұруға ерiк берiлген т. с. с).
қтаушы шаралары
Құқық қолдану қызметiнiң жаза атқару кезеңiнде әлеуметтiк белсендiлiгiне дем беретiн, қылмыс жасай беруден өз еркiмен бас тартқаны т. с. с. үшiн құқықтың басқа да салаларында мадақтау нормалары кең қолданылуы мүмкiн.
қоргаушы нормалар —
Қылмыстық-атқару заңдары жүйесiнде ұйымдастыру-техникалық нормасын атап кетуге болады. Олар процессуалдыққа жақын болады, бiрақ оның айырмашылығы — құқық қатынастарда қосымша құқықпен мiндеттер қаралмайды. Мұндай нормалар негiзiнен ЕТМ iшкi тәртiп Ережесiнде топталған. Мысалы, құрал-жабдыққа техникалық талап қою, сайман, бұйым тiзiмдерiнiн болуы т. с. с.
Қылмыстық-атқару нормаларын түрлерге бөлу тек қана оның жалпы теориялық маңызымен бiрге, ол құқық қолдану қызметiнде нақтылы талдауға да көмектеседi. Жаңа нормаларды құрастырғанда қай түрге жататынын, субъектiлердiң құқығы мен мазмұнын нақты белгiлеудi және құқық қарым-қатынастарына қатысушыларды еске алу керек.
гипотезадан, диспозициядан
арнайы шарттан тұрады, егер ол бар болса. бұл норма қолданылуы мүмкiн. Әдетте ол заң тарауы аталуында айтылады.
Диспозиция нормасы -, Санкция нормасы
Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының ерекшелiгi — олар негiзiнен императивтiк (өкiлеттi) сипатта болады. Құқық нормаларының көбiнде гипотеза болмайды, бiрақ диспозишя барлық уақытта болады. Көптеген нормалар (гипотезамен санкция) нақты норма мәтiнiнiң сыртында жатады.
4. Үкiмнiң занды күшiне енуiмен және осы үкiмнiң атқарыла бастаған күнiнен бастап мемлекетте, оның қылмыстық жазаны орындайтын тиiстi мекемелерi мен органдарының сотталғандарға құқық реттеу жиынтығын қолданатын, жазаға тән және түзеу шарасын қолданып әсер ету құқығы пайда болады. Сот-талған өз кезегiнде құқық шектеуге көнуге мiндеттi және түзеу шарасын қолдануды басынан өткеруi тиiс. Сөйтiп қылмыстық-атқару құқық қатынасы пайда болады. Ол осы құқық саласы нормаларымен реттеледi.
Қылмыстық-атқару құқық нормалары нақты жазаны өтеу жағдайы мен тәртiбiн белгiлей отырып, жазаны аткару (өткеру) жағдайында және процесiнде пайда болатын қоғамдық қатынастарды мемлекет мүддесiнде реттеп, оған құқық қатынастарының маңызын бередi.
Қылмыстық-атқару құқық қатынастары осы қоғамдық қатынастарды реттейтiн қылмыстық-атқару құқығы нормаларының түрлерiне қарай топтастырылады. Егер де әңгiме мiндеттердi орындау, тiкелей қоғамдық қатынастарда құқықты пайдалану және тыйым салуды бұзбауда болса, онда ол материалдық нор-малар болғаны. Олардың негiзiнде пайда болған құқықтық қатынастар материалдық, қылмыстық-атқару құқық қатынастары болып аталады. Тәртiп туралы сөз болғанда, яғни шын мәнiсiндегi қоғамдық қатынастарда әр жақтардың қатынасқанын құжатпен дайындағанда, онда оның процессуалдық нормалар болғаны. Олардың негiзiнде процессуалдық қылмыстық-атқару құқық қатынасы пайда болады, олар материалдық қылмыстық-атқару құқық қатынасының өмiр сүру түрi болады. Басқаша айтқанда, еңбекпен түзеу құқығының процессуалдық нормалары осы сала құқығының материалдық нормаларын қозғалыска келтiредi.
реттеушiлер
ғандар белгiленген мiндеттерiн орындамаған кезде немесе берiлген құқығына қиянат жасағаны, сондай-ақ тыйым салынғандарды бұзғаны, оларға мемлекеттiк күштеудi iске асыру түрiндегi ескерту жазасы, бұлтартпау жазасы, құқықты жаза (тәртiптiк пен материалдық) сотталғандардың жауапкершiлiгiн iске асыруға байланыстылардың барлығы қылмыстық-атқару құқығы қорғаушылар нормасының iс-қимылына кiргiзiледi. Соның негiзiнде пайда болатын қорғаушылдық (охранительные) қылмыстық-атқару құқық қатынастар сотталғандарды қолайсыз салдарға ұшыратады. Олар сотталғандардың заңсыз мiнез-құлкынан бас тартуына, қылмыстык-атқару құқығы нормаларын бұзуға мүмкiндiк беретiн себеп пен жағдайларды бол-дырмауға бағытталған.
Жазаны атқару (еткеру) процесiнде және түзеу ықпалын жүзеге асыруда қарапайым ғана емес, күрделi де құқықтық қатынастар пайда болады. Оларда құқық қатынастардың бiрнеше элементтерi бар болуы мүмкiн және онда субъектiлер арасындағы құқыктык байланыс, олардағы көптеген құқық пен мiндеттердiң өзара қарым-қатынасымен бейнеленедi, мысалы режим тәртiбiн iске асыру, еңбек жағдайын т. б. қамтамасыз ету.
Қылмыстық-атқару құқық қатынасы басқа құқық қатынастар түрлерiнен айырмашылығы — олар өзiнше ұзартылатын құқық қатынастар, өйткенi мұнда сот үкiмiмен кесiлген нақты мерзiмi болады.
Қылмыстық-атқару құқық қатынастары басқа құқық қатынастар түрлерiнен өзгешелiгi — ол өзiнiң субъектiлерi арқылы олар жаза орындайтын мемлекеттiң тиiстi органдары және қылмыстық жазаға сотталған адамдары болуы мүмкiн. Құқықтық қатынастар субъектiлерiнiң жағдайын алып қарағанда құқықтық пен заңдылыққа жататын мiндеттер көпшiлiгiнiң тендiгiне емес, қайта бiр жағының (сотталғандардың) екiншi жағына (мемлекет органдарына) бағыныштылығына негiзделедi. Қылмыстық-атқару құқық қатынастары үшiн тән және ерек-ше объектiлер, олар шын мәнiсiнде субъектiлер әрекетi (әрекетсiздiгi) қылмыстық жазаны атқару және өткеру процесiнде болады.
қылмыстық-атқару құқық қатынастары дегенiмiз
Құрамдас бөлiмдерi (элементтерi) дегенiмiз
Құқық қатынастарының сувьектiлерi деп
Қылмыстық-атқару құқық қатынастарының есебiне кiретiндер: жазаны орындайтын мемлекет мекемелерi мен органдары, бақылау комиссиялары, лауазымды адамдар, кәмелетке толмағандар туралы комиссиялар, еңбек ұжымдары, сотталғандар және олардың жақын-жуықтары.
Қылмыстық-атқару құқық қатынастарының маңызын субъектiлер мен қатысушылардың шын мiнез-құлқы және олардың құқы мен мiндеттерiнiң жиынтығы деп түсiну керек. Екi субъектiнiң де құқығы мен мiндеттерi бар. Дегенмен, егер де олардың бiреуiнiң қандай да болмасын мiндетi болса, онда екiншiсiнiң бұл мiндетке жауап беретiн құқығы болады. Құқық және оған сәйкес келетiн мiндет (немесе керiсiнше) құқық қатынастар субъектiлерiн байланыстырады. Мазмұн мен қылмыс-атқару құқық қатынастары субъектiлерiне жататын құқық пен мiндеттер көлемi, атқарылатын жаза түрiне тәуелдi және жазаны атқару (өткеру) мен түзеу ықпалының шарасы процесiнде де ашылады.
Маңызы жағынан қарағанда құқық қатынастарының екi түрге бөлiнетiнiн атап өту қажет. Олар жазаны атқару кезiндегi шара қолданбай құрылатын және түзеу шарасы ықпалын қолдану кезiндегi болып бөлiнедi. Қылмыстық-атқару құқық қатынастары объектiсiн құбылыстар мен бұйымдар құрайды немесе шын мағынадағы тiршiлiк жағдайлары кезiндегi пайда болатын құқық қатынастар. Құқық қатынас объектiсi оның субъектiлерiнiң немесе қатысушыларының белгiлi заңды талабы бола алады. (Мысалы, сотталғандардың түзеу мекемелерiнен қысқа мерзiмге шығуы, жолығуға. сәлемдеме, тағам алуға рұқсат етiлу т. с. с).
ң шындықтары әрекеттi немесе уақиғаны көрсетедi осыған байланысты қылмыстық-атқару құқық қатынастары пайда болады, өзгередi немесе тоқтатылады. Заң шындықтарының есебiне пайда болатын, өзгеретiн немесе тоқтатылуды қамтамасыз ететiн құқық қатынастарына кiретiндер: айыптау үкiмiн шығару немесе сот ұйғарымы үкiмнiң занды күшiне енуi мен өтеудi талап ету, кездестiру, жолықтыру, тәртiп жазасын беру немесе қапас тәрiздi бөлмеге-ауыстыру, сот шешiмiмен мерзiмiнен бұрын босату және т. б.
ң шындықтарын талдау және бағалау құқық қатынастар заң жаратылысына шек қоюға мүмкiндiк бередi. Олар жазаны орындау кезiнде пайда болады, әсiресе жекелеп айтсақ, сотталғандардың жеке меншiгiне байланысты азаматтық құқық сотталғандарды мерзiмiнен бұрын босату туралы қылмыстық iс жүргiзуде пайда болады. Ол әр түрлi құқық қатынастары саласына кiретiн норманы дұрыс қолдануға мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасындағы сотталғандардың құқықтық жағдайы.
Қылмыстық жазасымен сотталған адамдардың құқықтық жағдайының түсiнiгi.
ғандардың құқығы мен мiндеттерi.
ғынан айырылуға сотталғандардың тәртiптiк, материалдық және қылмыстық жауапкершiлiгi.
1. ң бойынша адам теңдiгiн оған заңды құқық пен бостандық беру негiзiнде тану азаматтық қоғамның басты белгiсiнiң бiрi. XX ғасырдағы дүние жүзi қоғамдастығының дамудағы едәуiр прогресi адамның жеке тұлғасының бағалылығын түсiнушiлiк, оның құндылығы үздiксiз байланыс керектiгiнде, күнелту мен еркiн дамуға ең аз да болса кепiлдiктi қамтамасыз етуiнде болып табылады.
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесi негiзiн конституциялық құқық, бостандық пен азаматтар мiндеттерi жатады. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесiнiң ерекше айырмашылығы — оның тұрақтылығы мен бiршама өзгермейтiндiгi.
ң құқығы дегенiмiз — қандайда бiр игiлiктi кепiлдi түрде пайдаланудың мүмкiндiгi. Бұл адамның мемлекеттiң ұйымдасқан қоғамындағы мiнез-құлқының ресми өлшемi.
Адам құқығы — ол субъективтi құқық шамамен емес, қайта жеке тұлғаның Конституцияда және заңда бекiтiлген нақты мүмкiндiгi. Заң шығарушы тек қана шын қоғамдық қатынастардан шығатын, алдын ала құрылған әлеуметтiк-экономикалық және саяси мүмкiндiгi бар құқықты бекiте алады.
өбiрек тараған топтастырулар төмендегiдей болады:
- саяси құқықтар — ол адамның мемлекеттiк және қоғамдық-саяси өмiрiн- дегi оның саяси тағдыры мен еркiндiгiн өзi шешудi қамтамасыз ету мүмкiн- дiктерi, мемлекеттi басқаруға қатысуы;
- қ құқығы мен бас бостандығы;
- ң заңсыз және орынсыз жеке өмiрiне, iшкi сезiмiне араласпау, жеке басының тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мүмкiндiгi;
- әлеуметтiк-экономикалық құқық пен бас бостандықтар — ол өндiрiс пен материалдық игiлiктi бөлу саласындағы жеке адам мүмкiншiлiгi, экономикалық және оған байланысты рухани талаптардың сай келуi және адам қалауына байланыстылығы;
- әдениет құқықтары мен бас бостандықтары ол адамның рухани, мәдени игiлiктерi, яғни жетiстiктердi пайдалану мүмкiншiлiктерi, оларды өзiне лайықты ынтасы мен қабiлеттiлiгiне қарай жасауға қатынасу.
Қазақстанда адам құқығын сақтаудың маңызды компонентiнiң бiрi — оған сотталғандардың құқын бұзуды ескерту және бақылау жатады.
өтеп жатқан адамдар, мемлекет азаматтары ретiнде Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетiлгендей, белгiлi құқықтық шектеуге қарамастан, адамның азаматтық құқығы мен бас бостандығына ие бола алады. Соның iшiнде барлық сотталғандар жалпыға бiрдей Адам құқығы Декларациясы баяндаған адам құқықтарымен және бас бостандығын пай-даланады, тек оның шектелу тиiстiлiгiне, бас бостандығынан айыру орындарына анық қамалғаны себеп болады.
Қамаудағы адам деп — ол қандай да болмасын құқық бұзғаны үшiн сотталып, жеке бас бостандығынан айырылған кез келген адамды айтады.
ған азаматтарға жазаны өтеу кезiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандығына кепiлдiк берiлуi тиiс, оған тек қылмыстық, қылмыстық-атқару және басқа да Қазақстан Республикасы заңдарымен алып тасталған, сондай-ақ шектелу белгiленгендер жатпайды.
Сотталғандармен жұмыс жасау барысында, олар қоғамнан шығарылып қалғандар емес, қайта оның мүшесi болып қала беретiндiгiне ерекше көңiл аудару керек.
қтан сотталғандарды қоғам өмiрiне қайтару мақсатында қоғамдық ұйымдарды түзеу органдарымен бiрге қызмет етуге (мүмкiн болған жерде) жұмылдыру керек.
Қазақстанда бұл бағытта адам құқығы мен зандылықты сақтау жөнiндегi Қазақстан-Америка бюросы мен реформаға көмектесетiн Қылмыстық әдiл сот орталығы сияқты үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар жұмыс iстейдi.
Сотталғандарды заңмен тiкелей белгiленген жағдайдан басқа кезде азаматтық мiндетiн атқарудан босатуға болмайды. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды (Қазақстан Республикасы Конституциясы, 10-бап, 2-тармақ).
Сотталғандардың құқы мен бас бостандығы сот үкiмiмен және Қазақстан Республикасы заңында көрсетiлген мерзiмге ғана шектелуi мүмкiн. Мемлекет сотталғандардың және олардың туысқандарының, жақындарының сондай-ақ басқа да жеке тұлға мен заң ұйымдарының, егер де сотталғандар олармен әр түрлi зандық қатынастарда байланысты болса барлығының құқығы мен заңды талаптарын сақтауға және қорғауға кепiл болуы тиiс.
қатар сотталғандардың құқықтық мәртебесiне шек қоюды бұзбауға байланысты еңбекпен түзеу мекемелерiнде, тергеу қапасында отырғандарға спирттiк iшiмдiктерiн, естен тандырарлық әсерi бар дәрiлер мен басқа заттарды, ақша, ас тағамдарын, бұл мекемеде сақтауға, пайдалануға рұқсат етiлмейтiн бұйымдар мен заттарды заңсыз бергендер әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Сот үкiмiмен сотталғандар кейбiр жағдайда сотталған атағына ие болады, егер де ол адам қылмысты қайта жасаса жауапкершiлiк ауырлайды. Сотталғандардың кейбiр категориясына рецидивтi қылмысты ескерту үшiн әкiмшiлiк қадағалау қойылады.
ғанның меншiк құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы арқылы қорғалады, онда: «Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды», — делiнген. Сотталғанды жазаны өтеу кезiнде азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездiк немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды (Қазақстан Республикасы Конституциясы, 17-бап).
Тiптi ең ауыр өлiм жазасы белгiленген адамға Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабына сәйкес кешiрiм жасауды арыздау құқын кепiл етiледi. БҰҰ 1984 ж. 25 мамырындағы «Өлiм жазасына кесiлгендердiң құқын қорғауды кепiл ету шаралары» құжатына сәйкес өлiм жазасын орындау кезiнде бұл процедура мүмкiндiгiне қарай жеңiл азап шектiруi тиiс.
ғынан айырылған адамдардың бәрiнiң де, олармен адам баласына тән имандылықпен айналысуға, абыройын сыйлатуға құқы бар. 1966 ж. 16 желтоқсанындағы «Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактiде» былай көрсетiлген: «Пенитенциар жүйесiнiң қамаудағы адамдарға режим қойғандағы мақсаты — оларды түзеу және әлеуметтi етiп қайта тәрбиелеу». «Барлық қамаудағылар адамгершiлiк қасиетi ретiнде өздерiмен сыйлы қарым-қатынаста болуды пайдалануға тиiстi» (1990 ж. 14 желтоқсандағы қамаудағылармен айналысудың негiзгi принциптерiнен алынды).
Мемлекет жағынан сотталғандардың құқықтық жағдайы жақсара қалса, ондайда заңның керi күшi болуы тиiс. Егер де заңмен қандай да болмасын құқық бұзғаны үшiн сазайын тарту (немесе жазалау) жеңiлдетiлсе, тiптi бұл әрекеттiң заңға қайшылығы жойылса, мұндай заңның мiндеттi түрде керi күшi болады.
Жазаны орындау — мәжбүрлеу акциясы, ол мемлекет жағынан күш қолдану арқылы қамтамасыз етiледi, ол тиiстi құқық шектелу қиыншылығына апарып соқтырады. Сотталғандар заң жүзiнде тиiстi құқыққа ие болғандықтан, ол олардың занды мiнез-құлқына күш қолданбаудың кепiлi болып есептеледi. Сотталғандарға жаңа мiндеттер жүктеледi, оны объективтiк қажеттiлiк, тиiстi оның мiнез-құлқы деп түсiну керек. Мемлекет сотталғанның мiнез-құлқын белгiлей отырып, талап қояды және оның заңды мiндетi болғандықтан оған кепiл болады.
ұл мiндеттердi бұзғаны үшiн оған сәйкес тиiстi жауапкершiлiк жүктеледi. Мысалы, Қазакстан Республикасының қылмыстық заңында, егер бас бостандығынан айыру түрiндегi қылмыстык жаза атқарып жатқандардың басқа түзелу жолына түскендердi қудалағаны немесе қамаудан қашқаны, бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден бас тартқаны, еңбекпен түзеу мекеме әкiмшiлiгiнiң талабына қасақаналықпен көнбегенi үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тарту қарастырылған. Сотталғанның мұндай құқық шектеулер көлемi жынысына, азаматтығына, жасына, жаза түрiне, бұрын сотталғандығына байланысты. Мысалы, Конституциялық күшi бар 1995 ж. 28 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының 4-бабына сәйкес, сот үкiмiмен еркiнен айыру орындарында отырған Қазақстан азаматтары сайлауға қатыса алмайды, яғни актив, пассив сайлау құқығынан айырылады. Сотталған әйелдердiң құқық жағдайынын басқа сотталғандарға қарағанда өзгеше айырмашылығы бар. БҰҰ 1985 жылғы 6 қыркүйектегi Ең аз үлгi Ережеде кәмелетке толмағандарға әдiл сот қолданылғанда жеңiл жазалау жағын қарау сияқты түзеу мекемелерiне орналастырылған, құқық бұзған жас әйелдерге де айырықша көңiл бөлудi ұсынады. Сонымен бiрге құқық бұзушы әйелдерде, әдетте, ерлерге қарағанда аз назар аударылатындығы көрсетiлген.
Қазақстанда тұратын шетелдiктер сонымен қатар азаматтығы жоқ адамдар құқықтық мәртебеге шектелген көлемде ғана ие болады. Сотталған шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқық шектелу көлемi аз болады, тек олар, мысалы, жалпы әскери мiндеттi емес, сайлау құқығымен пайдаланбайды. Шетелдiктерге Қазақстан Республикасында тұру орнын таңдауға және оны ауыстыруға белгiлi шектеулер қойылады.
ған шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының және басқа да ТМД елдерiнiң сотталған азаматтарынан бөлек отырады. Сотталған шетелдiкке жазасын өтеп шықпайынша немесе жазадан босатылмайынша Республикадан кетуге рұқсат етiлмейдi.
ң аз үлгi Ережесiне сәйкес қамаудағы отырған шетелдiк ұсталғандармен айналысқанда өз елiнiң елшiлiк немесе консулдық өкiлдерiмен байланысын мүмкiндiгiне қарай жалғастыруды қамтамасыз ету тиiс.
Қазақстан кейбiр халықаралық-құқықтық шарттарға қосылған жоқ. Соның бiрi — бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жаза өтеуге азаматы болып есептелетiн мемлекетiне беру Конвенциясы. Осы құжатқа сәйкес сотталғандар жазаны өткергенге дейiн кез келген уақытта өзiнiң бастауымен немесе шет мемлекеттiң құзыреттi органдарының сұрауымен және сотталғанның немесе оның туыскандарының өтiнiшi бойынша беруi мүмкiн. Бұл жағдайда үкiмдi қайта қарау үшiн жазаны атқаруға жiберiлген адам сот үкiм шығарған мемлекеттiң құзырлы органына баруға болады.
ғандарды құқықпен қорғау мынадай кепiлдiктер жүйесiмен қамтамасыз етiледi: сотталғандардың ұсыныс, арыз, шағым жiберуге және оны қарау тәртiбi туралы құқығы; мемлекеттiң үкiмет органдарының бақылауы; соттық және мемлекеттiк бақылау; прокурорлық қадағалау; жазаны өтейтiн мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң заңның сақталуын қарайтын қоғамдық бақылау; халықаралық және ұлттық құқық қорғау ұйымдары өкiлдерiнiң осы мекемелерге қатысы. Қазiргi заманда адам құқығы туралы халықаралық нормалар әдiлсот жүргiзу саласында жеке адам құқығының мәртебесiне елеулi түрде әсер етедi. Қазақстанның халықаралық шартты бекiту актi мемлекет үшiн заңдарын өзiне алған мiндеттерiне сәйкестендiрудiң қажеттiлiгiн көрсетедi. Халықаралық құқық бiрте-бiрте жан-жақты болуда, ал оның нормалары мен принциптерi халықаралық бiрлестiктiң барлық мемлекеттерiне мiндеттi.
ңесi министрлер комитетiнiң қабылдаған Еуропадағы түрмелер туралы «Ережесi пенитенциарлы мекемелерiнiң сотталғандарға қатысы бар негiзгi мақсатының бiрi — олардың денсаулығын сақтау мен жеке басының адамгершiлiгiн сезiндiру және жаза атқару мерзiмi кезiнде мүмкiндiгiне қарай жауапкершiлiк сезiмiн ояту және бейiмдiлiгi мен дағдысын дамыту. Бұлар сотталғандардың босатылғаннан кейiн өз бетiмен өмiр сүруiне және занды сақтауға мүмкiндiк бередi.
қыркүйегiндегi Әдiлсоттың негiзгi принциптерi қылмыс құрбаны және билiгiн пайдаланып қиянат жасағандар туралы Декларацияға сәйкес БҰҰ-на мүше мемлекеттерге мiнез-құлық пен әдеп Кодекстерiн, атап айтқанда мемлекет қызметкерлерiне, сондай-ақ түзеу мекемелерiнiң құқық қорғау қызметкерлерiне халықаралық үлгiлердi сақтауға көмектесудi ұсынады.
ң құқықтық жағдайын анықтай отырып, құқық шығармашылығы мен заңға, оның қорытындысы ретiнде өмiрде алдын ала пайда болатын тенденциялармен және құқық реттеудiң қажеттiлiгiмен мемлекет есептесуi тиiс. Құқықты 4 орнату шындыққа негiзделуi тиiстi, қоғамның әлеуметтiк-эко-номикалық және рухани дамуының зандылығы мен қажеттiгiн есепке алуы тиiс, ол тиiстi мен мүмкiндiктiң бiрлiгiн сақтай бiлу деген ойдан туындайды. Дүние жүзi пенитенциарлық мекемелерiнiң көптеген проблемалары ұқсас: ол алдымен құқық бұзушыны қамауға алып күзет қоюдың мақсатына нақты жауаптың болмауы, қоғам жағынан пенитенциарлық мәселелерге түгелдей көңiл қойылмауы, қамауда отырғандарға халықаралық нормалардың сақталынбауы. Қазақстан Республикасы 1992 жылы БҰҰ-ның толық құқықты мүшесi болды, сонымен өзiнiң халықаралық құқық принциптер негiздерiнiң жолын ұстайтындығын дәлелдедi.
ң елдi дүние жүзiнiң 117-ден астам мемлекетi таныды, олардың 105-i мен елшiлiк қатынас орнатылды. 800-ден астам мемлекетаралық және үкiметаралық шарттар мен келiсiмдер жасалды. Егемендi Қазақстан дүние жүзi қоғамдастығының толық құқықты мүшесi, оның ажырамас бөлегi бола отырып, сонымен бiрге БҰҰ-ның халықаралық құқықтық құжаттарының орындалуын бақылауға, алдыменен адам құқын сақтауға, оның iшiнде әдiлсот пен жаза атқару саласында өзiне мiндеттемелер алды. Қазақстан алдында жаңа тәуелсiз мемлекет ретiнде қоғам өмiрiн демократизациялауда қым-қиғаш қиын жолдан өту кезегi тұр. БҰҰ-ның құқықты сот саласындағы халықаралық құқық құжаттарына қосылу және оны бекiту мемлекеттiң қылмыс саясатын жасауда жақсы жол көрсеткiш болады.
Құқығы ең жиi бұзылатындардың бiрi, ол тергеуде жүргендердiң қорғану құқығы. Кейбiр жағдайда тергеуде жүргендерге және ұсталғандарға ұсталған кезiнен бастап адвокат қатысу құқын хабарламайды немесе адвокатты алмауға мәжбүр етедi. Адвокатты қорғалушыларымен кездесу үшiн тек бiр жолға ғана рұқсат берiледi, сондықтан олар тергеу изоляторындағы «клиентiмен» кездесу үшiн кезекте сағаттап тұруға мәжбүр болады. Қорғаушылардың тiлегi жиi-жиi себепсiз қабылданбайды. Мұндай жағдай халықаралық үлгiге, жекелеп айтсақ, 1990 ж. тамызында БҰҰ қылмыстарды алдын ала ескерту туралы 8-конгресiнде қабылданған адвокаттар рөлi жөнiндегi негiзгi ережелерге қайшы келедi. Онда үкiметтiң құзыреттi билiкшiлерi әрбiр адамға оның өз қалауымен қамауға алғанда, ұстағанда немесе түрмеге отырғызғанда, сондай-ақ қылмыс жасаған деп жауаптағанда адвокат көмегiн алуды хабардар етiп, мүмкiндiк туғызуды қамтамасыз етуi тиiс. Ұсталуға ұшыраған, қамауға алынған адамдар адвокатпен жиi кездесуге мүмкiндiк алуы керек, қайткенде де мерзiм 48 сағаттан аспауы тиiс. Ұсталғанға, қамалғанға немесе түрмеге отырғызылғанға керектi жағдай жасалып және адвокатпен кездесу үшiн уақыт белгiленiп, байланыс құралдарымен тоқтаусыз, кедергiсiз, цензурасыз құпиясы толық қамтамасыз етiлуi керек.
1990 ж. қыркүйекте Халықаралық заңгерлер конференциясында қабылданған (ХАЗ) ассоциациясы заң маманының тәуелсiздiгi Үлгiлерiне сай бас бостандығынан айрылған адамдардың iсiн жүргiзгенде адвокаттар тәуелсiздiгiн кепiл етуi керек, оларға еркiн, әдiлеттi және құпия (конфиденциальность) заң көмегiн берудi, соның iшiнде ол адамдарға бару құқығын қамтамасыз етуi тиiс. Кепiлдiк етiп және сақтық шараларын қамтамасыз еткенде билiкшiлермен қандай да болмасын жасырын ымыраласу мүмкiндiгiн болдырмау, заңгердi олардан тәуелдi болудан сақтау және заңгердiң еркiнен айырылғандар мүддесiне қызмет iстеп жүргенiн жасатпау қажет. Адвокат «клиентiмен» қарым-қатынас жасаған уақытында оның құпия-лылығы қамтамасыз етiлуi тиiс. Оған қоса қарапайым және электронды жүйенi, барлық адвокаттық iс жүргiзуiн және адвокат құжаттарын алу мен қарауды қорғау тиiс. Сонымен бiрге электронды байланыс құралы мен хабарласу жүйесiн пайдаланғанда кiрiспеудi қамтамасыз ету керек.
қа да тергеуде жүргендердiң құқығын сақтамаудың ең көшiрiлмейтiнi — ол тергеу жүргiзiп жатқан кезде, әсiресе жауап алу кезiнде зандылық режимiн бұзушылық. Қазақстанда қылмыстык-атқару жүйесiн реформалау Алматыда өткен 1993 ж. «Қазақстандағы қылмыстық-атқару жүйесiнiн реформасы», 1995 ж. «Сот және пенитенциарлық жүйелерiн реформалау кезiндегi адам құқығының Концепциясы» туралы халықаралық конференцияларда талқыланды. Пенитенциарлық жүйенi реформалау үкiмет бекiткен Қазақстан Республикасының 2005 ж. дейiнгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң даму Концепциясын жүзеге асыруды болжайды. Жаңа қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу, Қылмыстық-атқару кодекстерiнде БҰҰ-ның әдiлсот жүргiзу және сотталғандармен айналысу саласындағы Халықаралық актiлерi өзiнiн лайықты орнын табуы керек. Құқықтық мемлекет құру мақсатын қойған Қазақстанда заңға негiзделген ведомстволық актiлердi салыстырмалы түрде өзгертуге болады және олай ету қажеттiлiгi бүгiнгi күн талабынан туындап отыр.
Қазiргi кезде құқық жүйесiндегi қайшылықты жеңiп шығу, iшкi бiртұтас, қарама-қайшылықсыз заң құру өте қажет. Кейбiр жағдайларда заң сотталғандарға негiзсiз тыйым салады да, олардың түгелдей жалпы азаматтық құқын қамтамасыз ете алмайды. Көптеген мәселелер ведомстволық актiлермен реттеледi, ал олар кей кезде занды бұрмалайды. Нормалардың кейбiреуi халықаралық үлгiге сәйкес келмейдi.
Бас бостандығынан айырылғандардың жазаны өтеу жағдайы сотталғандардың әр түрлi категориясына қарай жеткiлiктi дараланған. Түзеу амалы мен постпенитиенциарлы механизмдерi құқық бұзушы адамға дұрыс емес бағытталған. Онда оның тиiстi шамасын, жеке басының өзгешелiгiн адамгершiлiк дәрежесiнiн төмендегенiн, iстеген әрекетiнiң ауырлығын есепке алмайды. Қылмыстық жазаны атқарудын жаңа заңын қабылдау қажеттiк себебi, оны бiздiң елдiң өзiне алған халықаралық құқық мiндеттемелерiне сәйкестендiруге байланысты. Құқықты мемлекеттiң сипаты — ол азаматтардың өмiр сүру кезiнде құқы мен бас бостандығының кепiлдiгi және мызғымастығы, және азамат пен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiктi орнатуы мен қолдану принципi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару зандарына сәйкес сотталғандар тиiстi мәртебеге ие бола алады, оның негiзi субъективтi құқық, заңды мiндеттерi және олардың Қазақстан Республикасы азаматтары үшiн белгiленген занды талаптарымен қоса қылмыстық-атқару зандары, сот үкiмiмен шығатын режим мазмұны қойған шектеулер болып есептеледi. Норманың мазмұнынан (Қазақстан Республикасы ҚАК-нiң 8-бабы) сотталғандардың құқық жағдайын орнатумен бiрге тiкелей де, жанамалы да шектеулер байқалады. Мысалы, Заң нормасы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды Қарулы Күштерде қызмет ету, сайлау, сайланылу, мемлекет аумағында еркiн жүру құқын тiкелей шектейдi. Тiкелей шектеулер сот үкiмiнде қосымша жаза ретiнде көрсетiлуi мүмкiн, яғни тиiстi бiр лауазымды орында жасау немесе белгiлi қызметпен шұғылдану құқынан айыру, арнаулы немесе әскери лауазымнан айыру т. с. с. Тiкелей шектеулер тұрақты қорғау мен бақылау орнату режим ережесiн т. б. бiлдiредi.
ң да үкiмi және жазаны атқару режимi. Сондықтан бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны атқару кезiнде айрықша мiндетiне байланысты, өне бойы тұйық кеңiстiкте тұрады, оны бұзғаны үшiн тәртiп жауапкершiлiгiне тартылады. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-атқару Кодексiнде (ҚАК) Занда бiрiншi рет, қылмыс жазасын атқару, ондағы тәртiбi мен жағдайын, сотталғандардың құқықтық жағдайын реттейтiн жеке тарау берiлген. Сонымен жазаны атқару заңдылығын, сотталғандардың занды талабы мен құқын қамтамасыз етуге көңiл бөлiнген. Қылмыстық-атқару кодексi Қазақстан Республикасы Конституциясын адам мен азамат құқын жалпы танылған халықаралық принциптер мен нормаларды, соның iшiнде қылмыстық жазаны өткерiп жатқандардан құқық айырмашылығына қарай сәйкестендiрiлiп анықтай түседi. Мемлекет сотталғандардың заңды талабы мен бостандық құқын құрметтеп, оны мойындап қана қоймайды және оларды жүзеге асыру мүмкiндiгiне кепiл болады.
құқық әне құқық нормаларымен қамтамасыз етiлген адамның белгiлi бiр кезеңдегi iсiне немесе тиiстi игiлiкке ие болып пайдалануды айтамыз. Субъективтiк деп аталу себебi: оның тек қалай пайдаланатыны субъектiнiң еркiне байланысты. «Бостандық» категориясы заңның «құқық» категориясына барабар. Заңды мiндет — ол құқық нормаларымен алдын ала жазылып қойылған объективтi қажеттiлiгi, құқық қатынас субъектiсiнiң құқықты өкiлеттiк адам тiлегiне лайықты сипаты. Зандылык мiндет белсендi, жағымды әрекет жасауымен қатар, қандай да болмасын әрекеттен тартынуы да мүмкiн. Заңды мүдде түсiнiгi дегенiмiз ңмен белгiленген құқық пен бостандықтың мазмұнын қамтымайтын, бiрақ мемлекет жағынан қорғалуға тиiстi және құқық нормаларымен сақталатын жеке адамның қажеттi талабы.
Қылмыстық-атқару кодексi сотталғандардың негiзгi мiндеттерiн былай белгiлеген:
ғандар осы Кодекспен, өзге де нормативтiк- құқықтық актiлермен және үкiммен белгiленген құқықтық шектеулерден туындайтын талаптарды сақтауға мiндеттi.
2. Сотталғандар өздерiне белгiленген мiнез-құлық ережесiн, жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiктерiнiң заңды талаптарын орындауға мiндеттi.
ғандардың өздерiне жүктелген мiндеттердi, сондай-ақ жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарын орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соқтырады.
ған мiндеттер сотталғандарға жүктелген мiндеттердiң бiр құрамдасы болып есептеледi. Негiзгi мiндеттер деп аталу себебi: олар жаза атқарып жатқандардың жаза түрiне қарамастан барлығына таралады және сотталғандарға қойылатын маңызды талаптарын бекiтедi. Сотталғандар мiндеттерiнiң көпшiлiгi құқық нормаларында бекiтiледi де жазаны өтеу тәртiбiн нақты түрде реттейдi.
Сонымен қатар, әсiресе айта кетерлiк жайт, ол сотталғандар жаза атқаратын мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң кез келген талабын емес, тек зандыларын ғана орындауы тиiс. Яғни алдын ала зандарда негiзделiп жазылған талаптар (Конституцияда, Қылмыстық-атқару кодексiнде, заң күшi бар Президент Жарлықтарында) және заңға негiзделген нормативтiк актiлерде соның iшiнде жазаны өткеру мен атқару тәртiбiне байланысты; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен өкiлдерi; ІІМ бұйрықтары, нұсқаулары, ережелерi, өкiмдерi; Қорғаныс министрлiгi шығаратын сотталған әскери қызметкерлердiң жазаны атқару жағдайлары мен тәртiбi жөнiңдегi норматавтiк актiлер және т. б. Бұл анықтама сотталғандардың құқықтық жағдайын бiлу үшiн маңызы зор, себебi: ол сотталғандарға талап етiлетiн заң өрiсiн шектейдi. Сотталғандар жүктелген мiндеттерiн орындау үшiн оларға әр түрлi заң салаларында белгiленген санкция қолдану мүмкiндiгi кепiл бола алатындығы (мысалы, жаза қолдану шаралары ҚазССР ҚАК-нiң 72-бабында көрсетiлген), жарлық құқықтың қандай саласына жататынына және ол адамның орындамағанына немесе тәртiп бұзғанына байланысты болмақ. Сотталғандардың негiзгi құқықтарына кiретiндер:
ғандардың сот тағайындаған жаза түрiн өтеудiң тәртiбi мен жағдайлары, өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы ақпарат алуға құқығы бар. Ақпаратты жазаны атқарушы мекеме немесе орган бередi.
ғандар жазаны атқарушы мекеменiң немесе органның әкiмшiлiгiне, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардан жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, басқа мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ адам құқығы мен бостандығын қорғау жөнiндегi халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстар, өтiнiштер жасауға, шағымдануға құқылы.
ғандар түсiнiктеме беруге және хат алысуға, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында аталғанындай ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн кез келген басқа тiлде ұсыныстар, өтiнiштер жасауға және шағымдануға, қажет болған жағдайларда аудармашының қызметiн пайдалануға құқылы. Сотталғандарға жауап өтiнiш жасаған тiлiнде қайтарылады. Өтiнiш жасаған тiлде жауап қайтаруға мүмкiндiк болмаған жағдайда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiнде немесе халықаралық қолданыстағы орыс тiлiнде берiледi. Жауапты өтiнiш жасаған тiлге аударуды жазаны атқарушы мекеме немесе орган қамтамасыз етедi.
ғандар адвокаттардың, сондай-ақ осындай көмек беруге уәкiлеттi басқа адамдардың заң көмегiн пайдалануға құқылы.
Сотталғандар әлеуметтiк қамтамасыз етiлуге, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы алуына құқығы бар.
Қамауға немесе бас бостандығынан айыруға сотталғандар өздерiнiң денсаулығын сақтау үшiн қажеттi материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық қамтамасыздандырылу құқығын пайдаланады.
Соттың үкiмi бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарды қоспағанда, сотталғандардың мемлекеттiк органдарды және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
өтеген және сотталуына байланысты атқарып жүрген қызметiнен босатылған адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке орналасуға және тұрмыстық жағынан, әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн алуға құқығы бар.
9. Жазасын өтеп жүрген адамдардың қызметкерлер тарапынан сыпайылық көру құқығы бар. Олар қатаң немесе адамшылық қасиетiн қорлайтындай жағдайға ұшыратылмауға тиiс. Сотталғандарға мәжбүрлеу шараларын заң негiзiнен өзгеше қолдануға болмайды.
Қамауға, бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдiктер өз мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдерiмен және консулдық мекемелерiмен, ал Қазақстан Республикасында дипломатиялық және консулдық мекемелерi жоқ елдердiң азаматтарының мүдделерiн қорғауды өз мойнына алған мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдiктерiмен немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланыс жасауға құқығы бар.
ғандардың құқықтарын iске асыру тәртiбi Қылмыстық-атқару кодексiмен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлермен, Қазақстан Республикасы бекiткен мемлекетаралық шарттармен белгiленедi. Мұнда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексi ережелерiнде Халықаралық-құқықтық актiлер мен үлгiлердiң жазаны атқару саласындағы және сотталғандармен айналысу кезiндегi жарлық-бұйрық пен ұсыныстарын жүзеге асырудың жалпы бағыты бейнеленiледi. Сотталғандардың құқығы көпшiлiк таныған халықаралық құқық принциптерi мен нормаларына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына негiзделгендiктен, оның ұлттық заңдардан артықшылығы сонда болып отыр.
қаралық актiлерге сәйкес қылмыскердi жазалай отырып, оның құқын қаншалықты жаза мақсатына жету үшiн сонша дәрежеде шектеуi тиiс. Сотталғандар соттың айыптау үкiмi занды күшiне енгеннен кейiн де Қазақстан Республикасының азаматы болып қала бередi, соған байланысты олардың түгелдей жеке басының ар-ождан конституциялық Құқы сақталады. Бұл әр адамның ажырамас құқы және оны ешкiм шектей алмайды.
қарушы мекемелерде сотталғандардың жеке басының қауiпсiздiгi сотталғандардың мiнез-құлқын қадағалау, олардың өздерiн, меншiктi заттарын, жайларын, сәлемдемемен алған заттарын тiнту мен тексерулер жүргiзу, жедел — iздестiру жұмысы, сонымен бiрге басқа да аталған ұйымдар әкiмшiлiктерiнiң түрлi әрекеттерiмен қамтамасыз етiледi. Ерекше жағдайларда сотталғандар мен дербес қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн сақтау үшiн түзеу мекемелерiнде төтенше режим жағдайын енгiзуге рұқсат етiледi (резин сойылы, қол кiсен, жуасыту көйлегi, жас ағызатын газ т. с. с).
Жеке бас қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге шара қолданудың заңды негiзi ол сотталғанды шын қорқытып қауiп төндiруiнен пайда болады. Қылмыстық құқықта қорқыту түсiнiгiн сөзбен жеткiзу немесе өзгеше тәсiлмен басқа бiр адамға қарсы ойын бiлдiрудi айтады.
қатар сотталғанға қорқытқаны жөнiнде әр түрлi тәсiлмен ескертiледi, яғни ауызша жеке өзiне, басқа бiр адамдар арқылы, жазбаша, ымдау арқылы, қару көрсету т. с. с. Сотталғанның жеке басына озбырлық жасаумен қатар, қауiп-қатер төндiрудiң негiзi басқа да сотталғандардың, дәрежелi қызметкердiң немесе бөтен бiреудiң заңсыз әрекеттерi болуы әбден мүмкiн. Сотталғанның жеке басына қауiп төнгенiн қылмыстық жазаны атқаратын мекеме әкiмшiлiгiнiң өз бетiмен бiлуi мүмкiн (мысалы, бақылау жедел-iздестiру шараларын жүргiзген кезде).
Сотталғанның жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарасының (формальды негiз) себебi болып сотталғанның жеке басы қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн анықтаған қылмыстық жазаны атқаратын мекеме қызметкерiнiң (ауызша немесе жазбаша) өтiнiшi есептеледi.
ғанды қауiпсiз жерге ауыстыру мiндетi қылмыстық жазаны атқаратын мекеме бастығына жүктеледi (мысалы, айып қапасына, карцерге т. с. с. немесе жеке басына қауiп тудырмайтын шаралар қолданылады).
Көрсетiлген негiзде белгiлi бiр себептермен сотталғанды қауiпсiз жерге ауыстыру жаза болып есептелмейдi. Мұндай сотталғандардың жолығуға, тағам және қажеттi бұйымдар, сәлемдеме, тамақ, заттар алуға т. б. құқы сақталады. Сотталғанның қауiпсiз жерде қанша болатындығы заңда көрсетiлмеген.
Сотталғанның қауiпсiз жерде болуын тоқтатудың негiзi — оның жеке басына төнген қауiптi жағдайдың жойылуына байланысты.
3. Қылмыстық-атқару кодексi сотталғандарға ар-ождан бостандығы мен дiн ұстану бостандығына кепiлдiк бередi. Ар-ождан еркiндiгiнiң жеке бастың демократиялық еркiндiгiне қатысы бар. Ол қоғамдағы жеке адам жағдайын белгiлейдi және ол саяси, құқықтық нормаларда бекiтiлген. Дiни сенiм бостандығы Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес негiзгi адам құқығының бiрi болып танылады. Азаматтардың тендiгi туралы соның iшiнде дiни тұрғыдағы Конституция нормасын бұзу, яғни дiни ұйымдардың қызметiне немесе дiни ырымдарды жасауына заңсыз кесел келтiру қылмыс болып есептеледi және Қылмыстық заңмен жазаланады. Сонымен бiрге қылмыстық және әкiмшiлiк жауапкершiлiктi жоққа шығармаумен қатар, Қылмыстық-атқару заңы сотталғандардың iшкi ереже тәртiбiн бұзғандарына, дiни ырымдарды сақтауда тәртiптiк жауапкершiлiк шарасын қолдану мүмкiндiгiн де қарастырған. Сотталғандар құқы мен занды талаптары бұзылғаны жөнiнде ұсыныс, арыз, шағым жiбере алады. Сотталғандар кез келген мемлекеттiк немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына әр түрлi мәселелер, соның iшiнде олардың субъективтi құқы мен заңды талаптарына байланысты болмаса да, арыз немесе ұсыныс жiберуге хақы бар.
ң жазаны атқару мен өтеуге байланысты емес арызы мен ұсыныстары тиiстi хабардар органдарға жiберiледi. Ұсыныстар тек қана қосымша тексеру керек етпейтiн болса бiр ай мерзiм iшiнде қаралады, ал ол жөнiнде ұсыныс жасаған адамға хабар етiледi. Арыз да бiр ай iшiнде қаралуы тиiс, ал ол тексерудi керек етпесе, онда кiдiртпей, арыз түскен уақыттан бастап 15 күннен кешiктiрмей жауап беруi керек.
Шағымның ұсыныс пен арыздан айырмашылығы — оны сотталғандар құқығы мен заңды талаптары бұзылғанда бередi. Шағымды жазаны атқарып жатқан мекеме мен органның әкiмшiлiгiне, немесе қарауға құқығы бар басқа да органдарға жiбере алады. Ол ауызша да, жазбаша да айтылуы мүмкiн. Жалпы шағым, арыз т. б. жазаны атқарып жатқан мекемелер мен органдардың әкiмшiлiгiне жiберiлгендер белгiленген мерзiм iшiнде қаралып, қорытындысы немесе шешiмi сотталғанға мәлiм етiледi. Сотталғандардың сотқа, прокурорға немесе жазаны атқарып жатқан мекеме мен орган қызметiн бақылауға хақы бар мемлекеттiк органға жiберiлген шағымды қарауға рұқсат етiлмейдi және бiр тәулiктен кешiктiрiлмей (мейрам және демалыс күндерi кiрмейдi) тиiстi бағытталған жерге жiберiлуi керек. Сотталғандардың жалпы немесе арнаулы өз мiндеттерiн нақтылы, дәл және сөзсiз орындауы оларды тәрбиелеудiң қажеттi де алғашқы кезектегi шарты. Занды сыйлауға дағдыландыру әдетте тәртiптiк және өзiн ұстай бiлуге үйрету, тек қатал талап қойып және құқықтық талаптан шегiнуден шығатын, жазаны атқару, яғни өтеудегi белгiленген режимдi сақтамағаны үшiн жаза қолданып отырудан пайда бо-лады. Сотталған режимдi бұзғаны үшiн оған тәртiптiк, материалдық немесе қылмыстық жауапкершiлiк шаралары қолданылуы мүмкiн. Жауапкершiлiктiң нақты түрi құқық бұзудың мазмұнына оның қоғамға қауiптiлiгiне байланысты.
Сотталғанның iс әрекетiнде тиiстi бiр құқық бұзудың құрамы болса немесе жауапкер iс-қимылымен нақты құқық нормасында көрсеткендi (қасақаналықпен болмаса абайсызда) бұзған болса сонда ғана жауап беру басталады. Тыйым салынғанды бұзғаны үшiн, яғни белгiленген ұстау режимiнiң мiндеттерiн орындаудан бұлтарғаны немесе әдейi мiндеттерiн орындамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiк басталады. Жалпы мiндеттерiн соның iшiнде, тек қылмыстық атқару құқық қатынастарының субъектiсi ретiнде тәртiп бұзбауды орындамағаны үшiн де тәртiптiк жауапкершiлiк басталады.
әртiптiк жауапкершiлiк тек құқық нормаларына негiзделген талаптарды ғана орындамағаны үшiн болады. Туысқандарымен хат жазысып тұрудан бас тартқаны үшiн т. с. с. тәртiптiк жауапкершiлiкке тартуға болмайды. Тәртiптiк жазаны қолдануды оған құқығы бар түзеу мекемелерiнiң лауазымды адамдарына ғана рұқсат етедi (мекеме бастығына, оның орынбасарларына, жасақ бастығына т. с. с.) Ал жаза қолдану шаралары, тек қылмыстық-атқару құқығы нормаларында көрсетiлгендегiдей болуы тиiс.
Материалдық жауапкершiлiктiң тәртiптiктен айырмашылығы — ол сотталғандар өздерiнiң заңға қарсы әрекеттерiмен мемлекеттiң мүлкiне зиян келтiргенi үшiн ғана басталады. Келтiрiлген материалдық зиян мөлшерi соттың, шешiмiмен түгелдей немесе жарым-жартылай өндiрiледi.
қылмыстық-атқару заңы (егер де шығын еңбек-шарттың мiндетiн атқару кезiнде немесе басқа да азаматтық-құқық бұзылған әрекетке жататын болса) шығынды төлеудiң әкiмшiлiк түрiн белгiлейдi. Шығынды өндiрiп алу, түзеу мекемесi бастығының дәлелдi қаулысымен iстеледi, бұлардың барлығы жауапкерге таныстырылып және ол оған қол қояды. Бұл қаулы туралы жауапкер жоғары бастыққа шағым етуге хақы бар, бiрақ ол зиянды өндiрiп алу қаулысының орындалуын тоқтатпайды.
Қаулы бұзылғаннан кейiн егер де сотталғанның зиян көлемi еңбек ақысынан заңсыз ұсталған болса, оның дербес шотына жазылып, қайтарылады. Материалдық жауапкершiлiктегi iстеген шығын, тек қана табыс салығын, тамақ, киiм, аяқ киiм бағасын және үкiм қағазы сомасын төлегеннен кейiн қайтарылады. Егер де сотталған босатылып шығатын кезiнде материалдық шығыны өтелмей қалса, онда түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi сотқа жалпы талап ретiнде беруге хақы бар. Бұл жағдайда соттың шешiмiмен, заңда белгiленген тәртiппен материалдық шығын төлетiп алынылады. Сотталғандардың iшiнде жазаны атқару кезiнде, тағы да қылмыс жасап қылмыстық жауапқа тартылатын жағдай тәжiрибеде жиi кездесiп тұрады. Жауапкершiлiктiң мұндай дәрежесi тек қана қылмыстың ауырлығынан, жауапкердiң жеке басынан емес және тағы басқа жауапты жеңiлдететiн немесе ауырлататын жағдайларға байланысты болып келедi. Сот жаза тағайындағанда қылмыстың бұрынғы қылмыстық жазаны атқару кезiнде iстелгенiн еске алуы тиiс. Бұл — жауапкершiлiктi ауырлататын жағдай, сондықтан еске алынып жаза қолданғанда бұрынғы жазаның жиынтығымен үкiм шығарады. Ал сот үкiмi жана қолданған жазаға түгелдей немесе жарым-жартылай бұрынғы жазаның өтелмеген бөлiгiн қосады. Жаңа iстеген қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адам бұрынғыдан қатал режимдi колонияға немесе түрмеге жiберiледi.
ң жаза атқару жүйесi.
қаратын мемлекет органдары мен мекемелерiнiң түрлерi және мiндеттерi.
қарушы мекемелер мен органдардың соттармен және басқа да қылмыспен күрес жүргiзетiн мемлекеттiк органдармен өзара көмек әрекеттестiгi.
1. ң елде қылмыспен күресудi болжау арнайы профилактика жұмысын ұйымдастыруды, алдын ала қылмысты ескерту және оны iстеуге мүмкiндiк беретiн себептерi мен жағдайын белгiлеудi, сонымен қатар жасалған қылмысты тергеу және сотта қарау, жазаны белгiлеу мен орындауды талап етедi. Көрсетiлген қылмыспен күресудiң арнайы шараларының барлық жиынтығын iске асыру мемлекет органдарына жүктелген. Қылмыстық iс жүргiзу зандарымен үкiмдi атқару, онымен айналысу үкiм шығаратын сотқа жүктелген. Үкiмдi орындау туралы жарлықты сот немесе сот төрағасы үкiмнiң көшiрмесiмен қоса үкiм орындау мiндеттелген органға жiбередi. Ол орган үкiмнiң орындалғаны туралы сол сотқа дереу хабарлайды.
үшiн мемлекет тиiстi жазаны атқаратын арнайы мекемелер мен органдар құрады, сондай-ақ жазаны атқару басқа бiр жеке органдарға өзге де мiндеттермен бiрге жүктеледi.
өтеудi басқаратын түзеу мекемелерi мен органдарының негiзгi мiндеттерi мыналар:
ң немесе әскери соттың үкiмiмен белгiленген тиiстi қылмыстық жазаны лайықты түрде атқару.
Сотталғандарды занды нақтылы орындау және қоғамдық тұрмыс ережесiн сыйлау рухында түзету мен тәрбиелеу.
3. Сотталғандардың өздерiнiң жаңа қылмыс жасамауын ескерту (арнайы немесе жеке ескерту).
қа адамдардың жаңадан қылмыс жасамауын ескерту (жалпы ескерту).
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 2-бабында былай делiнген: «… қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады. Қылмыстық-атқару заңдарының мiндетi жазаларды өтеудiң тәртiбi мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу амалдарын анықтау, олардың құқықтарын, бостандығы мен занды мүдделерiн қорғау, оларға әлеуметтiк бейiмделуге көмек көрсету болып саналады».
үзеу шараларымен әсер етуге байланысты соттың жиiрек тағайындайтын жазасы — ол бас бостандығынан айыру болып есептеледi. Осы жағдайды ескере отырып, бұл қылмысты орындайтын мекемелердiң ұйымдастыру құрылымын толығырақ қарау қажет сияқты. Түзеу мекемелерiн арнайы бас бостанды-ғынан айыру жазасын орындату үшiн мемлекет құрады. Түзеу мекемелерi ұйымдастыру жағынан дербес болады және оның заңдық тұлғалық құқығы бар да басқадай функциясы жоқ болып келедi. Бас бостандығынан айырудың маңызы — ол сотталғанды соттың үкiмiмен белгiленген мерзiмге түзеу мекемесiне орналасуға мәжбүр ету, сонымен оны қоғамнан бөлектеу.
«Қамауда ұстау орны» мен «түзеу мекемесi» түсiнiктерiн айыра бiлген жөн. Қамауда ұстау орнына: тергеу қапасы (ТҚ), уақытша ұстау қапасы (УҰҚ), әскери абақтылар кiредi. Түзеу мекемелерiнiң басқа қамауда ұстау орындарынан айырмашылығы — бұларда сот үкiмiнiң занды күшiне енгендер немесе тек қана бас бостандығынан айыруға сотталғандар ғана отырады. Тергеу қапасында, уақытша ұстау қапалары мен абақтыда сотталғанға немесе үкiм занды күшiне енгенге дейiн күдiктiлер мен айыптылар отырады, ал уақытша ұстау қапасы мен абақтыда оған қоса әкiмшiлiк және тәртiптiк реттерiнде қамағандар отырады.
Сотталғандардың әр түрлi дәрежесi болатындықтан және оларды бiр-бiрiнен бөлек ұстау тиiстiлiгiнен, мемлекет әр түрлi түзеу мекемелерiн құрған. Қазiргi күшi бар заң сотталғандардың жасына қарай түзеу мекемелерiн екi топқа айырады: а) ересектер үшiн (18 жасқа толғандар); ә) кәмелетке толмағандар үшiн (14-тен 18 жасқа дейiнгiлер).
Түзеу мекемелерiнiң ересектер үшiн бiрнеше түрi болады. Олар жазасын өтеу жөнiне, жағдайына (ұстау режимiне), қоғамнан бөлу, оларда отырған адамдардың қауiптiлiк деңгейiне байланысты ұсталатындар: қоныстану колониясы, жалпы. қатаң және ерекше режимдегi колониялар болады. Кәмелетке жатпағандар үшiн екi түрлi тәрбиелеу колониялары бар: а) жалпы режимдi тәрбиелеу колониясы; ә) режимi күшейтiлген тәрбиелеу колониясы (тек қана ер адамдар үшiн).
әрбiр сотталғанға жынысына, жасына, жасаған қылмысының ауырлығына, бұрынғы бас бостандығынан айыруға қанша рет сотталғанына және басқа да оның жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн немесе ауырлататын жағдайларға байланысты түзеу мекемесiнiң түрiн белгiлейдi. Сотталған ауруларды емдеу үшiн арнайы емдеу мекемелерi ашылған, олар жынысына, жасына қарай бөлек-бөлек орналасқан. Тергеу қапастарында шаруашылық қызметi үшiн сотталғандар қалдырылуы мүмкiн.
Жазалаудың мақсатына жету үшiн түзеу мекемелерiнiң алдына нақтылы мiндет қойылып олар негiзгi түзеу мен тәрбиелеу амалдарының көмегiмен iске асырылады. Ол жазаны атқару (өткеру) режимiң орындау, қоғамдық пайдалы еңбек ету, сотталғандармен жүргiзiлетiн тәрбие жұмысы, жалпы бiлiм мен техникалық мамандыққа оқыту. Жоғарыда айтылған түзеу мекемелерiнiң барлық түрлерi сайып келгенде Қазақстан Республикасының ПМ-нiң қарауына кiретiн қылмыстық-атқару жүйесiн құрайды. Әрбiр облыстағы облыстық түзеу мекемелерiң басқару үшiн түзеу мекемелерiнiң саны мен он-дағы сотталғандардың санына байланысты облыстық iшкi iстер басқармасына қарайтын (ОІІБ) қылмыстық-атқару жүйесiнiң бөлiмдерi немесе басқармасы құрылады. Елдiң барлық мекемелерiн жалпы басқаруды Қазақстан Республикасы ІІМ-нiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң Департаментi жүргiзедi. Департаменттiң қызметiн дұрыс бағыттап-басқару министрдiң орынбасарларының бiрiне жүктеледi. Қылмыстық-атқару кодексiне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесiнде құрылымдық өзгерiстер жүргiзiлуде. Мысалы, режимi күшейтiлген түзеу колониялары, қасақана қылмыс iстегендерге арналған қоныстандыру колониялары таратылды. Сонымен қатар ерекше режимдi түзеу колонияларында өмiр бойы бостандығынан айыру түрiндегi жазаны атқару үшiн жағдай жасалады.
2. Қылмыспен күрес жүргiзетiн мемлекеттiң барлық құқық қорғау органдарының қызметi өзара байланысты. Бұл өзара байланыс жалпы мақсатқа, яғни бiздiң елде қылмыспен күресуге бағытталған.
қарушы түзеу мекемелерiнен басқа да органдардың алдына қойылған мiндеттердi тиiмдi орындауы үшiн тергеу, сот, прокуратура, милиция органдарымен белсендi қызмет iстеуi тиiс. Осы мемлекеттiк органдардың әрбiреуiмен өзара көмектесе әрекет жасау сипатының өзiндiк ерекшелiгi де бар. Ол қылмыспен күресу кезеңiнiң ерекшелiктерi мен себептерiнен, мемлекеттiк органның қылмыспен күресудегi орны мен рөлiнiң өзгешелiгiмен себепшi болады, көрсетiлген органдардың әрекет ету жағдайларына және тағы басқалармен белгiленедi.
қарушы мекемелер мен органдардың тергеу органдарымен әрекеттестiгi.
Өздерiнiң күнделiктi жұмыс әрекеттерiнде анықтау және тергеу органдары, жазаны атқарушы түзеу мекемелерi мен органдары алдына қойылған мақсатты тиiмдi шешу үшiн өзара бiрлесе белсендi әрекеттеседi. Тергеу органдары қылмысты ашып, қылмыскердi әшкерелеумен қатар қылмыс жасауына мүмкiндiк болған себептер мен жағдайларын анықтауы тиiс, сонымен бiрге ондай себептер мен жағдайларды болдырмаудың тиiмдi шараларын қолданулары керек. Мұның жазаны өтеп жүргендер мен өтеп кеткендердiң ендi қылмыс iстемеулерiн ескерту үшiн маңызы зор. Тергеушi өзiнiң iс әрекетi кезiнде жазаны атқарудағы тапқан кемшiлiктерiн мекеменiң әкiмшiлiгiне оларды жою жөнiнде ұсыныс енгiзедi. Бұл ұсы-ныстар жазаны атқарушы органдардың қызметiн жақсартуға бағытталған.
Бұдан басқа тергеу органдары жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiне сотталғандардың жеке басын, олардың мiнез-құлқын анықтайтын мағлұматтар арқылы тексеруге көмектеседi.
Сонымен қатар түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi тергеушi органдарға бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазаны атқарған айыпталушының жеке басын тексеруге және қамауға алынғанға дейiнгi iстеген, бiрақ қылмыстық жазаға тартылмаған қылмысын ашуға көмек көрсете алуы мүмкiн.
қарушы органдар мен мекемелердiң соттармен өзара әрекеттестiгi.
ғынан айыру түрiндегi жазаны белгiлей отырып, оның тез орындалуы мен шектелмейдi, ол оған қоса сотталғандардың отыратын түзеу мекемесiнiң түрiн, жазаны өтеудiң режим түрiн белгiлейдi. Сонымен, сот жазаны даралай отырып, сотталғанның бас бостандығынан айыру орындарын-да оның атқаруында даралау үшiн алдын ала тиiстi жағдай туғызады.
Бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеп жатқан немесе өтеп кеткен адамды айыптайтын қылмыстық iстi қарау барысында, сот бұл адамның жаңадан қылмыс жасауының себептерi мен жағдайын анықтауы немесе мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатуға негiзсiз ұсынудың шындығын ашуы мүмкiн. Сот дәл осындай, сондай-ақ басқа да жағдайлар жөнiнде оларды жою мақсатында орган бастықтарына арналған жеке ұйғарым шығаруға тиiстi.
Соттар үкiмдi өткеру процесiнде жаза түрiнiң өзгеруiне, сотталғанға түзеу мекемесi түрiнiң өзгеруiне т. б. бақылау жүргiзедi.
ңға байланысты тек сот жазаны атқарып жүрген сотталғандардың үкiмiн өзгертуге шешiм қабылдай алады.
үзеу мекемелерi, сондай-ақ басқа да қылмыстық жазаны атқарушы органдар өзара әрекеттесе отырып, қылмыстық жазаның мақсатына тиiмдi жету үшiн жағдай жасайды.
қарушы органдар мен мекемелердiң, түзеу ықпалының қорытындысын баянды ету үшiн полиция аппараттарымен
өзара әрекеттестiгi.
Қайталанба қылмыспен күресудегi ең маңызды бағыттың бiрi — ол бас бостандығынан айыру органдарынан босатылғандар жағынан жаңадан қылмыс болмауын ескерту. Бұл жағдай бас бостандығынан айыру орындарынан босаған сотталғандардың кейбiреулерi өздерiнiң қылмыскерлiк көзқарасы мен ниетiнен бас тартпайтындығына негiзделген. Бас бостандығынан айыру органдарынан босап шыққандарға түзеу әсерiнiн жағымды қорытындысын бекiтудi жалғастыру мақсатында заңмен белгiленген жағдайда оларға әкiмшiлiк бақылау қойылуы мүмкiн. Оларды қызметке орналастыру мен тұрмыстық жағдайларын түзеу шаралары жүргiзiледi.
ңбекке орналастыру мен тұрмыс жөнiндегi аға инспектор сотталғандарды босатудан 3 ай бұрын жергiлiктi полиция органдарына түзеу мекемесi босататындар туралы хаттама арқылы мiнездеме жiбередi; онда тағы да қылмыс жасамауын алдын ала ескерту үшiн жазаны өтеп жатқан кездегi тәртiбi, мiнез-құлық өзгешелiктерi мен т. б. ерекшелiктерi жазылады.
үзеу мекемелерi әкiмшiлiгiнiң және басқа да жазаны атқарушы органдардың полиция аппаратымен өзара тығыз әрекеттестiгi түзетудiң ықпалын баянды етуге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар жағынан қылмыс болдырмаудын алдын алуға маңызы зор.
үзеу мекемелерi мен басқа да қылмыстық жазаны атқарушы органдар өздерiнiн күнделiктi қызметiнде жазаны атқаруды заңдылықты сақтауды бақылап отыратын прокуратура органдарымен әрдайым өзара байланыста болады. Бұл функцияны орындай отырып, прокуратура органдары қылмыспен күрес жүргiзетiн басқа да органдардың жұмысын үйлестiрiп отырады, ал ол өз кезегiнде органдардың жұмысындағы кемшiлiктерi мен олқылықтарын тауып және оларды жойып, болдырмауын талап етедi.
ң қызметкерлерi.
қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы, оларға қойылатын талаптар мен оларды әлеуметтiк қорғау.
қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
қарушы мекемелер мен органдардың қызметiне бақылау жасау.
1. Қазақстан Республикасының iшкi iстер оргаңдары қызметкерлерiнiң құқық жағдайлары қорғалуына (олардың қатарына жазаны орындау мекемелерi мен органдарының қызметкерлерi, Қазақстан Республикасы ІІМ iшкi әскерiнiң әскери қызметкерлерi кiредi) Қазақстан Республикасының Конституциясы кепiлдiк етедi және олар 1993 ж. 15 шiлдедегi «Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары туралы», 1992 ж. 23 маусымдағы «Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi туралы» Қазақстан Республикасы заңдарымен, қылмыстық-атқару заңдарымен, ЕТМ-нiң iшкi тәртiп Ережелерiмен, сондай-ақ жекелеген еңбек заңдарымен белгiленген.
Ішкi iстер органдарының қызметкерi Үкiметтiң өкiлi болып есептеледi. Ол мемлекеттiң қорғауында болады және қызмет бабы кезiнде дербес құқыққа ие болады. Ішкi iстер органдарының азаматтарға, лауазымды адамдарға солардың iшiнде сотталғандарға қойған заңды талаптары мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
Сонымен, iшкi iстер органдары қызметкерлерiне, оның iшiнде қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының қызметкерлерiне заңмен үлкен өкiлдiк беру, ол жазаны атқартып жүрген мекемелер мен органдардың алдында тұрған қылмыспен күресу саласындағы мiндеттердi орындауды қам-тамасыз етуге шақырылады.
Қылмыстық жазаның алдында тұрған мақсатқа жету, көбiнесе жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерi әрекетiнiң тиiмдiлiгiмен белгiленедi.
қаратын мекемелер мен органдар қызметкерлерi құрамына кiретiндер: түзеу мекемелерi қызметкерлерiнiң, қатардағы және басқарушы құрамы, ІІО-ның түзету жұмысы инспекциясының қызметкерлерi, полицияның кейбiр қызметкерлерi, Қазақстан Республикасы ІІМ-нiң iшкi әскерлерiнiң түзеу мекемесiн күзететiн және бақылайтын әскери қызметкерлерi, түзеу мекемесiнiң ерiктi жалдамалы жұмысшылары мен қызметшiлерi.
қаратын мекемелер мен органдар қызметкерлерiнiң құқық жағдайы — қылмыстық жазаны атқару кезiндегi жүктелген функциясын орындауда оның өкiлдерiнiң құқығы мен мiндеттерiнiң жиынтығын құрайды.
Қызметкерлердiң құқықтық жағдайы көптеген экономикалық-әлеуметтiк, саяси тағы басқа да факторларға байланысты. Осы факторлардың iшiндегi маңыздылары, ол жаза атқарудың мақсаты — қылмыстық-атқару зандарының мiндеттерi және осыған сәйкес қылмыс жазасын атқарту мекемелерi мен орган-дарының функциялары мен мiндеттерi.
қарушы мекемелер мен органдардың қызметкерлерiне құқықтар мен мiндеттер жүктеу — ол қылмыстық атқарту жүйесi органдарының алдына қойылған мақсаттарды қамтамасыз ету.
Қызметкерлердiң құқықтық жағдайы әр түрлi болуы мүмкiн. Ол жазаны өтететiн түзеу мекемелерiнiң, органдарының түрiне, жаза өтеу мен шешетiн мәселелерiне байланысты. Сотталғандардың құқықтық мәртебесi өзгерген сайын қызметкерлердiң де құқық жағдайы өзгерiп отырады. Мысалы, түзеу жұмыстары инспекциясы қызметкерлерiне қарағанда, түзеу мекемелерi қызметкерлерiнiң өкiлдiк құқығы әлдеқайда кеңiрек болады.
үзеу мекемесiнiң қызметкерлерi шешетiн мәселелерiне, орындайтын мiндеттерiне қарай үш дәрежеге бөлiнедi. Бiрiншiсiне — арнайы лауазымды қатардағы және басқарушы құрамдағы түзеу мекемесiнiң қызметкерлерi кiредi. Екiншiсiне — түзеу мекемесiн күзететiн және сотталғандарды бақылайтын әскери қызметкерлер. Мекеме алдына қойылған жазаны өтеу режимiн сақтау, сотталғандарды еңбекке тарту, күзету, сот-талғандарды бақылау және түзеу мекемесiнiң қауiпсiздiгiн сақтау салаларындағы негiзгi қызметтi қамтамасыз ету аттестациядан өткен қызметкерлерге жүктелген. Мысалы, түзеу мекемесi қызметкерлерi жазаны өтеу режимiн сақтауды қамтамасыз ету үшiн сотталғандардан және басқа да адамдардан (сотталғандармен бiрге жұмыс iстеп жүрген жұмысшылардан, қызметкерлерден, түзеу мекемесiне келiп кететiн адамдардан) түзеу мекемесiне қылмыстық-атқару заңдарымен белгiленген мiңдеттерiн орындауды талап етуге хақы бар. Мұңдай талаптарға: сотталғаңдардың кейбiреулерiнiң бөлектеу ережесiн сақтауы жолықтыруды өткiзу, хаттасуды, сотталғандардың өзара және түзеу мекемесi қызметкерлерiмен қарым-қатынасын реттеудi жатқызуға болады. Режимдi бұза қалса сотталғандарға жазалау шарасы қолданылуы мүмкiн.
үзеу мекемесi қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайының (Қазақстан Республикасы ІІМ iшкi әскерлерiнiң әскери қызметкерлердi сотталғандарды күзетуде, қашуды ескертуде және үзiп тастауда, бас бостандығынан айыру орындарында басқа да қылмыстарды болдырмауда маңызы зор. Сонымен бiрге түзеу мекемесi объектiлерiн қорғау және олардың материалдық дүниелерiн, сотталғандарға рұқсат етiлмеген құралдар мен заттардың өтiп кетуiн болдырмау, қашып кеткен сотталғандарды iздеу т. с. с. қамтамасыз ету мiндеттелген. Көрсетiлген мiндеттердi орындау үшiн түзеу мекемесiнiң қызметкерлерiне, әскери қызметкерлерге сотталғандардың жатқан жерлерiн, жеке заттарын, өздерiн тiнтуге, көлiктердi және түзеу мекемесiне кiрiп-шығатындарды немесе режим та-лаптары қойылған аумақтарда жүргендердi тексеруге рұқсат берiлген. Қашып кеткен сотталғандарды, сондай-ақ жазаны өтеуден бұлтарып жүргендердi ұстау үшiн түзеу мекемесi қызметкерлерi мен ІІМ iшкi әскер әскери қызметкерлерiнен тұратын iздестiру топтары құрылады, олар жергiлiктi қылмыстық iс және мунипуципиалды полиция органдарымен бiрлесе отырып операция жүргiзедi. Қашып кеткен сотталғаңдарды iздестiру кезiнде түзеу мекемесi қызметкерлерi қоғамдық ақпарат құралдарының, яғни газет, радио, теледидар мүмкiндiктерiн пайдалануға құқы бар. Олардан қашыққа қашқан қылмыскер, олардың белгiлерi, мүмкiн болатын жерлерi туралы және оларды ұстауға көмектесудi хабарлайды.
Түзеу мекемесi мен тергеу қаласының бастықтары анықтау органдары қызметiнiң уәкiлеттiлiгiн орындайды. Түзеу мекемесi бастығына, оның қарауындағы қызметкерлерге құзырлығы шегiнде тиiстi жедел-iздестiру және басқа да қылмыстық iс жүргiзу заңында белгiленгендей, қылмысты және оны жасаған адамды табу мақсатында шара қолдану мiндетi жүктеледi.
қылмыстың белгiсi бар болса алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi, онда анықтау органдары қылмыстық iс қозғалады және қылмыстық iс жүргiзу заңының ережелерiн басшылыққа ала отырып, жедел тергеу қимылдарын жүргiзедi, оны анықтау және қылмыстың iзiн сақтап қалу үшiн: қарайды, тiнтидi, заттарын алады да оған тиюге тыйым салады, куәландырады, күдiктi ұстайды, одан жауап алады, жәбiрленушi мен айғақтардан жауап алады, керек болса экспертиза тағайындайды.
Қылмыстың табылғаны, анықтау басталғаны және оның аяқталғаны жөнiнде түзеу мекемелерiнiң бастығы прокурорға хабарлауға мiндеттi. Түзеу мекемелерi қызметкерлерiнiң тәуелсiз құзырлығының құқы мен мiндеттерi тәрбие жұмысын жүргiзу керектiгiнен, жалпы бiлiм беруден, мамандыққа — техникаға дайындаудан туындайды. Түзеу мекемелерiнiң жалдамалы ерiктi жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы еңбек, қылмыстық-атқару заңдарымен белгiленген. Түзеу мекемесiнiң қызметi ерекше болғандықтан жұмысшылар мен қызметшiлерге қосымша мiндеттер жүктеледi, оларға кiретiндер — сотталғандармен жұмысына қатысы жоқ қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Сотталғандарға тағам, азық-түлiк, ақша, хат, спирттiк iшiмдiктер, заттар, басқадай бұйымдар беруге рұқсат етiлмейдi. Егер де бұл талаптар бұзыла қалса түзеу мекемелерi әкiмшiлiгi ондай адамдардың сотталғандар жұмыс iстейтiн объектiге кiруiн тоқтатады және ондай адамдарды жауапқа тарту мәселесiн шешуге хақы бар. Сонымен қатар жалдамалы ерiктiлер құрамы сотталғандармен бiр жыныстас болуы тиiс.
Жазаны қоғамнан бөлектемей атқаратындарды бақылайтын орган қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайының қылмыстық түрiне қарай өзгешелiгi бар. Бас бостандығынан айырмай еңбекпен түзеу инспекциясы қызметкерлерiнiң айрықша мiндеттерi қылмыстық-атқару зандарымен реттеледi.
Жазаны орыңдайтын мекемелер мен органдардың қызметкерлерiне тиiстi талаптар қойылады. Олар едәуiр әр түрлi және лауазымына, жұмысына тән орындайтын функциясының ерекшелiгiне байланысты. Оларға қойылған талаптар, қызмет iстеу тәртiбi мен жағдайы, әлеуметтiк-құқықтық, қорғау шаралары: «Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасы министрлер кабинетi бекiткен Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарында жұмыс iстеудiң тәртiбi мен жағдайлары туралы Ережемен, сонымен бiрге қылмыстық-атқару заңдарымен және заңға негiзделген нормативтiк актiлермен белгiленген. Айтылып отырған қызметкерлерге жалпы талап сотталғандармен айналысудың Ең аз үлгi Ережесiнде баяндалған: «Қамау орнындағы барлық қызметкерлер әр уақытта ұстамды болуы және өз мiндеттерiн орындағанда қамаудағыларға үлгi көрсетiп қадiрлi болуы тиiс».
Түзеу мекемелерi қызметкерлерiне қойылатын талаптар мен орындайтын қызметiне байланысты олардың өзгешелiктерi болады. Сондықтан түзеу мекемелерi қызметкерлерi арасындағы жеке топтарды бөлiп айтуға болады: оперативтiк-режимдiк, тәрбиелеушi, өндiрiстiк-техникалық, медицина-са-нитарлық және тағы баска да қызметкерлер. Осыған сәйкес қызметкерлерге қойылатын талаптар да әр түрлi, оның кәсiпқойлылығына, жеке басының қадiрлiлiгiне, әлеуметтiк-демографиялық көрсеткiштерiне байланысты. Бiрақ әр түрлiлiгiне қарамастан, қылмыстық жазаны атқару процесiнде және сотталғандарға тәрбиелiк ықпалын тигiзуде оларға жүктелетiн жалпы талаптарды ерекше айтуымыз керек.
үзеу мекемелерi қызметкерлерiнiң бiлiм дәрежесiне ерекше талап қойылады. Олардың айырмашылығы — лауазымына, атқаратын қызметiне байланысты. Мысалы, түзеу мекемелерi қызметкерлерiнiң көпшiлiгi жоғарғы және арнайы орта бiлiмдi болулары керек, себебi қылмыстық-атқару зандарын қолдану, сотталғандарға психологиялық-педагогикалық ықпалын жүргiзу үшiн ғылымның осындай жақтарының да бiлiмдi болуын талап етедi. Оперативтiк-режимдiк бөлiмшелерде iстейтiн түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерi, әдетте заң ғылымы салаларын терең меңгерген, ал жасақ бастықтары — педагогика-лық (арнайы) бiлiмi бар заң қызметкерi болулары керек.
үзеу мекемесi қызметкерлерiнiң кәсiби мамандық сапасы қылмыстық-атқару жүйесiнiң алдында тұрған мiндеттердiң күрделiлiгiмен сондай-ақ алғашқы кезенде сотталғандарды түзеумен анықталады. Түзеу мекемесi қызметкерлерi қызмет iстегенде құқықтық дәрежесi шектелген сотталғандармен араласатынын еске алу керек. Осыған байланысты заң қызметкерлерден Қазақстан Республикасының заңдарын, әсiресе қыл-мыстық жазаны орындау тәртiбi мен жағдайын сөзсiз сақтауды талап етедi. Бұл талаптар Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарынан шығады. Сол себептi түзеу мекемелерi мен органдарының барлық әрекетi, iс қимылы, сот үкiмiн орындауға және занды қатал сақтауға бағытталған болуы керек. Осы мекемелер мен органдардың лауазымды адамдары өз әрекетiнде зандылықты қамтамасыз етуге жауап бередi.
Түзеу мекемесiнде сотталғандармен жұмыс iстеу қызметкерлерден iшкi-сыртқы сезiм күштерiн барынша жұмсап жұмыс iстеуiне мәжбүр етедi, ал ол үшiн тиiстi деңгейде мықты денсаулық керек. Сондықтан, iшкi iстер органына жұмысқа алғанда денсаулығы мен күш-қуатын тексередi. Осы мақсатта қызметкерлер арнайы дайындықтан өтулерi керек және iшкi iстер органдарында қызметке жарамдылығын бiлу үшiн мезгiл-мезгiл бақылаудан өтiп тұруға мiндеттi. Ол үшiн қызметкерлер жеткiлiктi дәрежеде өзiнiң, денесiн шынықтырып, денсаулығына нұқсан келтiрiп алмай жүруге мiндеттi.
үзеу мекемесi қызметкерлерiне қойылатын талап ретiнде қызметкерлерге сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзумен, тiкелей оны ұйымдастырумен шұғылдану белгiленген. Жасақ бастықтары мен басқа да оперативтiк-режим қызметкерлерi өздерiнiң лауазымдық жағдайына сәйкес немесе тiкелей орын-дайтын функциясына байланысты тәрбие жұмысына қатысады. Сондықтан түзеу мекемесi қызметкерлерi өздерiнiң функционалдық мiндеттерiн орындау үшiн жоғары бiлiмдi, мәдениетi, ой-өрiсi кең, жеткiлiктi өмiр тәжiрибесi бар және сотталғандармен жұмыс iстей алатын, сондай-ақ педагогика саласында бiлiмдарлық қабiлетi жетiк болуы керек. Тәрбие жұмысын орындайтын қызметкердiң өзiне тән өнегелiлiк пен сезiмталдық-жiгерлiлiк қасиетi болуы керек. Түзеу мекемесi қызметкерлерiне қойылған талаптардың iшiнде әлеуметтiк әдiлеттiлiк сезiмi оларда айрықша орын алуы тиiс.
Дөрекiлiк жазаны өткерiп жатқан сотталғандардың жанына ауыр тиедi; олардың абыройына нұқсан келтiредi.
ң бастықтарына барынша жоғары талап қойылады. Өздерiнiң лауазымдық мәртебесiне қарай олар сотталғандарды және қарауындағы қызметкерлердi тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырушы, мекеменiң өндiрiс-шаруашылық жүргiзушi болып есептеледi. Ондай бастықтар өзiне және қарауындағыларға қатаң талап қоятын, табанды, өзгелердi сыйлай бiлетiн болуы керек. Жаза орындайтын мекемелер мен органдардың қызметкерлерiне негiзiнен осындай талаптар қойылады.
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iшкi iстер қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайымен қатар оларды әлеуметтiк қорғау шараларын да белгiлеген. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметкерлерi қоғамдық үлкен маңызы бар қызмет атқарады. Олар әр уақытта iшкi-сыртқы сезiм күш-қуатын қинап iстеуге мәжбүр болады: жұмыс бастылық, қайғыру, күйiну тағы басқаларға байланысты. Айта кету керек түзеу мекемесiнде жұмыс — сотталғандардың топтанып көнбеушiлiк, шабуылдау, аманатқа тартып алу, сотталғандардың агрессивтiк iстеу қимылы себебiнен қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп-қатер төндiру сияқты экстремальдық жағдайларда да өтiп жатады. Мұның бәрi бас бостандықтан айыру орындарында жұмыс iстеудiң мәртебесiн, тартымдылығын көтеру үшiн қосымша шаралардың керектiгiн бiлдiредi. Сотталғандармен айналысудың Ең аз үлгiлер Ережесiнде бұл жұмыстың аса қиын жағдайын еске ала отырып, қызметкерлерге соған сәйкес жеңiлдiктер мен жұмыс жағдайларын қамтамасыз етiлдi. Олардың еңбек ақы мөлшерiн тағайындағанда бұл жұмысқа қабiлеттi ерлер мен әйелдердi тартып және ұстау үшiн есептелуi тиiс.
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен және нормативтiк актiлермен iшкi iстер қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау көзделген, олар: мемлекеттiк сақтандыру және iшкi iстер органдарының қызметкерi қаза болса немесе науқастанса, сондай-ақ оның дүниесiне зиян келтiрiлсе шығынын өтеу; оларды пәтермен, тұрғын үймен қамтамасыз ету; медициналық, санаториялық курорттық қызмет көрсету және басқа да қосымша әлеуметтiк қорғауға кепiлдiк берiледi.
Қызметкерлерге берiлетiн әлеуметтiк жеңiлдiктер әр түрлi болады. Олар лауазымына, жазаны атқаратын мекемелер түрiне, оның тұрған жерiне, қызметкерлердiң аттестацияланған немесе жалдамалы ерiктi құрамына жататындығына және басқа да негiздерге байланысты. Мысалы, аттестациядан өткен қызметкерлердiң еңбек ақысы мөлшерiне; лауазымдық еңбек ақы, арнайы атаққа берiлген ақысы, қызмет еткен жылдарына қосылатын пайыздық үстеме, тамақ пайогiнiң бағасы кiредi.
Қатал, сондай-ақ айрықша режимдi колонияларда туберкулезбен ауыратын сотталғандардың емдеу мекемелерiңде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбек ақысына 10-15 пайыз көлемiнде үстеме белгiленген.
Түзеу мекемесiндегi қызметкерлердiң жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, тиiстi зейнетке шығатын қызмет мерзiмi қысқартылған. Ішкi iстер органдарының қызметкерлерi, олардың отбасы мүшелерiнiң медициналық көмек алуға, жеңiлдетiлген санаторий мен курортта емделуге, медициналық-әлеуметтiк қамтамасыз етiлуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы заңдарымен iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне әлеуметтiк қорғау кепiлдiгi берiлген, бұл — мемлекеттiң бұл жұмыстың ерекшелiгiн ескепке алып көрсеткен қамқорлығының айғағы.
2. Бас бостандығынан айыру органдарында ең қауiптi, бiрнеше рет сотталған», әлеуметтiк-өнегелiлiгi жағынан төмен азаматтар жаза өтеуде. Жазаны өтеу кезiнде сотталғандардың бәрi бiрдей түзелу жолына түсе бермейдi, олардың кейбiреулерi жазаны өткеру кезiнде режим талаптарын бұза бередi, жаңадан қылмыс жасауды ойластырып жүредi және мекеме қызметкерлерiнiң заңды талабына белсендi түрде қарсылық көрсетедi. Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандар жағынан қылмыс iстеудiң өзгешелiгi бар, ол түзеу мекемесi қызметкерлерiнен аманатқа адам ұстап алу немесе оларға шабуыл жасау, сондай-ақ басқалай да зорлап күш қолдану. Жоғарыда баяндалғандар жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн сотталғандардың қылмыстық немесе басқалардың қауiптi әрекеттерiнен қорғаудың маңызды себептерi болады. Сонымен, түзеу мекемелерi қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету проблемасы қылмыстық-атқару процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыруда маңызы жоғары егер де сотталғандарды түзеудегi қызметкерлердiң жұмысына қауiптi жағдай төне берсе, одан әрi iс-әрекеттi орындау мүмкiн емес. Түзеу мекемесi қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн күшi бар зандар бiрсыпыра құқықтық және ұйымдастырушылық амалдар қолданады.
қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды айтуға болады. Бас бостандығынан айыру орындарында қызмет ететiндердiң өмiрiне, денсаулығына қастандық жасағаны және орган қызметкерлерiнiң дербес құқығына қол сұққаны үшiн жоғары дәрежедегi қылмыстық жаза қолдану көзделген. Бұл шараларды үш топқа өлуге болады:
үзеу мекемесi қызметкерлерiнiң өмiрiне, денсаулығына арнайы зиян келтiруге бағытталған әрекетке қылмыстық заңдар нормалары белгiленген қылмыстық түрде жауапка тарту.
Ондай қылмыстарға жататындар: бас бостандығынан айыру орындарынан немесе күш пайдаланып және басқалардын өмiрi мен денсаулығына қауiп-қатер келтiру әдiсiмен қашу; түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң талабына қасақана бағынбау, мұнда түзеу мекемесi қызметкерлерiне күш қолданумен байланысты; түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң жұмысына шабуыл жасау арқылы кесел келтiру.
ға күш қолданғаны үшiн көрсетiлген жауапкершiлiк нормалары.
3. Жеке адамның өмiрiне, денсаулығына, бостандығына, абыройына қарсы бағытталған қылмыстарды қарастыратын Қылмыстык заң нормалары.
ңмен белгiленген қызметкерлердiң қауiпсiздiгi шараларын екi топқа бөлуге болады. Бiрiншi топқа қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн, сендiру шараларын бiлдiретiн амалдарды кiргiзуге болады. Өзiнiң мағынасына қарай сендiру шаралары: сотталғандарға жазаны өтеу режимiн қызметкерлермен қарым-қатынас ережесiн түсiндiруден, олардың өкiлдерiнiң өмiрiне, денсаулығына, абыройына қылмыстық қауiп төңдiруiндегi жауапкершi-лiгiнен тұрады. Осы шаралар сотталғандармен жүргiзiлетiн негiзгi тәрбие жұмыстарының түрлерiмен қамтылады және оған күшi бар заңдарды (сотталғандардың мiнез-құлық ережелерiнiң мәселелерi) түсiндiру, сонымен қатар әрбiр сотталғанмен жеке профилактикалық жұмыс жүргiзу де кiредi.
Қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң екiншi маңызды амалы, ол — профилактикалық жұмыс. Қызметкерлердiң қылмысты профилактикалау жұмысына жариялы және құпия жедел-iздестiру шаралары кiредi. Оны Қазақстан Республикасының «Жедел-iздестiру қызметi туралы» заңына сәйкес түзеу мекемесiнiң оперативтiк бөлiм, бөлiмшелерi және басқа да аймақтық органдар қызметкерлерi жүргiзедi.
Құқық бұзушылықты жалпы профилактикалау шараларына кiретiндерi: құқық бұзуға бейiмдi адамдарға жазаны өтеуде режим жағдайын енгiзу, күзету мен бақылауда техникалық құралдар қолдану және жекелей профилактика жүргiзу (агрессивтi мiнез-құлықтыларды, психикасында ауытқушылығы бар және түзеу мекемесi қызметкерлерiне қарсы қылмыс жасауға ойланып жүргендердi тауып, оларды есепке қою, сонымен бiрге ескерту шараларын жүргiзу).
Қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының ең тиiмдi жағы, ол — техникалық құралдармен күзету: қызметкерлердiң қызмет етiп жүрген жерiнде арнайы дабыл қағып дыбыс беретiн арнайы жүйе қою, түзеу мекемесiнiң кейбiр объектiсiн бақылау үшiн теледидар орнату, есiктердi, қапасты (камера) автоматты түрде дабыл беретiн құралдармен жабдықтау т. с. с.
үзеу мекемесi қызметкерлерiнiң қауiпсiздiгiн сақтау амалдарының бiрi — ол сотталғандарға да дұрыс негiзделген қауiпсiздiк шараларын қолдану. Занда бекiтiлген қауiпсiздiк шараларына кiретiндер: қол күшiн, арнайы құрал қолдану, ал ерекше жағдайда қару қолдануға да рұқсат етiледi.
Қауiпсiздiк шаралары қылмыс жасап сотталып, соның негiзiнде құқықтық мәртебесi шектелгендерге ғана қолданылады. Сондықтан, қауiпсiздiк шараларын және қару қолданғанда заңдылықты қамтамасыз етуге қызметкерлердiң және қылмысты жазаға сотталғандардың заңды талаптары мен құқығын қорғауға тиiстi кепiлдiк берiлуi талап етiледi. Негiзсiз немесе қате қолдану (немесе қолдану керек кезенде қолданбау), егесу жағдайын терендете түседi және ол ауыр жағдайға, яғни топтанып бағынбаушылыққа, сотталғандардың жаппай тәртiпсiздiгiне, аманатқа ұстап алу, адамдардың қаза болуы сияқтыларына әкелiп соқтыруы мүмкiн. Бұлардың бәрi қолданылатын қауiпсiздiк шаралары жиынтығына тиiстi талап қоюға, оларды құқықтық негiзде бекiтуге және қолдануды ұйымдастыруға мәжбүр етедi. Мысалы, қамалғандармен айналысудын, Ең аз үлгiсi Ережесiнде сотталғандарды басу кезiнде құрал ретiнде кiсен, шынжыр қолдану рұқсат етiлмейдi.
Қауiпсiздiк шаралары — мемлекеттiк мәжбүр етудiң бiр түрi. Оларды қолданғанда қорғануға мәжбүрлiгi мен басқадай амал қалмаған жағдайы негiзделiп және керектiлiгi дәлелденiп қылмыстық-құқықтық институттардың шеңберiнде бағалануы тиiс. Қауiпсiздiк шаралары сыртқы түрiне қарағанда қауiп төндiргенге күш қолданған болып көрiнедi. Қауiпсiздiк шараларын қолданудың ерекше бiр айырмашылығы түзеу мекемесi — ол төтенше немесе басқа да дауласу жағдайларында, яғни сотталғандардың түзеу мекемесi қызметкерлерiне, басқа азаматтарға, сондай-ақ өзге сотталғандарға, тiптi өзiне-өзi күш жұмсау қимылдарынан пайда болғанда қолданылады. Бұл жағдай әлеуметтiк-құқықтық қауiпсiздiк шараларымен және қару жұмсаумен қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен аяқталмақ. Бұл шаралар сотталғандардың өз қауiпсiздiгiн, басқалардан, мысалы, түзеу мекемесiне келгендердiң және күзетiлетiн объектiлердiң, түзеу мекемелерiнiң ғимараттарын, қатынас құралдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған. Қауiпсiздiк шараларын сотталғандарға қолданылатын тәртiптi жазалау шараларынан айыра бiлген жөн. Қауiпсiздiк шаралары, алдымен, өз бетiмен тоқтатылмайтын және ауыр зардап төндiретiн сотталғандардың қоғамдық қауiптi әрекеттерiн тоқтатуға бағытталған. Тәртiптiк жазалау шаралары сотталғандардың тәртiп бұзуы аяқталғаннан кейiнгi жаза ретiнде қолданылады. Сондықтан сотталғандарға алдымен, қоғамдық қауiптi әрекетiне қауiпсiздiк шарасы, сонан соң және тәртiптiк жаза шарасы қолданылуы мүмкiн.
Қазiргi «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы», «Қазақстан Республикасының iшкi әскерлерi туралы» Зандарында, Қылмыстық-атқару кодексiнде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы IIМ түзеу мекемесiнiң iшкi тәртiбi Ережесiнде қауiпсiздiк шаралары тiзiмi, оның негiзгi және қолдану тәртiбi берiлген.
ғынан айырылған адамдарға қолданылатын қауiпсiздiк шаралары мен оларды қолдану негiздерi Қазақстан Республикасы ҚАК-нiн 81-бабында реттелген және iшкi тәртiп Ережелерiнде атап көрсетiлген.
қауiпсiздiк шаралары мен оларды қолданудың жалпы талабына көнiл аударған жөн. Талапқа сай күш жұмсау ерекше құралдары және қару қолдану құқығы түзеу мекемесi қызметкерлерiнiң бәрiне бiрдей берiлмейдi, тек қана iшкi iстер органының қатардағы, яғни басқарушы құрамының арнайы атағы бар қызметкерлерiне лауазымды адамдарына және Қазақстан Республикасы ІІМ iшкi әскерiнiң әскери қызметкерлерiне ғана рұқсат етiледi.
Сондықтан осы айтылған қызметкерлер арнайы дайындыктан өтуге, мезгiл-мезгiл тексеруден өтiп, арнайы құрал мен қаруды қолдану жағдайына байланысты әрекеттерге жарамдылығын бiлiп жүруге мiндеттi.
үзеу мекемесi қызметкерлерi, iшкi әскердiң әскери қызметкерлерi қауiпсiздiк шараларын, яғни қару қолданған кезде сотталғандарға және басқа да адамдарға мүмкiндiгiне қарай ең төменгi дәрежеде зиян келтiрудi қамтамасыз етуге мiндеттi. Осы мақсатпен заңда ерекше құралдар мен қару қолдану тәртiбiнiң негiздерi қаралған.
Қауiпсiздiк шарасы мен қару жұмсау тәртiбi ережесi қандай нақтылы жағдайда қолданылады?
Арнаулы құралдарға заң мыналарды: қол кiсендi, жуасыту көйлегiн, арнайы құрал мен iздеушi иттердi жатқызады. Арнайы құралдарды қолдану негiздерi мен тәртiбi «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Заңында және түзеу мекемесiнiң iшкi тәртiп ережесiнде көрсетiлген.
Арнайы құралдарды қолдану тәртiбiн нақтылы қарастырайық. Қол кiсендi сотталғандарға мынадай жағдайларда қолданылады: әскери нарядтық құрамына, күзетшiлерге түзеу мекемесi әкiмшiлiгiне қара күшпен қарсылық, көрсеткенде; сотқарлық iстегенде; айып қапасына барудан бас тартқанда: өзiн-өзi өлтiргiсi, денесiне зақым келтiргiсi келсе немесе басқа сотталғандарға, сондай-ақ бөтен бiреулерге тарпа бас салса; қашып кеткен сотталғандар ұсталғанда. Қол кiсенiн салғанда белгiленген формамен ант жасалады. Қол кiсенiн негiзсiз салған адам жауапқа тартылады. Жуасыту көйлегi сотталғандарға басқа шаралар қорытынды бермегенде қолданылатын әсер етудiң ең соңғыларына кiредi. Ол түзеу мекемесi бастығының немесе оның орынбасарының нұсқауымен және медицина қызметкерiнiң бақылауымен қолданылады. Егер де медицина қызметкерi бұл сотталған адамға жуасыту көйлегiн кигiзуге болмайды десе, ол сөзсiз орындалады. Жуасыту көйлегiнде бұзақылық жасаған сотталушы тынышталғанша болады. Бiрақ ол екi сағаттан аспауы керек. Жуасыту көйлегi оңаша бөлмеде (айып қапасында, бақылаушылар бөлмесiнде т. б.) кигiзiледi. Жуасыту көйлегiн кигiзген сайын акт жасалады оны түзеу мекемесi бастығы немесе оның орынбасары бекiтедi де прокурорға хабарлайды.
құралдарға, сондай-ақ мыналар да жатады: резин сойылы, назар аударатын жарық-дыбыс құралдары, тосқауыл бұзушы саймандар, су шашушылар, бронемашиналар, қызмет иттерi т. б. iшкi iстер органдары қарауындағы арнаулы құрал-саймандар.
қарулар — жалпылай тәртiпсiздiктi, белгiленген ереженi топтанып бұзушыларды тоқтату, түзеу мекемееi қызметкерлерiне, әскери қызметкерлер жалдамалы құрамдар жұмыскерлерiне шабуылды тоқтату, ұстап алған құқық бұзушының қарсылық көрсеткенi үшiн қолданылады. Арнайы қаруды қолдану шешiмiн қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге жауап берушi, операцияны басқаратын лауазымды адам қабылдаңды. Жеке әрекет жасап жүрген түзеу мекемесi қызметкерi немесе iшкi әскердiң әскери қызметкерi шұғыл жағдайда мұндай шешiмдi өз бетiмен қабылдайды.
құралдардың түрлерiн және оны қарқынды, қолдану қалыптасқан жағдайға, бұзылған құқықтық түрi мен құқық бұзушының жеке басына және де арнайы құралдың техника-тактикалық сипаттамасына байланысты белгiленедi. Оларды қолданудың тәртiбi анық белгiленген, мысалы арнайы құрал алдын ала ескертуден кейiн ғана қолданылады. Құқық бұзушылар ашық, тұтқиылдан шабуылдаса, бұл құралдардың ескертусiз қолданылуы мүмкiн. Арнайы құралдарды әрбiр қолданған нақтылы жағдайда, зақымданғандарға медициналық көмек көрсету шаралары алдын ала белгiленген болуы керек.
Арнайы құралдарды қолданған жағдайда, оларды қолданған қызметкерлер, әскери қызметкерлер түзеу мекемесi бастығына, iшкi әскердiң, бөлiм командирiне рапортпен қашан, қай жерде, кiмге және оларды қандай жағдайда қолданылғанын көрсетiп баяндайды.
ғарыда айтылғандай, арнайы құралдарға iздеу қызметi иттерi де кiредi. Олар сенiмдi қорғаушы да, шабуылшы да сондықтан түзеу мекемесi қызметiнде кең пайдаланылады.
қызметi иттерi төмендегiдей жағдайларда қолданылады: сотталғандарды бақылау қызметiн орындап жүргенде; түзеу мекемесiнiң аумағында жасырынып қалған сотталғандарды iздеу және табу кезiнде; өзiн қорғау кезiнде немесе сотталғандардың түзеу мекемесi қызметкерлерiне, әскери қызметкерлерге шабуыл жасаған кезде; есiрткi және басқа да заттарды iздеген кезде т. б. Қызмет иттерiн әйелдерге, мүгедектер мен кәмелетке толмағандарға қарсы, егер де олар қарулы шабуыл жасамаса қолдануға рұқсат етiлмейдi.
қадай шаралармен сотталғандардың iстеген әрекеттерiн тоқтатуға болмаса, онда оқ ататын қаруды қолдану ерекше шара деп есептеледi. Занда «басқадай шаралар»‘ мазмұны түсiндiрiлмесе де, сендiру шарасы оған қоса қауiпсiздiк шаралары, яғни қара күш жұмсалу мен арнайы құралдарды қолдану деп болжауға болады. Оқ ату қаруын қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының ІІМ белгiлейдi. Сотталған әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, егер де олар қарулы шабуыл жасамаса, қарумен қарсылық көрсетпесе, әуе кемесiн, аманатқа бiреудi басып алмаса және топтанып шабу-ыл жасаумен өмiрге қауiп туғызбаса қару қолданылмайды.
Түзеу мекемесi қызметкерi қару қолданылған барлық жағдайда қоршаған азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларын, зардап шеккендерге күттiрмей медициналық көмек көрсетуге мiндеттi, одан кейiн өзiнiң тiкелей бастығына түсiндiруi тиiс және бұл оқиға туралы прокурорға хабарланады. Түзеу мекемесi қызметкерлерiнiң, iшкi әскердiң әскери қызметкерлерiнiң қауiпсiздiк шаралары мен қару қолдануы Қазақстан Республикасы ІІМ органдарының үнемi бақылауында болады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының бiр бөлiгi болып есептеледi. Оған қылмыстық жазаны атқару мен өтеудi қамтамасыз ету арқылы әлеуметтiк әдiлеттiлiктi орнату, сотталғандарды түзеу, сотталғандар және басқа бiреулер жаңа қылмыс жасамауды ескерту мақсаты жүктелген. Көрсетiлген мақсатты шешуге қоғам толықтай мүдделi болғандықтан, ол мемлекеттiк, қоғамдық институттар жүйесi арқылы құқық қорғау органдарының, соның iшiнде жазаны атқартушы органдарға әрдайым әлеуметтiк бақылау қоюды белгiлейдi. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң жұмысына бақылау қоюдың үлкен құқықтық-әлеуметтiк маңызы бар. Қылмыстық жазаны өтеу кезiндегi бақылау процесiнде, алдымен заңдылыкты сақтау қамтамасыз етiледi. Зандылыкты сақтау — жазаны атқару органдары жұмысының басты қағидаты болып есептеледi. Жазаны атқаратын түзеу мекемелерi мен органдарының қызметi зандарды қатал сақтауға негiзделедi. Бұл мекемелер мен органдардың лауазымды адамдары өздерi еңбек етiп жүрген қызметiнде заңдылықты қамтамасыз етуге жауапты.
Қызметкерлердiң жұмысын бақылау дегендi қарап жүру мен тексеру жүйесi, қызметкерлердiң әрекетiнiң нормативтiк актiлер талабына сәйкестiгiн, болып жатқан заң бұзушылықты бiлу мен тоқтату мақсатында және ондай-ларды келешекте болдырмауды ескерту ретiнде түсiну керек.
қарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерiнiң жұмысын бақылау жеке бастың мақсаты емес, ол қажеттi амалдың тиiмдiлiгiн көтеру, жазаны атқару мен түзеу шараларын қолдануға әсер ету.
қылаудың қорытындысын жүзеге асырғанда әкiмшiлiктiң қызметi әрекетiндегi кемшiлiктi табу және оны жоюға мүмкiндiк туады. Әкiмшiлiктiң қызмет әрекетiн бақылау, сонымен бiрге қылмыстық-атқару мекемелерi жүйесiндегi заңдылықты бұзу жағдайларын табу амалы мен оның себебiн жою болып есептеледi. Алдымен, ол зақдылықтық құқықтық негiзiн әсiресе заңға негiзделген нормативтiк актiлердi, егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн жағдайда жетiлдiруге әсерiн тигiзедi.
қ, құқықтық мемлекет құру жағдайында Үкiметтiң барлық мемлекеттiк институттары, соның iшiнде құқық қорғау органдары бұқаралық ақпарат құралдарының, жалпы қоғамның назар салып қадағалауында болады. Жазаны атқарушы органдардың қызмет әрекетiн бақылау, оның қоғамдық түрлерiн пайдалану арқылы iске асырылады, ол жазаның жағдайларын, Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесiнiң алдында тұрған экономикалық және басқа да қиыншылықтарды кеңiрек хабарлауға мүмкiндiк бередi. Мұның бәрi өз кезегiнде, жүргiзiлiп жатқан құқықтық реформаның қарқыны мен мақсаты жөнiнде әр түрлi көзқарастар туғызған қоғамдағы әлеуметтiк шиеленiсудi төмендетуге септiгiн тигiзедi.
Әкiмшiлiктiң жұмыс әрекетiн бақылаудың маңызы мынадан байқалады: ол мемлекет бөлетiн қаржы-материалдық қаражаттарды үнемдеп жұмсауға, оны қайта бөлуге қылмыстық-атқару мекемелер жүйесiн ұстауға, бiздiң мемлекетке аса қажеттi басқа да әлеуметтiк мақсаттарды шешуге мүмкiндiк бередi.
қарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң жұмыс әрекетiн бақылау әр түрлi негiздермен топтастырылуы мүмкiн, ол бақылау жүргiзетiн субъектiлерге байланысты: халықаралық, мемлекеттiк және қоғамдық.
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң жұмыс әрекетiн халықаралық бақылау — Халықаралық адам құқықтары ережелерiнде, алдымен Адам құқықтарының жалпы Декларациясында (1948), азаматтық және саяси құқықтар, туралы Халықаралық пактiде (1966), азаптауға және басқа да мейiрiмсiз, адамгершiлiктен тыс сондай-ақ абыройын қорлау түрлерiмен айналысу немесе жазалауға қарсы Конвенциясында (1984) және басқаша ұсыныс ретiнде БҰҰ мүше елдерiне айтылған жайттар.
Қоғамдық бақылау да жаза атқарушы мекемелер мен органдардың қызмет әрекетiнде заң бұзбауды қамтамасыз ету амалының бiрi болып есептеледi. Ол мемлекеттiк қоғамдық ұйымдардың қоғамдық құрылымдардың және құқық қорғау ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының жазаны өткеру жағдайлары мен ретiн бақылауы.
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң қызмет әрекетiн мемлекеттiк бақылаудын бiрнеше түрлерi бар, олар: атқарушы үкiмет органдарының бақылауы, соттық бақылау, ведомстволық бақылау және прокурор бақылауы.
Жазаны атқарушы түзеу мекемелерi және басқа да органдардың жұмыс әрекетiн атқарушы Өкiмет өкiлдерi, яғни Үкiмет, өз аумағындағы жағдайға жауапты әкiмдер жағынан бақылау жүргiзiледi. Жергiлiктi әкiмшiлiк органдарында түзеу мекемесi әкiмшiлiктерiнiң жұмыс әрекетiн тексеруге функциясы бар бақылау комиссиялары құрылады. Ведомстволық бақылау маңызды орын алады. Оны қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары органдары, яғни — қылмыстық-атқару жүйесiнiң Департаментi мен басқарма, бөлiм бастықтары және Қазақстан Республикасы ПМ-нiң басшылары жүргiзедi.
Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызмет әрекетiн бақылауда прокуратура органдарының рөлi айрықша болады. «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Прокуратурасы — Қазақстан Республикасының Президентiне есеп берушi, Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен басқа да нормативтiк актiлерiн Республика аумағында бiр түрде және бұлжытпай қолданылуына жоғары бақылау жүргiзетiн мемлекеттiк орган. Прокуратура кез келген заң бұзушылықты табуға және оны болдырмауға шара қолданады. Қазақстан Республикасы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге қарсылық бiлдiредi, сотта мемлекет мүддесiн қорғайды және керектi жағдайда заңмен белгiленген тәртiп пен көлемде қылмысты қудалауды iске асырады.
Қылмыстық-атқару жүйесi органдарында қадағалау жұмысын тиiмдi жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы Прокуратурасында арнайы бөлiм құрылады немесе бұл жұмысты облыс, аудан прокурорларының көмекшiсi, аға көмекшiлер жүзеге асырады.
«Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заңда жеке тарау » Атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына қадағалау» енгiзiлген. Онда заң прокуратураға зандылыкты сақтап iске асыру үшiн бiрқатар арнайы қадағалау уәкiлдiгiн бередi. Оған жазаны атқару мекемелерi мен органдары әкiмшiлiктерiнiң жұмыс әрекетiн қадағалау да кiредi.
«Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 43-бабына сәйкес прокуратура былайша бағытта бақылау жүргiзедi:
ғайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезiнде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуынын заңдылығына.
ған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгiленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына.
Бас бостандықтарынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығына.
«Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасы заңында прокурордың Қазақстан Республикасы ІІМ-нiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарында заңдылықты қамтамасыз ету өкiлеттiгi көрсетiлген. Заңдылыққа бақылау жүргiзе отырып, прокурор өз шамасы құзырлығында хақы бар:
1. Адам құқықтары туралы, қамалғандар мен сотталғандарға мейiрбандық -тұрғыдан қарау жөнiнде Конституцияның заңдардың және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының дәл және бiрыңғай қолданылуын талап етуге;
2. Азаматтың, мемлекеттiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы мен өтiнiштерi бойьшша атқарушылық iстер жүргiзiлуiн талап етуге және тексеруге;
- ғайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзгеде шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерiндетексеру мақсатымен кез келген уақытта болуға;
- Ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандар мен мәжбүр ету сипатындағы шаралар қолданылған адамдардан жауап алуға;
- ұстауға, қамауға, жазасын өтеуге, сондай-ақ оларға мәжбүр ету сипатындағы шараларды қолдануға негiз болған құжаттарды талап етуге;
- Мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру орындарында немесе мекемелерiнде заңсыз отырған әрбiр адамды өз қаулысымен дереу босатуға;
- Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға занды бұза отырып, қолданылған тәртiптiк шаралардың күшiн жоюға, оларды өз қаулысыменен айыптық изолятордан, камералық үлгiдегi орындардан немесе карцерден қамаудан босатуға;
- ңда белгiленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер әкiмшiлiгiнiң актiлерiн санкциялауға хақылы.
қ бақылау барлық бас бостандығынан айыру орындарын (қамау, бөлу), оларда қандай категориядағы ұсталған адамдар отырғанына қарамастан түгелдей қамтиды. Прокурорлық бақылаудың мақсаты — ол бас бостандығынан айыру орындарындағы заң бұзушылықты кезiнде түгелдей тоқтату, ал заң бұзған адамдар заңда көрсетiлгенiндей жауапқа тартылуы тиiс. Әкiмшiлiктiң қызмет әрекетiне бақылау жүргiзуде прокурор барлық салаларға прокурорлық жалпы бақылау өкiлеттiлiгiн қолданумен бiрге бақылау субъектiсi ретiнде прокурорға жүктелген арнайы өкiлетгiлiгiн ұсталғандардың, алдын ала қамалғандардың, жазаны өткеру орындарындағы заңның орындалуын және сот белгiлеген басқа да мәжбүрлеу шараларын бақылайтыны есте болуы керек.
Зандылықты бұзуды табу мен ескерту прокурор өкiлеттiлiгiнiң бiрi — ол жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiктерiнiң жұмыс әрекетiн, ондағы жазаны атқару жағдайлары мен тәртiбiн тексеру. Оны iске асыру үшiн прокурор жазаны атқарушы мекемелер мен органдарға кез келген уақытта баруға хұқы бар. Прокурор жеке барып танысу процесiнде әкiмшiлiктiң жұмыс әрекетiмен тiкелей танысады, атап айтқанда сотталғандардың бас бостандығынан айырылуы негiзi жөнiндегi құжаттармен танысады, сотталғандарға жеке-жеке сұрақтар қояды, жатқан орындарымен, жазаны өтеу режимi жағдайымен, ондағы қылмыспен, тәртiптiк жаза қолдану тәжiрибесiмен танысады. Сотталғандардың жұмыс әрекетiмен барып және тiкелей танысуы зандылықтың, режим мен жазаны атқару жағдайларын тiкелей бiлуге және зандылықты бұзушылықты анықтауға, оны ескертуге мүмкiндiк бередi.
ңға сәйкес прокурор жазаны өтетушi мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтарының заңға үйлесiмдiлiгiн тексеруге құқы бар. Сонымен қатар лауазымды адамдардың, қызметкерлердiң тәртiптiк жаза қолдануының заңдылығы мен дәлелдiлiгi тексерiледi. Егер де заңға қайшы актi қабылданған болса, онда прокурор лауазымды адамдардан заңсыз шешiм қабылдағаны үшiн жеке түсiнiктеме берудi талап етуге құқы бар және оған кейiн қарсылык бiлдiредi.
қылауының негiзгi актiлерi мыналар: наразылық бiлдiру, қаулы, ұйғарым, жарлық, рұқсат ету, нұсқау, бұйрық, ережелер («Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» заңның 18-бабы).
Бұлар прокурорға жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң жұмыс әрекетiндегi заң бұзушылықты тиiмдi де тез жоюға мүмкiндiк бередi. Прокурор заңның бұзылу сипатына байланысты iс қозғауы, тәртiптiк және шығаруы, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың лауазымды және басқа да қызметкерлердiң әкiмшiлiк құқық бұзғаны туралы қаулы шығаруы мүмкiн. Прокурор өзiнiң қаулысы мен бас бостандығынан айыру орындарында заңсыз отырған сотталғандарды, бас бостандығынан айыруды өтеп жатқандарға заңсыз салынған тәртiптiк жаза шараларын бұзуға, заңсыз жазаланған адамдарды айып қапасынан, қамау торы бөлмесiнен, карцерден, жеке адамдық тордан, тәртiп қапасынан босата алады.
ң заң бұзушылыққа көнiл аударуының төмендегiдей түрi, ол — заң бұзушылықты, оған мүмкiндiк туғызатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс жасауы. Мұны прокурор, әдетте жаза атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерiнiң жұмыс әрекетiнде заң бұзушылық-тың әрдайым кездесетiндiгiнен жасайды. Ұсыныс жiберiлген қызметкердiң, немесе жоғары органның лауазымды адамы ұсыныста көрсетiлгендей, болған iстердi бiр айдан қалдырмай қарауға мiндеттi. Бұзылған занды, оны тудырған себептер мен жағдайды жою шараларын қабылдап, қорытындысын проку-рорға хабарлайды.
ң заң бұзушылыққа көңiл аударуының тағы бiр түрi, ол -наразылық бiлдiру. Прокурор жазаны орындаушы мекемелер мен органдардың лауазымды адамдарына заңға қайшы бұйрық, қарар немесе қаулы қабылдағаны үшiн наразылық бiлдiредi. Бiлдiрiлген наразылық мiндеттi түрде түскен уақытынан бастап он күннен кешiктiрiлмей қарауға және қоры-тындысын жазбаша прокурорға тез хабарлауға мiндеттi.
Сонымен, бас бостандығынан айыру орындарында заңдылықты сақтау мен қылмыстық жазаның басқа да түрлерiн бақылау прокурорлық бақылаудың саласы болып саналады. Мұның өзiне тән занды бұзуды табу мен ескертудiң және табылғанға назар аударудың айрықша түрлерi мен әдiстерi бар. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң жұмыс әрекетiндегi заңдылыкты қамтамасыз етуде манызды рөл әдiлсот органына жатады. Соттың бақылау қызметiнiң негiзгi үлгiлерi, түрлерi мен әдiстерi әр түрлi және олар едәуiр тиiмдi болып келедi.
«Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы» Заңының 1-бабына сәйкес соттардың шешiмдерiн, үкiмдерiн, өзге қаулыларын, сондай-ақ олардың занды өкiмдерi, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi.
қарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiн қызмет әрекетiн соттық бақылауды үш түрге бөлуге болады:
қ, отбасылық, еңбек және әкiмшiлiк Құқық қатынастық таластарда және сот iсiн жүргiзу ережесiмен жүзеге асырылатын айрықша iс жүргiзудi қарағанда соттық бақылау болады. Мәселен, азаматтық iс жүргiзгеңде қызметкерлердiң жұмыс әрекетi екi жақтан тiкелей талас тудыруы мүмкiн. Мысалы, бас бостандығынан айыруды өткерiп жатқанда еңбекке жарамсыз болған талап етушi адамның түзеу мекемесiнiң кiнәсiнен келтiрiлген шығынды өтеудi шешкенде немесе керiсiнше, жазаны өтеу кезiнде сотталғанның келтiрген материалдық зиянын босатылғанда өндiрiлмей қалғанын төлеу туралы түзеу мекемесi талабын шешкенде туатын таластар. Бұл жағдайларда жазаны өтеу кезiнде сотталғандардың еңбек құқын сақтауда түзеу мекемесi қызметкерлерiнiң жұмыс қимылын сот бағалай алады.
қтан iске дәлел ретiнде берiлген құжаттарды соттың қабылдауы, олардың занды екенiн растайды, ал оларды қабылдамауы әкiмшiлiк қызмет әрекетiне керi әсерiн бiлдiредi.
қ бақылау сотталғандардың түзету шараларымен байланысты емес жазаны өтеу кезiнде де орын алады. Мысалы, сотталған белгiленген мезгiлде айып төлемесе, азаматтық сот iсi тәртiбiмен сот берген орындау қағазы негiзiнде жазаны орындауға мәжбүр етедi.
Әкiмшiлiктiң жұмыс әрекетiн соттық бақылаудың екiншi түрiне — қылмыстық iстер жүргiзгендегi бақылау, ал сотта қылмыстық iс қаралғанда жүзеге асырылатын және сот үкiмiн орындау мәселелерiн сотта қарағандағы бақылау жатады.
Соттың бақылау функциясы қылмыстық-атқару мекемелерi жүйесi қызметкерлерiнiң лауазымды адамдары жағынан жiберiлген зандылықтың өрескел бұзылғаны жөнiнде қылмыстық iс қаралғанда бiлiнедi. Ол — билiгiн немесе қызметтiк жағдайын пайдаланып қиянат жасау, өкiлеттiлiгiн пайдаланып қиянат жасау, кездейсоқ уәкiлдiгiн пайдаланып асыра сiлтеулiк, селқостық және басқа да лауазымдық қылмыс түрлерi.
қ бақылау сотталғандардың жазаны өтеу кезiнде жасалған қылмыстық iстердi қарағанда да орын алады. Мәселен, қылмыс жасаған сотталғандар жөнiнде қылмыстық iс қарағанда, мысалы, түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң талабына қасақаналықпен көнбеушiлiк немесе түзеу мекемесi және басқалардың жұмысына iрiткi салу, бұл құқыққа қарсы әрекет сотталған-дардың құқығына қысым жасалуына байланыстылығын сот тексеруге мiндеттi. Сот түзеу мекемесi әкiмшiлiгi талабынын заңдылығын, оған сотталғанның қасақаналықпен көнбегенiн, қапас тәрiздес бөлмеге көшiру туралы салынған жазанын негiздiлiгiн тексеруi тиiс.
қарау процесiнде айғақтардың, жәбiрленушiнiң, сотталушылардың жауаптарын, эксперттер қорытындысын заттар дәлелдемелерiн, құжаттарды бағалай отырып, түзеу мекемесi әкiмшiлiгi жағынан зандылықтың бұзылғанын, яғни қиянат iстегендiгiн анықтай алады. Бұл жағдайда сот айқындаған заң бұзушылықты, оны тудырған себептерi мен жағдайларын жазаны өткерушi мекемелер мен органдар жұмыс әрекетiне бақылау жүргiзетiн прокурорға немесе оларды басқарып отырған лауазымды адамдарға хабарлауға мiндеттi. Көрсетiлген лауазымды адамдар сотта ашылған және жеке ұйғарымда, яғни ұсыныста көрсетiлген заң бұзушылықтың себептерi мен қыз-меткерлерге оны бұзуға мүмкiндiк туғызған жағдайларды болдырмау шараларын қабылдауға мiндеттi.
қарушы түзеу мекемесi қызметкерлерiнiң жұмыс әрекетiн соттың бақылауы жазаны атқарудың әр түрлi аспектiсiне қатысты мәселелерде көрiнедi. Мысалы, түзеу мекемесi әкiмшiлiгi сотқа жаза мерзiмiнен бұрын босатуға, жазаны жеңiлдетуге немесе оның түрiн өзгертуге ұсыныс жiбередi, ал оны шешу үшiн керектi материалдарды да қоса жолдайды. Сот түскен құжаттарға сүйенiп, олардың зандылығы мен негiздiлiгi жағынан баға бере отырып, лауазымды адамдардың шешiмiне заң күшiн бередi немесе оларды занды күшiнен айырады. Осы мақсатпен соттар түзеу мекемесi әкiмшiлiгi жiберген материалдарды бұрмалау мақсатыңда, сондай-ақ сотталғандардың тәртiбi толық бейнеленбеуi мүмкiн болғандықтан, бұлар iстi әдiл шешу мақсатында ұқыпты қарап шығуға мiндеттi.
Соттық бақылау қызметi сот жазаны басқа түрге ауыстыру мәселелерi туралы iс қараған кезiнде сотталғанның үлгiлi мiнез-құлқын немесе белгiленген жазаны өтеуден бас тартқанын есепке алғаннан пайда болады. Мысалы, бас бостандығынан айыруды түзеу жұмыстарына немесе одан да жеңiлiрек жазаға ауыстырғанда, сондай-ақ керiсiнше, сотталғанды түзеу мекемесiне өтелмей қалған жазаны өткеруге қайтарғанда т. с. с. Сот жазаны өткерушi мекемелер мен органдар қызметкерлерiн жазаны өтеу жағдайларын өзгертуге байланыс-ты мәселелердi шешу кезiнде бақылай алады. Заңға сәйкес мұндай мәселелер, бас бостандығынан айыру мен түзеу жұмыстары жазаларын өтеу кезiнде пайда болуы мүмкiн. Бас бостандығынан айыру орындарында, сот сотталғанның мiнез-құлқын ескере отырып, бас бостандығынан айыруды ұстау мәселесiн өзгертiп, сотталғанда түзеу мекемесi бiр түрiнен екiншiсiне, яғни жеңiл немесе қатаң режимге ауыстыруды шешедi.
Бұдан басқа жасы толмаған сотталғандардың 18-жасқа толуымен тәрбиелеу колониясында қалдыруға негiз болмаса, сот оларды түзеу колониясына ауыстыруға шешiм қабылдайды.
Қызметкерлердiң жұмыс әрекетiн соттың бақылауы жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң қылмыстык жазаны өтеу саласымен немесе оның жұмысына шағым етумен ғана аяқталмайды. Сот бақылауын түзеу мекемелерi жұмысына қолайласақ, онда сот мүлiк-шаруашылық, жер т. б. дау-таластарды қарағанда, әрине бiр жағы түзеу мекемесi болуы керек, ал сот ерiктi жалдамалы немесе аттестациядан өткен қызметкерлердi жұмысқа қайта алу сияқты талаптарын қарағанда ол iске асуы мүмкiн.
Соттық бақылаудың үшiншi түрi — ол жазаны өтеушi мекемелер мен органдар әкiмшiлiгiнiң әрекетiне шағым ету. Мемлекеттiк органдарға жiберiлген сотталғандардың шағымы, арыздары тиiстi жерiне жiберiлiп, заң тәртiбi бойынша шешiледi. Мысалы, сотталғандардың жазаны азайту шаралары туралы өтiнiшi.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру.
ғынан айырылған сотталғандарды топтастыру.
ғандарға жазаны атқаратын мекемелер түрiн белгiлеу.
1 . Мемлекеттiң қылмыспен күресу саясаты принциптерiне негiзделген түзеу мекемелерi әрекетiнде қылмыспен күресудегi, алдына қойылған мiндеттi, сот белгiлеген жазаны тиiстi дәрежеде орындауды қамтамасыз етуге тиiстi. Заңмен белгiленген жазаны орындаудағы осындай принциптердiң бiрi топтастыру мен жекелендiру болады.
ғандарды тәрбиелеу мен түзеудегi қолданылатын негiзгi тәсiлдердiң бiрi осындай жекелеп қараудың, объективтi қажеттiлiгi, жазалау-тәрбиелеу әрекетiнде әрбiр сотталған бәрiне белгiленген режим талабын мүлтiксiз орындауға (сотталғандар бәрi де жұмыс iстеуге, жазаны атқару режимiн сақ-тауға, тәрбие шараларына қатысу және т. с. с.) мiндеттi. Бұлардың әсер етуiн iстелген қылмыстың сипаты мен қауiптiлiгiне байланысты даралау және сотталғанның жеке басының өзгешелiгi мен әрбiреуiнiң мiнез-құлқының өзгешелiгiн еске ала отырып, яғни еңбекке, оқуға қарым-қатынасына байланысты қасиетiн еске алу тиiс.
ұл ережелер халықаралық актiлерге, соның бiрi қамаудағылармен айналысудағы Ең аз үлгi Ережесiне сәйкес келедi. Ереженiң 8-тармағында оларды категорияларға бөлудiң жалпы ережелерi мынандай:
«Қамаудағы адамдарды әр түрлi категорияларға бөлiп жынысына, жасына, бұрынғы сотталғанына, қамаудың заңды себептерiне байланысты әр жерде немесе бiр мекеменiң iшiнде бөлек-бөлек орналастырылады». Топтастыру мен жекелендiру мақсаты Ереженiң 67-тармағында белгiленген, онда былай делiнген:
ң мақсаты мынада:
- а) қамаудағыларды бұрын сотталғандардан немесе нашар мiнез-құлқының нәтижесiнде терiс әсер ету қаупi мүмкiн болғандықтан оларды бөлу;
- ә) қамаудағыларды категорияға бөлу, оларды қоғам өмiрiне қайтару мақсатында олармен жұмыс iстеудi жеңiлдетедi.
ғандарды топтастыру деп
ғынан айыруға сотталғандарды топтастыру, ол оларды тиiстi белгiлерiмен тиiстi топқа болу жазалаудың мақсатына жету үшiн қолайлы жағдай жасау болады. Сотталғандарды топтастыру қылмыстық пен қылмыстық-атқару құқығы принциптерiнiң бiр түрi жазаны жекелендiрудi бiр iзбен iске асыру үшiн жүргiзiледi. Жазаны жекелендiру сот қылмыстық жазаны және оны орындауды белгiлегенде жүзеге асырылады.
ңбекпен түзеу құқығының нормалары белгiлеген, әрбiр сотталғанныи жеке басын сипаттайтын мәлiметiн еске ала отырып жалпы режим ережесiн қолдану және тиiстi еңбекпен түзеу принциптерiмен әсер ету.
ғынан айыруға сотталғандарды топтастыру төмендегiлердi қамтамасыз етуге арналған:
- а) қоғамға қауiптi қылмыскерлердiң, қауiптi деп күдiк тудырмайтын сотталғандарға терiс әсер ету мүмкiндiгiн болдырмау мақсатында оларды әр түрлi топтарға бөлу;
- ә) түзеу мекемелерiнiң тиiмдi жүйесiн тұрғызу;
- үзеуге әсер ету амалдары мен әдiстерiн жекелеп қатал қолдану;
- в) жазалаудың мағынасын құрайтын қылмыстың және қылмыскердiң, яғни жазалау шараларының қоғамдық қауiптiлiгiнiң дұрыс ара қатынастығы;
- қаруға тиiстi жағдай жасау.
өрсетiлген мәселелердi шешудi тек ғылыми негiздегi топтандыру қамтамасыз ете алады. Қазiргi кездегi күшi бар қылмыстык, қылмыстық-атқару заңдары бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ғана топтастыруды қамтиды. Сот әлi шешiм қабылдамағандарды қылмыстық-құқықтық топтастыру мен сот қылмыстық жазаға сотталғандарды қылмыстық атқаруға топтастырудың айырмашылығы бар деп есептеуге болады. Қылмыстық-атқару топтасуының негiзi қылмыскерлердiң қылмыстық-құқықтық топтасуы болып табылады. Қылмыстық-атқару мен қылмыстық-құқықтық топтасуларының өзара байланысы былайша түсiндiрiледi; бiрiншiден, қылмыстық-құқықтық топтасудың негiзгi өлшемi iстеген қылмыстың қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi мен қылмыстық жазаны өткергенде еске алынатын қылмыскердiң жеке басы болады да, екiншiден, екi топтасудың мiндетi — жазаның мақсатына тиiмдi жетуiн қамтамасыз етуде болады.
Сонымен бiрге тiкелей мақсатының айырмашылығы — ол қандай оқиға үшiн топтастырылуында, сондықтан қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқару топтасулары деп бөледi. Қылмыстық құқықта қылмыскерлердi топтастырудың негiзгi мақсаты — ол жауапкердi қылмыстық жауапқа тартқанда және жаза шарасын белгiлегенде қылмыстың сипаты мен iстелген қылмыстық қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне және қылмыскердiң жеке басына байланысты да, ол мәселенi қарағанда әдiл шешiм қабылдауды қамтамасыз ету. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастырудың негiзгi мақсаты — ол сотталғандардың әр түрлi топтарының жазаны даралап өтеуiн және осы жазаның түрiн барынша тиiмдi атқаруды қамтамасыз ету.
ғынан айыруға сотталғандар заң (құқық), педагогика және психологиялық өлшемдерiмен топтастырылады. Көрсетiлген өлшемдер жиынтығы тағы екi өлшемге бөлiнуi мүмкiн: физиологиялық (биологиялық) және әлеуметтiк.
Заң өлшемiмен топтастыру — ол барлық бас бостандығынан айрылғандарды сыр-сипатымен жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне және қылмыскердiң жеке басының қоғамға қауiптiлiгiне байланысты топтарға бөлудi айтады.
Барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандар бұл белгiге лайықты былай бөлiнедi: а) өмiр бойы бас бостандығынан айыруға және тез өткерушi адамдарға; ә) бұрын бас бостандығынан айыруды өткерген адамдармен оған бiрiншi рет сотталғандар; б) әр түрлi ауыр дәрежеде қылмыс жасаған адамдар: в) қылмысты қайталап iстеп сотталған (рецидив) адамдар мен қайталанған аса қауiптi қылмыс және т. б.
қ (биологиялық) өлшеммен топтастыру — бұл барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жынысына, жасына, денсаулығына байланысты бөлу.
Бұл белгiмен бас бостандығынан айыруға сотталғандар былайша бөлiнедi: а) ерлер және әйелдерге; ә) кәмелетке жеткендер (18 жасқа толғандар) және кәмелетке толмағандар (14-тен 18 жасқа дейiнгiлер); б) еңбекке жарамдылар мен мүгедектерге; в) дендерi сау мен ауыр науқасы барларға; г) әйелдерге, аяғы ауыр және 8 жасқа дейiнгi баласы бар әйелдерге.
қ өлшеммен топтастыру — бұл бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тiкелей педагогиканың мiндетiне байланысты, қандайда болмасын топтың бiреуiнде шешуге тура келетiн, сондай-ақ педагогикалық әсер етудiң тиiстi амалдары мен әдiстерiн қолданудың орындылығымен бөлуге болады.
ұл өлшемнiң негiзiнде сотталғандарды, олардың оған дейiнгi және бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбекке қатынасы (еңбектi адал ниетiмен iстейдi немесе жалқау) түзеу мекемелерiндегi мiнез-құлқы (мiнез-құлқы үлгiлi немесе қасақана режим ережесiн бұзушы) және т. б. байланысты бөлуге болады.
қ өлшеммен топтастыру — бұл әр адамның қасиетiне байланысты топқа бөлу. Мұндай бөлу жалпы және пенитенциарлық психологияның мiнез-құлық түрiн топтастыру мәлiметтерiне сүйенуi тиiс.
үзеу мекемелерiнде тәрбие жұмысын дүрыс ұйымдастыру үшiн бұлармен бiрге жеке басының да қасиетiн бiлу тиiс.
қ өлшемге байланысты төмендегiлердi айыра бiлген орынды сияқты:
- қауiптi мемлекеттiк қылмысқа сотталғандарды және басқа әр түрлi қылмыстарға сотталғандарды;
- ә) қасақана қылмысқа сотталғандарды және абайсызда iстелген қылмысқа сотталғандарды;
- б) өмiрге, денсаулыққа, адамның денесiне қол сұқпаушылығына қауiп төндiргенi үшiн сотталғандарды;
- в) пайдақорлық қылмыс үшiн сотталғандар;
- г) бұзақылығы үшiн сотталғандар;
- қорлығы үшiн емес, қызметiн немесе мамандық функциясын орындауға байланысты жасалған қылмысы үшiн сотталғандар;
- е) басқа да қылмыстар үшiн сотталғандар.
ғандарды топтастыру тәрбие процесiн дұрыс ұйымдастыруға жағдай жасайды, себебi ол сотталғандардың бiр тобының екiншiсiне жағымсыз, керi әсерiн тигiзбеуге және оларға жеке-жеке амал қолданып әсер етуге мүмкiндiк бередi. Занда қабылданғандай сотталғандарды топтастыруға сәйкес түзету мекемелер жүйесi құрылады. Осындай заңдарға лайықты мұндай мекемелер жүйесi заңдық (құқықтық) және физиологиялық (биологиялық) өлшемдерге негiзделген.
қ және психологиялық өлшемдер түзеу мекемелер жүйесiнiң қызметiн бейнелемейдi. Сонымен қатар түзеу амалдарын пайдаланып жеке-жеке iстеу үшiн және сотталғандардың әр бiреуiмен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға әсер етедi.
2. ғынан айыруға сотталғанның жазаны қай жерде өтейтiнi, оны түзеп және тәрбиелеу үшiн маңызы күштi сондықтан түзеу мекемесiнiң түрiн дұрыс белгiлеу тиiс. Түзеу мекемелерi өзара құқық шектеудiң көлемiне, басынан кешiрiп шыдауға мәжбүр мұқтаждықпен қасiрет дәрежесiне, еңбекке пайдалану сипатына, тәрбие жұмысының түрiне, жалпы бiлiмге және техника мамандығына үйретуге байланысты бөлiнедi.
ұның бәрi бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеу кезiндегi құқықтық жағдайына елеулi әсер етедi. Түзеу мекемелерiнiң түрiн белгiлеуге, қылмыстық-атқару заңына сәйкес дұрыс көңiл бөлу тиiс, себебi сотталғандар негiзiнен жазаның барлық мерзiмiн бiр түзеу колониясында, түзеу қоныстану колониясында, түрмеде немесе тәрбиелеу колониясында өткiзедi. Түзеу мекемесiнiң түрiн, тиiстi режимiн, жазаны қай жерде өткеретiнiн, сотталғанға бастапқы топтастыруды белгiлейтiн жалғыз орган — ол сот болады.
өткеру кезiнде сотталғандарды түзеу мекемесiнiң бiрiнен екiншiсiне аударуға негiз пайда болады. Өйткенi, ұстау жағдайын өзгертуге қажеттiлiк туады: сотталғандарды жалпы немесе қатаң режимнен қоныстану колониясына аудару. Бiрақ бұл топтастыру құрамын өзгерту емес, өйткенi сот белгiлеген режим түрi жазаны өтеу мерзiмiнде өзгермей қалып қояды.
ған еркiндiгiнен айыру орнында тағы да қылмыс жасаса (пенитенциарлық рецидив аталатын), онда сот үкiм шығарып жаңадан жаза қолданғанда түзеу мекеме түрiн қалдыруы және қатаңдау ұстайтынын белгiлеуi мүмкiн.
үкiм шығарғанда түзеу мекемесiн әлде ұстау режим түрiн белгiлегенде қате жiбере қалса, жоғары тұрған кассация жөнiмен немесе бақылау ретiнде сотталғандарды ұстау режим түрiн, мекемесiн өзi белгiлей алады.
Үкiмнiң занды күшiне енгеннен сон және оның орындауды айтқан күнiнен бастап 10 күн мерзiмнен кешiкпей бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны өтеуге жiберiледi. Түзеу мекемесiне жiберудi ол адам сотталғанша ІІМ қылмыстық-атқару жүйесi Департаментiнiң жолдама рұқсатымен ұсталып отырған тергеу қапасынын әкiмшiлiгi орындайды. Жолдамада сотталып жiберiлген ерлер мен әйелдердiң жалпы саны, сотталған заңның баптары, өтпейтiн тиiстi жазалау мерзiмi көрсетiледi. Жолдамаға тергеу қапастарының арнайы бөлiмi жүргiзiлген таспаға басылған сотталғандардың жеке басының iстерi және жолдама тiзiм — құжат, онда жөнелтiлу себептерi сотталғандар қайдан, қайда жөнелтiледi, жеке бас iстiк нөмiрлерi, тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, сотта қойылған баптары, жаза мерзiмi мен түзеу мекемесiнiң режим түрi жазылады.
ғанның жеке басы iсiнде: анкета, дактилокарта танитын фотографиясы, үкiмнiң көшiрмесi, үкiмнiң немесе ұйғарымның заңды күшiне енгенi туралы анықтамасының көшiрмесi, сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама, медицина картасы болады. Түзеу мекемелерiне сотталғандарды қабылдауды мекеме бастығы немесе оның оператив, сондай-ақ режим жұмысы жөнiндегi орынбасары төрелiк ететiн үздiксiз iстейтiн комиссия жүргiзедi. Комиссия құрамына әр түрлi бөлiм немесе қызмет, мекеменi күзететiн әскери бөлiмше өкiлдерi кiредi. Жекелеген немесе кiшiгiрiм сотталған топты қабылдауды мекеменiң, лауазымды адамдары (бастығы, оның орынбасары, бастықтың кезекшi көмекшiсi) және әскери бөлiмшенiң командирi жүргiзедi. Комиссия немесе лауазымды адамдар бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қабылдаған кезде келгендi сипаттайтын мәлiметтiк құжаттарда көрсетiлген мәлiметтермен сәйкестiгiн тексеру. Түзеу мекемесiне қабылдауға жатпайтындар:
Үкiм занды күшiне енбегендер.
үзеу мекемесiнiң басқа түрiне жататындар.
Құжаттағы мәлiметтерi шындықпен сәйкес келмейтiндер (тегi басқа, туған жылы басқа және т. с. с).
Ондайларды табылған бойда түзеу мекемесiнiң орналасқан жерiндегi қылмыстық-атқару жүйесi басқармасына хабарлайды және оларды әкетуге рұқсат-жолдама сұралады.
ғандарды қабылдаған кезде оларды тiнтедi, жеке заттарьгн тексередi, одан кейiн медициналық тексеруден өткiзiледi. Керек болса олар санитарлық тазалаудан өтедi. Осылардан өткеннен сон мерзiмi — 2 жетiге дейiн карантин үйiне жiберiледi.
Қабылданғаннан кейiн 3 дана етiп акт жасалады: бiрiншiсi конвой бастығына берiледi, екiншiсi — түзеу мекемесiндегi iске тiгiледi, ал үшiншiсi — сотталғанды бас бостандығынан айырған мекемесiне жiберiледi. Түзеу мекемесiне жаңадан қабылданғанның әрқайсысына 24 сағаттың iшiнде үкiм шығарған сотқа хабарландыру хаттама жiберiледi. Сотталғандардың отбасына, жақын туыстарына, мекемеге келген күннен бастап 10 тәулiк iшiнде мекеменiң мекен-жайын беруге немесе почтамен жiберуге рұқсат етiлген тағамдар мен өте қажеттi заттар тiзiмi, сотталғандармен жолығысудың негiзгi ережелерi хабарланады.
ғандарды түзеу мекемесiне қабылдау тек қана маңызды заң актiсi ғана емес, сонымен қатар тәрбие жұмысының басталуы. Жаңадан келген сотталғанмен бiрiншi күннен бастап әңгiме өткiзiледi, онда оны режим ережелерiмен, iшкi тәртiппен, мiндеттерi, яғни құқығымен, тәртiптiк жаза қолдану мен мадақтау шараларының негiздерi және тәртiбiмен таныстырады. Мұнда сотталғанның карантинде болған кезiнде, мекеменiң әкiмшiлiк комиссиясы, әрқайсысының жеке басының ерекшелiгiн, мүмкiндiгiне қарай мамандығын, бiлiмiн және т. б. еске ала отырып, оларды жасаққа бөлуге шешiм қабылдайды.
ғынан айыруға сотталғандар үкiм занды күшiне енгеннен бастап жаңа дәрежеге ие болады. Бiрақ оларға берiлген құқықты және мiндеттерiн орындауы шын мәнiнде жүзеге асыру түзеу мекемесiне қабылдағаннан кейiн басталады. Сонымен сотталғанды мекемеге қабылдаумен құқық маңызының шынайылығы белгiленедi.
ғынан айыру орындарындағы ұстау режимiн құқықтық реттеу.
ғынан айыру орындарындағы режимнiң түсiнiгi, мазмұны мен оның негiзгi функциясы.
ғынан айыру орындарындағы режимдi қамтамасыз ету тәсiлдерi.
1 . Режим — қылмыстық-атқару құкығының нормаларымен реттелген тәртiп пен орындау жағдайы және бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеу деп түсiнiледi.
ң мәнi мен маңызын бiлдiредi, сондықтан мұнда сазайын тарту iске асырылады, яғни сотталғанға қолданылатын құқық шектеулердiң жиынтығы. Ол бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың тұрмысын үздiксiз және жазалаудың барлық мерзiмiн реттейдi. Оның көмегiмен мiнез-құлық ережесi белгiленедi. Оны орындау барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, мекеме әкiмшiлiгiне, сотталғандарды түзеуге қатысатын және түзеу мекемелерiне бақылау жүргiзетiн қоғамдық ұйымдар өкiлдерiне, бұл мекемеге келген мемлекеттiк мекемелердiң лауазымды адамдарына, түзеу мекемелерiнiң объектiлерiңде және аумағында жүрген азаматтардың бәрiне бiрдей мiндеттi. Сонымен режим барлық субъектiлердiң және жазаны орындау мен өткеру жөнiндегi қылмыстық-атқару құқык қатынастарына қатысушылардың құқықтық жағдайын белгiлейдi. Режим нормалары қылмыстық жазалауға тән құқық шектеулердiң ретiн жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
Жазаны өткеру режимi түзеуге әсер етудiң негiзгi амалдарының бiрi болып есептеледi. Оның түзеуге әсер етудiң амалы ретiндегi басты мiндетi — сотталғандарды тәртiпке тәрбиелеу болып есептеледi, немесе бәрiне бiрдей тиiстi ортақ тәртiпке бағындыру. Режим ережелерi бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың өмiрiнiң барлық жағын өне бойы жазаны түгелдей атқарып шыққанша реттейдi. Режим сотталғандардың ерiк берiлген мiнез-құлқына ғана шек қоюды белгiлейдi, сонымен олардың кұқықтық дәрежесiн қалыптастырады. Бұл дәреже оларды қорғайды, сондықтан режим ережесiнiң өлшемi тең, әрбiр сотталғанға да және түзеу мекемелерi әкiмшiлiгiнiң өкiлдерiне де бiрдей мiндеттi. Кiмде кiм оның ережесiн сактағысы келмесе оны сақтауға мәжбүр етуге режим мүмкiндiк бередi. Қорытындысында сотталғандардың мiнез-құлқы жөнге салынады да, уақыт өткен сайын оларда тиiстi бiр мiнез-құлық ережесiне ұстану әдетi туындайды. Режим маңызының қорытындысы, сонымен бiрге түзеу әсерiнiң басқа да амалдарын пайдалануға, яғни қоғамдық пайдалы еңбек етуге, тәрбие жұмысына, жалпы бiлiм мен кәсiптiк үйретуге жағдай жасау, егер де түзеу мекемесiнде тиiстi тәртiп болмаса, онда олардың бiреуi де тиiмдi бола алмайды. Түзеу мекемелерiнде режим талабын сақтау — сендiру мен мәжбүр ету (мадақтау мен жазалау) шараларымен, өне бойы бақылау мен сотталғандардың мiнез-құлқын кадағалаумен, жазалауды тиiстi орындауды және әкiмшiлiк iс-әрекетiнде зандылықты сақтауды бақылау (соттық, ведомстволық, қоғамдық бақылау, прокурорлық қадағалау) жүйесiнiң шараларымен қамтамасыз етiледi.
Түзеу мекемелерiнде жазаны атқару режимi онын құқықтық принциптерiне сәйкес ұйымдастырылады. Олардың маңызы жазаның мақсатымен белгiленедi де қылмыстық-атқару құқығының нормаларында бекiтiледi.
ұйымдастыру принциптерi мыналар болып табылады: заңдылығы, жөндiлiгi, адамгершiлiк, даралап сенiммен жазаны қолдануды үйлестiре бiлу.
Ұстау режимiн ұйымдастырғандағы зандылық принципi дегенiмiз — ол сотталғандарға талап етiлетiн барлық талаптардың нормативтi табиғаты болады немесе мекемелер әкiмшiлiгiнiң өз бетiмен iстейтiнi емес, қайта қылмыстық-атқару құкығының нормативтiк актiлерiнде белгiленедi. Олардың талабын бiр жағынан сотталғандар, екiншi жағынан мекеме әкiмшiлiгi де сақтаулары тиiс.
Режимдi ұйымдастырғанда заңдылық принципiнiң iске асырылуы, ол бiрде-бiр сотталған режим ережесiнiң саласынан шыға алмауы және осы барлық ереже бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бәрiне бiрдей өлшем шарасында таратылады.
қ принципiн сақтау — ұстау режимiн бұзатын адамдарды мәжбүр ету шараларымен және түзеу мекемелерi әкiмшiлiгiнiң жұмысындағы зандылықты бақылаумен орындалады.
ұйымдастырудағы орынды принцип дегенiмiз — оның ережелерi өз бетiнше емес, керiсiнше, бiрiншiден, жазалау — тәрбиелеу процесi ретiндегi жазаның манызымен, екiншiден, жазаның мақсатымен немесе сотталғандарды түзеу және тәрбиелеу максатымен оларды жаңадан қылмыс жасамауын ескерту, яғни басқа адамдардың да қылмыс жасамауын ескерту болып есептелiнедi.
әрбiр режим талабының саналы өзiндiк негiзi болуы тиiс және режимнiң әрбiр қойған талабы сотталғандарға түсiнiктi болуы керек, олар қара басынын қамы ретiнде емес, қайта жазаны өткерудiң тиiстi жағдайы, жеке өзiне керектi сапаны қалыптастырудың амалы ретiнде қабылдануы тиiс.
ұйымдастырғанда адамгершiлiк принципi, ең алдымен қоғамның мүддесiне және сотталғандардың өздерiне де керектi екенiн бiлдiруi тиiс. Бас бостандығынан айыру орындарында орнатылған режим шынайы болады, себебi сотталғандар жағынан жаңадан қылмыс жасаудан оларды оқшаулау және оларды түзеумен тәрбиелеу арқылы құтқарып, қоғамның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Режимнiң шынайылылығы, ол сотталғандарды босатқаннан кейiн еңбек етуге қосудан көрiнедi. Режим шынайылылығы ол күш пайдаланып азап шектiру мақсатын қоймайды немесе сотталғандардың адамгершiлiк абыройын қорламайтындығынан көрiнедi.
ғынан айыру орындарында режимдi дараландыру принципi деп түзеу мекемелерiндегi жазалаудың мақсатына жету үшiн сотталғандарды ұстау жағдайы жасаған қылмыстың ауырлығына қарай қылмыскердiң жеке басының қоғамдық қауiптiлiгiне және олардың түзеу мекемелерiндегi мiнез-құлқына байланысты дараландыру айтылады.
Ұстау режимiн дараландыру мыналардан: әртүрлi дәрежедегi сотталғандарды бөлек-бөлек ұстаудан; түзеу жолына түсе бастаған сотталғандарды женiлдеу режимдi түзеу мекемелерiне, тәртiптi кәнiгi бұзушыларды қатаң режимдi мекемелерiне аударудан; колонияның iшiнде сотталғандардын ұсталу жағдайын өзгертуден; режим ережелерiнде көрсетiлген басқа да мадақтау мен жазалау шараларын қолданудан көрiнедi.
Жазаны өткеру режимiндегi жаза мен тәрбиенi байланыстыру принципi — ол тек режимде көбiрек кездесетiн жазалау элементтерiнен басқа тәрбиелiк маңызда ерекшелерде бар екенiн бiлдiрудi айтады.
ң жазалау жағы деп
Бас бостандығынан айыру орындарында белгiленген режимнiң тәрбиелеу жағы ережелерде көрсетiлген iшкi тәртiптi, сотталғандардың қоғамдық орындардағы, өзара қатынасқандағы, әкiмшiлiк өкiлдерiмен айналысқандағы мiнез-құлқын реттеитiн ережелерде айтылған.
Қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарындағы режимнiң негiзгi талаптары мынадай: Сотталғандарды мiндеттi түрде оқшаулау және оларға жанадан қылмыс жасауға мүмкiндiк бермеу немесе басқа да қоғамға қарсы қылықтар жасамау үшiн өне бойы бақылау қою; олардың өз мiндеттерiн бұлжытпай және ұдайы орындауы; жасалған қылмыстың қоғамға қауiптiлiгiнiң дәрежесi мен сыр-сипатына байланысты түрлiше жағдайда ұстау және сотталғандардың жеке басының түрi мен мiнез-құлқы.
Жоғарыда көрсетiлген режим ережесi мақсатының қамтамасыз етiлуi ң жиынтығы оның мағынасын құрайды.
ғынан айыру түрiндегi жазаны атқару режимi элементтерiнiң көңiл аударарының бiрi — сотталғандарды оқшаулау болып есептеледi. Ол дегенiмiз — көрсетiлген адамдар үнемi күзетуде болады, айдауылмен немесе алып жүрушiлермен ғана жүргiзiледi, қорғалады, еркiндiкте жүрген адамдармен ережеде көрсетiлмеген жағдайда оларға араласуға рұқсат етiлмеидi. Сондықтан оларға түзеу мекемелерiнiң тұрғын және өндiрiстiк зоналардың шекарасын бұзуға рұқсат етiлмейдi, әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз жергiлiктi (локальды) бiрiнен-бiрi бөлiнген тұрғын және өндiрiстiк объектiлердiң егер ондай болса шетiне шығуға болмайды, сонымен сотталғандарды күштеп оқшаулау қамтамасыз етiледi. Соңғысы салыстырмалы ғана сипатта болады. Сотталғандарға ұзақ немесе қысқа мерзiмде жолығуға уақыт берiледi.
үзеу мекемелерiнде де әр түрлi дәрежедегi сотталғандарды оларды айырмашылығы мен топтастыру ережесi негiзiнде бiр-бiрiнен айыру белгiленген. Бұл қауiптiлеу және әлеуметтiк-өнегелiлiгi асқынған сотталғандардың басқаларға терiс әсерiн тигiзбеуi мақсатында көзделген.
Ұстауда отырған сотталғандарға олардың ерекшелiгiне және жасаған қылмысының қоғамдағы қауiптiлiгiне, сотталғанның жеке басына және оның бас бостандығынан айыру орындарындағы мiнез-құлқына байланысты әр түрлi жағдай жасау арқылы қылмыстық-атқару құкығының маңызды принципi — жазаны өтеудегi даралауды iске асыру болады. Ол әр түрлi дәрежедегi сотталғандарға түрлiше жазалау ықпалын қолдану арқылы iске асырылады: қоғамнан оқшаулау түрiмен, субъективтi құкығын шектеу көлемiнен, яғни тұрмыстық құқық шектеумен, жазаны өтеу орнын белгiлеумен.
Ұстау режимiнiң негiзгi талаптарының iске асырылуы түзеу мекемесiндегi қатаң қойылған iшкi тәртiп ережесiнен табылады. Оны былайша түсiнуге болады: сотталғандарды түзеу мен тәрбиелеуге қолданылатын барлық амамдардың жиынтығын пайдалану ретi; ол адамдардың өз мiндетiн орындау мен құқықты iске асыру ретiн белгiлейтiн мiнез-кұлық ережесiнiң жиынтығы; сотталғандар жағынан жанадан қылмыс жасамауды және басқадай құқық бұзуды болдырмауды; ескерту жөнiндегi түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң жұмысын ұйымдастыру; түзеу мекемелерiнiң барлық бөлiмдерiнiң, қызметтерiнiң және лауазымды адамдарының iс-қимылын ұйымдастыру.
Ұстау режимi дегенiмiз —
сотталғандарға қылмыстық-атқару заңдарында қаралған түрлiше кұқықтық шектеулер қою арқылы жазаны өтеу процесiнде жүзеге асырылады. Алдымен, олардың субъективтiк құқық саласын қамтиды. Қазақстан Республикасы Қылмыстык-атқару кодексiне сәйкес сотталғандардың құқы бар және кылмыстық, қылмыстық-атқару, өзге де заңдармен белгiленген, сонан кейiн жазаны өтеудiң нақтылы түрiнiң тәртiбi мен жағдайына сүйене отырып мiндеттер атқарады.
Режимнiң жазалау әсерi дегенiмiз —
ң жазалау функциясы қоғамды және оның азаматтарын қорғау мiндетiн атқарады. Бiрақ көрсетiлген функцияның шектелу сипаты болуы тиiс. Режимнiң жазалау әсерiнiң тиiстi денгейде арта түсуi, оның тәрбиелеу функциясын iске асыруға қиындық келтiредi.
ң тәрбиелеу функциясы бiрнеше тәсiлмен iске асырылады. Бiрiншiден, жазалауды iске асыру жолымен, себебi мәжбүр ету адамды тәртiпке үиретуге, жазаны өтеу ережесiн сақтауға тәрбиелейдi. Ұстау режимi сотталғандарды қоғамға пайдалы мiнез-құлыққа, бойұсынуға мәжбүр етедi.
әрбиелеу функциясы — өзiнiң жаратылысында жазалау емес ереженiң тәртiбiн орнату жолымен iске асырылады (мүлiкке ұқыпты қарау, өзара әдептi болу, жеке басының тазалық ережесiн сақтау т. с. с).
Үшiншiден, тәрбиелеу функциясы — тиiстi құқықтық әдiстер жасау жолымен түзеу әрекетi шараларының ойдағыдай көмектесуiн қолдану арқылы iске асырылады.
ң тәрбиелеу функциясының адамгершiлiк мәнi мынадан көрiнедi:
- ң бас бостандығынан айрылуына байланысты сотталғанға қайғыру, қасiрет шегу арқылы зиян келтiрiлiп өнегелi жетiлуiне түрткi бола алады;
- ә) сотталғанды әрдайым, ұзақ және жазылған ереженi қатаң сақтауға үйрететiн болғандықтан оған пайдалы әдет, дағды, сапа, қалыптасуға көмектеседi;
қа да негiзгi түзеуге әсер ету амалдары жиынтығымен
ғандарда құқықтық сана тәрбиелеуге көмектеседi;
- қылмыс жасауға апарған жеке басының керi әсерiн жеңуге, жоғалтқан игiлiктердiң бағалылығын ұғынуға көмектеседi.
ғандарды болашақта қылмыс жасауға тайсалмай
қарсы тұруға тәрбиелеуге көмектеседi; бұл тағы да жазаланамын деген қорқынышқа емес, қайта қылмыспен тұрмыс етудiң зиянды және мәнсiз екенiне негiзделуi тиiс.
Режимнiң профилактикалық функциясы — түзеу мекемелерi аумағы мен объектiлерiнде және оларға iргелес аумақтарда жүрген сотталғандардың және басқа да адамдардың қылмыс және басқа да құқық бұзушылықты болдырмауды ескертуге бағытталған.
ң жекелеп ескерту функциясы мыналардан тұрады: бiрiншiден, жазаны өтеу процесiнде сотталғанға ұйымдастыру — құқықтық әсер ету нәтижесiнде қылмыс iстеу өте қиындаған, тiптi мүмкiн емес; екiншiден, режимнiң iшiне кiретiн жазалау сотталғанның санасы мен жiгерiне аса күштi әсер етiп уайымдатады, қайғыртады, яғни сотталғанды жаңадан қылмыс iстеуге жiбермейтiн психологиялық жағдайға келтiредi.
Сонымен, режимнiң функциялары бiртұтас жүзеге асырылады, олар бiрiн-бiрi толықтырады, өзара байланыста болады. Бас бостандығынан айыру режимiнiң функциялары бiр ғана мақсатқа жетуге, яғни: сотталғандарды тәртiптiлiкке тәрбиелеуге, тәртiп ережесiн олардың өз еркiмен орындауына, құқық бұзу мүмкiндiгiн болдырмауға, ал ақырында оларды түзеуге бағытталған. Режим функциясының әрқайсысы функцияның барлық жинағын бiр уақытта ойдағыдай жүзеге асыруға жағдай жасайды.
2. ғынан айыру түрiндегi жаза режимiң тиiмдi өткерудi (атқару) қамтамасыз ету дегенiмiз — оның әрбiр талабын уақытында және тиiстi орындауды айтамыз. Түзеу мекемесiнде қылмыстық-атқару құқық қатынастарына барлық қатысушылардың мiнез-құлқы жазаны атқартатын режимдi реттеушi құқық нормаларына сәйкес келуi тиiс. Режимнiң талаптарын қатаң орындамай, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға түзеу шаралары жүйесiнiң тиiмдi әсер етуi мүмкiн емес. Бұдан басқа түзеу мекемесiндегi режим сотталғандарға бақылау жүргiзiп, оларды күзету арқылы, оларға мадақтау мен жазалау шараларын қолдану арқылы, ал төтенше жағдайда қауiпсiздiк шараларын қолданумен қамтамасыз етiледi.
қамтамасыз ету тәсiлдерi қылмыстық-атқару зандарындағы белгiленген негiзгi талаптарын сақтауға бағытталған, сонымен бiрге түзеу мекемесiнде құқық тәртiбiн қолдауға бағытталған. Басқаша айтқанда, олардың мақсаты — режим талаптарын бұзуды алдын ала болдырмау шараларын қолдану, қылмыстық-атқару құқық қатынастарының субъектiлерi жағынан жiберiлген құқыққа қарсы қимылдарды тоқтату, жiберген қатесi үшiн жазалау шараларын қолдану.
Жазаны өтеудiң режимi мен оны қамтамасыз ететiн әдiстердiң жалпылама және түрлiше ерекшелiктерi бар. Олардың бiрлiгi мынада: 1) қылмыс жасау оларды қолданудың бастапқы себебi болады, ал оның құқықтық негiзi — ол заңды күшiне енген және орындауға жiберiлген сот үкiмi болады; 2) сот үкiмiмен белгiленген жазаны өтеу мерзiмi кезiнде қолданылады; 3) сотталғандарды жекелей және жалпылай ескертудiң, түзеудiң, яғни тәрбиелеудiң жалпылама мiндеттерiн атқару көзделедi. Ұстау режимi мен оны қамтамасыз ету әдiстерiнiң арасындағы ен маңызды айырмашылық-ол режим жазалауды бiлдiредi, ал режимдi қамтамасыз ететiн әдiстер жазаның мiндеттi элементтерi ретiнде қаралмайды, себебi олар қауiп төнбесе немесе режим бұзылмаса тiптi қолданылмайды. Сонымен, жазаны өтеу режимi мен оны қамтамасыз ету әдiстерi, түрлiше құқықтық табиғаты бар, бiршама жеке құқықтық құбылыстар. Режимдi қамтамасыз ету амалдары оның маңызына кiрмейдi, ол сотталғандардың және басқалардың режимдi бұзуынан қорғау үшiн қызмет етедi. Бас бостандығынан айыру түрiндегi қылмыстық жазаны өтеу кезiнде, түзеу мекемелерiнiң барлық лауазымды адамдары сотталғандардың мiнез-құлқын белгiлейтiн қылмыстық-атқару заңдарын сақтаулары, қызметтерiнде өз мiндеттерiн бұлжытпай атқарулары тиiс.
Режимдi қамтамасыз ету мақсатында сотталғандардың түзеу мекемесiндегi өндiрiсте маман ретiнде өз еркiмен жұмыс iстеп жүрген азаматтармен қатысуына барынша шек қойылады. Түзеу мекемелерiнiң өндiрiс объектiлерiне жiберiлгендер белгiленген тәртiп ережесiмен мiндеттi түрде таныстырылып және олар қолхат беруi керек.
ғандарға қандай да болмасын зат, тағам, ақша, әсiресе түзеу мекемелерiнде ұстауға рұқсат етiлмейтiн заттарды беруге болмайды. Осы мақсатта өндiрiс объектiлерiн оған кiретiн, одан шығатын адамдардың киiмiн, заттарын тексеру белгiленген. Мекеме және күзетшi әскери бөлiмше қызметкерлерi жоспарға байланысты түзеу мекемесiнiң тұрмыстық зонасын қарайды, сотталғандар түзеу мекемесiне кiргенде, одан шыққанда және олардың жеке заттарын, жататын орындарын тiнтедi.
үзеу мекемесiнде режимдi қамтамасыз ететiн манызды амалдары жоғарыда айтылғандай — ол бас бостандығынан айыруға сотталғандарды күзету мен оларды бақылау, бұлардың көмегiмен жазаны өтеу (өткеру) тәртiбi, сотталғандар жағынан жаңадан қылмыс және басқа да қоғамға қарсы қылықтар жасамауды ескерту арқылы болады.
ғандардың еңбегiн құқықтық реттеу.
ғандардың еңбегiн ұйымдастырудың негiзгi қағидалары.
ғандардың еңбегiн ұйымдастырудың түрлерi.
1. ғандардың еңбек проблемасы көп аспектiлi, сондықтан мұны қараудың белгiлi бiр өзiндiк қиындығы бар. Бұл туралы ТМД елдерiнде сотталғандардың еңбегiн пайдаланудың орындылығы жөнiнде әрдайым айтыс, талас пiкiрлер болып жүр. Айтысушылардың дәлелдерiн қарастыра отырып, сотталғандардың еңбек проблемасы жөнiнде өз көзқарасымызды белгiлеп көрейiк.
ғандардың еңбегiн пайдалануда қарсылары төмендегiдей негiзгi дәлелдердi келтiредi:
- ұрынғы КСРО елдерiнде сотталғандардың еңбегi қалыптан тыс ұлғайтылып көрсетiлген. Егер де ол занда ресми түрде мәлiмденiп және сотталғандарды түзеудiң негiзгi амалы ретiнде қаралған болса, ал тәжiрибеде еңбекпен түзеу колонияларының барлық әрекетi шын мәнiсiнде өндiрiстiк тапсырмаларды орындауға бағынған болатын. Еңбекпен түзеу мекемелерi өндiрiстiк кәсiпорын ретiнде жұмыс жасап, жоспар орындап және пайда әкелуге мiндеттi болған. Бiрiншi орында қалай да болса өндiрiс жоспарын орындау мiндетi қойылған, ал түзеу мақсаты екiншi орынға ысырылған;
— ә) сотталғандар iстейтiн кәсiпорындары шығарған өнiмдердiң сапасы көбiнесе төмен болды. Сондықтан нарықтық экономикалық қарым-қатынасқа көшкенде онын көбi талап етiлмей қалды, кәсiпорын өнiм көлемiн кенеттен төмендетiп алды. Электр, жылу, сумен жабдықтау шығындарын төлеуге мұндай өнiм көлемiнiң шамасы келмедi. Түзеу мекемесi кәсiпорнының қуаттылығы тек 50% пайдаланыла бастады. Кәсiпорын бәсекелес өнiм шығаруға аудару үшiн қосымша қаржы талап етедi, ал оны табу қиын. Тiптi қылмыстық-атқару жүйесiн ағымдағы қаржылаудың өзi қанағаттанарлық емес.
үзеу мекемелерiнiң кәсiпорнын жаңартуға қаржы жоқ және оны тапқан кезде шығаратын өнiмнiң сапасы қамтамасыз етiлетiнiне кепiлдiк жоқ; бас бостандықтан айыру орындарындағы адамдар өне бойы өзгерiп тұрады, олардың көбiнiң тиiстi мамандығы жоқ. Мамандық деңгейiнiң төмендiгi, кадрлардың өзгерiп тұруы, адамгершiлiк еңбекке немқұрайлы қараушылық және басқа көптеген қиындықтар технологияны сақтау, яғни жоғары мәдениеттi (өндiрiстi) қамтамасыз ету өнiм сапасының кепiлдiгi мен бәсекелестiгi болады;
— қ уақытта еңбек, қылмыс iстеген адамдарды түзеудiң амалы бола алмайды. Мысалы, өткен кездерде сотталғандар қылмысының сазайын тарттыру үшiн азап шегуге (каторга) алысқа, өте ауыр жұмысқа айдалған болатын. Ендеше, еңбек пен еңбектiң арасында айырмашылығы бар және оның тәрбиелеу мүмкiндiгi де әр түрлi. Әрбiр адамға кез келген еңбек жағымды әсер ете алмайды. Мысалы, бас бостандығынан айыруға музыкант, яғни скрипкашы сотталды дейiк. Оны колонияда темiр пiсiрушi, токарь немесе фрезеровшы т. б. болуды таңдап алуға мәжбүр етуi мүмкiн. Ол, бiрiншiден, музыканттың қолын бүлдiредi, ал ең бастысы мiндеттi түрде еңбекке тарту арқылы түзегiсi келген әрекетi қарсы нәтиже беруi ғажап емес.
Жоғарыда келтiрiлген жағдайдың пайда болмауы үшiн құкық нормаларында сотталғандардың еңбегiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерi бекiтiлуi және оның рөлi терең анықталуы тиiс.
ғандардың соның iшiнде бас бостандығынан айырылғандар еңбегiнiң рөлi тәрбиелеу маңызымен аяқталмайды. Оны қолданудың экономикалық, тәртiптендiру, сауықтыру маңызы бар.
ғы қолайсыз жағдай, өндiрiстiң құлдырауы сотталғандарды жұмысқа орналастыруды қиындатып жiбердi. Қазiргi уақытта Республикада пайдалы еңбекпен орта тiзiммен есептегенде сотталғандардың 27% ғана жұмыс iстейдi. Ал қол бостық мұндай криминогендi ортада терiс ықпалын көрсетедi, көбiнесе ыдыратушылық әсер етедi, әр түрлi құқық бұзушылыққа, соның iшiнде қылмыс iстеуге мүмкiндiк бередi. Сотталғандардың еңбегi еркiндiгiнен айыру орындарында жөнге салу мен тәртiп сақтаудың маңызды амалы болып есептеледi. Қылмыстық-атқару жүйесiн ағымдық қаржыландырғанда баға мен төлемнiң (тариф, азық-түлiкке және электр куатына) өсуiн еске алмайды. Жыл бойында жоспарланған бюджеттiк қаржының тек жартысы бөлiнедi, ал ол сотталғандардың мөлшерлi тамағына жетпейдi. Дәрi-дәрмек, киiм-кешек алуға бюджеттен ақша бөлiнбейдi деуге болады. Сондықтан, сотталғандар еңбегiнiң экономикалық маңызы — оның экономикалық дағдарыс жағдайында түзеу мекемелерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етiуiне мүмкiндiк беру және сотталғандардың тағам мен бiрiншi кезектегi керектi тауарлар алуын қанағаттандыру, ол босатылғаннан кейiнгi айларда отбасына керектi қаражат жинауға көмектеседi.
Адам құқық және сотталғандармен айналысу туралы Халықаралық актiлер қылмыстық жазаны қолдануда тәжiрибе дәлелдегендей сотталғандардың еңбегiн ұйымдастыру принциптерiн бекiттi.
ң бiрi — ол сотталғандар еңбегi, оларға азап шектiрмеу талабы. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы заңдарында да белгiленген. Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң жалпы бөлiмi нормаларында бұл жағдай жанама түрде ескерiлген.
қ пен саяси құқық туралы Халықаралық пакт (8-бап, 3-тармақ), сотталғандармен айналысуды: Ең аз үлгiсi Ережесi (71-бап, 2-тармақ) соттың қарарымен ұстауда отырғандардың мәжбүрлi немесе мiндеттi түрде еңбек етуiн мақұлдамайды. Сонымен, халықаралық құкық актiлер — сотталғандардың еңбек етуiнiң мiндеттiлiгiн таниды, бiрақ сотталғандардың мiндеттi еңбек етуiнiң занда көрсетiлуiн онын мәжбүрлiк еңбек екенiн бiлдiрмейдi. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1-тармағын былай деп жазған дұрыс болатын сияқты: «Соттың үкiмiмен жазаны өтеуге сотталғандар, дәрiгер куәландырған күш-қуаты мен техникалық мүмкiндiктерiне сәйкес еңбек етуге мiндеттi. Сотталғандардың еңбегi ерiксiз еңбек дәрежесiне жатқызылмайды. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1-тармағында дәл емес, былай делiнген: «… Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi». Халықаралық құқық ерiксiз еңбекке тыйым салады, ал жоғарыда айтылған еңбектiң бәрi де ерiксiз еңбекке жатқызылмайды. Қарастырылған Қазақстан Республикасы Конституциясының нормасы сәтсiз баяндалған. Ол Республикада ерiксiз еңбек рұқсат етiлетiндей тәрiздi болып көрiнедi, ал олар дүниежүзiлiк тәжiрибеде оған жатпайды.
ңбектiң мiндеттiлiгi сотталғандардың бiр қатарына таратылмайды. Бұлар негiзiнен еңбекке жарамсыз немесе еңбекке шектеулi жарамды адамдар: зейнеткерлер, I және II топтағы мүгедектер, екiкабат әйелдер және емшектегi балалары бар әйелдер. Олар егер де дәрiгерлер тарапынан қарсылық болмаса өз еркiмен еңбекке тартылуы мүмкiн.
ң бiрi бойынша сотталғандардың еңбегi олардың алған мамандығымен байланыстырылуы тиiс. Сонымен бiрге халықаралық құжаттардың ұсынуы бойынша мүмкiндiгiне қарай сотталғандарға жұмыс бергенде, босатылғаннан кейiн адал еңбекпен айналысатындай мамандығын көтеретiн немесе жаңа мамандық алатын жұмыспен қамтамасыз ету керек. Сотталғандардың талабын және олардың мамандық дайындығын сол өндiрiстен пайда табуға ғана бағындырмау тиiс.
Түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi, еңбектi түзеу амалы ретiнде қолдана отырып, сотталғанның еңбегiн пайдаланғанда әрбiр нақтылы жағдайда оның мiнездемесiне қарай жекелеп шешуi тиiс. Енбектiң мiндеттiлiгi принципi сотталғанның жұмысты өз қалауымен орындай алатын мүмкiндiгiмен егер де тәртiп пен түзеу мекемесiнiң басқару талабына қарсы келмесе, яғни белгiленген нормативтiк актiлер ережесiмен тыйым салынған болмаса сай келуi керек.
үзеу мекемелерiнiң iшкi тәртiп Ережесiнiң §50 11-тармағына сәйкес сотталғандардың еңбегiн пайдалануға тыйым салынады: а) әскери бөлiмдердiң штабында, жеке құрам орналастырылған үйлерде, яғни қарулар мен құжаттар тұрған жерлерiнде; ә) дәрi-дәрмектердi есепке алатын, сақтайтын, сондай-ақ беретiн жерлердегi жұмыстарда және де жарылғыш, уландырғыш заттар бар жерлерде; б) ерiктi жалдамалы қызметкерлер бағынатын лауазымды жұмыстарда. Егер де олар мемлекеттiк мүлiктi талан-таражға салғаны, қызмет орнын пайдаланып қиянат жасағаны, парақорлығы үшiн және олар талау, тонау, ұрлық, жалған құжаттар iстегенi; алаяқтық жасаған қылмыстары, бөтеннiң затына қол сұғушылыққа байланысты болып, сондай-ақ сот үкiмiмен мұндай құқықтан айрылған болып жазаны өтеп жүрсе сотталғандар жауапты материалдық пен есеп-бухгалтерлiк лауазымды жұмысқа жiберiлмейдi.
ғынан айыруға сотталғандардың еңбегiн ұйымдастырудың басты қағидаты — ол сотталғандармен жұмыс iстеу әдiсi, бостандық жағдайындағы еңбек етуге жақын болып, соған үйренуi тиiс. Республика экономикасының нарық қатынасына көшуiне байланысты сотталғандардың еңбек әрекетiң ұйымдастыруда түгелдей өзгерiстер енгiзу керек.
үкiметi деңгейiнде түзеу мекемесi кәсiпорнының мемлекеттiк қаржыға еңбектi пайдаланғанынан түскен табыстарын аударғанда жеңiлдiктер беру туралы бұл кәсiпорындарда мемлекеттiк тапсырысты бiрiншi кезекте орналастыру, түзеу мекемесi кәсiпорындарының өнiмдерiмен төмен қамтамасыз етiлген халықтың мұқтажын қанағаттандыру, бұл мекемелердiң шаруашылықтағы дербестiгi туралы мәселе шешiлуi керек. Сiрә, әр түрлi меншiктегi кәсiпорындарын кұру қажет сияқты. Инвесторларды тарту үшiн түзеу мекемесiн салықтан босату немесе түзеу мекемелерi кәсiпорындарына елеулi женiлдiктер беру мәселесiн мемлекет шешуi керек.
Кәсiпорнында жұмыс жасап жүрген және жасауға тiлек бiлдiрген сотталғандар үшiн ұстау орнында олар күш-куат көбiрек жоятын болғандықтан тәуiр жағдай жасалуы керек. Сонымен қатар олардың демалыс алуда, мадақтауда, тағы басқа да заңмен белгiленген жеңiлдiктер берiлуде артықшылығы болуы керек. Занның мадақтау нормаларын бекiтуi адамның таза еңбек етуi мен адал табыс табуы талабына мемлекеттiң дұрыс көңiл аударуы, түзеу мекемесi әкiмшiлiгi мен сотталғандардың арасындағы еңбек етудiң мiндеттiлiгi жөнiндегi қайшылық мәселесiн болдырмауы керек.
2 .Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде сотталғандарды еңбекке жұмылдыруды ұйымдастыру туралы жеке тарау берiлген. Онда сотталғандарды түрлiше еңбекке тарту жөнiнде бiрқатар баптар берiлген. Сотталғандардың еңбегiн ұйымдастыру үлгiлерiн зерттеу мақсатында бұл заң бөлiмiнiң мазмұнынын баяндау орынды сияқты. Ол сотталғандардың еңбек әрекетiнiң келесi түрлерiн белгiлейдi:
- үзеу мекемелерiнiң кәсiпорындары жүйесiнде;
- қылмыстық-атқару жүйесiндегi мемлекеттiк кәсiпорындарында;
- әр түрлi меншiк нысанындағы мекеме аумағында не сыртындағы кәсiпорын объектiлерiнде;
- қ қызметтерiнде;
- ңбек қызметiмен айналысуды.
Жеке өндiрiс әрекетi
Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң жеке өндiрiс әрекетiне өндiрiс олардың жеке бастауы әрекетiмен тәуекел етiп және занмен белгiленген жауапкершiлiкке алғаны жатады.
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерi жеке өндiрiстiк әрекетi iске асырғанда мыналарға мiндеттi:
қол қойылған шарттағы мiндеттерiн орындауға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шартты, несиенi, есеп және басқа мiндеттердi, өзге объектiлердiң жекеменшiк құқық бұзғаны, қоршаған ортаны ластағаны, еңбектегi
қауiпсiздiк жағдайын сақтамағаны, денсаулыққа зиян келтiрiп тұтынушыларға өнiмдi кезiнде өткiзбегенi үшiн жауап беруi тиiс;
- жалданып жұмыс iстеп жүрген азаматтарды әлеуметтiк, медициналық және басқа да мiндеттi түрлерiмен қауiпсiздендiрудi iске асыру, олардың еңбек ету әрекетiне заңға және ведомстволық нормативтiк актiлерге сәйкес жағдай жасап, қамтамасыз ету;
- жұмыс iстеп жүргендерге еңбекте қауiпсiздiк жағдайын қамтамасыз ету және олардың денсаулығы мен еңбекке жарамдылығына зиян келтiрiлгенде заңмен белгiленген тәртiппен жауап беру;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен бухгалтерлiк және статистикалық есеп жүргiзiп отыру. Олар мемлекеттiк органдарға жалпы мемлекеттiк жүйеде тиiстi экономикалық ақпарларды жинау мен өңдеудi жүргiзу үшiн ақпар бередi;
- әне басқадай жаратылыстың қорын тиiмсiз пайдаланғаннан, қоршаған ортаны ластағанынан, өндiрiстегi қауiпсiздiк ережесiн бұзғаннан, қызметкерлердiң халықтың өнiмдi тұтынушылардың денсаулығын қорғауда тазалық-санитарлық норма мен талаптарын орындамаудан келтiрiлген зияннынң орнын толтыру;
- қорғау және басқа да мемлекеттiк органдарға Республика заңдарымен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң өндiрiстiк әрекетiң өз шеңберiнде тексеру мiндеттелiп, оларға ақпар берiп отыру.
Қылмыстық-атқару жүйелерiнiң мекемелерi жеке өндiрiстiк iскерлiктi жүзеге асыра қалғандағы құқыктары:
- өндiрiстiк әрекетiн бастап және қосымша тiркеуден өткiзбей жүргiзе беруге;
- жеке адамдар мен зандық тұлғалардың заңды құқығы мен заттарын, ой мүдделерi меншiгiн, қаржы мүмкiндiктерiн шартқа отырып пайдалануға;
- өз еркiмен жабдықтаушы мен өз өнiмдерiн тұтынушыларды таңдап алуға, оған Қазақстан Республикасы заңдары көрсеткен көлемде және жасалған шартқа байланысты баға белгiлеуге;
- Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес сыртқы экономикалық әрекет жасауға;
- өзiнiң жеке өндiрiсiн басқару iсiнде әкiмшiлiк-өкiлеттiлiк әрекет жасауға;
- ңбек туралы заңдар мен ведомстволық нормативтiк актiлерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердi жалдауға немесе шығаруға;
- өндiрiсте жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң штатын бекiтуге;
- ғарылатын өнiмдер мен барлық мiндеттi төлемдердi және аумақтық баскару органдары әлде қылмыстық-атқару жүйесiнiң бас басқармасы құрған арнайы қорға бережақты төлегеннен кейiнгi қалған пайданы жұмсауға;
- мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң. медициналық және әлеуметтiк қауiпсiздiгi қызметтерiмен пайдалануға;
- қ және шетел банкiлерiнiң несиесiн пайдалануға және заңдармен белгiленген ретпен валюта алуға;
— Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемесi жеке өндiрiстiк әрекетiн өз бетiмен жоспарлайды және сотталғандар мен қамалғандарға жеткiлiктi жұмыс орнын құру қажеттiлiгiне, шығарған бұйымдарына тұтынушылардың талабы мен көрсететiн қызметiне сүйене отырып даму болашағын белгiлейдi.
әрбиелеу колонияларында жазаны өтеу.
әрбиелеу колонияларының түрлерi және жазаны өтеу режимiнiң ерекшелiктерi.
2. Кәмелетке толмаған сотталғандарға түзеу шараларын қолдануды құқықпен реттеу.
ңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасында қылмыс көбейдi. Қазiргi уақытта жасөспiрiмдер елiмiздiң ең қылмыс зардабына ұшыраған бөлiгi болып отыр. Құқық бұзушы жасөспiрiмдер арасында кәмелетке толмаған әйел адамдардың саны да көбейдi. Заңға байланысты түзеу колониялары кәмелетке толмай бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстау үшiн арналған. Бас бостандығынан айыру жүйесiнде түзеу ықпалының объектiсi кәмелетке толмағандар болғандықтан түзеу колониялары айырықша орын алады.
үшейтiлген
әрбиелеу колонияларында кәмелетке толмаған, алғаш рет бас бостандығынан айыруға сотталған ер адамдар жазаны өтейдi.
үшейтiлген режимдi тәрбиелеу колонияларында (Казакстан Республикасы КК-нiн 79-бабы) кәмелетке толмаған, бұрын бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өткерген ер адамдар жазаны етейдi.
әне күшейтiлген режимдi тәрбиелеу колонияларында кәмелетке толмағандар кәдiмгiдей үй-жайларда орналастырылады, бiрақ жазаны өтеу жағдайларының кейбiр өзгешелiктерi бар.
Тәрбиелеу колонияларынын екi түрiнде де отырған сотталғандарға Қазақстан Республикасы ҚАК-нiң 109, 111, 130, 132-баптарында көрсетiлген мадақтау мен жазалау шаралары қолданылуы мүмкiн.
Түзеу-тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеп жүрген кәмелетке толмағандар жасаққа және бөлiмшеге бөлiнедi. Әр жасақты аға тәрбиешi (жасақ бастығы) басқарады және тәрбиешiлер кеңесi болады, оған жасақ бастығы, тәрбиешiлер, сынып жетекшiлерi, шеберлер кiредi.
әрбиелеу колонияларында орнатылған режим бұл мекемелердiң жұмыс әрекетiнiң тәртiбiн реттеу және оның максаты сотталғандарды оқшаулау, кашуды болдырмау. тәрбиеленушiлердi қадағалап жүру және с. с.
әрбиелеу колонияларьшың аумағы кәсiпорынынан және тұрғын жай зоналарынан тұрады, олар өзара бөлiнедi.
үн тәртiбi ережесiн тәрбиелеу колониясының бастығы бекiтедi және оны әрбiр тәрбиеленушi орындауға мiндеттi. Бұл жерде, бас бостандығынан айыру орындарындағы режимнiң жалпы талабы кәмелетке толмаған жазаны аткарушыларға да таратылатынын айта кеткен орынды. Бiрак кылмыстык-аткару кұкығынын нормалары тәрбиелеу колонияларында жазаны аткару кезiнде кейбiр ерекшелiктерiн караған.
әмелеткетолмаған сотталғандар тұратын жайда немесе өндiрiстiк зонада еркiмен жүре алады, кейбiр жағдайларда тәрбиелеу колониясынын сыртына күндiз ешкiм ерiп жүрмей өз бетiмен шығып келе алады.
әмелетке толмағандар кашса, оларға ату кұра-лын колдануға болмайды. Режимнiн екi түрiнде де кәмелетке толмаған сотталғандарға кездесу негiзiнен демалыс, мейрам күндерi берiледi. Кездесу арнайы жабдыкталған бөлмеде етедi, оның ұзақтығы төрт сағаттан аспауы тиiс.
әрбиелеушiлер бiр түстi киiм киедi. Одан баска, ТҚ-на (тәртiп капасы) камалғандар (мерзiмi он тәулiкке дейiн) кез-десу кұкынан, сәлемдеме, бандероль, тағам және бiрiншi керектi заттар сатып алу күкынан айырылады. Оларға күнiне серуендеуге екi сағат уақыт берiледi. Тәрбиеленушi, тәртiп капасына денсаулығы туралы медициналық аныктамасы болса ғана камалады. Үйыктағанда олар төсек-орынмен камтамасыз етiледi.
ң күшi бар нормалар бойынша 18 жаска толған сотталғандар жазалау мерзiмi бiткенше, бiрақ 20 жастан асканша тәрби-елеу колониясында калдырылады. 18 жаска толған сотталған-дарды тәрбиелеу колониясында қалдыру мерзiмiн ұзарту ко-лония бастығының себептерi келтiрiлген каулысы бойынша кәмелетке толмағандар iсi жәнiндегi комиссиямен келiсiлген және прокурор рұксат еткенде iстеледi.
үзеу жолына түспеген тәрбиелеу колониясында отырған сотталғандар түзеу мекемесiнiң жалпы режимiне ауыстырылуы мүмкiн.
әмелетке жеткен сотталған адамдарды тәрбиелеу колонияларында қалдыру басқа сотталған көпшiлiкке жағымды ықпалын тигiзедi, бiр талап қоюға мүмкiндiк бередi және тәрбиелеу әсерiнiң сабақтастығын бiлдiредi. Мұнымен қатар, ол жасөспiрiмдер жасындағыларға қылмыскерлiк «мәдениеттi» және «жалған қылмыскер арманшылдығын» үйренудi азайтады, яғни кәмелетке жетпеген сотталғандарға керi әсерiн тигiзуiн азайтады.
2. әрбиелену колонияларыңда жаза атқарып жүрген адамдарға заң шығарушы, үлкендерге қолданылатын түзеу әрекетiнiң шараларын, кейбiр ерекшелiктер енгiзiп белгiлейдi. Мысалы, режимнiң маңызы — өмiрде және тұрмыста қатаң тәртiптелген болатын болса, ал тәрбиелеу колонияларындағы кәмелетке толмағандар үшiн жаза жеңiлдетiлген түрде болады. Тәрбиелеу колонияларында тәрбиеленушiлердiң мiнез-құлкы жасөспiрiмдердiң жеке тiлегi мен көңiл-күйiне емес, қайта қатаң белгiленген тәртiпке бағындырылған. Тәжiрибе көрсеткендей, тәрбиелеу колонияларына, негiзiнен тәрбие көрмеген, тәртiпке үйренбеген, жалқау т. б. терiс мiнездiгi арқасында оқығысы да жұмыс жасағысы де келмейтiн кәмелетке толмағандар түседi. Мұндай жастарға режим ең жоғары дәрежедегi тәрбиелеу амалы болып есептеледi. Тәрбиелеу колониясында режимнiң «Жеңiлдетiлген» қасиетi дегенiмiз мынада:
- а) кездесудiң көбiрек берiлуiнде, сәлемдеме, бандероль беру санының көбейтiлуiнде, ұстау жағдайы жақсы жерге аударудағы мерзiмнiң қысқартылуында;
- ә) тәрбиелеу колониясы сыртына шығуға рұқсат етiлгендiгiнде;
- өлектенген бөлiмшелердiң жоқтығында;
- қ ататын қарудың қолданылмауында;
- ғанның психикасына зиян келтiретiн тәртiптiк шараларды қолдануға рұқсат етiлмейтiндiгiнде.
әмелетке толмағандарды еңбекке тәрбиелеудiң де кейбiр ерекшелiктерi бар:
а) олардың талабын мамандығына қарай еске ала отырып еңбекке дағдыландыруды үйрету мақсатының маңыздылығы:
- ә) бiрiншi орында өндiрiстiк-оқу әрекетi мен техникалық мамандыққа үйрету қойылады;
- б) кәмелетке толмағандарды түнде жұмыс iстеуге, зиянды жұмысқа мерзiмiнен тыс және демалыс күндерi жұмысқа пайдалануға рұқсат етiлмейдi;
- қауiпсiздiгi ережесiн сақтауға жоғары талап қойылады;
- г) еңбек жарысын ұйымдастыруға айрықша маңыз берiлуi.
ң дәрежесiнде тәрбие жұмысын құқықтық реттеудiң қажеттiгi жоқ бiрақ заңға негiзделген құжаттар дәрежесiнде тәрбие жұмысында, ересек сотталғандармен реттеудегiге қарағанда, көптеген өзгешелiктердi табуға болады. Олардың негiзгiсi — ол заңға негiзделген құжаттардың психо-педагогикалық бағытта ашық айтылғандығы, кәмелет жасына жетпеген сотталғандарға жөн сiлтеуiнде. Мысалы, тәрбие жұмысының негiзгi орталығы — жасақ, ал ол тәрбиелеу колониясында 25 адамнан аспайтын бөлiмшеге бөлiнедi. Бөлiмшенi тәрбиешi басқарады, ал төрт бөлiмшеден тұратын жасақты жасақ бастығы басқарады және ол аға тәрбиешi. Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң бұйрығына сәйкес тәрбие жұмысын тиiмдi жүргiзу мақсатында жасақ бастығы жанынан жасақ Тәрбиешiлерiнiң кеңесi кұрылады, оған тәрбиешiлер мен бiрге сынып жетекшiлерi, училище мамандары, өндiрiс уәкiлдерi кiредi. Жасақтың Тәрбиешiлер кеңесi жасақ бастығының жанындағы кеңесшi орган, оның шешiмi мiндеттi емес, тек кеңес беру ретiнде болады, ал ақтық шешiмдi жасақ бастығы қабылдайды. Жоғарыдағы айтылған органның бұйрығымен тәрбиелеу колониясында колония ұжымынын кеңесi, жасақ ұжымынын кеңестерi, бөлiмше ұжымының кеңестерi құрылады, олардың мүшелерiнiң тiзiмiн колония бастығы бекiтедi.
әрбиелеу колониясында жалпы бiлiм беру мынандай болады:
- үйретудi ең жоғары дәрежеде тәрбиелеу әрекеттерi мен байланыстыру;
- ә) мектептегi педагогикалык процестi тәрбиелеу колониясындағы барлық тәрбиелiк жұмысымен тығыз байланыстыру;
- ұжымы мен мекеме әкiмшiлiгiнiң барлық басты назары жалпы бiлiмдi үйретуге аударылуы тиiс.
Техникалык-кәсiптiкке үйрету — ол сотталғандарды мiндеттi түрде мамандыққа үйрету болып есептеледi. Үйрету ұзақтығы жұмыс күнi бойында жүргiзiледi. Мамандықтың күрделiлiгiне, оқытудың ұзақтығына және оқушылардың санына байланысты жасөспiрiмдердi үйрету 25-30 адамнан тұратын топтарда жүзеге асырылады, олар бiр маманға немесе жеке үйрету ретiнде маманданған жұмысшыға үш адамға дейiн бекiтiледi. Оқу бiткеннен кейiн оларға куәлiк берiлiп және мамандық дәрежесiнiң атағы берiледi. Сонымен, тәрбиелеу колониясында сотталғандарды тәрбиелеу процесiнде кәмелетке толмағандардың жасын, физиологиялық ерекшелiктерiн және олардың адамгершiлiк дәрежесi тәмендеуiн еске алатындығымен қорытынды жасауға болады.
Бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеудiң жағдайы мен тәртiбi.
ғынан айырмай түзеу жұмыстары түрiндегi жазаны өтеудiң жағдайы мен тәртiбi.
үзеу жұмыстарына сотталғандармен жүргiзiлетiн тәрбие жұмысы.
үзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдарға қолданылатын мадақтау шаралары.
1. Бас бостандығынан айырмайтын жұмыс орнындағы түзеу жұмыстары Қазақстан Республикасының заңында көрсетiлген.
Бұдан басқа кәмелетке толмағандар жөнiнде айтқанда, олардың мiнез-құлқын қадағалау мен өндiрiстiк мамандық алуын қамтамасыз ету керектiгi есепке алынады.
Қылмыстық заңға сәйкес түзеу жұмыстары жазаның негiзгi түрi болып есептеледi және сот оны екi айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындауы мүмкiн.
үзеу жұмыстарына сотталғанның жалақысынан мемлекет пайдасына сот үкiмiмен белгiленген мөлшерде ұстап қалынады, бiрақ жиырма пайыздан аспауы тиiс.
үзеу жұмыстары қылмыстық Кодекс баптарында жиiрек көрсетiлген, бiрақ олар қоғамның оқшауланбайтын негiзiнен жеңiл қылмыс жасаған адамдарға қолданылуы мүмкiн. Түзеу жұмыстары — бұл жазалау шарасы сотталғандарды мiндеттi түрде еңбекке тарту болғандықтан, жұмысқа жарамсыз азаматтарға қолданылмайды.
Түзеу жұмыстарына сотталғандар жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбiн сақтауға, бұл жазаны атқаратын органның шақыруы бойынша баруға мiндеттi. Бұл талапты себепсiз орындамағаны үшiн сотталған жауапқа тартылуы мүмкiн.
үзеу жұмыстарын өтеудегi маңызды нәрсенiң бiрi — ол сотталғанның еңбек ақысынан сот үкiмi белгiлеген соманың Казақстан Республикасы ҚК-нiң 43-бабына сәйкес ұстап қалынуы.
үзеу жұмысына сотталғандар жазаны жұмыс жасап жүрген орнында, қандайда болмасын меншiктегi ұйымда өтейдi.
Түзеу жұмысына сотталған адамдар сотталғанға дейiнгi жүмыс iстеген өндiрiсте, мекемеде, ұйымда, сол лауазымында, қызметiнде жұмыс жасап қала бередi.
Қазiргi уақытта түзеу жұмыстарын орындау Қазақстан Республикасы ҚАК-мен реттеледi.
ң түзеу жұмыстары жөнiндегi үкiмiн жүзеге асыратын орган — ол аудандық iшкi iстерiне қарайтын қылмыстық-атқару инспекциясы. Инспекция түзеу жұмыстарына сотталғандардың әр қайсысының бас басына есеп жүргiзедi; керектi жағдайда оларға бұрынғы iстеген жерiне жұмысқа орналастыруға көмек көрсетедi; сотталғандардың еңбек ақысынан дұрыс ұсталынуын, өндiрiстер, мекемелер, ұйымдар әкiмшiлiгiнiң Қазақстан Республикасының зандары белгiлеген жазаны өтеу жағдайын сақтауды бақылайды; сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзуде; оларға қолданылатын мадақтау және жазалау шараларына қатысады; тұрған жерi белгiсiз сотталғандарды iздеудi заңмен белгiленген тәртiппен ұйымдастырады.
үкiмi шыққаннан кейiн еңбекке жарамсыздығы белгiлi болған сотталғандар жөнiнде бұл жаза түрiн атқаратын орган сотқа түзеу жұмысын басқа жеңiлiрек жазаға ауыстыру туралы өтiнiш бiлдiредi.
үзеу жұмыстары туралы үкiм қылмыстық-атқару инспекциясына түскеннен кейiн он бес күннен кешiктiрiлмей орындалады. Түзеу жұмыстары инспекциясы сот үкiмiнiң көшiрмесiн алып, жұмысқа орналастырылғаннан кейiн әрбiр түзеу жұмыстарына сотталған есепке алынады, оған жеке iс ашылады, одан кейiн инспекция сотқа оның шешiмi орындалғаны туралы хабарлама қағаз жiбередi.
ғынан айыру жөнiндегi түзеу жұмыстарына өзгертiлген болса, онда хабарлама-қағаз сотталғанның жаза өтеген түзеу мекемесiне жiберiледi. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың жеке басының есебi — олардың жұмысқа қатысуын, еңбек ақысынан ұстаудың дұрыстығын, заңда көрсетiлген негiздерде сотталғанның есептен уақытында шығарылуын бақылап жүру үшiн керек.
үзеу жұмыстарына сотталғандар үшiн тәжiрибеде жеке есептеудiң төрт түрi белгiленген: оперативтi, алдын алатын, бақылау, iздеу салынған сотталғандардын есебi.
үзеу жұмыстарына сотталған адамдардың жұмыс орнына, инспекция сотталғанның құжатын алғаннан кейiн кәсiпорнының, мекеменiң, ұйымның, әкiмшiлiгiне үкiмнiң көшiрмесiн және белгiленген түрде хабарлама қағаз жiбередi. Егер де сотталған бұрынғы жұмыс орнынан шығып кетiп және еш жерде жұмыс жасамайтын болса, бұл жазаны орындататын органдар сотталғанға он бес күн мерзiм iшiнде жұмысқа кiруге талап қояды, керек болса жұмысқа орналасуына көмек көрсетедi.
Қазақстан Республикасы ҚАК-нiң 30-бабы түзеу жұмыстарына сотталғандардың жазаны өтеп жүрген кәсiпорны, мекемелер, ұйымдар әкiмшiлiгiнiң мiндеттерiн көрсеткен.
Бұл мiндеттерi мынандай:
- ғандардың өндiрiстегi мiнез-құлқына бақылау жасау және сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзуде инспекцияға жәрдемдесу;
- ғанның табысынан ұстап қалатын ақыны дұрыс және уақытында жүргiзу мен ұсталған сомаларды белгiленген тәртiппен аударып отыру;
- үзеу жұмыстарына көзделген жазаны өтеудiң ережелерiн сақтау;
- қылмыстық-атқару инспекциясына сотталғанға қолданылған мадақтау және жазалау шаралары, оның жазаны өтеуде жалтарғаны туралы хабарлап отыру, сондай-ақ баскқ қызметке ауыстырылуы мен босатылуы жөнiнде алдын ала хабарлау жүктелген.
Инспекция сотталғандар жұмыс iстейтiн кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың әкiмшiлiгi мен тығыз байланыста жұмыс жасауы тиiс. Тәжiрибеде олардың өзара қарым-қатынастары әр түрлi болуы мүмкiн, бiрақ солардың iшiндегi тиiмдiсi — ол инспекция қызметкерлерiнiң түзеу жұмыстарына сотталғандар еңбек ететiн ұйымдарға, мекемелерге, өндiрiс орындарына тiкелей баруы. Инспекцияның мұндай баруы сотталғандардың қылмыстық жазаны өтеу жағдайлары мен тәртiп шараларын уақытында анықтайды, сотталғандармен әкiмшiлiктiң құкықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және сотталғандардың мiнез-құлқын, оның еңбектi қалай iстейтiнiн т. б. анықтайды.
Түзеу жұмыстарын өтеу жағдайлары
Түзеу жұмыстары жазасын өткеру кезiнде инспекцияның рұқсатынсыз сотталғандарды өз тiлегi бойынша жұмыстан шығаруға болмайды.
Жұмыстан шығуға рұқсат етпегенде, онда жоғары тұрған лауазымды адамға шағым етуге болады.
Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығына жәрдемақы еңбекақысы есебiнен сот үкiмiмен тағайындалған ұстап қалуды шегерiп тастағаннан кейiн төленедi.
Қылмыстық-атқару заңымен (Қазақстан Республикасы ҚАК-нiң 40-бабы) түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұстап қалуды жүргiзу тәртiбi толық реттелген.
Әрбiр жұмыс айы үшiн жалақы төлегенде орындау парақ құжаттары бойынша ұстап қалу, сотталғанға талаптардың болуына қарамастан жалақының барлық түрiнен жүргiзiледi.
Ұстап қалулар, әрбiр толық жұмыс iстеген айға жалақыны айдың екiншi жартысында төлегенде, ал жұмыстан шығарылғанда — айдың жұмыс iстеген күндерiнен жүргiзiледi.
Қосымша жұмыс iстейтiн адамдардан ұстау ай сайынғы жұмысының жалақысынан жүргiзiледi. Сотталғандарға еңбек ақы төленген күнi ұсталған сомасы белгiленген тәртiппен мемлекет пайдасына аударылады.
қыдан, әлеуметтiк қамтамасыздандыру және әлеуметтiк қауiпсiздендiру орындарынан берiлетiн жәрдемақыдан, жалақы жүйесiнде қаралмаған бiр жолғы төлемдерден, қызметпен жүргендегi жалақысының және т. б. шығындар үшiн төленетiн сомадан, ұсталымдар алынбайды. Егер соттың үкiмi бұзылып, iс тоқтатылған кезде сотталғанның еңбек ақысынан ұсталған сомасы, оған түгелдей қайтарылады.
Қазiр тәжiрибеде пайда болған мәселе, ол әр түрлi коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайтын адамдардың жалақысын қалай анықтауға болатындығы, себебi оларда еңбек ақыны төлеу дұрыс жөнге келтiрiлмеген, ол тек кейбiр жұмыстарды орындап, сауда келiсiмiн аяқтап және т. с. с. кiрiс түскеннен кейiн төленедi.
ұл жағдайда жазаны өтеу уақытында алынған немесе жазаны өтеудiң бөлiгi кезеңiне келетiн барлық табысы есептелуi тиiс.
қа да негiздермен артық ұсталған сомасы қайтарылады: мерзiмiнен бұрын босатылғанда, кешiрiм жасалғанда және т. с. с.
2. Түзеу жұмыстары жазалау шарасы болып есептеледi. Сотталғандарды түзеу мақсатында Қазақстан Республикасы ҚАК-нiң 7-бабында көрсетiлген амалдарды яғни: жазаны атқару мен өтеудiң белгiленген тәртiбiн (режим), тәрбие жұмысын, қоғамдық-пайдалы еңбектi, орта бiлiм алуды, кәсiптiк даярлық пен қоғамдық ықпал етудi қолданады.
ұл амалдарды қолданудың ерекшелiгi — ол түзеу жұмыстарына сотталғандар қоғамнан оқшауланбаған, оны жақсы бiлетiн бұрынғы сотталғанға дейiнгi жұмыс орнында жұмысшылар мен қызметкерлер ұжымында жұмыс iстейдi. Сотталғандармен тәрбие жұмысын әкiмшiлiк, еңбек ұжымы, жұмыс орнындағы қоғамдық ұйымдар және қылмыстық-атқару инспекциясының қызметкерлерi жүргiзедi.
әрбие жұмысының түрлерi әр алуан болуы мүмкiн, олар: жекелеп, топтап әңгiме жүргiзу, жақын туыстарымен қарым-қатынас жасауға, әсiресе сотталған кәмелетке толмаған болса көңiл бөлу. Тәрбие жұмысын жүргiзгенде, көбiнесе жекелей әңгiмелесуге назар аудару керек, онда тек қана жұмыс iстеуi жағынан бiрге, оның қоғамдық жерлердегi, от басындағы, үйiндегi мiнез-құлқына көңiл аударған жөн.
Өзiнiң түзелгенiн ынталы мiнез-құлқымен және еңбекке, оқуға, адалдығымен дәлелдеген сотталғандар, заң белгiлеген тәртiппен мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатуға ұсынылуы мүмкiн. Егер де сотталған түзелiп және заңмен көрсетiлген жаңа мерзiмiнiң бөлiгiн өтеген болса, онда мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатылуға мәлiметтердi инспекциямен бақылау комиссиясы бiрiгiп жiбередi.
үзеу жұмыстарына сотталған жаза өтеу жұмысынан қасақана жалтарса, жазаның бұл түрiн атқарушы орган сотқа өтелмеген мерзiмнiң орнына жазаның басқа түрiн белгiлеуге ұсыныс енгiзедi.
ң қасақана екенi, егер де көрсетiлген қимылы жалғастырыла берсе немесе хаттап ескертуден кейiн де жалғаса берсе немесе сотталған жазаны өтемеу мақсатымен бой тасалап жүрсе ғана танылады.
Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандардың жазаны өтеу жағдайлары мен тәртiбi.
1. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаны атқарудың жағдайлары мен тәртiбi.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны атқару.
3. Айыппұл түрiндегi жазаны атқару жағдайлары мен тәртiбi.
1. Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалардың түрiне түзеу жұмыстарынан басқа, кiретiндер: белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқынан айыру түрiндегi жазаны атқару; айыпақы; қоғамдық жұмыстарға тарту; бас бостандығын шектеу. Қосымша жазаларға жататындар: арнаулы, әскери немесе кұрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, сыныптық мамандықтан, мемлекет наградаларынан айыру; мүлiктi тәркiлеу. Жоғарыда айтылған қылмыстық жазалардың кейбiреулерi айыпақы және белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқынан айыру сияқтылары негiзгi, сондай-ақ қосымша да жазалар түрiнде қолданылуы мүмкiн.
Жазалаудың бұл түрлерiнiң ерекшелiгi — ол, бұл қылмыстардың жазалау шараларының, мысалы, бас бостандығынан айыруға сотталғандармен салыстырғанда қуғын-сүргiнi кем емес.
қызметпен айналысу құқығынан айыруды сот Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 41-бабына сәйкес бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге жазаның негiзгi түрi ретiнде және алты айдан үш жылға дейiн жазаның қосымша түрi ретiнде тағайындайды.
Бұл жазаны негiзгiсi ретiнде өтеудi, сонымен бiрге негiзгiге қосымшасы ретiндегi айыпақы, түзеу жұмыстары және де шартты түрде сотталғанның жаза атқаруын ұйымдастыруды сотталғанның тұрған жерiндегi қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады.
ғынан шектеу, қамау, бас бостандығынан айыру немесе тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау түрiндегi негiзгi жазаға қосымша ретiнде тағайындалған бұл жазаның атқарылуын ұйымдастыруды негiзгi жазаны атқарушы орган, ал негiзгi жазаны өтеген соң — сотталушының тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы ҚАК-нiң 24-бабы).
ғандар әскери қызметке шақырылған немесе олар баламалы арнайы мемлекеттiк қызметке кiрген жағдайларда қылмыстық-атқару инспекциялары әскери комиссариатқа немесе сотталғандардың тұрғылықты жерi бойынша қызмет өткеру кезiнде сол жазаны атқаруға арналған сот үкiмiнiң көшiрмесiн жiбередi.
Қылмыстық-атқару инспекциясының әкiмшiлiгiнiң ұйымдардың сот үкiмiн және басқа да органдардың қаулы қарарларын орындау жөнiндегi мiндеттерi Қазақстан Республикасы ҚАК-нiн 24, 25, 26-баптарында белгiленген.
қыға, қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ шартты соттау кезiнде қосымша жаза түрi ретiнде тағайындалған белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқынан айыру мерзiмi, егер бұл жағдайда қосымша жазаның өтелуi — кейiнге қалдырылмаса, сот үкiмi занды күшiне енген кезден бастап есептеледi.
ғын шектеуге, қамауға, бас бостандығынан немесе тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауға қосымша жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметiнен айналысу құқынан айыру түрiндегi жаза қолдану кезiнде ол жазаның аталған негiзгi түрлерiн өтеудiң бүкiл уақытына қолданылады, бiрақ бұл орайда оның мерзiмi оларды өтеу кезiнен бастап есептеледi.
Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқынан айыру түрiндегi жазаға сотталғандар сот үкiмiнiң талаптарын орындауға, қылмыстық-атқару инспекциясының талап етуi бойынша аталған жазаны атқаруға байланысты құжаттарды беруге, жұмыс орны, оның өзгергенi және одан босағаны туралы инспекцияға хабарлауға, сондай-ақ шақыру бойынша инспекцияға келуге мiндеттi. Сотталған келмей қалған жағдайда оған ерiксiз келтiру қолданылуы мүмкiн. Соттың белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқынан айыру туралы үкiмнiң орындалмауына кiнәлi өкiмет өкiлдерi, мемлекет қызметкерлерi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының қызметкерлерi, мемлекет мекемелерiнiң, коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың қызметкерлерi, сондай-ақ сот үкiмiнiң талаптарын бұзушы сотталғандар Қазақстан Республикасының зандарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Қоғамдық жұмыстар деп сотталғанның негiзгi жұмысынан немесе оқуынан бос уақытында қоғамдық пайдалы жұмысты тегiн орындауын айтады. Оның түрлерiн жергiлiктi атқару органдары немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары белгiлейдi.
Қоғамдық жұмыстар алпыстан екi жүз қырық сағат мерзiмге белгiленедi және күнiне төрт сағатқа дейiн өтеледi. Егер де қоғамдық жұмыстан қасақана жалтарса, онда ол Қазақстан Республикасы ҚК-нiң, 45, 46-баптарында көрсетiлген тиiстi мерзiмге бас бостандығынан шектеумен немесе қамаумен ауыстырылады. Мұнымен бiрге, сотталғанның қоғамдық жұмыстарды өтеген мерзiмi бiр күн бас бостандығынан шектеу немесе қамау уақыты сегiз сағат қоғамдық жұмыстарға есептеледi.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны сотталғанның тұрақты тұратын жерiнде қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен жергiлiктi атқару органдары немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары белгiлейтiн объектiлерде қылмыстық-атқару инспекциясы атқартады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жаза жөнiндегi сот үкiмi соттың тиiстi қарарының (ұйғарымнын, қаулының) көшiрмесiмен қоса қылмыстық-атқару инспекциясына келiп түскен күннен бастап он күн мерзiмнен кешiктiрiлмей атқарылады.
Қылмыстық-атқару инспекциясы: сотталғандардың есебiн жүргiзедi; оларға жазаны өтеудiң тәртiбi мен ережелерiн түсiндiредi; жергiлiктi атқарушы органдармен немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен қоғамдық жұмыстардың объектiлерiн белгiлейдi; сотталғандардың мiнез-құлқын бақылайды; жазаны өтеуден жалтарған сотталғандарды ұстау туралы шешiм қабылдайды; олардың атқарған уақытының жалпы санын жүргiзедi және сотталғандардың орындаған жұмыстары үшiн қаржының тиiстi бюджетке уақытында түсуiн бақылайды.
Сотталғандар жазаны өтеудiң белгiленген тәртiбi мен ережелерiн сақтауға, еңбекке адал қарауға; өздерiне бөлiнген объектiлерде жұмыс iстеуге және сот белгiлеген қоғамдық жұмыстардың мерзiмiн атқаруға, тұрған жерiнiң өзгергенi туралы қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлап отыруға мiндеттi.
ға негiзгi жұмыс орны бойынша кезектi демалыстың берiлуi қоғамдық жұмыстардың орындалуын тоқтатпайды.
ған бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек деп танылғанда қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа жазасын одан әрi өтеуден босату туралы, ал сотталған әйел аяғы ауыр болған жағдайда оның жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру туралы ұсыныс жасайды.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаның мерзiмi сотталғанның қоғамдық жұмыстарды орындаған сағаттарымен есептеледi.
Қоғамдық жұмыстар уақыты демалыс күндерi мен сотталған негiзгi жұмыспен немесе оқумен айналыспаған күндерi — төрт сағаттан; жұмыс күндерi — жұмыс әлде оқу аяқталған соң екi сағаттан, ал сотталғанның келiсiмiмен — төрт сағаттан аспауы керек. Қоғамдық жұмыстар ұзақтығы апта iшiнде, әдетте он екi сағаттан кем болмауы керек. Дәлелдi себептерi болған кезде қылмыстық-атқару инспекциясы сотталғанға апта iшiнде жұмыс сағатын азырақ iстеуге рұқсат ете алады.
ғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеу орны бойынша ұйымдардың әкiмшiлiгiне сотталғандардың жүктелген жұмыстарды орындауына бақылау жасау, қылмыстық-атқару инспекциясына iстелген сағаттар саны туралы немесе сотталғандардың жазаны өтеуден жалтарғаны туралы хабарлау жүктеледi.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаға сотталғандардың еңбегiн пайдаланушы ұйымдардың әкiмшiлiгi сотталғандардың iстеген жұмысы үшiн бюджетке ай сайын қаржы аударып отырады. Сотталғандардың жасаған жұмысының құны ұйымда қолданылып жүрген бағалау бойынша айқындалады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуден сотталғанның қасақана жалтарғанына мыналар кiредi: қоғамдық жұмыстарға дәлелдi себептерсiз бiр айдың iшiнде екi реттен астам шықпаса; еңбек тәртiбiн бiр айдың iшiнде екi реттен артық бұзса; жазаны өтеуден жалтару мақсатынан жасырынғаны.
Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеудiң тәртiбi мен ережелерiн бұзғаны үшiн қылмыстық-атқару инспекциясы оған Қазақстан Республикасының қылмыстық зандарына сәйкес жауапты болатынын ескертедi.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталғандар жөнiнде қылмыстық-атқару инспекциясы Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексiнiң 42-бабының екiншi тармағына сәйкес сотқа қоғамдық жұмыстарды жазаның басқа түрлерiмен ауыстыру туралы ұсыныс жасайды.
Қоғамдық жұмыстарға тарту әскери адамдарға, елу бес жастан асқан әйел адамдарға, алпыс жастан асқан ер адамдарға, аяғы ауыр әйелдерге, сегiз жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, I, II топтағы мүгедектерге белгiленбейдi.
3. ұл Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 40-бабында негiзгi немесе қосымша жаза түрiнде көрсетiлген.
ұл ң белгiлеген жағдайлары мен мөлшерiнде соттың шешiмiмен салынып ақшалай өндiрiлiп алынуын айтады.
Айыппұл мөлшерi жасаған қылмыстың сыр-сипаты мен ауырлығына байланысты және жауапкердiң мүлiк жағдайын ескерiп белгiленедi.
ұл Қазақстан Республикасы зандарынан белгiленген жиырма бестен жиырма мың айлық көрсеткiш есебiмен немесе сотталғанның екi жетiден бiр жылға дейiнгi басқа кiрiсiнен тағайындалады.
ұл қосымша жаза ретiнде заңда көрсетiлген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкiн. Шартты соттау кезiнде негiзгi немесе қосымша жаза ретiнде айыппұл түрiндегi жазаны өтеудi тұрған жерiндегi немесе жұмыс iстейтiн орнындағы немесе мүлiгiнiң тұрған жерiндегi аудандық (қалалық) халық сотының жанындағы сот орындаушылары жүргiзедi. Бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретiндегi айыппұл түрiндегi жазаны өтеудi сотталғанның негiзгi жазаны атқарып жүрген жерiндегi аудандық (қалалық) халық соттарының жанындағы сот орындаушылары жүргiзедi.
Сот үкiмiн жариялағаннан кейiн сотталғанға өз еркiмен Мемлекеттiк -жинақ банкiсiне бiр ай мерзiмде айыппұл сомасын төлеудi мiндеттейдi, ал төлемеген жағдайда оған оны төлеуге мәжбүр етiлетiнiн ескертедi.
Егер сотталғанның айыппұлды тез төлеуге жағдайы келмесе, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес айыппұлды төлеу ұзартылады немесе алты ай мерзiмге дейiн кейiн қалдырылады.
Айыппұлды төлеудi ұзарту немесе кейiнге қалдыру сотталғанның, оның қорғаушысының, сондай-ақ жақын туысқандарының сұрауы бойынша орын алуы мүмкiн. Сот мұндай сұраудың себебiн анықтауы тиiс: ауыр материалдық жағдайы, кiшкентай балалар барлығы, сұрапыл апатқа ұшырауы т. б. сияқты. Сотталғанның дәлелдерiн сот тексеруi тиiс. Сот орындаушысы өз бетiмен үкiмдi орындауды ұзарта немесе кейiнге қалдыра алмайды.
Егер айыппұл көрсетiлген мерзiмде өз бетiмен төленбесе, онда айыппұл түрiндегi жазаны орындау азаматтық сот жүргiзу тәртiбiмен, сотталғанға берiлген орындау парағы негiзiнде мәжбүр етiледi.
ұл сотталушының жеке мүлiгiнен немесе жалпы меншiктегi оның үлесiнен өндiрiлiп алынады.
өндiрiп алынатын айыппұл сомасының мөлшерiнде мүлiктiң тiзiмiн жасайды.
ғанның мүлiгi жоқ болса, сондай-ақ мүлiгi айыппұлына түгелдей өндiрiп алуға жатпаса ғана оның еңбек ақысынан немесе басқа табысынан зейнетақысының немесе стипендиясынан ұстап қалынады.
Егер де төлеу мөлшерi сотталғанның айлық еңбек ақысының немесе табысының, зейнетақы немесе стипендиясының 20% аспаса, онда мүлiгiнен ұстап қалынбайды. Айыппұл төлеу түрiндегi жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны үшiн Заңмен жауапкершiлiк көрсетiлген.
үрiнде белгiленген айыппұлды төлеуден қасақана жалтарған жағдайда ол қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмысына немесе қамауға ауыстырылады. Түрлерiне байланысты ол мынандай есеппен — бiр ай түзеу жұмысы, немесе 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту немесе айыппұл сомасының айлық-есептеу мөлшерi көрсеткiшiнiң 3 есесiне сәйкес 10 күнге қамау жүргiзiледi, бiрақ Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 40-бабының 4-тармағында, 42, 43, 46-баптарда көрсетiлген ережелер сақталуы тиiс.
ғанның айыппұлды төлеуге мүмкiндiгi бола тұрып, сот орындаушысының ескертуiне қарамастан, оны төлемесе, онда айыппұлды төлеуден қасақана жалтару деп қарау керек.
ғанның өз мүлiгiн тiзiмдегенде жасыруы т. б. Егер сот айыппұлды төлеуден қасақана жалтарғаны үшiн түзеу жұмыстарына ауыстырған болса, онда айыппұл төленбейдi, ал сотталғанға түзеу жұмыстарына тән барлық құқық шектеулер таратылады. Ал, сотталған түзеу жұмыстарын өтеуден қасақана жалтарса, онда сот түзеу жұмыстарын өтеген мерзiмiн бостандығынан айыру түрiндегi жазамен қамаумен немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстыра алады (Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 43-бабы).
ұлды өндiрiп алу үкiмi орындалғанда, орындау парағы үкiм орындалғаны туралы белгi iстелiп өкiм шығарған сотқа қайтарылады.
ған әскери қызметкерлерге қатысты жазаны орындау.
Әскери қызмет бойынша шектеу түрiндегi жазаны өтеу.
ған әскери қызметкерлерге қатысты қамауды атқару.
1.Әскери қызмет бойынша шектеу әскери қызметтi шартпен жасап жүргендерге және әскери кызметке шақырылуы бойынша iстеп жүрген офицерлерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң айрықша бөлiмiнiң баптарына сәйкес көрсетiлген әскери қызметке қарсы қылмыс iстегенi үшiн, сондай-ақ түзеу жұмыстарының орнына әскери қызметтi шартты түрде iстеп жүрген сотталған әскери қызметкерлер тағайындалады.
Соттың үкiмiне сәйкес әскери бөлiмнiң командирi соттан үкiмнiң көшiрмесi мен оны өтеу туралы өкiм келiп түскен соң үш күннен кешiктiрмей бұйрық шығарады, онда сотталған әскери қызметкер қандай негiзде және қандай мерзiм iшiнде лауазымды өсiруге және әскери атақ беруге ұсынылмайтыны, кезектi әскери атақ беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына қандай мерзiм есептелмейтiнi түсiндiрiледi. Сонымен бiрге сот үкiмiне сәйкес сотталған әскери қызметкердiң ақшалай үлесiнен әскери қызмет бойынша шектеудi өтеу кезеңiнде тиiстi бюджетке қандай мөлшерi ұсталып қалатыны көрсетiледi. Бұйрық әскери бөлiмде жарияланады, сотталған әскери қызметкерге мәлiм етiледi және атқаруға қабылданады.
Үкiмнiң келiп түскенi, тиiстi бұйрықтың шығарылғаны туралы және оның орындалуға қабылданғаны туралы әскери бөлiмнiң командирi үкiмдi шығарған сотқа үш күн мерзiм iшiнде хабарлайды. Бұйрықтың көшiрмесi сотқа жiберiледi.
Әскери кызмет бойынша шектеуге сотталған әскери қызметкердiң ақшалай үлесiнен мемлекеттiң кiрiсiне соттың үкiмiмен белгiленген мөлшерде, бiрақ жиырма бес пайыздан аспайтын ұстау жүргiзiледi. Әскери қызметкердiң бұл жазаны өтеу кезiнде лауазымын, әскери атағын жоғарылатуға болмайды, ал жаза мерзiмi келесi әскери атақ беру кезеңiне есептелмейдi.
ған әскери қызметкердiң ақшалай үлесiнен соттың үкiмiмен белгiленген ұстап қалу — лауазымдық айлық ақысынан, әскери атағы бойынша қосымша төлемнен ай сайынғы және өзге ұстам ақылары мен басқа да қосымша ақшалай төлемдерiнен есептеледi.
ған қылмысының сипаты мен өзге де мән-жайлары ескерiле отырып, сотталған әскери қызметкердi бағыныштыларға басшылық етуге байланысты қызметте қалдыру мүмкiн болмаса, ол тиiстi әскери бөлiм командирiнiң шешiмi бойынша әскери бөлiмнiң шегiнде де, басқа бөлiмге ауыстырылуына байланысты да басқа лауазымға ауыстырылуы туралы үкiмдi шығарған сотқа хабарланады.
Әскери бөлiмнiң командирi сотталған әскери қызметкермен оның қылмысының сипатымен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн, жеке басын, сондай-ақ мiнез-құлқы мен әскери қызметке көзкарасын ескере отырып тәрбие жұмысын жүргiзедi.
ң үкiмiмен және әскери бөлiм бойынша жарияланған бұйрықпен белгiленген мерзiм аяқталуына дейiн үш күннен кешiктiрмей әскери бөлiмнiң командирi әскери бөлiм бойынша шектеу түрiндегi жазаның өтелуiн тоқтату туралы, оның тоқтатылатын күнi көрсетiлген бұйрық шығарады. Бұйрықтың көшiрмесi үкiмдi шығарған сотқа жiберiледi.
ң үкiмiмен белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн сотталған әскери қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетiлген негiздер бойынша әскери қызметтен босатылуы мүмкiн. Бұл жағдайда әскери бөлiм командирi сотқа жазаның өтелмей қалған бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсағырақ түрiмен ауыстыру туралы не жазадан босату туралы ұсыныс жасайды.
2.Қамауға сотталған әскери қызметкерлер жазаны абақтыда өтейдi. Офицерлер, прапоршиктер, сержанттық старшиналық және қатардағы әскери құрамдардың қызметкерлерi бөлек-бөлек және басқа да негiздерде отырғандардан да бөлек ұсталады. Қамауға сотталған әскери қызметкерлер жазаны өтеу үшiн үкiмдi өтеу туралы соттың өкiмi алынғаннан кейiн әскери жарғыларда белгiленген тәртiппен үш күн мерзiмде абақтыға жiберiлуi тиiс.
қтыда ұсталатын сотталған әскери қызметкерлерге қатысты қамау түрiндегi жазаны етеуде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 64-бабында, сондай-ақ әскери жарғыларда белгiленген тәртiбi мен жағдайлары қолданылады.
ғандарға үлгiлi мiнез-құлқы үшiн алғыс айту немесе бұрын қолданылған жазаны мерзiмiнен бұрын алу түрiндегi мадақтау шаралары қолданылады. Жазаны етеу тәртiбiн бұзғаны үшiн сотталғанға сегiс жариялау немесе он тәулiк мерзiмге дейiнгi жалғыз адамдық камераға ауыстыру түрiндегi жазалар қолданылуы мүмкiн. Мадақтау мен жазалау шараларын қолдануға гарнизонның бастығы мен әскери коменданты құқылы. Қамау түрiндегi жазаны өтеу уақыты әскери қызмет iстеудiң саяси мерзiмiне және кезектi әскери атақ беру кезеңi жылдарына есептелмейдi. Жазаны өтеу уақытында сотталғанға кезектi әскери атақ беруге, жоғарғы лауазымды қызметке тағайындауға, жаңа қызмет орнына ауыстыруға, яғни әскери қызметтен босатуға ұсынуға болмайды, тек денсаулығы бойынша қызметке жарамсыз деп танылған жағдайда ғана болмаса.
Қамауға сотталған әскери қызметкерлерге жазасын өтеу уақытында ақшалай үлесi төленбейдi. Тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау — шақыру бойынша әскердегi әскери қызметкерлерге, әскери қызметте шарт бойынша iстеп жүрген қатардағылар мен сержанттар құрамындағы лауазымда iстеп жүргендерге, егер де олар соттың үкiм шығару кезiне занмен белгiленген шақыру мерзiмiн бiтiрмеген болса, тағайындалады. Бүл жаза — Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң айрықша бөлiм баптарына сәйкес жағдайлардағы әскерде iстеген қылмыстары үшiн, сондай-ақ сот iстiң жағдайы мен жауапкер жеке басын ескере отырып, екi жылдан аспайтын бостандығынан айырудың орнына, сол мерзiмге тәртiптiк әскери бөлiмде ұстауды орынды деп тапса онда үш айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.
Әскери тәртiптiк бөлiмiне бұрын бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтегендер қабылданбайды. Тәртiптiк әскери бөлiмде ұстаған кезде бас бостандығынан айырудың орнына тәртiптiк әскери бөлiмiнде ұстау мерзiмi бiр күн бас бостандығынан айыру тәртiптiк әскери бөлiмде бiр күн ұстау есебiнен белгiленедi. Тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау түрiндегi жазаны ерекше тәртiптiк батальондар немесе ерекше тәртiптiк роталар атқарады. Тәртiптiк әскери бөлiмдердiң ұйымдық құрылымы мен олардын санын Қазакстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi белгiлейдi.
әртiптiк әскери бөлiмдерге жалпы басшылықты кұрылымның тиiстi бөлiмшелерi арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi iске асырады.
ғандарды тәртiптiк әскери бөлiмдерге жiберу мен қабылдау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi белгiлеген тәртiппен iске асырылады.
Тәртiптiк әскери бөлiмдерде ұсталатын сотталғандарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң ережелерiне сәйкес негiзгi түзеу амалдары, сондай-ақ әскери оқу жүргiзiледi.
ған әскери қызметкерлер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген режим талаптарын сақтауға мiндеттi.
Тәртiптiк әскери бөлiмде жазаны өтеу кезенiнде барлық сотталғандар өздерiнiн әскери атағы мен бұрынғы қызметiнiң сипатына қарамастан солдаттардың (матростардың) жағдайында болады және бөлiмге белгiленген киiм түрi мен айыру белгiлерi бiрынғай болады.
ған әскери кызметкерлердiң қысқа мерзiмдi және ұзақ кездесулерге құқы бар. Туған-туысқандарымен және өзге де адамдармен қысқа мерзiмдi кездесулер тәртiптiк әскери бөлiм өкiлiнiң бақылауымен тәртiптiк әскери бөлiм командирi белгiленген күндер мен сағаттарда жұмыс пен сабақтардан бос уақытта арнайы жабдыкталған бөлмеде ұзақтығы төрт сағатқа дейiн, айына екi рет берiледi.
Ұзақ кездесулер тәртiптiк әскери бөлiмнiң әдейi жабдықталған үй-жайында не бөлiм командирiнiғ қалауы бойынша одан тыс жерде ұзақтығы үш тәулiкке дейiн зайыбымен (жұбайымен) жақын туыстарымен ғана бiрге тұру үшiн бiр жыл iшiнде төрт рет берiледi.
Ұзак кездесу уақытында сотталғандар жұмыс пен сабақтардан босатылады.
ғанның өтiнiшi бойынша қыска мерзiмдi немесе ұзақ кездесулер тәртiптiк әскери бөлiмнiң командирi белгiленген тәртiппен телефон арқылы сөйлесумен ауыстырылуы мүмкiн.
ғандар заң көмегiн алу үшiн қорғаушысымен оңаша кездесуге хақы бар. Бұл кездесудiң уақытын шектеуге болмайды.
ғдайларға — жұбайының (зайыбының), жақын туысының өлуiне немесе науқастың халсiз жатқанында, сотталғанға немесе оның отбасына апаттың салдарынан елеулi материалдық залал келтiрiлуiне байланысты, оған тәртiптiк әскери бөлiмнен тыс жерге, бару-қайту жолын есептемегенде ұзақтығы жетi тәулiкке дейiн қысқа мерзiмдi уакытқа барып келуге рұқсат берiлуi мүмкiн. Сотталғанның тәртiптiк бөлiмiнiң тыс жерiнде болған уақыты жазаны өтеу мерзiмiне есептелмейдi.
ғандарға мерзiмдi қызметтегi әскери қызметкерлерге көзделген демалыстар берiлмейдi.
ғандар тәртiптiк әскери бөлiмнiң өндiрiстiк кәсiпорындарына (объектiлерге) немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi белгiлеген басқа объектiлерге еңбекке тартылады.
ғандарды әскери кәсiпорындардан жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, басқа мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарға режим талаптары сақталып енбекке тартылуы мүмкiн.
ғандардың еңбегi еңбек туралы занда белгiленген еңбектi корғау, кауiпсiздiк техникасы мен өндiрiстiк санитария ережелерi сақтала отырып, қолданылып жүрген зандарға сөйкес ұйымдастырылады.
ғандар орындайтын жұмыстарға қолданылып жүрген зандарға сөйкес сол кәсiпорнында (үйымда) белгiленген нормалар мен бағалар қолданылады. Сотталғандарға есептелген табыс сомалары теленбейдi.
Сотталғандардың еңбегi үшiн кәсiпорындардьщ (ұиымдар-дың) есептеген сомасының 55 пайызы тәртiптiк әскери бөлiмгеоны қаражаттандыру, оның өндiрiстiк базасын құру мен да-мыту, сотталғандарды материалдык көтермелеу және олардың әлеуметтiк-тұрмыстық мұктаждарын шешу корын кұру үшiн аударылады, ал қалған бөлiгi мемлекеттiң кiрiсiне аударылады.
ғандарды өскери үйрету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi әзiрлеген арнаулы бағдарлама бойынша ұйымдастырылып, жүргiзiледi. Сабақтарды өткiзу үшiн кажеттi оқу-материалдық қор кұрылады.
Сотталғандармен тәрбие жұмысын тәртiптiк әскери бөлiмнiн командованиесi ұйымдастырыпжүргiзедi. Ол Кдзак-стан Республикасы ҚАК-нiн 103, 106-баптарында жазылған принциптерде жүргiзiледi.
ғандар келген әскери бөлiмдердiң командирлерi тәртiптiк әскери бөлiмнiн командирiмен үнемi байланыс жа-сап тұруға, бүрынғы бағыныштыларының мiнез-кұлкына ден коюға және олардың түзелуiне жәрдем көрсетуге мiндеттi.
ғамдык бiрлестiктер-дiң сотталғандармен тәрбиежұмысын жүргiзуге тәртiптiк әске-ри бөлiмнiң командованиесiне жәрдем көрсете алады.
ғандарды түзеу жүмысывда тәртiптiк әскери бөлiмнiн командованиесiне жәрдемдесу мақсатында роталарда өзiн үлгiлi мiнез-құлкымен, енбекке және әскери кызметке адал қарауымен көрiнген сотталғандардан коғамдыккеңестер кұры-лады.
Қоғамдык кенес сотталғандардын жиналыстарында сайла-нады және оны тәртiптiк әскери бөлiмнiң командирi бекiтедi де оның кызметiне бакылау жасауды сол жүзеге асырады.
ғамдык кенес тәрбие шаралары мен сотталғандардын бос уакытын ұйымдастыруда бөлiм командирiне кемек көрсетедi, сотталғандармен жеке түсiнiктеме жүмысын жүргiзедi, түзелiп келе жаткандардың катарына қосуға кандидатуралардьг неме-се жазадан шартты мерзiмiнен бұрын босатуға ұсынылатын кандидатураларды талкылауға катысады.
ғандарға мынадай мадақтаулар: алғыс жариялау, мак-тау кағазымен, бағалы сыйлықпен немесе акшалай марапаттау; қосымша қысқа мерзiмдi немесе ұзақ кездесуге не туыстары-мен телефон аркылы сөйлесуге рүксат ету; бүрын колданьшған тәртiптiк жазаны алып тастау колданылады.
Өздерiнiң түзелу жолына түскендiгiн үлгiлi мiнез-күлкы-мен және еңбек пен әскери қызметке адал карауымен дәлелдеген сотталғандар жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн оте-геннен кейiн тәртiптiк өскери бөлiм командирiнiн бүйрығы-мен түзелiп келе жаткандар катарына косылады.
үзелiп келе жаткандар катарына қосылғандар арасынан өзiнiң түзелуiн үлгiлi мiнез-қүлқымен және енбекпен әскери қызметке адал карауымен дәлелдеген сотталғандарды әскери бөлiмнiң командирi занда белгiленген тәртiппен жазаның шартты — мерзiмiнен бұрын босатуға үсынуы мүмкiн.
ғандарға мынадай жазалар колданылады: сөгiс; катаң сөгiс; түзелiп келе жатқандар катарынан шығарып тастау; отыз тәулiкке дейiн абақтыда ұстапқамау — тәртiптiк ретпен кама-лып сотталғандар жазаны тәртiптiк әскери белiмнiн абақтыла-рындағы жалғыз адамдык, камераларда өтейдi.
ң мадакгау мен жазаларды қолдану жөнiндегi құқықтарьш, оларды қолдану тәртiбiн, сондай-ак оларды есепке алуды әскери жарғылардың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi белгiлейдi.
ғандарға әскери жарғылардың талаптарына сәйкес кажеттi тұрғын-үй тұрмыстық жағдайлар жасалады.
Сотталғандар Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен нормалар бойынша азык-түлiкпен қамтамасыз етiледi
ғандар затгай мүлiкпен өздерi үшiн белгiленген нор-малар бойынша камтамасыз етiледi.
ғандарды медициналық жағынан камтамасыз ету әскери жаргалардың талаптарына сәйкес жүргiзiледi.
Стационарлық жағдайда емделуге мұқтаж сотталған емде-лу үшiн госпитальге күзетпен жiберiледi және овда арнайы жабдықталған палаталарда үсталады. Сотталғандарды госпиталь шегiнде күзету ол орналаскан аумак бойынша гарнизон бас-тығынын күштерiмен және кұралдарымен жүзеге асырылады.
Сотталғандарға акшалай үлес олардын жеке соттарына лауа-зымдык айлық акылардың есебiнен немесе шакыру бойынша кызметiнiң бiрiншi жылындағы солдаттар мен матростарға ар-налған бiрiншi тәртiптiк тарифтiк топ бойынша ай сайын есептелiп отырады. Темекi үлесiнiң орнына акшалай өтемакы тәртiптiк әскери бөлiмнен босату кезiнде колына берiледi.
ғандар колма-кол есеп айырыспай сатып алуына не-месе посылкалармен, бандерольдерiмен және сәлемдемелер-мен рүқсат етiлетiн бiрiншi кезектегi кажеттi нәрселер мен та-мақ өнiмдерiнiң тiзбесiн Казақстан Республикасының Корға-ныс министрлiгi анықтайды.
әртiптiк әскери бөлiмде ұстау түрiндегi жазаны өтеушi денсаулык жағдайы бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссия әскери кызметке жарамсыз немесе бейбiт уакытта жарамсыз деп танылған. адамдарды сот жазадан мерзiмiнен бұрын боса-туы, не жазасынын өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жұмсағымен ауыстыруы мүмкiн.
Өлiм жазасы түрiндегi жазаны орындау.
Қазақстан Республикасындағы және шет елдердiң күшi бар заңдарындағы өлiм жазасы.
Өлiм жазасы түрiндегi жазаны орындау.
ңғы жылдары өлiм жазасын колданатын қылмыстар ба-ғыты азая бастады. Одан, валюта ережесiн бұзғаны үшiн аса көп мөлшердегi ұрлағандар, парақорлык жәие т. б. шығарылып тасталды.
Өлiм жазасы қолданылмайтын сотталғандар тiзiмi кеңейтiлдi. Егер де бұрын өлiм жазасы қылмыс iстегенде 18 жаска толма-ған болса, сондай-ақ қылмыс жасағанда, үкiм шығарғанда және оны орындау кезiнде аяғы ауыр әйелдерге колданылмайтын болса, ендi Жаңа заңдар бойынша бүған кәмелетке тоЛiМаған-дармен қатар, әйелдердiң бәрiне және 65 жастан асқан ерлерге қолданы лмайды.
қаралық Конвенция кейбiр дәрежедегi сотталғандарға өлiм жазасын колданбау туралы нормалар ұсынды. Мұнын 18 жасқа толмағандарға қатысы бар. Ал, оңтүстiк Кореяда, Бир-мада, Зимбабведе, Барбадоста, Суданда тағы кейбiр елдерде бүл — 16 жас, Индияда, Иракта жас шектелмеген. АКШ-тың 37 елiм жазасы сақталған штаттарында 11-iнде ен төменгiсi — 18 жас. 15 штатында 12-ден 17 жас, ал 11 штатпен федералдық аймакта — ол тiптi белгiленбеген. 1989 жылдың маусымында Кентуки мен Миссури штаттарында кiсi өлтiргенi үшiн 15 пен 17 жастағы жасөспiрiмдерге өлiм жазасына үкiм шығарылған. 1986 жылдан берi АКШ-та өлiм жазасына барлығы 35 кәме-летке толмағандарға үкiм шығарылған. Ал Кубада, Болгарияда және Можарстанда бұл — 20 жас. Гватемала мен Буданда 70 жаска, ал Монғолияда 60 жаска толғандарға өлiм жазасы колданылмайды. Барлык елдерде (Ираннан баска) аяғы ауыр әйелдердi азап-тауға болмайды, ал кейбiр елдерде босанғаннан кейiн жазатарттырады; Румынияда уш жасқа дейiнгi баласы бар ананы, ал Монғолия мен Гватемалада барлык әйелдердi өлiмге жаза-лауға болмайды.
Кәмелетке толмаған жасында кылмыс iстегендерге өлiм жазасын қолданбау негiздi сиякты. Бұл уақытта жастар өздерiнiң iстеген қылығына түгелдей есеп бере алмайды, өмiрдегi тәжiрибесi жеткiлiксiз. Көптеген жас адамдар өте кызба келедi, олардын психикасы тұраксыз, мiнез-кұлкын үстай алатын әлеуметгiк механизмдерi әлi орнығып болмаған.
ға елiм жазасын колданбауы адамгершiлiк жағынан түсiндiруге болады. Әр түрлi себептер-ге соның iшiнде физиологиялыкжағьшан алғанда, олар өлтiруге ете сирек барады. (Ал өлiм жазасы тек осындай ғана кылмысқа берiледi).
Мұндайсотгалғандардакайталанба кылмыс көпкездеспейдi. Сондыктан, бұл жастағы сотталғавдарға өлiм жазасын калды-рудын, негiзi жок.
әйелдер ерлерге қарағанда ауыр кылмысты едәуiр сирек жасайды. Оларға өлiм жазасын колдануға тыйым салынғанша, ондай жаза оқта-текте колданылған. Әрине, мұнда зан. шыға-рушылар жағынан әйелдерге деген адамгершiлiк көрiнедi.
Қазақстан Республикасы Конституциясынын 15-бабында әркiмнiң өмiр суруге күқы бар екендiгi бекiтiлген және оған коса елiм жазасы ерекше ауыр кылмыс жасағаны үшiн ең ауыр жаза ретiнде заңмен белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамға кешiрiм сұрау туралы арыздау күкығы берiледi делiнген. Қазакстан Республикасы КК 96-бабында көрсетiлген адам өлтiру кiсi өлiмi жөнiнде ғана емес, сонымен катар оның басқа да объектiсi адам өмiрi болып есептелетiн кылмыстар женiнде болмак.
өлiм жазасын сактау керек пе, жоқ па бұл жөнiнде дүние жүзiнде көп айтыс жүрiп жатыр. Заңда сактамау керек дейтiндердiң айтуынша өмiр — құдай немесе жаратылыс сый-лаған ен кымбатты байлық, сбндыктан оны адам баласы зан-мен жоюға тиiстi еместiгi. Одан баска түзеуге болмайтын жиi көзделетiн сот кателiктерiне көп сiлтейдi.
Әлiм жазасын сақтауды жақтайтындар көптеген елдерде тек баска бiреудiн емiрiн жойған, аса ауыр кылмыстарға колданы-латынына, сонымен олар ондайқылмыс жасап өз өмiрiн адам-зат коғамынан шығарып тастайтындығына, адамзат арасында тұру қүқығынан айырылатынына сiлтейдi. Сонымен бiрге өлiм жазасын алып тастауға бұқара көпшiлiгiнiң өте-мөте карсы екенiн де бiлдiредi.
ғдайларда өлiм жазасынын заңда болғандығы қылмыс тоқтату рөлiн атқарады, әсiресе бас бостандығынан айыру орындарында ұзак мерзiмге сотталғандардын кылмыс жасағанында; тапсырмалы елтiрiлулерде; милиция кызметкер-лерi мен әскери кызметкерлерге кару ұрлау максатында шабуыл жасағанда, тағы басқа жағдайларды еске алмауға да болмайды.
Дүние жүзiндегi көптеген елдерде әлiм жазасы колданыла-ды. Оны 35 елдерде алып тастаған. Оларға кiретiндердiң iшiнде: Австрия, Австралия, Германия, Дания, Исландия, Колумбия, Нидерландия, Норвегия, Португалия, Финляндия, Швеция, Франция бар. Тағы 18 ел соғыс уакытында немесе төтенше жағдайларда ғана сактаған. Бұлар — Аргентина, Бразилия, Үлыбритания, Израиль, Испания, Италия, Канада, Мексика, Швейцария.
26 елдер мен аумактар карап отырған жаза шараларын сак-таған, бiрақ 10 жылдан астам мерзiм iшiнде iске асырмаған. Акырында, 100-ден астам елдерде өлiм жазасын колданады.
Дүние жүзiндегi барлык елдерде өлiм жазасын қолдану қысқарып отырған жок. 1965 жылдан берi 50-ден астам елдер-де өлiм жазасы қолданылатын қылмыстар саны кенейтiлген. 21 елде еддiң кауiпсiздiгiне байланысты кылмыстары үшiн өлiм жазасы енгiзiлген (тыңшылдык, сатқындық, «төнкерiске кар-сы» немесе төңкерiсшiлдiк әрекеттерi үшiн).
өлiм жазасы терроризм үшiн, соның iшiнде ұшак айдап кеткендерге, егер де ол кiсi өлiмiне әкелiп соктырса, аманатқа алғандарды өлтiргенi үшiн енгiзiлген.
өлiм жазасын зансыз есiрткi айналымын жүргiзуге байланысты кылмыстар үшiн колданады.
ған жазаны экономикалык кылмыстар үшiн енгiзген (сыбайлас-жемкорлык, мемлекеттiк мүлiктi талан-та-ражға салғаны, кеден кызметкерлерiнешабуыл жасағаны, қару-мен тонағаны үшiн).
Шығыстын кейбiр елдерiнде өлiм жазасы некебұзарлар, зорлағандар, гомосексуалистер, мұсылман еместер мен мұсыл-ман әйелдерi арасындағы жыныстык катынасы, спирт iшiмдiктерiн iшкенi (алдымен үш рет сотталғаннан кейiн) үшiн белгiленген.
Кейбiр елдерде бүл жаза адамды ұрлап және онын каза бол-ғаны үшiн белгiленген.
1979 жылы Қытайдың қылмыстык Кодексi өлiм жазасын 15 ретқылмысжасағандарғаенгiздi. 1982-1983 жылдары оған тағы 14 косылды.
Өлiм жазасын қолданатын мемлекеттер саны онын занда белгiлегендерiнен аз.
БҮҐ-ына өлiм жазасын колдану туралы мәлiметтердi 60-70 мемлекеттер бередi. 1969-1973 жылдары мәлiмет бергендердiң 40%, 1974-1978 жж. — 60%, ал 1979-1983 жж. -71% оны колданған. Сонымен, бұл жазаны қолданушылар, негiзiнен адамның жеке басына карсы iстелген кылмыстар есебiнен өсiп келедi.
«Халыкаралык рақымшылық» ұйымының мәлiметiнше 1980-1987 жж. әр жыл сайын өлiм жазасьша 1160-3209 адамға үкiм шығарылғанымен, шынында 743-тен 3278 адамға дейiн жазаланған.
2. Өлiм жазасы — заңға белгiлi жазалардың iшiндегi ең қатал шарасы. Сонымен катар мұндай iстер женiндегi соттын катесi үкiм орындалып болғаннан кейiн түзетiлуi мүмкiн емес. Сон-дықтан, адамнын, дұрыс сотталғандығының ете ұқыпты тексе-ру процедурасы көзделген және елiм жазасын баска жазамен сот тәртiбiмен үкiмдi өзгерту жолымен, әлде кешiрiм жасау аркылы ауыстыру мүмкiндiктерi көзделген.
Өлiм жазасына сотталған шығарылған үкiмге шағым арыз беруге кұкы бар. Тiптi арыз түспеген жағдайда да соттаудың дүрыстығын бақылау ретiнде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас Прокуратурасы тексередi. Олар өлiм жазасынын дұрыс колданылғаны туралы ездерiнiң корытын-дысын бередi немесе үкiмгекарсылық бiлдiредi. Сотталғанның және сонымен қатар бакылау тәртiбiмен арыз берiлуi, үкiмдi орындауды тиiстi жоғарғы сатьщан жауап алынғанша токта-тады.
Үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн сотталған Казакстан Республикасы Президентiне кешiрiм жасау туралы ©тiнiш жiбередi. Егер де ол кешiрiм сүраудан бас тартса, ол жөнiнде тиiстi акт жасальш үкiмнiң көшiрмесiн, ұйғарымды және баска керектi кұжаттарды қосып сотталғаннын кешiрiм сұрау мәселесiн карау үшiн Президент Аппаратына жiберiледi.
ғанға тиiстi кұкыктьщ iшiнде (олар яғнитүсiндiрiлген болуы тиiс) атайтыны, ол занда көзделген тәртiппен кажеттi азаматтык-қүкыктык және неке-отбасылык катынастарды рәсiмдеу мүмкiндiгi. Заң көмегiн алуға және уакыт ұзактығы мен санына шек койылмай адвокатпен оңаша кездесуге кұкылы. Кешiрiм жасау туралы барлық арыздар мен өтiнiштер канағаттандырылмай, үкiм күшiнде калдырылғаны туралы ха-барлама түскеннен соң жаза бiр жыл өткеннен кейiн ғана орын-далады. Өлiм жазасына сотталған адам күшейтiлген күзетпен және бiр кiсiлiк камерада үсталуы тиiс. Сонымен катар кызметкерлердiң де қауiпсiздiгi сақталуы тиiс.
ғандар сейiлдеуге камера сайын бөлек-бөлек, баска сотталғандардан аулақ, оңаша шығарылады. Камера күн сайын тексерiледi, әлсiн-әлсiн ұқыптытiнтiледi. Сотталғандар-ды камерадан шығарудың туыскандарымен, дiни қызметкер-мен кездестiрудiн арнайы ережесi болады, ол сенiмдi күзетпен және қызмет iстеп жүргендермен, кездесушi адамдардын қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
Өлiм жазасына сотталғанға керектi тұрмыстық жағдаii жа-салады, тиiстi төсек-орын берiледi. Үш рет тамақтандырылады.
ғдайда медициналық көмек көрсетiледi. Егер де онда көмек көрсетуге мүмкiндiк болмаса, жағдайы бар жерге апарылады.
Үкiм занды күшiне енгеннен кейiн өлiм жазасьша сотталған-дарға арнайы үлгiдегi киiм кигiзiледi.
ғавдарға бас бостаңдығъшан айыру орны кiтапханасы-ның газет, кiтаптарымен пайдалануға рұқсат етiледi; хат алып және жiберуге шек қойылмайды; тамак. өнiмдерi мен бiрiншi кезектегi қажеттi нәрселердi сатып алуға катаң режимдегi түзеу колониясында ұсталатын сотталғандарға белгiленген мөлшер-де акдiа жүмсай алады. Өлiм жазасына сотталғандар еңбекке тартылмайды.
үкiмiнiң занды күшiне енуi Қазақстан Республикасы Бас прокурорының қадағалау тәртiбiмен соттың өкiмiне кар-сылык бiддiрудiң негiзi жоқтығы туралы және iстi қадағалау тәртiбiмен карау үшiн негiздердiң жоқтығы туралы Казақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының корытындылары, сондай-ак кешiрiм жасау туралы етiнiштiң канағаттандырыл-мағаны туралы хабарлама немесе сотталғанның кешiрiм жасау туралы етiнiш беруден бас тартканы туралы акт — өлiм жаза-сын орындау үшiн негiз болып есептеледi.
Өлiм жазасы жария етiлмей ату жолымен орындалады. Бiрнеше адамға өлiм жазасы орындалатын болса. онда әрбiреуiне жеке-жеке және басқалардың жоғында орындалады.
Өлiм жазасын орындау кезiнде прокурор, өлiм жазасы аткарылатын мекеменiң уәкiлi және дәрiгер болады. Сотталған-ның өлгенiн дәрiгер куәландырады, ол жөнiнде хаттама жаса-лып, оған көрсетiлген адамдар кол қояды.
Жазаны аткарған органның әкiмшiлiгi үкiм шығарған сотка, сондай-ак сотталғаннын жақын туыстарынын бiреуiне өлiм жазасының орындалғаны туралы хабарлауға мiндеттi. Өлiктiң жгрленген жерi туралы туыстарына жерленген кезден екi жыл өткен соң хабарланады.
Азаматтык хал актiлерiн жгiзу органына әкiмшiлiк белгiленген үлгiде хабар жiбередi жөне туыстарьша оның өлгенi туралы куәлiктi алатын жерiн хабарлайды.
өтеуден босату. Түзеу мекемелерiнен босаған адамдарға көмек көрсету және оларға бақылау жасау.
өтеуден босатуды құқықтық реттеу, оның түрлерi мен негiздерi.
2. Сотталғандарды жазаны өтеуден босату тәртiбi.
ған адамдарды әлеуметке бейiмдеу.
өтеуден босату — құқық саласының әр түрлi нор-маларымен реттеледi: қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу және қылмыстық-атқару құқығы.
Қазакстан Республикасының қылмыстық зандарында бiр мағынада түсiндiрiлмейдi. Ғылыми әдебиетте бiр жөнге келтiру және жазадан босатудың мүмкiн жағдайларын топтастыру қорытындысында, ол үш топқа бiрiктiрiлген болатын:
- а) жазаны тағайындағанша басқа шаралармен өзгертiп, сондай-ақ өзгертпей босату;
- ә) жазаны тағайындағаннан бастап оны өтеуден (түгелдей немесе жарым-жартылай) босату;
- б) жазаны өтеу кезiнде одан (түгелдей немесе жарым-жартылай) босату немесе өтеудi кейiнге қалдыру. Қылмыстық-аткару құқығының саласына жазаны өтеуден босатудың тек соңғы тобының түрлерi кiредi. Әрине, бүған үкiмдi орындауды кейiнге қалдыруда қолданған жағдайдағы жазаны өтеуден босату қосылмайды.
өтеуден босатудың
Жазаны өтеуден оны босату егер де ол басқа жазаны өтеуге байланысты болатын болса, толық болмауы да мүмкiн. Жалпылай алғанда көптеген жағдайда жазаны етеудiң салдары пайда болады, оны өтеуден босату азаматтың кұкықтық мәртебесiн түгелдей орнына келтiре алмайды, сотталған атағының әсерi сақталады.
ғарыда айтқандай, жазадан босату азаматтың кұқықтық жағын өзгертетiн заңның ақиқаты, сондыктан тиiстi құқықтық және сонымен қатар заң түрiнде реттеудi талап етедi.
Жазаны өтеуден әрi қарай босатудың негiзi — ол сотталғанның тиiстi дәрежеде өзiнiң түзелгенiн көрсеткенi, болмаса Қазақстан Республикасының қылмыстық зандары көрсеткен басқа негiздер, ал босатудың өзi қылмыстық iс жүргiзу және түзеу заңдарының нормаларында көрсетiлгендерге сәйкес iске асырылуының өзi негiз болады.
Бiздiң көруiмiзше, қылмыстық, кылмыстық iс жүргiзу мен кылмыстық-атқару кұқықтарының нормалары — өзара тығыз байланыста, әрине, қылмыстық қүқық нормалары бастаушы рөл атқарады, сондықтан қылмыстық, қылмыстық iс жүргiзу, кылмыстық-атқару құқықтарының жалпы институттарының бiрлiгi байқалып тұр. Солардың бiрi өтеген, немесе өтеп жатқан жазадан босату институты болып табылады. Бүл институттың негiзiнде қылмыстық құқықтык, нормалары жатыр. Сонымен бiрге күшi бар қылмыстық заңдарда жазадан босатудың барлық негiздерiн түп-түгел реттеп беретiн арнайы нормалары жоқ. Мұндай негiздердi белгiлейтiн нормалар қылмыстық-аткару зандарында бар (Қазақстан Республикасы ҚАК-нiң 168-бабы).
өтеуден босатудың негiздерi болып мыналар есептеледi:
- сот үкiмi бойынша тағайындалған жаза мерзiмiн өтеу;
- қтау үкiмi шығарылған немесе iс жүргiзудiң қысқартылуына байланысты сот үкiмi күшiнiң жойылуы;
- өтеуден шартты — мерзiмiнен бұрын босату;
- ң өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жүмсақ түрiмен ауыстыру;
- қымшылық ету;
- ауыр науқастану немесе мүгедектiк;
- заңда көзделген өзге де негiздер.
ңмен жазаны өтеуден босатудың әр алуан түрлерi көрсетiлген. Жазаны өтеуден босатудың ең көп тараған түрiне сот үкiмiмен белгiленген жаза мерзiмiн өтеу кiредi. Жазадан босатудың. бiр түрi — мерзiмiнен бұрын босату, ол тек заңда тiкелей көрсетiлген кейбiр жағдайда рұқсат етiледi. Бұл жазаның мақсатына жеткенiнде, әлде басқалай жаңадан пайда болған жағдайда ғана мүмкiн.
ң негiздерiне заң ақиқатында көрсетiлгендiгi жатады, оған мемлекеттiң жоғарғы басқару актiлерi, яғни әрi қарай жазаны өтеуден босату туралы соттардың үкiмдерi мен ұйғарымдары кiредi.
Сотталғандарды жаза өтеуден босатудың. негiздерiн үш топқа бөлуге болады.
Бiрiншi топқа — сот үкiмiмен белгiленген мерзiмдi өтеп бо-сатылған сотталғандар кiредi.
үрын босатылғандар тобын атауға болады, оған кiретiндер: шартты — мерзiмiнен бұрын босату немесе бас бостандығынан айыруды бас бостандығынан айырмауға байланысты емес жазамен ауыстыру, аурулығы мен мүгедектiгiне байланысты жаза өтеуден босату, кешiрiм жасау мен рақымшылық етуге байланысты, үкiмнiң жойылуы мен iстiн қысқартылуына байланысты; үкiмдi өзгертiп жазаны шартты мерзiмiнен бүрын ауыстыру немесе ең аз шектеуге дейiн төмендету себебiне байланысты.
Үшiншi топқа заңда қаралған басқа да негiздермен жазадан босатулар кiргiзiледi.
Көрсетiлген жазадан босату негiздерiнiң әрбiреуiнiң өзiндiк әлеуметтiк-құкықтық және зандық табиғаты бар. Жаза мерзiмiн өтеуден босатудың өзi адамның жазаны өтеуiн тоқтатқаны болып есептеледi. Тiптi, сотталғанды түзей алмағанның өзiнде де ол, бакылау түрiмен өзгертiлген занды күшiне енген тұрақты үкiм бойынша зандылыққа сүйене отырып босатылуы тиiс. Жаза мерзiмiн өтеген соң босату — табиғи, қолданылған жазаны өтегеннен кейiнгi қисынды түсiнiктi жағдай.
өтеу мерзiмiнен бұрын босату. Ол әр түрлi негiздерде қолданылады.
Мерзiмiнен бұрын босатудың ерекше екенiн атай отырып, сотталғанның заң белгiлеген жаза мерзiмi бiткенше түзелгенiн көрсететiнiн, ал ол жазалау әсерiнiң тиiмдiлiгiнiң дәлелi дегiмiз келедi. Бұл мағынада, жазаны өтеудiң мерзiмi бiтуден бұрын босатудың негiзгi түрлерi — жазаны даралап өтеудiң сатысындағы процестi аяктайтын — мерзiмiнен бұрын шартты босату, жазаның өтелмеген бөлiгiн оның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстыру.
ұндай институттар болғандығы жазаны аткарушы органдардың сотталғандарға, олардың адал ниетпен еңбек iстеуiне, ұқыпты оқуына және мiнез-құлқының үлгiлiгiне белсендi әсерiн тигiзедi. Жазадан мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату заңының жағдайларын дұрыс пайдалану және оның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстыру сотталғандардың құқыктық. танымына үлкен тәрбиелiк әсерiн тигiзедi. Сондықтан жазадан мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатудан бас тарту, сондай-ақ жазадан негiзсiз босату сияқты кез келген қателiктерге қатысы бар жағдайларға шыдауға болмайды.
өтеуден босатудың түрлерi мен негiздерiн белгiлейтiн құқықтық iс тәртiбiн реттеу, жалпы алғанда жазаны өтеудi дараландыруға жұмыс iстейдi және оның мақсатына жетуiне мүмкiндiк бередi.
үшi бар қылмыстық-аткару заңдарында, ведомстволық нормативтiк актiлерде түзеу мекемелерiнен босатудың тиiстi тәртiбi көрсетiлген.
ғандарды жазаны өтеуден босату үшiн оларды алдын ала дайындайды. Сотталғандарды босатуға дайындау — кұқық бұзушыларды түзету жөнiндегi түзеу мекемелерiнiң iс әрекетiндегi ең бiр маңызды кезеңi. Оған оларды алдын ала жұмысқа орналастыру, бостандықтағы өмiр жағдайына тез үйрену мәселелерi кiредi. Босатуға дайындық мерзiмi аяқталудан үш ай бұрын басталады. Әрбiр сотталғанмен жеке әңгiме жүргiзiледi, онда босағаннан кейiн шамамен оның тұратын жерi белгiленедi; жергiлiктi үкiмет органдарының көмек көрсету тәртiбi түсiндiрiледi.
Түзеу мекемелерi әкiмшiлiгiнiң жасақ бастығы мен боса-тылғандарды еңбек пен тұрмыстық жағдайын орналастыру жөнiндегi аға инспекторы керектi жағдайда олардың тұрмыстық және жұмысқа орналастыру мүмкiндiгiн бiледi және алдын ала көмек көрсетуге шара қолданады. Қазiр нарықтық жағдайға көшу кезiнде мұндай көмек көрсету мүмкiндiгi төмендеп кеттi.
Түзеу мекемесiнен босайтын адамдарды еңбек пен тұрмыстық жағдайын түзеудiң, маңыздылығын ескере отырып, тәрбиелеу шаралары жиынтығын аяқтау кезеңi және кұқық бұзушыны түзеудiң қорытындысын бекiту түрiнде, қазiргi күшi бар
Қазақстан Республикасы Еңбек заңдары — ол мiндеттi жергiлiктi аткару органдарына жүктейдi. Нарықтық экономика қалыптасу кезiнде жүмыссыздық, пен өңдiрiс амалсыз кұлдырайды. Осының қорытындысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды жұмысқа орналастыру қиындады. Жалпы жаза мерзiмiн өтегендердiң 7 пайызы ғана уақытша жұмысқа орналаса алады, қалғандары жұмыссыздар қатарына қосылуға мәжбүр болады, сондықтан бұл дәрежедегi адамдар қайта құқық бұзу жолына түсуi мүмкiн. Қылмыстық жағдайда Республикада бас бостандығынан айы-ру орындарынан босатылған сотталғандарды ақтау орталығының жоқтығы қиындата түседi. Кейбiр дәрежедегi сотталғандарды босатуға дайындаудың өзгешелiктерi бар — оларға I, II — топтағы мүгедектер, қартайғандар, кәмелетке жетпегендер, аяғы ауыр әйелдер мен жас балалары бар аналар жатады. Мысалы, босағаннан кейiн тұратын орны жоқ I, II топтағы мүгедектер мен қартайған адамдар (олардың сұрауы бойынша) мүгедектер, қартайғандар үйiне орналастырылады. Осыған байланысты түзеу мекемесi әкiмшiлiгi тиiстi әлеуметтiк қамсыздандыру органдарына, ал кәмелетке толмағандарға кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi комиссияға керектi құжаттарды жiбередi.
ғанға кету парағы берiлiп, соның негiзiнде онымен түгелдей есептеседi.
Бiрқатар түзеу мекемесiнде қызықты тәжiрибе бар. Оларда сотталғандарды босату рәсiмi жүргiзiледi, ол үлкен психологиялық әсер етуi мүмкiн. Оның салтанатты жағдайда жүргiзiлуi көңiлдi көтередi, сотталғанның. колонияда ақырғы рет болып, ендi өмiрдiң жаңа шебiне, бостандық өмiрге ауысуы ретiнде дұрыс қабылданылады.
қымшылық ету негiздерiнде, шартты түрде, мерзiмiнен бұрын шартты немесе бас бостандығынан айырудың өтелмеген мерзiмiн едөуiр жеңiлдетiлген жазамен ауыстырғанда да рәсiм салтанатты болуы тиiс.
Осы мақсатта сотталғандарды мерзiмiнен бұрын босатуға арналған жиналыс өткiзiлуi мүмкiн.
Сотталғандарды еркiндiк өмiрге дайындаудың аса жауаптылығын түсiне отырып Заң Қазақстан Республикасы ҚАК-нiң 173-бабында бас бостандығынан айыру орындарынан босату тәртiбiн арнайы реттеген. Ол бойынша бас бостандығынан айыруға, қамауға, бостандығын шектеуге сотталғандар жаз мерзiмiнiн соңғы күнiнiң бiрiншi жартысында босатылады.
құжаттар жұмыс күнi бiткеннен кейiн түссе, онда ертеңгi күнi танертең босатылады. Ал, жаза мерзiмi демалыс немесе мереке күнi бiтетiн болса, сотталған жазаны өтеуден демалыс немесе мереке алдындағы күнi босатылады. Жазаның мерзiмi айлармен есептелген жағдайда ол соңғы айдың тиiстi күнiнде, ал егер бұл айда тиiстi күнi болмағанда сол айдың соңғы күнiмен бiтедi.
ған босатылған кезде оған тиесiлi заттары мен құнды-лықтары, онын. жеке шотындағы сақтаулы тұрған ақшасы мен жеке құжаттары, сондай-ақ жазасын өтегенi туралы немесе жазадан босатылғаны туралы құжат берiледi. Босатылушынын, сұрауы бойынша оған әкiмшiлiк мiнездеме берiледi.
ғынан айыру орындарынан босатылғандарға түзеу зандарымен келесi материалдық көмек түрлерiн көрсету белгiленген: босатылған адамдар түратын жерлерiне немесе жұмысына дейiн тегiн жалақымен, тиiстi тәртiппен жалда жүргенде азық-түлiкпен немесе ақшамен, мемлекеттiк қаражат есебiнен сырт киiммен және аяқ киiммен қамтамасыз етiледi. Оларға белгiленген мөлшерде түзеу мекемесi бiр жылғы ақшалай жәрдемақы беруi мүмкiн (Қазақстан Республикасы ҚАК-нiң 176, 177-баптары).
әне II топтағы мүгедектердi, аяғы ауыр әйелдер мен жас баласы бар әйелдердi, яғни көмелетке толмағандарды жазадан босату кезiнде жазаны атқарушы мекеменiң әкiмшiлiгi олардың туыстарын не қамқоршы өзге адамдарды алдын ала хабардар етедi.
үзеу мекемелерiнен босатылатын, денсаулығы бойынша ұдайы күтiмге мұқтаж адамдар, сондай-ақ 16 жасқа толмаған-дар тұратын жерiне алып кетуге келген адамдарға немесе түзеу мекемесiнiң қызметкерiне ертiп жiберiледi.
қ кәмелетке толмағандар кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi комиссиялар шешiмiмен мектеп-интернат-тарға немесе басқа да балалар мекемесiне жiберiледi, сондай-ақ белгiленген заң бойынша қамқор тәрбиешiге берiледi. Оларға бiр жолғы берiлетiн акша орнына керектi киiм-кешек тағы басқа заттар алып берiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы соттарымен сотталған ТМД-нiң басқа республикаларының азаматтары Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнде жазаны етегеннен кейiн өз республикасына кеткенде жол билетi Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн қамтамасыз етiледi.
ңғы жылдары заң әдебиеттерiнде, сонымен қатар бұқаралық акпараттар құралдарындағы жариялымдарда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтiк бейiмдеу мәселесiн заңмен реттеу жөнiнде ұсыныстар табандылықпен жиi айтылып жүр.
ғандарды әлеуметтiк бейiмдеу проблемасын қайталанба қылмыстармен күресу бағытының. бiрi ретiнде қарау тиiс. Шынында, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және әлеуметтiк көмек ала алмаған адамдардың жыл сайынғы тасқыны, алдымен қаңғыбастықтың, үйсiздердiң себебi бола тұра, сонымен бiрге олар бостандық өмiрге бейiмделе алмай қайтадан құкық бұзу мен қылмыс жолына түсiп қылмыстық жағдайды өршiте түсуде.
Әлеуметтiк бейiмделу
Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң әкiмшiлiгi қылмыстық жазаны өтету процесiнде сотталғандарды түзеудiн негiзгi амалдарын қолдана отырып, сотталғандарды еркiн өмiрде тұруға психологиялық, өнегелiлiкке дайындау мақсатында көптеген шаралар қолданады. Бұған, болашақта әр түрлi себептермен босатылатын адамдарды құқыққа оқытуда кiредi. Бүл сотталғанның босатылғаннан кейiнгi өмiрдi құруға ақылмен қарауға бағытталған жұмыстың ойланып iстеген бiр түйiндi кезеңi деп ойлаймыз. Сондықтан, тәрбиелеу жұмысы кезiнде сотталғанмен маңызды тақырыптарға, яғни отбасында, ұжымда, қоғамдағы базарлық қатынастар, кезiнде өнегелiлiк, iскерлiк көрсету, тұрмыста кездесетiн және онда мiнезге қойылатын талаптар туралы әңгiмелер жүргiзiледi.
ұл жұмысты жүргiзгенде ол адамдардың бейiмделуiне табиғи қиындата түсетiн кейбiр объективтi жағдайлар бар. Бас бостандығынан айыру сотталғандарға да, қоғамға да көптеген әлеуметтiк қиындықтар қалдырады.
ң зардабының бiрi — ол, отбасымен, ағайын-туыстарымен, таныстарымен, бұрын жұмыс жасаған ұжымымен т. с. сиякты көптеген әлеуметтiк-пайдалы байланыстарынын. үзiлуi. Осындай үзiлiстердiң зардабын жеңiлдету мақсатында, заңмен әр түрлi шаралар алдын ала көзделген: сотталғандар посылка, сәлемдемелер алады, кездесе алады, хат жазысып тұрады. Әрине, бұл шаралар тұрақты кездесiп тұруды ауыстыра алмайды. Қылмыстык-атқару кодексiнде жеңiлдiктер түрi едәуiр кеңейтiлген.
үшi бар зандарда бұл — бiрiншi рет сотталғандар мен бас бостандығынан айыруға бұрын сотталғандарды бөлек ұстау шарасы аркылы шешiледi. Бiрақ қазiргi топтастыру әдiсi әр түрлi сотталғандардың жеке басының ерекшелiгiн түгелдей ескере алмайды. Кейде бiр рет сотталғанмен, ал бiрнеше немесе әдейi саналы түрде қылмыс iстеген қауiптi қылмыскер болуы мүмкiн, ал басқа бiр сотталған адам екiншi рет сотталғанмен, ол қылмысты күтпеген жағдайға байланысты жасаған адам болуы мүмкiн. Екiншiге қарағанда, бiрiншi жаза өтеп жүрген басқаларға керi әсерiн күштiрек тигiзуi мүмкiн.
қиындық — ол сотталғандар көптеген жағдайда өмiр дағдысынан айырылады; өз бетiмен шешiм қабылдамайды; барлық күн тәртiбiн мекеме әкiмшiлiгi белгiлейдi; өз қаржысын жұмсауды жоспарлай алмайды; олардың қолында ақша жоқ; қалалық көлiкпен жүрмейдi; күнделiктi өмiрде басқа азаматтар сияқты өзiн баспанамен, киiммен, азық-түлiкпен қамтамасыз етудi ойламайды. Олар өз бетiмен шешiм қабылдаудан безiнедi, яғни бостандықта өмiр сүруге бейiмделмеген пассив болады.
ғандардың көпшiлiгi жабық түрдегi колониялардан (жалпы, күшейтiлген, қатаң және айрықша режимдегi) және де түрмеден тiкелей босатылады.
ң қиындата түсуiне босатылғанның бостандыкқа шыққан күнiнен бастап кереғар қабылдауға кездесу әсер етедi. Бүл жағдай, әсiресе колонияда дайындалмағандарға ерекше әсер етедi.
ғаннан кейiн ұйымдардың, кәсiпорындарының (меншiк түрiне қарамастан) кейбiр лауазымды адамдарының оларға сенбегендiгiнен жұмысқа алмауы сияқты проблемалар пайда болуы мүмкiн. Одан басқа мүндай адамдар, әсiресе кәмелетке толмағандар әлеуметтiк қоршаудың керi әсерiне бейiм тұрады. Сондықтан кәмелетке толмағандар бостандық өмiрде тұрмысын жөнге салудағы және жаңа әлеуметтiк рөлiн игеруде көмекке өте мұктаж болады.
қ режимi орнатылған Қоныстану колониялары құрылған болатын. Ондағы режим сотталғандарды бостандық өмiрдегi жағдайға жақындатуға ба-ғытталған. Бiрақ бұл кезеңдi мiнезi оңға басқан, түзелу жолына әбден түскен сотталғандар өтедi. Әйтсе де мiнез-құлқын босатуға бiртiндеп бейiмдеу жеңiлдеу болар едi.
ұл жөнiнде шымкенттiктердiң сотталғандарды бостандық жағдайға әлеуметтiк бейiмдеудегi тәжiрибесi көңiл аударарлық.
әжiрибенiң жағдайына байланысты бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны сотталғандар кезең-кезеңмен өтейдi. Бiрiншi кезеңде жазаны қатаң талаптағы режимнен бастап, олардың жақсы мiнезiне байланысты осалдатып, ақырында түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң бакылауымен тiптi қылмыстан босатуға дейiн апарады. Бұл, жазаны өтеп жатқан жерде сотталғандардың мiнез-құлықтарын адал ниетпен түзеуге құштарлығын шын мәнiнде талаптандыру. Тәжiрибе сотталғандардың туысқандарымен әлеуметтiк қарым-қатынастарын пайдалы түрде кенiтудi, босағаннан кейiн оны одан әрi кеңiте түсу мақ-сатын көздейдi.
әкiмшiлiгiне облыс әкiмшiлiгi жанындағы бақылау комиссиясымен келiсе отырып, сотталғандарды 4 кезеңге әлеуметтiк ақтау орталығына ауыстыруға құқық берiлген.
Әлеуметтiк ақтау Орталығында жазаны өтеп жүрген сотталғандар орталық тұрған әкiмшiлiк ауданындағы сотталғандар тұрған жерiне күн сайын барып келе алатындай қашықтықтағы кәсiпорнына жұмысқа орналастырылады. Әлеуметтiк ақтау Орталығына ауыстырылған сотталғандар колония аумағының сыртында орналасқан жатақханада түрады. Ал, кейбiр сотталғандар 6 ай өткеннен соң түзелу жолына түскенiн мiнез-қүлқымен дәлелдесе, онда Шымкент қаласының шегiндегi отбасында қылмыстық-атқару жүйесiнiң облыстық ПБ жанындағы Кеңестiң рұқсатымен тұра алады.
ған тәжiрибе дұрыс қорытындысын бердi. Оңтүстiк Қазақстан облысында тәртiп белгiлi бiр дәрежеде жақсарды, режим бұзушылық бiр жарым есе төмендедi. Әлеуметтiк ақтау Орталығында бiрсыпыра сотталғандар отбасымен жойылған байланыстарын қалпына келтiрдi. 30-дан астамы үйлендi, үшеуi жоғарғы оқу орнына және техникумға оқуға қайта алынды. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясынын «Психолог» ҒОБ-ньщ сотталғандармен жүргiзген сұрағының қорытындысы сұралғандардың 90 пайызы осындай орталық құрудың сотталғандар үшiн де, тiптi қылмыстық-аткару жүйесiн жақсарту үшiн де пайдалылығын көрсеттi.
ұндай орталыктардың кызметi «жақында» тiптi «»алыста'» шет елдерде кең таратылды. Англияда, тағы кейбiр елдерде ашық түрдегi түзеу мекемелерi, әсiресе сотталғандарды мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатуға дайындаған кезiнде кең пайдаланылады. Оларда сотталғандарға пенитенциарлық мекемелердiң сыртына шығуға рұксат етiледi. Ұқсас «ашық» бөлiмшелер ГФР, Чехия, Словакия пенитенциарлық мекемелерiнiң жанында қызмет iстейдi. Мысалы, Швецияда бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдар үшiн ақтау орталығы құрылған, ол жерде бұрынғы сотталғандар жұмысқа орналасу мен тұрмыстық мәселелерiн шешкенше азғана ақы төлеп баспана мен тамақ ала алады. Одан басқа, жергiлiктi үкiмет органдары өзiнiң ведомстволық қарауындағы аумақта босатылған адамға шұғыл көмек көрсету үшiн өз қаражатына түнде жататын үйлер ұстап отырады.
ұқсас қазiргi уакытта Бұқарада, Санкт-Пе-тербургте, Самарада, Ярославльде және басқа да Ресей қалаларында ақтау орталықтары құрылған.
ғандардың әлеуметтiк бейiмделу проблемаларын шешуде тек iшкi iстер органдары ғана емес, сонымен бiрге қоғамда және бүтiндей мемлекетте құштарлық бiлдiруi тиiс.
ғынан айыру орындарынан босатылғандарды бейiмдеу проблемалары өтпелi кезеңдегi елдегi экономикалық-әлеуметтiк қиындыктар жағдайында күрделi болып есептеледi. Бiрақ бұл мәселе өзiнiң тезiрек заң деңгейiнде шешiлуiн талап етедi. Тиiстi өзгерiстер әр түрлi — қылмыстық-атқару, әкiмшiлiк, баспана және т. б. заң салаларында белгiленуi тиiс.
Бiздiң көзқарасымызша, бұл мәселенi шешуде үкiметтiң жергiлiктi атқару органдары да тiкелей қатысуы тиiс. Оларға тиiстi көмек көрсету үшiн нақтылы мүмкiндiк берген жөн: арнайы ақшалай қор құру, тұратын орын бөлу, мүмкiн уакытша пайдалануға ғана және т. б.
ғынан айыру орнындағы сотталғанды босатқанда әлеуметтiк бейiмдеудi жеңiлдету үшiн бiр жағынан арнайы әлеуметтiк нормалар жүйесi белгiленуi тиiс. Себебi оларды (жұмысқа орналасу, тұрмыстық, баспана табу) көптеген жағдайда өз бетiмен шеше алмайды, ал, екiншi жағынан — қоғамға қарсы қандай да болмасын мiнез көрсететiн, соның iшiнде жана қылмыстар iстеуi мүмкiндерге әлеуметтiк бақылау қою.
Осыған байланысты бiрқатар заң ғалымдары арнайьг «Жазадан босатылған адамдарға бейiмделу кезiнде арнайы көмек көрсету» туралы заң қабылдауға ұсыныс жасауда. Занда мыналар белгiленген болуы керек: мемлекет органдарының, кәсiпорындарының, мекемелер мен ұйымдардың әлеуметтiк бейiмделудi қамтамасыз етудегi қызметтерiнiң негiзгi бағыттары мен мiндеттерi; жазадан босатылған адамдардың құқықтық жағдайы; олардың еңбек пен тұрмыстық жайын ұйымдастыру тәртiбi; олардың әлеуметтiк бейiмделуiн ұйымдастыру.
ұрын шартты түрде босатылғандарды бақылау мiндетi мен байқау мерзiмi кезiнде олармен тәрбие жұмысын жүргiзу мiндетiн заң жұмыс iстеп, оқып жүрген немесе тұрған жерлерiндегi қоғамдық ұйымдармен еңбек ұйымдарына мiндеттедi. Жазаны етеудiн мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатудың өз ерекшелiктерi бар. Бiр жағынан оның, қауiптiлiгi аз адамдарға қатысы бар, себебi бұл жағдай кiмде-кiм өзiнiң түзелiп келе жатқанын үлгiлi мiнез-құлқымен, таза еңбегiмен дәлелдеген адамдарға қолданылады, сондықтан олардың қайта қылмыс iстеу мүмкiндiгi аздау. Екiншi жағынан, бүл адамдар мерзiмiнен бүрын босатылғандықтан, олармен босатуға әзiрлеу жұмысы жүргiзiлмеген, ал жүргiзiле қалса жеткiлiксiз болуы мүмкiн. Сондықтан еңбек ету мен тұрмыстық жағдайын орна-ластыру мәселелерiн олар босағаннан кейiн өз беттерiмен шешедi. Бақылау мен тәрбие жұмысын жүргiзудiң басты мақсаты — ол босағанда жаңа жағдайға бейiмделу үшiн көмектесу, туындаған мәселелердi шешуге жәрдемдесу, босағаннан кейiнгi бiрiншi уакытта жиi байқалатын қылмыс iстеудi болдырмау. Сот мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатылғандарды өз бетiмен немесе енбек ұжымының сұрауымен, бiрақ оның келiсiмiмен бакылауы мiндеттей алады.
үндай адамдармен тәрбие жұмысын, олардың түзелуiн бекiту ретiнде жұртшылыктың көмегiнсiз ұйымдастыру мен үйлестiрудi және олардың дәл есебiн тез белгiлемей тиiмдi жүргiзу мүмкiн емес.
өтеудiң мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатылатын адамдардың есебiн iшкi iстер органдары жүргiзедi. Оларды есепке қою тәртiбi мен тәрбиелеу шаралары Қазакстан Республикасы ІІМ-нiң ведомстволық нормативтiк актiлерiмен реттеледi.