Офицердің әскери-педагогикалық ді игеруі үшін және оқу-тәрбиелік қызметті жүзеге асыруда маңызды әдістемелік және машықтандыру мәні әскери-педагогикалық үрдісті жүйе ретінде жүзеге асыруды қарастырады. Әскери-педагогикалық үрдіс — басшылардың, штабтардың, тәрбие құрылымының мамандарының, қоғамдық ұйымдардың белгіленген нұсқау бойынша жауынгерлер мен әскери ұжымдарды дайындау үшін оқу-тәрбие қызметінің мақсатқа бағытталған ұйымдасқан жүйесі. Бейбіт уақыттаәы әскери-педагогикалық үрдістің басты міндеті — әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жоғары әскери дайындығың олармен оқу-әскери міндеттерін нәтижелі шешуін қамтамасыз ету.
Бұл әлеуметтік үрдістің өзіндік мәні, Отанды қорғау туралы Қазақстан Республикасының Конституциясындағы нұсқауларды, қорғаныстуралы заңдар мен еліміздің қорғаныс қабілетін берік, саналы дәрежеде нығайту мен құптаудың қажеттілігі туралы мемлекеттік билік орындарының басқа да талаптарын жүзеге асыруға шақырады. Әскери-педагогикалық үрдістің мазмұны мен бағыты әскери доктрина, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатымең әскери қызметтің даму деңгейімен шартталған.
Әскери-педагогикалық үрдістің негізгі мақсаты — бейбіт және әскери уақытта Отанды қарумен қорғаудың міндеттерін жемісті атқаруға әскери қызметшілер мен әскери ұжымды жан-жақты дайындауды қамтамасыз ету. Әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеу, әрбір әскери қызметші мен әскери ұжымда жоғары әскери, моральдық-психологиялық және дене тұрғылық қасиеттерін қалыптастыру және бекіту, осының негізінде кез келген жағдайда жеңіске жетуге күшті еріктің рухани беріктігің әскери шеберлікті тудыруға бағытталған.
Көрсетілген мақсат әскери-педагогикалық үрдісті жүйе ретінде құрылымдауды шарттайды: құрылымдық компоненттер жиынтығы, бір-бірімен және бөлімшелердің, бөлімдердің тіршілік әрекетінің басқа да жүйелерінде өзара байланысы (әскери дайындықты қостау жүйесі, басқару және байланысжүйесі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесі).
Әскери-педагогикалық үрдістің негізгі қүрылымдық компоненттері мынадай:
- әскери-педагогикалық үрдістің міндеттері;
- мазмұндық құрылымы;
- ұйымдастырушылық құрылымы;
- аталған үрдістің субъектілері мен объектілері. Әскери-педагогикалық үрдістің міндеттері оның мақсатына шартталған және оның жетістігіне бағытталған. Басты міндеттеріне жататындар: 1) әскери қызметшіні азамат және жауынгер-маман ретінде қалыптастыруға мақсатты түрде бағыттау;
2) әскери қызметшіні кез келген жағдайда тиімді машықпен қамтамасыз ететін қызметтік қасиеттер мен әскери, әлеуметтік, техникалық және кәсіби дер жүйесімен қаруландыру;
Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі
... әне кiнәсiз адамдарды жауапқа тартпауды қамтамасыз етедi. қылмысты дұрыс саралау мен орынды да iстегенiне сайма ... амдық тәртiптi, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Онда мемлекеттiң қылмысты бақылап отыру мiндеттерi, принциптерi, стратегиясы, негiзгi ... қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге ...
3) әрбір әскери қызметшінің рухани күштерін, ақыл-ой мен дене тұр-ғылық сапаларының дамуын мақсатқа бағытталған қамтамасыз ету;
4) ұрыс кезіндегі жағдайда әрекет етуде әскери қызметтің қиыншылықтарын жеңуге жеке құрамда психологиялық дайындықты, эмоциялық-еріктік беріктікті тудыру;
5) бөлімдер мен бөлімшелерде әскери бірлікті жүзеге асыру, әскери ұжымда жарғылық тәртіпті құптау, әскери қызметшілердің бір-біріне деген сенімің өзара көмегің өзара көмек қолын созуың әскери жолдастық пен достықты қалыптастыру.
Әскери-педагогикалық үрдістің мазмүндық қурылымын оның құрамдық бөлімдері: тәрбие; оқыту; даму; психологиялық дайындық; өзін-өзі тәрбиелеу; өзіндік даму көрсетеді.
Үйымдастырыләан әскери-педагогикалық үрдіс:
- дайындықтың алуан түрі — ең алдымен оқу сабақтарында жүзеге асатың ұрыстық, қоғамдық-мемлекеттік және т. б.;
- қызметтік-ұрыстық, қоғамдық және басқа да қызметтің педагогикалық аспектілері;
- тәрбиелік, мәдени және спорттық-топтық жұмыстарды қосады. Әскери-педагогикалық үрдістің міндеттері оның субъектілері мен
объектілерінің қызметтерінің өзара байланысы мен өзара шартталуын анықтайды.
Әскери педагогикалық үрдістің субъектісінө командирлер, штабтар, тәрбие құрылымының офицерлері, тәрбие белсенділері, ұрыстық есептің жетекші мамандары, прапорщиктер, сержанттар, қоғамдық ұйымдар жатады.
Әскери педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда шешуші рөлді бөлімше (бөлім) командирі атқарады. Болашақ жеке құрамның тікелей бастығы, ол оның өмірінің барлық жағына және қызметіне және осыған сәйкес әскери педагогикалық үрдістің сапасы мен қалпына жауап береді.
Әскери педагогикалық үрдістің объектісіне (дәстүрлі түсінік бойынша) барлық әскери қызметшілер мен әскери ұжым жатады. Субъект-субъект қатынасының көзқарасы барысында оқу мекемелерінің, бөлімдердегі, бөлімшелердегі барлық әскери қызметшілер, яғни субъектілер әскери педагогикалық үрдістің белсенді қатысушылары. Әскери қызмет жағдайында өрекше мәнге ие болатын педагстикалық ықпал ету объектісі — әскери ұжым. Осыған байланысты командирлер (бастықтар) әрбір нақты ұжымның психологиялық ерекшелігін зерттеп, оларды әскери педагогикалық үрдістің міндеттерін шешуге шебер бағыттай білуі тиіс.
Әскери педагогикалық үрдістің айрықша жүйе ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Соларды қарастырайық.
Бірінші ерекшелігі, әскөри еңбек, әскери шеберлікті игеру — әрбір әскери қызметшінің міндеті. Бұл заңдарда заңды бектітілген, осыған сәйкес әрбір әскери қызметші өзінің еңбегінің сапасына заңды түрде жауапты болады. Әскери мамандықты игеруге селқос қарау Отанды қорғау борышын орындаудан жалтару тәсілдері болуы мүмкін. Екінші ерекшелігі, әскери педагогикалық үрдіс қызметтік әрекетте үзіліссіз бірлікте жүзеге асады және анық көрінетін тәжірибелік сипатта болады. Әскери қызметшілердің игерген , білік, дағдылар жүйесі — оның қызметтік әрекетінің негізі. Олар қыз-меттікжәне оқу-ұрыстық міндеттерді орындауда бірден қолданылады. Бұл бір жағынан білім , білік, дағдының жоғары беріктігін талап етеді, екіншідең оларды қолдануға үнемі дайын болуға көмектесуге және бекітуге мүмкіндік береді.
Келесі ерекшелігі, әскөри педагогикалық үрдіс үнемі ұрыстық дайындық жаәдайында болуды үйымдастыруза және оны қамтама-сыз етуге баеытталван. Тәрбиелеу, оқыту, психологиялық дайындық бөлімшелер мен бөлімдердің әскери дайындығы төмендемеуі үшін жүзеге асырылады. Қазіргі кездегі армия жағдайында тәрбиелеу мен оқыту тікелей оқу-ұрыстық міндеттерді орындау үрдісінде жиі ұйымдастырылады, бұның жемісті орындалуы әскери дайындығының деңгейіне байланысты. Басқаша айтатын болсақ, әскери дайындық қалпы мен әскери педагогикалық үрдістің тиімділігі мен сапасының өзара тығыз байланысы бар.
Философия тарихы
Философия тарихы сонау көне заманнан бері қалыптаса бастады. Оның қайнар көзі ... пікірлер, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп, сараптау қажеттігі, соның негізінде әрбір философтың өзінің ой-пікірін жеке көрсетуге тырысуында жатса керек. Сонды ... Грек тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына беретіндігі де тегін емес. Философияның басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені ...
Төртінші ерекшелігі, әскери педагогикалық үрдістің жоеары көлемдігі әскери техника мен қарулану бойынша сипатталады. Бүгінде бірде-бір Қарулы Күш, не бір әскер түрі алдында тұрған мәселені қазіргі заманғы қарулар мен әскери техниканы қолданбай сапалы түрде шеше алмайды. Жеке құрамның әскери техниканы білуі, дағды мен шеберлікті дамытудың жоғары деңгейі, оны қолдану қазіргі кездегі соғыста жеңістің кепілі болады. Әскери педагогикалық үрдістің бесінші ерекшелігі ретінде оның айрықша жүктелуін ескеру керек. Бұл бір жағынан қызметтік мерзімнің қысқарылуына, екінші жағынан қызметтік жауапкершілігін жемісті орындау үшін әскери қызметшіге қажетті , білік және дағдының көлемін көбейтумен шартталады. Әскери қызметтің даму қарқының кәсіби қызметтері ерекше күрделі жағдайдағы жұмыспен байланысты әскери қызметшілердің санының өсуінен байқауға болады. Жүйелі, дене тұрғылық және психикалық жүктелу көбейеді, әскери педагогикалық үрдістің жүктелуі артады. Алтыншы ерекшелігі, оқыту мен тәрбиелеу үрдісі ұжымдық сипатпен шартталады. Бұнда әрбір маманды жеке дайындау міндеттері ғана шешілмейді, бірақ бөлімшелер мен бөлімдер бірегей әскери ағза болып қалыптасады. Қазіргі соғыста жеңіске жету, күнделікті қызмет міндеттерін сапалы шешу, тек қана әскери қызметшілердің нақты өзара байланысы, олардың татулығы, жұмыс істей алуының арқасында болуы мүмкін.
Әскери педагогикалық үрдістің жетінші ерекшелігі — оның көп жоспарлы болуы, көп деңгейлілігі, көп қырлылығы. Тәрбие мен оқыту субъектілері тек қана әртүрлі мамандықтағы әскери қызметшілермен ғана емес, олардың әртүрлі деңгейдегі тәрбиесімең кәсіби дайындықтарымен де жұмыс істеуге тура келеді. Бұнымен бір уақытта әскери педагогикалық үрдістің барысында бір-бірін түсінетің бір-бірін ауыстыратын, толық, тату әскери ұжым жасау міндеттері де шешіледі. Әскери-педагогикалық үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, уақытын бітіріп қайтатын қызметшілерді алдын ала ауыстыратын адамдарға ерекше мән беріледі. Сонымен бірге әскери қызметшінің әрекеті жиі өзгеретін жағдайларда туындайтын әртүрлі қалыпта қалыптасады. Бұл әртүрлі жағдайлар мен оқиғаларда қалай әрекет ету керектігіне психологиялық тұрғыдан дайын болуды талап етеді. Әскери-ледагогикалық үрдістің маңызды ерекшелігі, әскери қыз-метшілер — өзіндік көзқарастары, сенімдері, тұлғалық ерекшеліктері, даму деңгейі, і мен тәрбиелілігі, күшті және әлсіз жақтары бар ересек адамдардан құралады. Әскери-педагогикалық үрдістің сипаттық белгілері -құрылымдаудың ерекше мерзімдері. Негізгі мерзім оқытудың екі кезеңінен тұратын — қыстық және жаздық (бөлімде) немесе екі семестрден (әскери-оқыту мекемелерінде) тұратын оқу жылын қамтиды. Әскери-педагогикалық үрдістің құрылымы жеке әскери-педагогикалық міндеттер шешілетін айлық, апталық және тәуліктік мерзімдерге бөлінеді. Әрбір мерзімнің соңында әрбір әскери қызметшінің, сондай-ақ бүтіндей бөлімшенің қызметіне қорытынды жүргізіледі. Әскери-педагогикалық үрдістің жалпы негізгі ерекшеліктері осындай, яғни оны ұйымдастыру мен жүзеге асыруды ескеру қажет.
Психология ПСИХИКАНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ БЕЙНЕЛЕУ ТЕОРИЯСЫ ТҰРҒЫ. Дшс ...
... Жануарлардың қорғаныс қылықтары инстинктілік сипатта болса, өзіндік ерекшелігі бар. Оған көптеген мысал келтіруге болады. Мәселен, Америкада ... 1 . Жануарлар психикасының дамуы туралы түсінік. Психика органикалық дүниенің даму үрдісінде пайда болғандығы ... – бұл әртүрлі шартсыз рефлекстерден тұратын тізбекті рефлекстер, әрбір рефлекстің қозғаушы бөлігі кейінгі рефлекстер үшін тітіркендіргіш болып ...