ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Медициналық психологияның қалыптасу тарихы
Тексерген: Абдуллина.Г.К
Орындаған: Асқар Ақбаота Пх-315
Семей 2015
Жоспар:
1. Медециналық психология
2. Медициналық психологияның салалары:
а)Патопсихология
б)Нейропсихология
в)Психосоматика
г)Психотерапия
3. Медициналық психологияның мақсаты мен міндеттер.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Медициналық психология — медицина және психология арасындағы байланысты зеттейді. Ол сондай-ақ психологияның аспектілері мен әдістерін және медицинаның проблемаларын зерттейді. Көптеген елдерде , медициналық психология термины емес, клиникалық психология термины қолданылады.
АҚШ-тағы клиникалық психологияның бөлімдеріне психотерапия , психологиялық тестілеу, психикалық гигиена, сонымен қатар дефектология және психосоматика бөлімдері кіреді. Польшада , медициналық психология кең мағынада қолданылады, яғни диагностика және қалпына келтіру іс-шаралары, мүгедектерді оңалту , психотерапия , психокоррекция , және психотерапия тиімділігінің мониторингі жатады. Біздің елімізде , К.К. Платонов клиникалық психологияны, медициналық психологияның бөлігі ретінде қарады . Ол клиникалық психологияны психикалық , неврологиялық , соматикалық деп үш бөлімге бөлді. Платонов медициналық психологияға клиникалық психологиямен қатар психогигиенаныда кіргізген. Психологиялық зерттеулер бағытын жалпы және мамандандырылған медициналық психология деп екіге бөлінген.
Қазіргі медициналық психологияның негізгі бөлімдері:
Медициналық психологияның бөлімдері: патопсихология, нейропсихология, психосоматика, психотерапия және психокоррекция.
Патопсихология — психологии, психопатологии және психиатрия арасында пайда болған бағыт. оның негізін салған Б.В.Зейгарник.
Нейропсихология психологии, неврологии және нейрохирургия арасында пайда болған бағыт, негізін салған — атақты невролог және психолог А.Р.Лурия.
Психосоматика — соматикалық аурулардың пайда болуы мен динамикасына психологиялық факторлардың әсерін зерттейтін медициналық психологияның бағыты.
Психотерапия адамның психикасына емдеу мен денсаулығын сақтау мақсатымен тиімді әсер етуді қарастыратын бағыт.
Теория и методология православной психологии, психотерапии и психиатрии
... Между тем, существует третий подход к проблеме определения православной психологии и психотерапии, который показывает, что в православных книгах, которые были популярны еще более 100 ... дыхание; ? психофизические медитативные практики; ? психотерапия Зигмунда Фрейда и многие другие. Однако альтернативный подход к вопросу православной психологии гласит, что священники, и так фактически занимаются ...
ХХ ғ. басында Америка Құрама Штатында бихевиористік бағыт кеңінен құлаш ұрып тарады, ол бағыт белгілі стимулға жүріс-тұрыстық реакция психиканың көрінуі ретінде қарастырады. Психологияда бұл бағыттың негізін салушы Джон Уотсон болып табылады. Оның теориясы бойынша зерттеудің негізі шартты рефлекстердің физиологиялық механимдерінің қалыптасуы болуы керек. Бұл И.П.Павловтың концепциясымен В.М.Бехтеревтың объективті психология пастулатымен жалпы бір бағытта. Бихивиоризм теориясынан шығатыны, психика организмнің сыртқы және ішкі стимулдарға белгілі жүйелі реакция ретінде қабылданады. Бихевиоризм бірінші деңгейлі ролі оның жүріс-тұрысын көрсететін адам іс қимылы болып табылады.
ХХ ғ. басында Германияда қалыптасқан Гештальт психологияның жетекші бағдары болып қабылданған бейнелердің тұтастығын қалыптастыру, яғни, аяқталу процесін түйсіну жолдарын іздеуді тудырады.
Гештальт методологиясының негізіне тұтастық концепциясы жатады. Гештальт психологиясының тұтастық және жаңа әдістемелік бағыты ретінде негізін салушылар М.Вертгеймер, К.Келлер, К.Коффка, К.Левин.
К.Левин көзқарасы бойынша невроздарды емдеу сондай-ақ таным процесстерін түзетуде биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктердің өзара әрекеті жетекші орынға ие немесе олардың арасында белгілі өзара байланыс және иерархия бар. Адамды қоршаған кез келген объектінің белгілі энергиясы мен заряды бар. нәтижесінде қоршаған әлем объектілері психологиялық кеңістікте қысымның туындауына ықпал етеді. Осыған байланысты жағымсыз эмоциялар қысымды және агрессияны күшейткенімен, жағымды эмоцияларды әлсіретеді.
Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері туралы психология ғылымында өткір де, таусылмайтын күрес әртүрлі мектеп өкілдері арасында ғасырлар бойы жүріп жатыр. Енді көбірек таралған тұлға туралы зерттеулерді медициналық психология жағынан қарастырайық. Ерте заманда Гиппократ сырқат адамдарды оның жеке ерекшеліктері мен адамның қоршаған ортаға тәуелділігін есепке ала отырып, емдеуді ұсынған. Кейін феодализм кезінде де, буржуазиялық қарым-қатынас заманында да, тұлға туралы әртүрлі теориялар пайда бола бастады, олар адамның жеке тұлғалық психикалық ерекшеліктердің туа пайда болу және өзгермейтіндігін дәлелдеуге тырысты.
Биологиялық фатализм әртүрлі ғылымдарда тұлғаның сапасы туралы, яғни Физиогномикадан басталып, И.К.Лафотера (1741-1801), Ф.И.Галлдің (1758-1828) френологиясы және біздің заманымыздағы психоморфологиялық лаколизационизмге көше келе (К.Клайст, Э.Кречмер және т.б.), қазіргі таңдағы кең таралған жеке тұлғатеориясы болып саналады. Сонымен, Э.Кречмер тұлғаның өзіндік ерекшеліктері оның денесінің конституционалдық ерекшеліктерімен байланысты деп көрсетеді. Ол өзінің психиатрлық клиникасында жүргізілген бақылау нәтижесінде, алғашқыда мінездің 2 түрін бөліп шығарды — шизотимикалық(ұстамды, салмақты, қарым — қатынасқа қиын түседі, топас, ашуланғыш) және циклотимикалық (нақты, қарым — қатынасқа оңай түсетін, адам сүйгіш көпбілгіш).
Психология | Агрессия туралы түсінік
... ұжырымы бойынша бүкіл адазат әрекеті эрос пен танатостың арасындағы өзара қарым-қатынасы мен тартыс күшінің нәтижесі. Осылай танатос жанама себепкер болу арқылы агрессия ... қандалуы, жеңуі, жаңаруы. Агрессия фрустрациялы жағдайдан шығудың бір жолы болып қарастырылады. Құмарлық теориясы агрессияның қайнар көзі ретінде сыртқы себептердің қарқындылы ...
Кречмердің пікірі бойынша пикниктік дене құрылымды адамдарға циклотимикалық мінез сәйкес келеді, атлетикалық, астеникалық және диспластикалық дене құрылымға — шизотимикалық. Кейінірек бұл классификация Ф.Минковский (1923) эпилептикалық мінез толықтырады(кекшіл, ашушаң, майда — шүйдеге көңіл бөлетін және т.б.).
Айтарлықтай, өте кең тараған келесі бағыт — психоаналитикалық. Оның негізін салушы З.Фрейд пікірі бойынша, тұлға — бейсаналық (инстинктивті, басты сексуалды талпыныстары мен өлімге деген талпыныс) пен сананың күресі нәтижесінде көрінеді деп түсіндіреді.
З.Фрейд ілімінің идеялық бұлағы Э.Гертманның (1842-1906) Бейсаналылық философиясы, яғни интуициялық қабілеттілік, басқа авторлармен негіздеген, мысалы А.Бергсон. Фрейдтің алғашқы шәкірттерінің бірі А.Адлер пікірі бойынша тұлғаның қалыптасуындағы негізгі саналар пайда болған толымсыздық сезімі мен әр адамның өзін — өзі жетілдіруге деген талпынысынан бастау алады, сонымен қатар жоғарғы тұлға (сверхличность) идеясын басшылыққа ала отырады. Бірнеше деңгейлерге дейін модификацияланған психоанализ ілімі қазіргі таңда медициналық және психологиялық негізінде психосоматикалық медицинаның негізі болып табылады, психоанализ батыста кеңінен емдеу әдісі ретінде жарнамаланды, панацея секілді тәжірибеде кездесетін барлық ауруларды да.
Соңғы кезде психосоматикалық бағыт медицинада кеңінен таралған. Ол патологиялық процесстің (вирховская, целлюмерная патология) нақты бір органның немесе жүйесінің төңірегімен шектеліп қалатын өткеннің механикалық көзқарастарына қарсы шыққан. Бірақ осы кезге дейін клиникалық жағдайдағы патология психосоматикалық қарым — қатынас туралы нақты бір көзқарас қалыптаспаған, әртүрлі бағыт өкілдері психосоматика туралы өз ұстанымдарында қалып отыр.
Психосоматикалық қарым- қатынасқа арналған зерттеу