Олигофрения және демеция

Ж о с п а р :

1. Олигофрения

2 . Деменция

1. Зияты зақымдалған балалардың классификациясы;

2. Зияты зақымдалған балаларға психологиялық – педагогикалық мінездеме;

3. Зияты зақымдалған балалардың классификациясы.

Олигофрения (грек. olіgos – аз және phren – ақыл) – ақыл-ойдың кемдігі; іштен туа біткен не алғашқы 3 жыл өмірінде дамымай қалған психиканың әр түрлі формалары.Аурудың пайда болуына әр түрлі себептер: тұқым қуалайтын аурулар салдарынан организмдегі генетикалық ауытқулар; кейбір заттардың, мыс, амин қышқылдарының (фенилкетонурия), көмірсуларды ң (галактоземия) т.б. алмасу процесінің бұзылуынан болатын аурулар; жатырдағы ұрыққа не іштегі нәрестеге зақым келуі (ана бойындағывирусты инфекция, токсоплазмоз, мерез) не сәбидің 3 жасқа дейінгі алған жарақаттары (мысалы, бас сүйек-ми зақымы, т.б.) әсер етеді.

Негізгі белгілері

Олигофренияның ең негізгі белгісі адамның танымдық әрекетінің, атап айтқанда, ойлау және сол ойды қорыту қабілетінің нашар дамуымен сипатталады. Сондай-ақ олигофрения кезінде адамның есі, назар аударуы, сөйлеуі, т.б. психика әрекеттерінде тежелу байқалады. Науқастардың көпшілігінде сезім органдарында, қимыл-қозғалысында, тіпті жекелеген мүшелерінде де ауытқулар (бойының өспеуі, дене бітімінің диспропорциясы, т.б.) болады.

Олигофрения түрлері

Ақыл-ой қабілетінің мешеулік дәрежесіне қарай олигофрения: идиотиялық олигофрения, имбециалдық олигофрения және дебильдік олигофрения деп бөлінеді.Идиотиялық олигофрения (грек. іdіoteіa – надан) – олигофренияның ауыр түрі; ақыл-ойдың мүлдем дамымауы. Бұл жағдайда ойлау, сөйлеу қабілеті дамымайды; науқас міңгірлеген дыбыстар ғана шығарады, оларға айтылған сөздің мағынасын түсінбейді. Имбециалдық (лат. іmbecіllus – ақыл-ойы әлсіз) олигофрения – олигофренияның орташа түрі; алдыңғы жағдаймен салыстырғанда, науқас қарапайым сөздерді анық айтып, аздап санай да біледі. Дебильдік (лат. debіlіs – әлсіз) олигофрения – олигофренияның әлсіз түрі; орташа түріне қарағанда науқастың сөйлеу қабілеті біраз дамыған, бірақ сөз қоры аз, көбіне жаттап алған сөздерін айтады. Олигофрениямен ауырған науқастардың барлығы да психиатрдың бақылауында болады, негізінен оларға психикалық ой-өрісінің дамуына себепші болатын емдік шаралар жүргізіледі.

Деменция – егер ақыл – ойдың кемістігі 2-3 жасқа дейінгі кезеңде, әртүрлі органикалық зақымданулардың әсерінен пайда болса, одан кейін пайда болған ой — өріс кемістігі ұғымына деменция кіреді. Деменцияның себептері – жарақаттар мен ми аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит).

12 стр., 5663 слов

Понятие и причины олигофрении

... по резус-фактору, травмы головы в раннем детстве, детские инфекции, врожденная гидроцефалия). 1.2 Степени олигофрении Идиотия Имбецильность Дебильность 1.3 Диагностика и лечение Диагноз. Олигофрению дифференцируют также от деменции ... В данной работе рассмотрен вопрос коррекционной педагогики и специальной психологии. Важнейшим направлением теоретических и практических разработок в области ...

Психикалық дамуы тежелген балалар (ПДТ) – бұл оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Сондай – ақ бұл балалардың эмоционалды ерік саласының жетілмеуі, органикалық инфантилизммен түсіндіріледі. «Органикалық инфантилизм» термині алғаш рет француз психиатрлары Лоран мен Лассегтің енгізуімен, ХІХ ғ.аяғында пайда болды. Инфантилизм – дене бітімінің жетілмеуі, «балалықтан арылмау» деп қарастыруға болады.

М.С. Певзнердің пікірінше, эмоционалды – ерікті саланың дамуының тежелуі уақытша болуы мүмкін, баланың даму ерекшеліктерімен сай бағдарламалар өткізілсе, бұл кемшіліктер жойылады. 1966 ж. М.С.Певзнер Зияты зақымдалған балалардың клиникалық нұсқаларына сүйеніп өз классификациясын ұсынды:

1. Қалыпты интеллект мен эмоционалды – ерікті саласының жетілмеуі, яғни асқынбаған гормониялық инфантилизм.

2. Танымдық әрекеттің жетілмеуі

3 Танымдық әрекеттің жетілмеуі, нейродинамикалық бұзылулармен асқынған, психофизикалық инфантидизм

4. Танымдық әрекеттің жетілмеуі, сөйлеу қызметінің кемістігімен асқынған, психофизикалық инфантилизм.

Зияты зақымдалған баланың психофизикалық және эмоционалды дамуына қиындықтар туғызатын – невропатия, жүйке – соматикалық әлсіреу жағдайы жатады. Зияты зақымдалған балаларда невропатияның негізгі белгілеріА.А.Захаров бойынша:

эмоционалдық тұрақсыздық:

вегативті дистония (ішкі мүшелердің жұмысын қалыптайтын, жүйке жүйесінің бұзылуы:

ұйқының бұзылуы:

зат алмасудың бұзылуы:

жалпы соматикалық әлсіздік:

Ал, В.В. Лебединский болса, зияты зақымдалған балалардың

психикалық дизонтогенез түрлерін классификациялады:

  • Дизонтогенездің 1-ші тобы – ретардация бойынша (дамудың тежелуі) және жетілудің дисфункциясы (жалпы тұрақты дамымау әр түрлі күрделі деңгейдегі зияты зақымдалу);
  • Дизонтогенездің 2-ші тобы – дефицитарлық тип бойынша ауытқушылықтарды өзіне қосады (анализаторлық жүйенің ауыр бұзылыстары: көру, есту, тірек қимыл – қозғалыс аппараты, сөйлеу тілі);
  • Дизонтогенездің 3-ші тобы – ерік – жігер бұзылыстарын жеңумен асинхрония типі бойынша ауытқушылықтарды өзіне қосады (ерте бала аутизмі және психопатияның – дисгармоникалық дамуы);
  • Дизонтогенездің 4-ші тобы – дамуының күрделі жетіспеушіліктері бар балалар, 2 – оданда көп ауытқушылықтар бар балалар (соқыр – мылқау, соқыр – мылқау — керең).

Зияты зақымдалған балалардың психикалық дизонтогенездің әр түріне дамудағы ауытқушылықтардың жалпы заңдылықтары В.И. Лубовский бойынша — 3 деңгей:

деңгей – дизонтогенездік дамудың барлық типтерінің заңдылықтары – А,Б,В,Г,Д

А) зияты зақымдалған балаларға тән қалыпты және қалыпсыз 10 негізгі критерийлері:

1) Субъективті қанағаттандырылу (әр түрлі қажеттіліктердің қанағаттануы).

Егерде қалыпты балада көп уақыт бойы қанағаттандырылмаса, онда қанағаттсыздыққа алып келеді.

2) Идентивті (өзін түсіну).

3) Интегральды (бүтіндік).

4) Автономды (тәуелсіздік).

5) Шындықты адекватты қабылдау (шынайылық).

6) Адекватты өзін-өзі тану, өзі уайымдау және өзін-өзі бағалау

7) Фрустрацияға толеранттылық (тұрақтылық, шыдамдылық).

6 стр., 2931 слов

Дислалия қазақша

... астам балалар таңдай кемістіктерімен туылады. Бұның себебі: сөйлеу аппаратының жетілмеуі, түрлі инфекциялық, вирустық аурулар, тұқымқуалаушылық. Дислалия с ... -есі нашар дамыған балалар. 5. сөйлеу қабілеті нашар дамыған балалар (алалия, тұтықпа, дислалия, дизартрия). Аномальды балаларды тә ... ескеру және есінде сақтау сияқты жоғарғы психикалық функциясының даму деңгейінің төмен екендігі байқалады. Баланы ...

8) Стресске қатынасы.

9) Қолайлы әлеуметті бейімдеу.

10) Оптимальді өзін бекітуі.

Б) Тәсілдің бұзылуы, мәліметті қолдану және сақтау.

Зақымданудың спецификасына байланысты қоршаған әрекеттің түрлі параметрлері бұзылады, мысалы, сенсорикалы патология кезінде бұзылған анализаторлар арқылы қабылдау кезеңінде сенсорикалық мәліметтің тежелуі байқалады, эмоционалдық-тұлғалық сферасының патологиясы кезінде (психопатия, ЕЖА) қабылдау тежеледі.

В) Сөйлеудің бұзылуы

Психикалық бұзылыстардың барлық ауытқушылықтарында мінез-құлықтың вербальды және вербалды емес бұзылыстары байқалады, баланың қалыпты дамуын қиындатады және арнайы оқытудың және тәрбиелеудің тәсілдерін талап етеді.

Г) Қоршаған шындық туралы елестерін қалыптасыру.

Кез келген дизонтогенетикалық даму шындықтың қалыпты психикалық көрінісімен сипатталады.

Д) Әлеуметті-психологиялық бейімделудің пайда болуының қатері.

Кез келген кемістік өзінің қажеттілігінің қанағаттандыру мүмкіншіліктеріне адамның жетуі қиындықтар туғызады.

2-деңгей – дизонтогенетикалық бұзылыстардың тобына тән заңдылықтар (мысалы, анализаторлы жүйелердің пайда болу салдары — көру, есту, тері, қозғалыс) немесе өзінің негізінде бас миының органикалық зақымдануы (зият зақымдалу, ПДТ және т.б.).

3-деңгей – дизонтогенездің нақты типіне тән спецификалық заңдылықтар (ақыл ойы кемістігінің типі бойынша жалпы тұрақты психикалық дамымау, немесе ЕЖА типі бойынша дамудың тежелуі және т.б.).

Зияты зақымдалған балалардың психикасына сай А.Р. Лурия (1973) концепциялық 3-функционалды блоктардың жұмысын енгізді:

1-ші блок – тонустың регуляциясы және сергектік, бас миының дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;

2-ші блок – сыртқы ортадан мәліметтердің түсуін сақтау. Мәлімет анализаторлардың көмегімен түседі ( 5 сезім мүшелерімен –есту, көру, дәм сезу, иіс сезу,);

3-ші блок – психикалық әрекетті бағдарлау және бақылау. Аталған блок адамның жұмыс әрекетін және қозғалысын қамтамасыз етеді.

Зиятында аутқуы бар балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама.

Зияты зақымдалу баланың орталық жүйке жүйесінің, әсіресе бас миының зақымдалуынан болатын кемістік. Бас миының зақымдалуына әр түрлі сыртқы және ішкі жағдайлар себеп болады. Сыртқы факторларға — ананың жүкті кезіндегі гриппке, сүзекке, қызылшаға, сары ауруға және басқа да әр түрлі жұқпалы дерттерге шалдығыуы, ананың организміне жайылған уытты заттардан құрсақтағы нәрестенің улануы және босану кезіндегі болатын әр түрлі зақымдар жатады.

Ішкі факторлардың зардаптарынан олигофрения іштей туа пайда болады.

Тұқым қуалайтын кеселдер. Оған ата-ананың мерез ауруларымен ауруы, сонымен қатар ата-анасының бірінің ақыл-ой кемістігінің балаға ауысуы.

Ақыл-ой кемістігінің іштен туа пайда болуына хромосомды аурулар да ықпалын тигізеді, яғни ата-ананың организміндегі тұқым қуалайтын қасиеттерінің бұзылуынан болады.

Кейбір жағдайларда ананың қаны құрсақтағы нәрестенің қанымен резус-фактор бойынша сәйкес келмеуінің салдарынан баланың ақыл-ойының кеміс болып туылуы.

4 стр., 1769 слов

Анемия туралы ?аза?ша

... пайда болғанда). Сыртқы себептерге белоктар тапшылығында немесе жас балаларды сүт порошоктарымен тамақтандырғанда, ас құрамында В12 ... айналысу, ашық ауада жеткілікті уақыт болу анемияның алдын алады. Гельминттердің бар-жоғын үнемі тексеріп, санитарлық-гигиеналық да ... біраз бөлігін кесіп алып тастағанда, ішектің созылмалы ауруларында; 1.Қазақ ұлттық энциклопедиясы-А әрпі 2.Совет энциклопедиясы-А әрпі 3. ...

Қан құрамында резус-фактордың «бар» немесе «жоқ» болуына қарай адамдардың қанын оң-резусты және теріс-резусты деп бөледі. Адамдардың 85%-нің қаны оң резусты, ал 15%-нің қаны теріс-резусты деп есептеледі. Егер екіқабат әйелдің қаны теріс резусты болса, онда құрсақтағы нәресте жұбайының оң резусты қанын мұраланады.

Демек, резус фактор бойынша ананың қаны құрсақтағы нәрестенің қанымен сәйкес келмеуінен оның физикалық және психикалық дамуының ауытқуы бұзылатындығы байқалады. Даму процесінің бұл сияқты бұзылуы олигофренияның пайда болуына мүмкіндік туғызады.

4. Баланың ақыл-ойының жетілмеуіне ата-ананың маскүнемдікке, нашақорлыққа және есірткіге салынуы да себеп болады.

Олигофрен балалардың бас миының үлкен жарты шарының қыртысы түгелімен жайылып зақымданатындығы арнайы клиникалық зерттеулердің нәтижесінде анықталған. Сонымен бірге олигофренияда бас миының үлкен шарының барлық қыртысының жайылып зақымдануымен қатар оның қыртысындағы жүйке жүйелерінің даму барысының сапалық жағы да бұзылатындығы байқалады.

Ақыл-ой кемістігінің даму барысындағы деңгейіне және сапалық дәрежесінің өзіне тән өзгешелігіне қарай олигофрения: идиотия, имбецильдік және дебильдік болып үш топқа бөлінеді.

Идиотия – гректің сөзі, қазақ тілінде «нақұрыс» деген мағына береді. Демек идиотия туа біткен психикалық бұзылудың нәтижесінен болатын ақыл-ой кемістігінің ең ауыр түрі.

Идиот балалардың физикалық дамуы өте қатты күйзеліп бұзылған. Олардың бас сүйектері мен дене құрылысы сүйектерінің сыртқы мүсіндік тұлғалары майысып-қисайып бүлінген және соның салдарынан қимыл-қозғалыстары толық жетілмей қалған.

Физикалық кемістіктің мұндай зардабынан идиот балалардың кейбіреулері тіпті өздігінен емін-еркін отырып тұрып, түзу жүфре де алмайды. Сондай-ақ идиот балалардың көпшілігінің алақандарын шапаттайтын, бастарын шайқайтын немесе изейтін, қолдарының немесе аяқтарының саусақтарын немесе бармақтарын ауыздарына салып үздіксіз шолпылдататын, сорып отыратын ритмикалық жасанды қылықтарын да жиі байқауға болады.

Идиот балалардың сөйлеу тілдері жекелеген кейбір жеңіл дыбыстарды айтудан әрі бармайды. Тек кейбір жағдайларда ғана бір-екі буыннан тіркескен бірнеше сөздерді бұрмалап бұзып айтуға шамалары келеді.

Бас миының үлкен жарты шары қыртысының жұмыс істеу қызметінің соншалықты өрескел қатты бұзылғандығының нәтижесінен идиот балалардың тіпті қарапайым деген шартты рефлекстерінің өздері де өте қиыншылықпен орындалады.

Идиот балалардың мінез-құлықтары тағы тақылеттес болып кетеді. Олардың кейбіреулері өлі денеге ұқсап айналасындағыларға көңіл аудармастан ұзақ қимылсыз құлап жатып алады немесе қозғалмастан бір орында мелшиіп отырады да қояды; ал басқа біреулері керісінше, тынымсыз жүгіреді, секіреді немесе тоңқалаң асып құлайды да аунақшып дөңбекшіп домалай бастайды.

Қорыта келгенде, жоғары жүйке қызметі іс-әрекетінің мұндай ерекшеліктері идиот кемістігіне шалдыққан балалардың психикалық дамуының қатты күйзеліп, бұзылғандығын көрсетеді.

Дебильділік – латынның сөзі, қазақ тіліндегі аудармасы «деліқұл» деген ұғымға тура келеді.

6 стр., 2531 слов

Педагогика | Арнайы педагогика

... балалардың дамуының жас шамалас аспектісін зерттеу мақсатында бір неше салаларды өзіне біріктіреді. Олар: 1.Сурдопедагогика 2.Тифлопедагогика 3.Олигофренопедагогика 4.Логопедия Сурдопедагогика ... баланың тілдік, немесе сөйлеу мүмкіндігі, ... ндай балалардың даму ерекшеліктері қандай? Олардың типологиясы ... балалардың дамуының жас шамалас аспектісін зерттейді. Олигофренопедагогика (грек тілінен olygos-кем, аз ...

Баланың іштей жетілмей туатын физикалық және психикалық дамуындағы патологиялық кемістігін «дебильділік» — деп атайды. Дебиль балалардың ақыл-ой қабілеттерінің таяздығы идиот пен имбецильге қарағанда әлде қайда жеңіл болады. Сондықтан да олар өздеріне арналған арнайы мектептің жеңілдетілген оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгереді және сонымен қатар қарапайым қол жұмыстарымен атқарылатын еңбектің түрлерімен шұғылдануға бейімделеді.

Алайда бұл кемістік патологиялық процестің негізінде пайда болғандықтан дебиль балалардың физикалық дамуында да болмашы жеңіл ауытқулар байқалып тұрады. Бірақ бұл ауытқулар жайшылықта көп біліне бермейді. Тек кейбір иіліп-бүгілуі, қайырылып-бұрылуы қиын күрделі қимыл қозғалыстарды орындағанда ғана байқалады. Мысалы, футбол, волейбол, баскетбол, ұзындық пен биіктіктен жүгіре секіру сияқты және басқа да спорт ойындары. Дегенмен де, педагогикалық тәсілдердің қағидасымен жүргізілетін түзету, тәрбие жұмыстарының нәтижесінде дебиль балалардың физикалық дамуындағы патологиялық кемістіктерінің тіпті де білінбей кететіндері соншалықты, олардың кез келген қарапайым қол еңбегінің түрлерімен айналысуына мүлде кедергісі болмайды.

Дебиль балалар күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын дағдылы қарапайым сөздерді ауызекі сөйлеу тілдерінде еркін меңгеріп, оңай түсінеді. Ал, мазмұны күрделі, мағынасы астарлы болып айтылатын сөздерді байыптап түсінуге ақыл-ойларының зерделілігі жетпейді.

Олигофренияның дебиль тобына жататындардың өздері ауыр және жеңіл дәрежелі болып екіге бөлінеді. Өйткені олардың ақыл-ойларының даму процестері мен сөйлеу тілдерінің бұзылулары біркелкі болмайды. Сөйлеу тілі ақыл-ойдың ең негізгі құралы ретінде оның даму процесіне байланысты бірыңғай жетіледі.

Ақыл-ойларының патологиялы кемістері жаңадан нышан көрсетіп, енді-енді байқала бастаған мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балалардың сөйлеу тілдеріндегі мүкістердің түрлері мен олардың айтылуындағы ерекшеліктері әр алуан болып келеді. Мұндай балалардың сөйлеу тілдердегі мүкістері, әсіресе олардың мектептің бірінші және екінші сыныбында жүрген кездерінде анық байқалады.