Психофизиологияның даму тарихы мен әдістері

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық

Университеті

Педагогика – психология мамандығы

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: Психофизиологияның даму тарихы мен әдістері

ОРЫНДАҒАН: 3 – курс студенті

Сырлыбаева Айгерім

ТЕКСЕРГЕН: Қуаналиева М.

АЛМАТЫ — 2007ж.

ЖОСПАР.

1.Психофизиологияның даму тарихы

2.Психофизиологиялық зерттеудің пәні мен принциптері

3.Психофизиологиялық зерттеулердің әдістері

1.Психофизиологияның даму тарихы.

Психофизиологияның психология ғылымының жеке бөлігі ретінде пайда болуы

неміс психологы В.Вундтың есімімен тығыз байланысты.Ол психологияда

зерттеудің екі бағытын анықтап берді.Біріншісі – физиологиялық

психология,оның обьектісі – қарапайым психикалық процесстер, ал әдісі –

психофизиологиялық эксперимент.Екінші бағыт – халық психологиясы .Бұл

жоғарғы психикалық функциялардың аймағы мәдени – тарихи өнімдерді талдау

әдісімен анықталған – тіл, аңыздар, салт – дәстүрлер, өнер, т.б.

Психофизиология термині Батыста кең таралған. П.Миллер канадтық психолог

Д. Хеббспен бірігіп психофизиология аймағымен жұмыс жасаған.Оның

Физиологиялық психология кітабында ( 1970) мидың функционалдық

ұйымдастырылуы мен құрылу принципі туралы, мотивация мен эмоцияның

физиологиялық механизмдері туралы,мидың өзін — өзі қоздыруы туралы

тәжірибесін, есті, қозғалыс және сенсорлы жүйенің зерттелу нәтижелерін

көрсетті.1973 жылы ол орыс тіліне аударылды.

Ричард Томпсонның ( 1975 ) Физиологиялық психологияға кіріспе деген

кітабы есті және оқыту механизмдерін жүйелі зерттеу жұмыстары арқылы ерекше

белгілі болды.Р. Томпсон кітапқа кіріспеде физиологиялық психологияның

фундаментальді мәселелері – психологтар айналысатын мәселесі екендігін атап

кетті.Бірақ, физиорлогиялық психологияда мінез – құлық және психикалық

құбылыстар негізі биологиялық жүйелер мен процесстерге негізделген.Оның

кітабында мінез – құлық түрлерін, генетикалық және орталық факторларды,

қысқа және ұзақ уақыттағы есті, сөйлеу физиологиясын биологиялық негізде

қарастырды.

АҚШ – та 70 ж . Психофизиологиялық жаңа журнал жарық көрді.Мұнда

психологияға және физиологияға байланысты жұмыстар басылды, ол

психофизиологтар Қауымдастығымен шыққан. Сол уақыттан бастап

3 стр., 1288 слов

Тұрмыстық психология

... психология тұрмыстық психологияға арқаланады, одан өз міндеттерін көре алады, соңғы сатыда тексеріледі, анықталады. Психиканың көптүрлі көріністері психикалық процесстер, психикалық күйлері , психикалы ... жатады. Психикалық құбылыстардың құрылымы (Ананьев бойынша) Психикалық қасиеттер Психикалық күйлер Психикалық процесстер Психофизиологиялық функциялар Тәртіптің элементарлы мотивациясы Психикалық іс ...

психофизиология термині жеке тәртіп ретінде қолдана бастады.

Бірақ психофизиологиялық бағыт тек 1982 жылы маусым айында ресми

статусын алды, сол кезде Монреалда I – ші Халықаралық психофизиологтар

конгресі болды.Мұнда Халықаралық психофизиологиялық ассоцияция құрылды және

психофизиологияның Халықаралық конгресінің бастамасы көрсетілді.

Халықаралық психофизиологтар ассоцияциясы БҰҰ – да көрініс берді.

Ассоцияцияның негізгі мақсаттарының бірі – Халықаралық әріптестікті

дамыту.I – ші конгресте Психофизиологияның Халықаралық журналы

тұжырымдалды.Журналдың басты редакторларының бірі – Н.П. Бехтерев, ол Санкт

  • Петербургтың белгілі нейрофизиологы. Е.Н. Соколов редколлегия мүшесі

болды.1983 жылы журналдың I – ші нөмерінде психофизиология пәніне кіріспе

жазылды.

Х. Дельгадо мен Е.Н. Соколовтың тұжырымдамасы адамдардың және

жануарлардың миын суммарлы электрлік белсенділікпен және нейрондық

зерттеудегі теориялық және эксперименталдық тәжірибеге негізделген.Х.

Дельгадо нейробиология орталығын құрумен белгілі ( маймылдардың мінез –

құлқын манипуляциялау бойынша).Онымен жануар миының өсімдікке деген

электромагнитті стимуляциясы және электрлік, химиялық түрде ми

белсенділігімен мінез – құлықты тіркеу телеметрикалық әдісі жасалды. Миға

әсер етудің физиологиялық көрсеткіштерін қабылдау радиосигналдар көмегімен

жүзеге асты.

Е.Н. Соколовтың зерттеулері нейрондық жүйедегі ақпараттарды кодтау

принциптерімен байланысты. Психофизиологиялық зерттеулердің дамуы жануарлар

мен қоса адамдардың нейронды белсенділіктерін тіркеу әдістері негізінде

дамыды. Бұл Х. Дельгадо мен Е.Н. Соколов еңбектерінде дәлелденді.

Қазір психофизиологтардың қызығушылық сферасына сезімнің, қабылдаудың,

естің,оқытудың,мотивация мен эмоцияның , ойлау мен сөйлеудің,сана, мінез –

құлық және психикалық іс — әрекет, жартышарлар қатынасы, функционалдық

жағдайды диагностикалау мен жүйке жүйесінің ақпаратты өңдеу мәселелері

кіреді.

2.Психофизиологиялық зерттеудің пәні мен принциптері.

Жануарлардың және клиникалық тексеруде адамдардың жеке ми

нейрондарының белсенділігін зерттеудегі жетістіктер психофизиологияның

физиологиялық ғана емес, психикалық процесстер мен жағдай, мінез- құлықтың

нейрондық механизмі туралы да ғылым болды. Қазіргі психофизиология нейрон

мен нейрондық жүйелерді зерттеумен де айналысады.

Психофизиологияның нейроғылымдардың бір саласы болуы нейрондық

белсенділікті зерттеу аймағының жетістіктерімен тығыз байланысқан.

20 ғасырда Англияда ( Кембридж ) А. Эдриан басшылығымен күшті

электрофизиологтар мектебі құрылды. Ол ЭЭГ – ның жалпы теориясына

нейрондардың электрлік белсенділігін зерттеу арқылы үлкен үлес қосты . У.

Макк Каллахтың және У. Питстың құрастырған нервтік жүйе теориясы

психофизиологияның дамуына айтарлықтай мағына берді.Оның экспериментальді

негіздері Дж. Летвинмен, Х. Матуранмен Бақаның миына көз не дейді

4 стр., 1745 слов

Жасанды интеллект

... үштерін салды. Бұл зерттеу бағыты «жасанды интеллект» деген атауға ие болды. Жасанда интеллект (artificial intellence) – ЖИ (AI) автоматты ж ... ашылды: Құрылымдық; Имитациялық; Логикалық; Эволюциялық. ЖИ жүйелеріндегі барлық нейрондық зерттеулер спектрі құрылымдық деп аталды. Құрылымдық деп ЖИ-ні ... адам миымен жақындастыратын тағы бір қасиеті – нейронды желілер қоршаған орта туралы толық мәліметсіз ...

деген бірлесе отырып жазған еңбектерінде көрсетілген ( 1959).

Зерттеушілермен бірінші нейрондар жүйелерінің ерекше типі бейнеленген

болатын, яғни ол көру стимулдарының кейбір денелік қасиеттерін таңдап

реттеуші.Бұл нейрондарды анықтау үшін олар – жаңа термин детекторды

енгізді. Бақалардың жүйелерінде (сетчатки) олар бірнеше нейрондар –

детектрлер топтарын ашты: қозғалатын бұрыш, шекаралар, т.б.

Детекторлы теорияның дауына Д. Хьюбелдің және Т. Визелдің жұмыстары өте

үлкен ықпалын тигізді.Олар 60 — жылдары нейрондардың функционалды

қасиеттердің сәйкес келуімен нейрондардың бірігуінің – үлкен жартышардағы

нейрондар қыртыстарының ұйымдасуының модульді принциптерін қалыптастырды

( Д. Хьюбел 1990 ).

Детекторлы қасиеттермен нейрондардың ашылуы психофизиологияның

дамуында принциптік мәнінің болуына ықпал болды. Бұл — нейрондар мен

олардың мінез – құлықтың түрлі кезеңдерін жүзеге асыруда функционалды

мінездемелерді зерттеуге бейімдеді. Нейрондардың әртүрлі психикалық

процестермен байланысты түрлі жаңа кластары ашылды.Олардың ішіндегі

сенсорлы нейрондардың ерекше типі – толық бейнені кодтайтын – гностикалық

бірлік.Гностикалық бірлік тұжырымдамасын Ю. Конорский ұсынды.Жоғарғы

жануарлардың нейрондық қыртыс белсенділігін тікелей зерттеу оның

гностикалық нейрондар тұжырымдамасын дәлелдеді. Маймылдардың төменгі жақ

самай қыртыстарында нақты адамдардың беттегі көріністеріне талдай жауап

беретін нейрондар табылды.

Мақсат нейрондары деп аталатын ерекше нейрондар класы бейнеленді.Бұл

нейрондар мақсатты обьектінің көрінуіне талдай зейін бөледі: тамақтың иісі

мен түріне.Мақсатты нейрондар маймылдардың құйрығының ортасында самай

қыртыста,гипоталамуста табылған.А.С. Батуев маймылдағы мақсатты нейрондарды

шүйде және маңдай қыртыстардан тапқан.Тек ашқарақ маймылда мақсатты

нейрондар тамақтың түріне мән береді.

Қояндарда мақсатты қозғалыс нейрондарын В.Б. Швырков бейнелеген.

Олардың белсенділігі тамақты алғанда немесе оны тістегенде жүреді.Бұл

нейрондардың белсенділігі мақсатқа жақындағанда ( оңға, солға) және

жүгіріске салғанда ( екі аяқпен) бақыланады және ол әрқашан нәтижеге

жеткенде тоқтайды. Мақсатты қозғалыс нейрондары қоянның гиппокампасында

моторлы, сенсомоторлы, көру қыртыстарында тіркеліп отырылады.Олар көздеген

мақсатқа жетпесе белсенді болмайды, мысалы, тамақты шайнағанда.

Маймылдардың маңдай және шүйде қыртысында А. С. Батуев моторлы

бағдарлама нейрондарын тапқан. Арнайы қозғалыс актілерін өткізетін

командалық