Стресс дегеніміз не?

Стресс дегеніміз не?

Стресс-ағзаның тітіргендіргішке қайтаратын жауабы. Адамдар көбінесе стрессті ашуланғанда, аштықта, суықта, ыстықта, ауырғанда және жабайы жануарлармен күрескенде, олардан қашқанда алады. Бірақ жер бетінде тіршіліктің пайда болғанына мыңдаған, миллиондаған жылдар болса да адам ағзасының қиын және экстремальді жағдайларға жауап қайтаруы өзгермеген. Стресс биологиялық қабылдау және жауап қайтаруға бейімделген.

Стресті физикалық тұрғыда реакция бермеуіміз керек.

Жұмыстағы ұрыс-керісті, емтихан алдындағы үрейді, жолдағы жүргізушінің қажуын, әртістің сахнаға шығардағы қобалжуын еске түсірсек жеткілікті. Қажу мен демалудың арасындағы ритмнің бұзылуы әдетте көпке, 1жылға созылатын жанұядағы ұрыс керіс және басқа да жағымсыз тітіргендіргішке әсерінен адам ауруға шалдығады және биологиялық бейімделе алмайды. Тек қана бұл жағдайларда ғана емес басқа жағдайларда да стресс алуы мүмкін. Мысалы жалғыздық, іш пысу, изоляция кезінде болады.Дамыған индустриальді елдерде көбінесе негативті стресс кездеседі. Мысалы алсақ конвейерде жұмыс жасау, автоматтардың автоматизациялануын мұқият бақылауда сондай ақ, майда жұмыстарда яғни жүйке жүйесіне тиетін жұмыстарда стресс алады. Адам көп уақыт стрестік жағдайда жүрсе қауіпті ауруға шалдығуы мүмкін.Стресс бұл- тек ауру мен зақымдалу ғана емес ол жаттығу мен шынығу құралы болып табылады. Стресс адамның психикалық, физикалық тұрғыда денсаулығына зиян келтіреді.Стресс адамда ишемиялық аурулардың тууына әкеледі, мәселен жүрек ауруы, гипертониялық ауруы, диабет, асқазан жарасы және он елі ішек жарасы, язвалық колит, бронхиальді астма, тері аурулары, әртүрлі иммундық және аллергиялық бұзылыстар пайда болады. Адам организмінің адаптациялық мүмкіндігі шексіз емес.Стресс адамға қайғы мен ауру әкелгенімен қоса экономикалық және моральдық зиян келтіреді. Стресс және прогресс соңғы кездерде бірге айтылады. Әрбіріміздің өмірімізде өмірінің күрт өзгеріп, бірден қоршаған орта әділетсіз болған кездері болған шығар. Ондай кездерде адамдар өмірден түңіліп, әлденедей келеңсіз жағдайларға дейін баруы мүмкін. Стресс ең күшті және ең әлсіздердің жолында тұрады. Стресс кейбіреулерге қатты әсер етуі мүмкін, ал кейбіреулер онымен тіпті өмір сүреді.

«Менің әлі тірі кеудеме тастай сөз түсті. Ештеңе етпес, мен оған дайынмын ғой. Барлығымен де күресе аламын.»(А.Ахматова)

10 стр., 4926 слов

Коммуникативный стресс

... в ответ на сложную коммуникативную ситуацию в учебном процессе. Данная ситуация может быть предопределена коммуникативными трудностями в учебной деятельности, а также проблемами взаимоотношений на коммуникативных уровнях - педагог-учащийся и учащийся-учащийся. Коммуникативный стресс в профессиональной деятельности ...

Стресс көпшілік тілдерде бірдей аударылып, бірдей мағына береді. Г.Сельенің «стресс» терминін ұсынғанына жарты ғасырдай өтсе де көптеген медициналық анықтамаларға, энциклопедияларға, әдебиеттерге енгізілген. Стресс сөзі әрбір оқыған адамның күнделікті лексиконына енгізілген. Негізінен әрбір адам стрестен өтеді. Соңғы кездерде стресс мәселесі ыстық экстремальді цехтарда, Арктикада, Антарктикада,жер астында, су астында, космоста жұмыс жасайтын және оператор, диспетчерлер, спортпен айналысатындар қозғалып отыр. өйткені мұндай адамдар стрессті көп алады. Стресті тіпті жануарларда, соның ішінде балықтарда бақыланады. Соңғы кездерде стрестік реакцияны өсімдіктерде зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.Стрестің биологиялық негізінің анализі, оның пайда болу механизмі және таралуы біріншілік маңызды мәселе болып табылады.Стрессті оң және теріс жағын түсіне отырып, соған байланысты оны жоюға әрекет ететін болсақ еңбек ету қабілетіміз жоғарылап , өз денсаулығымызды сақтауға мүмкіндік береді.Стресс сөзі ең алғаш ағылшын жазушысы Роберт Маннинг қолдана отырып былай жазған: «Бұл шөл далада 40 қыс болған адамдарға құдайдың жіберген азабы» Медицинада ең алғаш стресс(қысым) сөзін Г.Селье қолданған.

Стресті оқудың негізін қалаған Ганс Селье (1907-1982)- білімі бойынша дәрігер, әлемдік аты бойынша биолог, экспериментальді медицина мен

хирургиялық Институтының директоры,( 1976ж бастап Халықаралық стресс институтында), Монреальда елу жылдам астам уақыт жалпы адаптациялық синдром мен стресті зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сонда жұмыс жасаған. Селье Прагадағы университеттің медицина факультетінде оқыған, содан соң Римде, Парижде оқуын ары қарай жалғастырған. Европадан жер аударылып, Канадада стрестің жан жақты концепциясының негізін қалады. Ол стрестің механизмін зерттей отырып стрестік реакцияда гормондардың рөлін және эндокриндік емес ауруларға қатысуын зерттеді. Стрестік концепция Сельенің «дисстрестік стресс» атты сүйікті кітабында толығымен жазылған.

Ұлы француз физиологы Клод Бернар 19 ғ II жартысында стресс туралы ұғым шықпай тұрып былай деген: «тірі организмнің ішкі ортасы, ішкі жағдайы кез келген сыртқы ортадағы болып жатқан келеңсіз жағдайларда да сақталуы тиіс» Яғни бұдан шығатын қорытынды адам әрқашанда да стрестен сақтанып, тым уайымшыл болмауы тиіс.

Елу жыл өткен соң американдық физиолог Кенон «гомеостаз» терминін енгізді. Гомеостаз термині тұрақтылықты сақтау мүмкіндігі.

Ол аштықта, қорқынышта, ауырғанда тыныс тарылып, артериялық қан

қысымы көтеріліп, қанда көміртегі көбейіп, организмге, тіндерге таралуына жол береді.

1926жылы Селье (екінші курс) алғаш рет ағзаның қатты қиындықта стереотипті жауап қайтару мәселесімен соқтығысты. Ол неге әртүрлі аурулармен ауыратын науқастарда бірдей синдром мен белгілер болады деп бұған да қызығып зерттей бастады. Көп қан жоғалтқанда, инфекциялық ауруларда, рак ауруында жалпы салмақ жоғалту, тәбеттің болмауы, апатия, әлсіздік, түрінің шаршаңқы болуы болады.

Бүйрекүсті безі- әр бүйректің жоғарғы полюсында орналасқан ішкі секреция безі. Ол екі бөліктен тұрады:сыртқы(қабық) және ішкі қабат(милы зат).

Сытқы қабат, кортиикоид гормондар бөледі,ал ішкі милы

қабат адреналин мен оған ұқсас гормондар бөледі. Бұл гормондар адамның стреске қайтаратын реакциясында маңызды рөл атқарады.

Стрестің дамуын өз кезінде Селье үшке бөлді.

1Жайсыз хабарға реакция

26 стр., 12696 слов

Стрессы и конфликты в профессиональной деятельности

... упражнения на расслабления и т.п.). 8.2. Проблема стресса и дистресса в труде Выдающийся психофизиолог и философ, основатель теории стрессов, Г. Селье, рассуждая о сущности стресса, отмечает: "Стресс есть неспецифический ответ ... готовим людей к деятельности, мы, управляя ими в индивидуальном процессе обучения, формируем профессиональные способности, строим систему нужных ПВК, а затем - приводим их "в ...

2Резизтенттілік кезең

3Әлсіреу

Жайсыз хабарды естігенде тимустың,сөлдің, майлы тіннің көлемінің кішіреюі, асқазан мен ішекте жара пайда болуы, қан құрамында эозинофилдердің жоғалып кетуі, бүйрек үсті безінің құрамындағы липид

гранулуларының жоғалуы көрініс береді. Өте күшті стресс алғанда яғни күйікте, жоғары немесе төмен температурада адам ең бірінші кезеңде ақ өліп кетуі мүмкін. Табиғаттың үш фазалық, жалпы адаптациондық синдромы организмнің бейімделу мүмкіндігіне ең алғаш нұсқа берді немесе

Селье бойынша адаптациялық энергия шексіз емес. Барлық ауыртпашылық,

қан жоғалту , қиналу, шаршау және т.б стрестік жағдайларда адам организмі белгілі бір уақытқа дейін шыдайды. Адам барлық стреске шыдай

отырып, соңында организм әлсіреп адам өмірмен қош айтысады. Сельенің үш фазасы адамның өмір ағымына ұқсайды. Бірінші кезең ол балалық шақ( тітіргендіргішке төменгі қарсылық), ересек кезеңі(қарсылық жоғарылайды, қиындыққа бейімделу жоғарғы дәрежеде болады), кәрілік кезең(қиындыққа қарсы тұра алмайды) өліммен аяқталады.

Американ физиологтары Эверли мен Розенфельд мынадай тұжырымдама жасады.

1 «Стрестің симптомдары мен психосоматикалық симптомдар тығыз байланысты, менің ойымша маған бұл аурулар шын мәнісінде де қатты әсер

етеді» Бұл таралып кеткен жалған тұжырым. Стресс тек қана психикаға ғана емес бүкіл организмге әсерін тигізеді. Стрестің даму барысында

психосоматикалық ауру пайда болады. Денсаулыққа зиянды мысалыға гипертониялық аурулар, асқазан және он екі ішек жарасы пайда болады.

2 «Тек әлсіз адамдар ғана стреске көп шалдығады.»

3 «Мен өзімнің өмірімдегі стреске жауап бермеймін,қазіргі кезде стрестен қашып құтыла алмайсың» Шындығында өзіміз өмірде алған стреске жауаптымыз. Стресті бізге түскен ауыртпашылықтан, қиындықтан гөрі біз сол стресті қабылдауымызға байланысты өмір сүреміз.

Стрестік реакцияны басқару.

Әрбір адам туылғаннан егде тартқан кезіне дейін стресс қабылдайды. Жүрек қан тамырлары стресті көп қабылдайтын негізгі оргон болып табылады. Стресте ишемиялық жүрек аурулары, миокард инфаркті,

гипертониялық аурулар, аритмия, мигрень, Рейно ауруы пайда болады. Көбінесе ишемиялық жүрек аурулары жұмысына жауапкершілікпен қарауды талап ететін жас мамандарда кездеседі. Американдық зерттеушілер төрт дәрігерді сынаққа алды. Екеуі жалпы практикалық сынақтан өткен немесе анестезиолог яғни жауапкершілікті көп қажет ететін мамандар, ал екінші топ дермотологтар мен потологоанатомдар. Зерттеу нәтижесінде дерматологтардың ишемиялық жүрек ауруына бейімділігі 3,2% ал анестезиологтардың бейімділігі 11,9%.

Стресс адамның күнделікті өмірінде екі типке бөлінеді- эустресс және дистресс. Эустресс өзіне қажетті эффектпен сәйкес келеді, ал дистресс қажет емес эффектпен сәйкес келеді. Дистресс әрдайым жағымсыз, ол

қауіпті стреспен тығыз байланысты. Стрестен қашып құтыла алмайсың. Негізінен бұл мүмкінде емес. Тіпті тыныштықта ұйқыда жатқан адамның

өзі кейбір стрестерді қабылдайды. Жүрек қан айналу үрдісін тоқтатпай жалғастыра береді, Ішек кешегі асты қорыта береді, тынысалу бұлшықеттері кеуде қуысыныІшек кешегі асты қорыта береді, тынысалу

бұлшықеттері кеуде қуысының қимыл қозғалысын қамтамасыз етеді.Тіпті ұйықтаған кезде де ми толығымен дем алмайды. Стрестен толығымен босау ол өлімді айқындайды.

26 стр., 12800 слов

Исследование психологических особенностей учебного стресса у студентов

... к нему требование. Исследованием проблемы стресса занимались также У. Кэннон, Д.Майерс, Л. ... воздействия, приводящие к развитию нежелательного функционального состояния – стресса [4,230] а) стрессоры физиологические - ... 1.2. Особенности стресса в жизни студента. Исследователи выделяют 3 группы студентов: 1-я ... самопринятие. В исследованиях Селье и многочисленных последующих работах показано, что ...

Стресс жағымды және жағымсыз уайыммен байланыста. Жағымды және жағымсыз эмоционалды тітіркену физиологиялық стрестің өсуіне бағыт береді. Сельенің ойландыратын бір нақыл сөзіне тоқтала кетсек: «Өз өміріміз мәнді болу үшін ең бірінші алдымызға қиын да көп уақытқа созылатын мақсат қою керек.Қиындықпен қол жеткізетін мақсатымызға жету үшін тырысып бағуымыз қажет.Өте ауыр стресс асқазан жарасын, инфаркт, гипертонияны тудырады»

Бір түрге жататын тітіргендіргіш әртүрлі адамдарға әртүрлі әсер етуі мүмкін. Тітіргендіргіштер сапасы жағынан бір бірінен спецификалық әрекетімен ажыратылады. Бұл дәлелдемені дәлелдеу үшін көп жылдарды қажет етеді.

Біз қазір үнемі өзгеріп отыратын әлемде, қиын заманда өмір сүреміз. Көз алдымызда өзгеріп отырады, бірақ жақсы жақтары аз емес. Адамдардың өмір сүрнтін ортасы өзгереді, мысалыға судың құрамы, ауа, тағам құрамы өзгерген. Қазіргі кезде көптеген маман иелері стрестік симптомдармен ауырады. Ия, денсаулыққа зиян келтірмеу керек дейтін кезең өтті, қазір енді біз сол зияндықтармен күресе білуіміз керек. Селье адамдардың стрестік жағдайларды қабылдауына байланысты зардап шегеді дейді. Ал грек-римдік философ Эпиктет « Адамдарды уайымдататын сол жағымсыз жағдай емес, керісінше адамның жағымсыз жағдайға деген көз қарасы» Барлық нәрсе адамның қабылдауына байланысты болып табылады.

Егер адам стреске шектен тыс күшті немесе адекватты емес реакция берсе онда адам органикалық және функционалдық зардап шегу мүмкін.

30-35 жылдың ішінде индустриальді дамыған елдерде, Америкада және Европада жүрек қан тамыр жүйесінің ауруынан барлық өлімнің 50% н

құраған. Бұл аурулардың барлығы эмоционалдық зардап шегудің жекешклендірілген жағымсыз формасы болып табылады. Біздің елімізде жүректің ишемиялық ауруынан өлім саны 1960-1980жылдар аралығында 4есеге артты. Жүрек қан тамырларының эмоционалды дисстреспен зардап шегуі стрестің психологиялық, физиологиялық механизмін зерттеп жатқан медиктермен биологтарды қатты қызықтырды. Эмоционалдық зардап шегуден туатын ауру стрестік ауру деп аталады немесе Селье айтқандай: «адаптация ауруы».

Адаптация ауруына асқазан ішек жолдары аурулары, невроздар, жеке қауіпті ісіктер, диабет және т.б жатады. «Стресс ауруы» яғни ауру цивилизациясы ең алғаш капиталистік елдерде кең белең алды. Өйткені ол кездерде капиталистік елдерде социалдық теңсіздік, жұмыссыздық, әскери қинау, ертеңгі күнге сенімсіздік болды. Швецияның ұлттық денсаулық сақтау кеңесінің мәләметтері бойынша бұл елде әрбір үшінші адам шаршаумен, түн ұйқысының бұзылуымен зардап шегеді, ал әрбір үшінші нәрестеде яғни 4 жас шамасындағы балаларда эмоционалдық жайсыздық кездеседі. (шектен тыс агрессивтілік, ұйықтап жатқанда шошып оянуы, зәрін ұстай алмауы).

Швецияда әрбір оныншы адам алкоголизмнен зардап шегеді, екі мың адам өз өзіне қол жұмсайды.

Италия медиктері өте қызықты бақылау жүргізген. Соңғы кезде жүйке жүйесінің бірден қажып кетуі байқалған.

62 стр., 30913 слов

Р ылмысты ат ару ы ыны т сінігі, п ні ж не курс ж йесі

... тың жалпы принциптерiне және оның салалық принциптерiне негiзделiпсүйенедi. Олар барлық қылмыстық атқарудың заң шығаруы арқылы өтедi және ... а болады. Жазалауда қылмыс саясатын шартты түрде дербес қылмыстық iс жүргiзу, қылмыстық құқық, қылмыстық атқару , пост пенициярлық саясатқа бөлуге ... құқықты ерекше реттеу пәнiнiң барлығы, құқықты реттеу әдiсi, құқықтық нормалар жүйесi. Қылмыстық –атқару құқығы өз ...

Мұндай процесс туристерде, музейге келгендерде байқалады. Осындай 107 жағдайларды зерттей отыра мынадай шешімге келді : музейге келген халықтың белгілі бір категориясында пайда болатын оң эмоция шоктық жағдайға түседі. Мұндай процесті ендігі кезеңде Сендаль синдромы деп атау берді.

ХII ғасырда адам белсенді түрде космосты, әлемдік мқхитті, планетаның полярлық аймақтарын , шөл далаларда, тауларды, тундраларда игеруде. Ал ол жақта барлығы экстремальді. Қазіргі кезеңде психологиялық ауыртпашылық күрт күшейді, адамның физиологиялық стабильдікті талап етуі жоғарылады. Ғарышкердің ашық космосқа кірерде пульсі минутына 200 рет соғады.

Стресті емдеудің көптеген жолдары баршылық. Солардың ішінде ең оңтайлысы ол қажеттілікті жою. Яғни адамға негізінен бір нәрсе керек болса немесе қажеттілік қатты туындаса және оған оның оңайлықпен қолы жете қоймаса онда ол стресс қабылдайды. Сондықтан адам ең б ірінші қажеттілігін өтеу қажет. Барлық нәрсе жеткілікті болғанда ғана ол адамды стрестің кейбір белгілерін жеңді деп есептеуге болады. Және онымен қоса стресті емдеудің тағы да бір түрі ол дәрі дәрмекпен емдеу болып табылады. Бірақ бұл әдіс жақсы және пайдалы көмек деп айту қиын…..