1.Арнайы педагогиканың сыныптамалары
Ерте кезде де аномальды балаларға әлеуметтік проблема ретінде қарап, көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын белгілейтін барлық заң ережелерінде, Рим правосында, Юстициан кодексінде аномльды балалар жөнінде айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленеді. Киев Русінің негізі (мемлекеттік қағидалар жинағы) кітаптарында, Москва мемлекетінің «жүз тарауында» аномальды балалардың қоғамдық жағдайды ерекше бұйрықтармен шектелді. Мұндай жағдай Россияда Ұлы Октябрь социалистік револциясы жеңгенге дейін орындалып келді. Кейінгі капиталистік елдерде аномальды балалардың қоғамдық жағдайын арнайы түрде белгілеп қою күні бүгінге дейін бар. Онда аномальды балаға әділетсіздікпен қарап келді.
Аномальды балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып келеді. Сондықтан да философтар, егер баланың құлағы есітпесе, көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған ортаны танып – білуі қалай өтеді деген мәселемен шұғылданды.
Аристотель аномальды балаларға арналған екі трактат жазды. Кардано, Гольвеций, Дидро және басқалар аномальды балалар туралы арнайы кітаптар жазды.
А. И. Радищев өзінің атақты трактатында аномальды балалар дамудың кейбір заңдылықтарын анықтады. Неміс философтары кант және Бауэр аномальды балалардың даму ерешеліктері жөнінде жазған.
Организімнің аномальдық тұрғыда бұзыл механизмі қандай деген мәселе өте ерте кезден көңіл бөлінді. Бір немесе екі орган жұмыс істемей қалғанда, басқалары өзара қандай қарым – қатынаста болады? Бала естімегенде оның өзі қандай күйде болады? Көрмеген кезде құлақ қандай қалыпта болады? Баланың орталық жүйке жүйесі бұзылғанда, сезім органдары қандай күйде болады? Атап айтқанда, мұндай мәселелерімен Дарвин және жаратылыс ғылымының басқа да өкілдері айналысты. Қазіргі уақытта дамунда ауытқуы бар балалардың ішкі процестері мен механизмдерін танып білуге білуге үлкен көңіл бөлінуде.
Аномальды балаларды зерттеу жүйесінде ғылымның жаңа бөлімі пайда болды. Оның көру мен есту түйсіктерін тікелей зерттеумен айналысқан және ақыл – ой кемдігінің клиникасын зерттеген саласы бөлініп шықты. Аномальды балаларды зерттеудің қажеттілігінен дәрігерлер, физиологтар және медицина – биология ғылымының басқа да өкілдері күш біріктіріп жұмыс істеуде.
Педагогтар аномальды балаларды оқытудың әр түрлі жүйесін қолданып, бар күш – жігерін жұмсап бақты. Буржуазиялық әлем мұндай бастама атаулының барлығына дерлік салқын қарады. Сондықтан да аномальды балаларды оқыту процесі өте кеш – XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында басталды. Бұл уақытта аномальды баланы жеке оқыту тәсілі орын алады. Бұлай оқыту мен оны эксперимент түрінде жүргізілген кейбір ғылымның өкілдері айналысты. Ал капиталистік қоғамда осы уақытқа дейін аномальды балаларды мемлекет тарапынан, шіркеулік және әлденеше мемлекеттік оқу орындары ғана бар болды. Міндетті түрде жалпыға бірдей оқу жүйесі де жоқ еді.
Дислалия қазақша
... нашар дамыған балалар. 5. сөйлеу қабілеті нашар дамыған балалар (алалия, тұтықпа, дислалия, дизартрия). Аномальды балаларды тәрбиелеу жә ... ы ісіктер, мұрын қалқасының қисайып қалуы. Ринолалик балалар өте әлсіз болады. Осының өзі олардың сөйлеуінің дамуына әсер етеді. ... ытылады және сонда тәрбиеленеді. Аномальды балалардың білім алу қабілеті әр түрлі болады. Кейбір балалардың білімді меңгеру дәрежесі к ...
Капиталистік дүние аномальды балаларға шын мәнісінде өте әділетсіздікпен қарады. Алайда өмір өз талабы орындатуда. Сондықтан да соңғы 20-30 жылдарда кемістігі бар балаларды оқыту жүйесі кеңейтілді, осы категориядағы балаларды зерттеу жұмыстарын қолға алынып, көптеген лабораториялар құрылды. Халықаралық конгрестер мен кеңестер тағы басқа жиі өткізіліп жүрді. Осы жылдарда әлденеше рет мылқаулық жөнінде және көрудің бұзылуына байланысты халықаралық конгрестер өткізілді. Бала тілінің бұзылуы жөніндегі 16- Конгреске даярлық жұмыстар жүріп жатты.
Совет құрылысы аномальды балаларға қатысты капиталистік құрылыс тудырған бөгеттердің барлығын да жойды. В.И.Ленин 1918 жылдың өзінде – ақ аномальды балаларды тәрбиелеудегі және оқудағы барлық шектеулікті жою жөнінде дереке қол қойды. М.И. Калинин 1931 жылы міндет тітүрде жалпығы бірдей оқуды енгізу туралы декретке қол қойды.
Социалистік қоғамның аса ірі қайраткерлері А.В. Луначарский, А.М. Горкий, Н.К. Крупская өз еңбектерінде аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу жөнінде әлденеше рет мәселе көтерді.
Біздің елімізде аномальды балаларды тәрбиелеп, оқудың мемлекеттік негізі құрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бұл жүйе бойынша бастауыш білім беретін кластар ғана жұмыс істеп қоймады, сонымен қатар орталау және орта білім беретін кластар да жұмыс істейді.
Арнаулы мекемелердің құрылумен бірге совет дефектологиясы дами берді. Совет дефектологтары алдына аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады? – деген басты проблема тұрды. Мұндай балалардың даму ерекшеліктері қандай? Олардың типологиясы қандай болуы тиіс?
Капиталистік елдердің өкілдері аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады деген мәселе төңірегінде әлденеше идеалистік теориялар ұсынды. Буржуазиялық дефектология ғылымы өкілдеріне біріншіден мынадай пайымдаулар тән болатын: қайсыбір органның бұзылуы қызметі бұзылған соның өзін ғана қамтиды деп есептеді. Мысалы, дұрыс естімеу тек кереңдікке ғана байланысты, соқырлық тек көздің зақымдауына ғана байланысты деді. Қайсы- бір органның немесе жүйенің бұзылуы бала дамуының осы жағына ғана қатысты болады деп жорамалдады. Шын мәнісінде мұның бәрі де әлде қайда қиындығы мол мәселе болып шықты. Сондықтан совет дефектологтары алдына аномальды балалардың даму ерекшеліктерін ашу міндетті тұрды.
2.Қазіргі арнайы педагогиканың құрылысы мен пәндік салалары
Арнайы педагогика ғылым ретінде әртүрлі кемістігі бар балалардың психикалық даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, организм қызметінің бұзылуымен байланысты ақпарат кемшілігін, жеткіліксіздігінің орнын толтыруда қамтамасыз ететін компенсаторлы процестердің қалыптасуын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуының жас шамалас аспектісін зерттеу мақсатында бір неше салаларды өзіне біріктіреді. Олар:
1.Сурдопедагогика 2.Тифлопедагогика 3.Олигофренопедагогика 4.Логопедия
Сурдопедагогика (латынша — surdus-саңырау) – арнайы ның құрамдас бір бөлігі. Ол есту бұзылыстарына ұшыраған тұлғалардың педагогика психикалық даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, білім берудің ғылыми ұстанымдарының жүйесін қамтиды. Баланың жалпы дамуы үшін есту талдағыштарының (анализаторларының) қалыпты жұмыс істеуі үлкен маңызға ие. Есту қабілетінің деңгейі оның сөйлеу (тілдік) және психологиялық қалыптасуында шешуші ықпалдардың біріне жатады. Есту талдағыштарының бұзылымға ұшыраған кезінде бірінші кезекте және барынша терең қиналатын сала — баланың тілдік, немесе сөйлеу мүмкіндігі, сол себепті танымдық іс-әрекеті толыққанды дамымай қалады. Талдағыштардың алғашқы кемістігі баланың жалпы дамуының қосымша ауытқушылығын туындатады, ал олар өз кезегінде басқа ауыртпашылықтарға әкеліп соқтырады. Есту дерттерінің әр түрлі көріністерінің өзара әрекеттесуі үшінші, төртінші және т.б. деңгейдегі бұзылыстары естімейтін баланың танымдық іс-әрекеттерінің даму құрылымын бұзып, тұрпайыландырып жібереді.
Психологияның даму тарихы туралы
... әрекет үстінде зерттеу-психологияның негізгі принципі болып табылады. Психология ғылымының даму тарихы біріне бірі қарама-қарсы ғылыми бағыттардың ... мүддесіне,сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады.Сондықтан да бейнелеу субъективті.Осылардың ... ызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. ...
Тифлопедагогика — грек сөзінен «tiplos» — соқыр деген атау алып, бастапқыда тек соқырлардың психологиясымен ған айналысты. Қазіргі уақытта тифлопсихологиның объектісі тек соқырлар ғана емес, сондай-ақ көздері нашар көретіндер және де амбиопиясы немесе ақилығы бар балаларда оның объектісі боып табылады.Тифлопедагогика – көруі нашар тұлғалардың психикалық даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, көру анализаторының қызметінің бұзылуымен байланысты ақпарат кемшілігін, жеткіліксіздігінің орнын толтыруда қамтамасыз ететін компенсаторлы процестердің қалыптасуын, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған балалардың дамуының жас шамалас аспектісін зерттейді.
Олигофренопедагогика (грек тілінен olygos-кем, аз және phren-ақыл, ми) — бұл ақыл есі кем балаларды психологиялық жағынан зерртейтін арнайы педагогиканың бір саласы. Бұл анықтама мамандардың интеллектісі бұзылған баланы өзінің дамуында қозғалмайтын және қатып қалған бір нәрсе деген көзқарастырын жеткілікті айқын бейнеледі. Басқаша айтқанда, бұл термин аномалды баланың интелектісінің сандық күйін қалыпты жетілген құрбы – құрдасымен салыстырғанда анықтады. Л.С. Выготскийдің ой-пікірін және оның психологиялық мектебінің әсерінен осы ұғымға кезекпен «ақыл – есі кем бала» немесе «кемақыл» деген термин келеді. Осы термин отандық дефектологтардың аномалды баланың интелектуалды дамуының табиғаты мен мәніне деген көзқарасына мейлінше толық жауап береді. Ақыл-ой көлемділігі – бұл аномалды баланың интеллектісне мінездеме, тек ол ғана емес, мұндай баланың интеллектісінің даму қарқынының қаншалықты сапалық, соншалықты сандық төмендеуін көрсетеді.
Олигофрения, немесе ақыл-ой кемістігі – бұл туа біткен және туылғаннан кейінгі бірінші жылдарда пайда болған кем ақылдық, жалпы алғанда писхикалық дамымаған әлеуметтік бейімделудің қиындауынан интеллектуалды кемшіліктің басым болып көрінуі.
Сөйлеу тілі бұзылған балаларды логопедия ғылымы зерттейді.
Логопедия дегеніміз-сөйлеу тілі кенмістіктерін,оның бұзылу себептерін,болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әр түрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Логопедия- «logos» сөйлеу, «pedeo»-«оқытамын» деген мағынаны білдіреді.Логопедия арнайы психологияның бір саласы болып есептеледі. Логопедияның зерттеу обьектісі-сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.Сонымен сөйлеу тілі дамуымен оның бұзылуын түзету және сақтандыру логопедилық ықпал жасау барысының негізгі бағыты болып есептеледі. Логопедияның мағынасы тілдің әлеуметтік маңызы мен байланысты.Сөйлеу тілі байланыс құралы ретінде және ойын жеткізіп түсіну үшін қолданылады.
Әлеуметтік педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары
... балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы ... Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық ... қ кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, т ... кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады. Ежелгі дуние философиясы әртедегі ...
Сөйлеу тілін меңгерудің қағидалары:сөйлеу тілінің жүйелі дамуы (кинестезиялық), барлық қарым-қатынас түріндегі басқа да тілдік қатынастардытүсіну;артикуляцияның синхронды қатысуы,лекцикалық және граматикалық әдістер;бала дамуындағы қабылдау мен мәнерлі лекцикалық және граматикалық бірліктердің эмоциялық және ерік сферасының даму барысы;тілдік сезімді дамыту,сезгіштік және сөйлеу тілін ің барлық компоненттері.Баланың әлеуметтік қарым-қатынас түрі тілдік және интелектуалдық дамуына байланысты.Баланың тіл кемістігі оның сауат ашуы мен бірге жеке басының дамуына кері әсер етеді.
Жалпы логопедия пәні сөйлеу тілінің кемістігіне байланысты негізгі бағдарламалар мен методикаларды пайдаланып,коррекциялау мен компенсациялау,даму кемістігін әлсірету,жою т.б.с.с.оқыту системаларын пайдалану керек.
ХХ ғасырдың басында немістің белгілі ғалым П. Шуман атап айтқандай «Баланың психикалық дамуы неғұрлым төмен болса, оны оқытатын мұғалімнің білімі соғұрлым жоғары болуы керек». Сондықтан, болашақ психологтар тек қана, теориялық білім алып қоймай, ол білімдерін тәжірибе жүзінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыптастыру үшін қолдана білулері керек.
Психолог – мамандар өз міндеттерін жоғары дәрежеде іске асыру үшін, олар әлеуметтік-педагогикалық, реабилитациялық, кеңесші-диагностикалық, психотерапиялық және негізгі кемістіктерді түзету әдістерін толық игерулері қажет. Сонымен қатар, бұл мамандар әртүрлі кемістіктері бар балалардың ауытқуларының этиопатогенетикалық ерекшеліктерін толық анықтап, олармен жүргізілетін арнайы түзету, оқыту және тәрбиелеу әдістемелерін қолданып, олардың нәттижелерін анықтайды
Кемтарлықтың түрлеріне, этиопатогенетикалық қалыптасу механизмдеріне сәйкес төмендегідей арнайы психолог мамандар түзету, оқыту, тәрбиелеу және қалыптастыру жұмыстарымен айналысады:
- сурдопсихолог – нашар еститін немесе естімейтін балаларды қалыптастыратын арнайы психолог;
- тифлопсихолог – нашар көретін немесе көрмейтін балаларды зерттейтін арнайы психолог;
- олигофренопсихолог — әртүрлі дәрежедегі интеллектуалды дамулары зақымдалған балаларды қалыптастыратын арнайы психолог;
- логопед — әртүрлі дәрежедегі тіл мүкістігі бар балалардың кемістіктерін айқындап, түзететін маман;
- арнайы психолог — әртүрлі дәрежедегі псхикалық дамуында ауытқулары бар балаларға психологиялық көмек көрсететін маман;
Түзете – дамыту және тәрбиелей — оқыту үшін психологтар жан-жақты білімі бар, әр кемістіктің қалыптасу ерекшеліктерін білетін және оларды түзететін әдістемелерді игерген мамандар болғаны қажет
3.Арнайы педагогика мен пәндік салаларының дамуы
Қазіргі таңда арнайы педагогика ғылымында бірнеше өзекті мәселелер кездеседі. Ол мәселелер арнайы педагогиканың категорияларымен тығыз байланысты. Яғни оларға: есту қабілеті бұзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар); көру қабілеті бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, немесе нашар көретін ); сөйлеу қабілеті бұзылған, тіл мүкістігі бар балалар− лагоппаттар; интеллектуалды дамуы немесе ақыл-ой, ойлау қабілеті зақымданған, кемақыл (ақыл-ойы, есі кеміс-кемақыл және психикалық дамуы тежелген балалар); психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті, күрделі түрде бұзылған (соқыр-мылқаулар);естімейтін- көрмейтін және ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін т.б); тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар; педагогикалық өзгерісі бар (жүріс-тұрысы,мінез-құлқы, тәртібі бұзылған) балалар жатады. Өкінішке орай, қазіргі таңда дамуында ауытқуы бар балалар саны артуда. Ол балалар арнайы бала-бақшаларда, арнайы мектеп интернаттарында, арнайы сыныптарда және де логопедиялық пункттарда тәрбиеленеді. Демек, мұнда олар арнайы коррекциялық, психологиялық және педагогикалық көмектермен қамтамассыз етіледі.
Ұлттық педагогика
... топография сабақ тары енгізілді. Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс ... жөніндегі ғылымға айналды. Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі к ... атерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса, болаша ...
Демек, ол дефектологтарға сонымен қатар, бұл мәселелерді шешу көзін табу үшін педагог-психологтарға өте маңызды. Бұл мәселелер мектепке дейінгі, мектеп жасындағы және басқа да жас ерекшеліктер педагогикасында кездесетін мәселелердің бірі болып келеді. Яғни, арнайы педагогикадағы бұндай жағдайлар әлемдік деңгейде барлық мемлекеттерде кездесетін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мәселен, АҚШ елінде, Ресей еліне қарағанда дамуы артта қалған балалар саны көп. Сонымен қатар өз елімізде де дамуы артта қалған балалар саны және де ақауы бар балалар да аз емес. Осыдан арнайы педагогикада туындайтын мәселелер осы балаларға қолданылатын психокоррекциялы жұмыстар мен педагогикалық әлеуметтік қамтамассыз ету жағдайларының, қазақ тіліндегі оқу құралдарының және техникалық құрал-жабдықтардың аздығы. Жалпы айтқанда, осы негізгі мәселелер, концепциялар сол сияқты теориялар Л.С.Выготскидің тұжырымдамалары мен салыстырмалы тұрғыда түйінделіп жасалынған. Алайда бұл мәселелерді психологиялық және педагогикалық тұрғыда қарайтын болсақ, дамуында ауытқуы бар балалардың ортамен қарым-қатынасы және олардың оқу барысындағы іс -әрекеті, ерекшеліктері арнайы педагогика ғылымында үлкен сұрақты туындатады. Демек мұндай әр түрлі категориядағы балалармен педагог-психологтардың жұмыс жасауы, олардың деңгейіне сәйкес әдіс-тәсілдердің қолданылуы және олардың таным процесстерінің ерекшеліктерін айқындауы жайында туындайтын сұрақтар арнайы педагогикағылымында қарастырылады. Және де арнайы педагогика ғылымында бұл мәселелер мен қатар теорияның тәжірибе жүзінде қарастырылуы жайында да сөз болады. Осы жайында байсалды жұмыстар xix-xx ғасырдан бастап жүзеге асырыла бастады. Ал қазіргі кезде арнайы педагогика ғылымында осы айтылған мәселелерге жауап қайтаратын материялдардың аздығынан туындап отыр. Арнайы педагогика, сонымен қатар дефектология ғылымының бөліміндегі кейбір ғылыми аумақтарды да өз ішіне алады. Демек, психологиялық, педагогикалық және физикалық жағынан артта қалған балаларды өздігімен қоғамдық өмірге және еңбекке баулу; оларды дайындау; жан-жақты үйрету, оларға әр түрлі әдістерді жүргізу, коррекция, компенсация, реабилитация, абилитация жұмыстарын жүргізу,сонымен қатар оларды оқыту, тәрбиелеу, зерттеу арнайыпедагогика ғылымының аумағында қарастырылады.
Арнайы педагогиканың негізгі методологиялық проблемасы болып сөздік емес психологиялық әдістеменің қолданылуы мен өңделуі болып табылады. Жалпы айтқанда арнайы педагогика ғылымында жүргізетін зерттеулер, әдістемелер әр баланың деңгейімен ерекшеліктерімен жүргізіледі. Яғни баланың даму деңгейі, ақыл-ойының деңгейі, көру есту дефектісінің деңгейімен ескеріле отырып, зерттеу әдісін қолданамыз.
Педагогика ғылымы
... алатын болады. Педагогиканың объектісі. Педагогика әунл бастан – ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие ... селелерді жан – жақты түсіндірудің ғылыми әдіснамалық жолдарын қарастырады. Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды ... қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты ...
Аномальді балалардың негізгі категорияларына׃
Естуінде бұзылысы бар балаларды жатқызамыз. Яғни( саңыраулар, нашар еститіндер, мүлдем естімейтіндер, көру бұзылысы бар балалар׃ (соқыр, нашар көретіндер ); сөйлеудің күрделі бұзылысы бар балалар (Логопаттар); ақыл-ойында ауытқуы бар балалар ( ЗПР балалар); психофизиологиялық дамудағы комплекстік бұзылыс ( соқыр-мылқау , ақыл-ойында ауытқуы бар соқырлар, ақыл-ойында ауытқуы бар саңыраулар,); және де қимыл қозғалыс аппаратында бұзылысы бар балалар жатады.
Сонымен қатар, дамуында ауытқуы бар балалардың басқа да топтары бар, олар׃
Мінез – құлықының психопатиялық формасы, яғни олар мектепте бейімделе алмайды және мектепте неврозбен зардап шеккен балалар болып табылады. Және де балалардың ерекше тобы, педагог пен психологтардың зейінін өзіне аударатын топ ол׃ дарынды балалар тобы болып табылады. Аномальді балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды қоғамдық өмірге, өнімді еңбекке баулу− күрделі әлеуметтік және педагогикалық проблема болып келеді. Аномальді балалар− күрделі әрі әртүрлі мінезді топ. Әртүрлі аномальділердің дамуы балалардың әлеуметтік байланысында құрылуда әртүрлі көрінеді.
Арнайы педагогикағылым ретінде әртүрлі кемістігі бар балалардың психикалық даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, организм қызметінің бұзылуымен байланысты ақпарат кемшілігін, жеткіліксіздігінің орнын толтыруда қамтамасыз ететін компенсаторлы процестердің қалыптасуын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуының жас шамалас аспектісін зерттейді.
Қазіргі таңда мүмкіндіктері шектелген балаларды тек дефектологиялық, психологиялық және педагогикалық жақтармен анықтап алу қажет. Психологиялық зерттеудің өзі оңай жұмыстар емес, демек, әрбір психолог-педагог маманы ондай балалармен психологиялық байланыста және тығыз қарым-қатынаста болуы қажет. Демек, бұл мәселелер әлемдік мәселелермен парапар. Қазіргі қоғамымыздың дамуы мен тәрбиеленуінің мәні де осы жағдайлармен да тығыз байланысты. Осы мәселелердің туындау себептері арнайы психология ғылымында қарастырылады. Мүмкіндіктері шектелген балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеті психология мен педагогика ғылымдарының жалпы қағидасымен анықталады және де қоғамдық өмірге белсенді даярлау, азаматтық борышын қалыптастыру жатады. мүмкіндіктері шектелген балаларды тәрбиелеуде оның мектебімен жанұясы үлкен әсер етеді. Демек олармен тығыз қарым-қатынасты орналастыру қажет. мүмкіндіктері шектелген балаларға физикалық және психикалық ауытқуы бар балалар жатады. Демек, ол дефектологтарға сонымен қатар, бұл мәселелерді шешу көзін табу үшін педагог-психологтарға өте маңызды. Бұл мәселелер мектепке дейінгі, мектеп жасындағы және басқа да жас ерекшеліктер психологиясында кездесетін мәселелердің бірі болып келеді. Яғни, арнайы педагогика бұндай жағдайлар әлемдік деңгейде барлық мемлекеттерде кездесетін өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
4.Арнайы педагогика пәндік салаларының болашақ дамуы
Арнайы білім беру жүйесінің әр түрлі дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін қалыптастыру, осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуының жас шамалас аспектісін зерттеу мақсатында бір неше салаларды өзіне біріктіреді. Олар:
Ерте балалық аутизм
... аутизм – ер балаларда жиі кездеседі. 3-5 жасқа дейін жақсы дамып, кейін барлық қабілеттерінен айырылады. Әрі қарай Каннер синдромы байқалады. Аутист балаларға арнайы ... ылш.hold- ұстау, ұстап тұру) терапиясы туралы айтсақ, бұл әдісте анасы баласын алдына ... кездегі көңіл-күйі. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары ... Х.Аспергердің ойынша, ерте балалық аутизмнің психикалық ауытқуы мен бұзылуы – алғашқы ...
1.Сурдопедагогика 2.Тифлопедагогика 3.Олигофренопедагогика 4.Логопедия
Сурдопедагогика (латынша — surdus-саңырау) – арнайы педагогиканың құрамдас бір бөлігі. Ол есту бұзылыстарына ұшыраған тұлғалардың психикалық даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін, білім берудің ғылыми ұстанымдарының жүйесін қамтиды. Баланың жалпы дамуы үшін есту талдағыштарының (анализаторларының) қалыпты жұмыс істеуі үлкен маңызға ие. Есту қабілетінің деңгейі оның сөйлеу (тілдік) және психологиялық қалыптасуында шешуші ықпалдардың біріне жатады. Есту талдағыштарының бұзылымға ұшыраған кезінде бірінші кезекте және барынша терең қиналатын сала — баланың тілдік, немесе сөйлеу мүмкіндігі, сол себепті танымдық іс-әрекеті толыққанды дамымай қалады. Талдағыштардың алғашқы кемістігі баланың жалпы дамуының қосымша ауытқушылығын туындатады, ал олар өз кезегінде басқа ауыртпашылықтарға әкеліп соқтырады. Есту дерттерінің әр түрлі көріністерінің өзара әрекеттесуі үшінші, төртінші және т.б. деңгейдегі бұзылыстары естімейтін баланың танымдық іс-әрекеттерінің даму құрылымын бұзып, тұрпайыландырып жібереді.Кереңдердің қабілетін дамыту түрлі пікірлер көне заман философтарымен біршама айтылса да, бұл мәселе өте баяу дамыды. Кереңдерді оқытудағы алғашқы тәжірибелері Польша, Бонет, Каррмон, қалаларында жүргізілді.
XVII – XVIIIғғ капиталистік өңдеу дамыды. Даму әсіресе Еуропада қарқынды жүрді. Мұнымен бірге ғылыми білімдер де дамыды. Оқытушылар сурдопедагогикалық мәселелерді жеңуге, оның жаңа жолдары мен құралдарын іздеуге батыл күресті. Сурдопедагогтар әсіресе кереңдерді ауызша сөйлеуге, оқыту әдістемесін жасауға көп көңіл бөлді.. Кереңдерді жеке оқыту әсіресе Англия, Нидерландия, Франция, Германия елдерінде дамыды. Бұл кезеңде кереңдерді ауызша сөйлеуге оқытудың 2 жолы болды…..